Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Осындай композицияда орындалған арпалыс кезіндегі жануарлар бейнеленген дөңгелек және жартылай шар формасындағы әшекейлер өте шебер жасалған. Жануарлар арпалысының композиция ретінде сақ-сібір алтыны жинағындағы жолбарыстың бұланға шабуылы сәтін бейнелейтін әшекейді айтуға болады.
Жартылай таға формасындағы ердің қасының бастырмасына сурет салу үшін геральдикалық түрде құланның немесе жылқының басын бір-біріне қаратып салу орын алған.
Белгілі бір формаға жануардың басын тігінен салу үшін пайдаланылған әдістер де таңқалдырарлықтай. Мұндай суретті форма дөңгелек болған кезде салу оңай болғандықтан, дөңгелектің ішіне салынған бейнелер өте көп. Мысал ретінде Шібе және екінші Пазырық қорғандарындағы мысықтың басын келтіруге болады. Үшінші Пазырық қорғанында жартышеңбердің ішіне мысықтың басын салу кезінде оның түрін, әсіресе, аузын созып, екі көзін алшақтатып орналастырып, фигураның жоғары бұрыштарына құлағын орналастырады. Ал енді квадрат формасының биігіне бұланның басын салу керек еді делік. Бұл да Қотанды қорғанындағы белбеу әшекейлерінде аса шебер орындалған. Ол үшін жануардың құлақтары бір-бірінен қашық орналастырылып, бастың ортаңғы бөлігі кеңейтіліп, төмендегі екі жақта біраз ашылған ауыз салынған. Мұндай суретті үшбұрыштың ішіне салу біршама оңай болғандықтан, бесінші Пазырық қорғанында ердің қақпағының әшекейлерінің бірінде осындай бейнелер кездеседі.
Сонымен қатар, кейбір ерлердің
салпыншақтарының арасында бетін жануардың
басының бейнесімен толтыру қажет
болатын біршама күрделі
Қара теңіз жағалауындағы сақтардың өнерін сараптаумен көптеген ғалымдар айналысқан. Ростовцев М.И сақ өнерінің дамуын төрт кезеңге бөлген. Шефольд сақ өнеріндегі жануарлар бейнесінің қарапайым бейнелерден, өрнектелген арқылы сызбалы түрге дейін дамыған эволюциясын анықтауға тырысқан [ 73.256].
Таулы Алтай өнеріндегі бейнелеу өнерінің эволюциясын тек ондағы зерттелген қорғандардың уақытының біршама нақтылы белгіленнен кейін ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде бұлардың уақытын нақтылы анықтау мүмкін болмай отыр. Бүгінгі күні, үлкен мұздаған қорғандар қазылғаннан кейін оларды б.з.д 6-4 ғғ. аралығында деп айтуға болады. Алайда олардың хронологиялық кезеңін анықтау мүмкін болмай отыр. Бір жағынан Таулы Алтайда да Батыс Скифиядағы секілді өз заманында бейнелеу өнерінде М.И. Ростовцевтің және Шефольдтың схемаларында көрсетілгендей ерекше стильдік өзгерістер болмаған. Таулы Алтайда уақыты жағынан ғана жақын қорғандардан ғана емес, сонымен қатар бір қорғанның өзінен жануарлардың реалды түрде өрнектелген схемаландырылған бейнелері табылып жатыр.
Аң стилі өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф-сақ өнерінің мазмұнына кіретін хайуандар бейнелері нақты этникалык және тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әртүрлі бұйымдарға салынған бұл мүсіндер өзінше бір бөлек.
Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды, ол аң стилі өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Көркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын орта органикалық негіз (тері, киіз. ағаш, жүн, маталар) тез шіриді. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласы көптеген сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпааралық күресті, ерлік даңқы мен жаулап алушылықтың қатыгездігін бейнеледі. Сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті. Батырлар жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың соғыс жорығынан оралуы I Петрдің Сібір коллекциясындағы сақтардың алтын тоғаларында бейнеленген. Сондыктан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда да мәселен, оба тоңында сақталған, оның ішінде бұл үлгілер Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған жанындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялык, өсімдік морфтық, символдық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Осы тектес, металдан, киізден жасалған бірқатар бұйымдарында және сақталған геометриялық ою-өрнек өзінің бастамасын тайпалардың өнерінен алады. Ол сақ бұйымдарында үш түрде шеңберлер, ромбылар, шаршылар, шыршалы, бұрышы бөліктері тектес ою-өрнек түрінде болып келеді. Өсімдік және ою-өрнектің мұншалықты жеке жергілікті дәстүрлері жоқ. Оның басты әуендері лотостың түйіндері мен гүлдері, гүл тізбе, шырша өсімдіктерінің үш салалы жапырақтар түрінде болды. [ 16, 207 ]
Ою-өрнек әуендері, мәселен, лотос Ежелгі Шығыс өнерінің ықпалынан туған. Символдық ою-өрнектің негізі табиғат күштері мен аспан шырақтарына сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгісіндегі сары күннің эмблемасы болды. Бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түріндегі қисық сызық белгілерімен, 5-тәріздес сипатта берілді. Зооморфтық ою-өрнек аң стилінің көптеген сюжеттеріне негізделді.
Мұнда хайуандардың дала қыранының бастарын, теке, бұлан, бұғы, түрінде мүйіздерін схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдіс болды. Қайсыбір затта бірнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуі де жиі ұшырасады.
Қазақстан аумағында жаппай тараған петроглифтер — жартастардағы суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады. Әдетте олар күнге күйіп, бетін коңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салынған. Жартастағы гравюралар түрлі әдістермен бейненің бүкіл көлемін тескілеп ою, сызық нобайы, ойып түсірген сызықтар, қырып түсіру арқылы салынған. Кейде бір бейненің өзі әр түрлі екі-үш әдіспен салынатын болған. [23. 214]
Жалпы алғанда жартастағы суреттер әр түрлі тарихи дәуірлерде салынған, бірақ олардың ең көбі — сақтар салған петроглифтер. Оларды аң стиліндегі қолданбалы өнерде жақсы мәлім бейнелер мен сюжеттер бойынша бөлуге болады.
Мәселен, талай ғасырлар бойы тайпалардың киелі орны, алуаи түрлі ғұрыптық мейрамдар өткізілетін орын болған Таңбалы аңғарының (Алматы облысы), Қойбағар, Арнаөзен атыраптарыпың (Шымкент облысы) жартастарында сақтардың ондаған бейнелері бар. Олардың арасында сақтар суретшілеріне ұнаған (тұяқтарының ұшымен тұрған және аяқтарын бүгіп жатқан) кейіпте салынған бұғылардың суреттері, археологиялық қазбалардан табылған қола мүсіндерге ұқсас жабайы қабандардың суреттері, түйелердің шайнасқан көріністері, аю мен басқа да жыртқыштардың бейнелері бар, бұлар осы мүсіндердің металдан құйылған түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге жартастағы гравюраларда сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында аз немесе мүлде ұшыраспайтын сюжеттер бар. Бұлар-адамның аң аулап жүрген кезінің көріністері, желіп келе жатқан түйелердің бейнелері, соғыс және жүк арбаларының суреттері, адам бейнеленген композициялар және басқалары.
1.3. Сақтардың бейнелеу өнері
Сақ (скиф) мәдениеті Карпат, Дунай, Батыс Тянь - Шань, Таулы Алтайдан бастап Памирге дейінгі аймақтарда қалыптасты. Мәдениеттің мұндай тұтастығын сақ шеберлерінің бейнелеу өнеріндегі "аң стилімен" байланыстырамыз. Сақ (скиф) "аң стилі" сақ мәдениетінің синониміне айналды.
Орта Азияда б.з. VIII ғасырда
тараған ислам дінінің әсерінен
көшпелілердің бейнелеу өнері өзгеріп,
ислам ұстанымында жанды гюрсеннің суретін салуға
тиым салынды. Сондықтан ғасырлар бойы
қалыптасқан сақтардың "аң стилі"
қолданыстан толықтай шығып қалды. Сақ (скиф)
шеберлері кескіндеме, қолөнер бұйымдарында
"аң стилін" талғаммен үйлесімді
қолданып, қияли бейнені ұтымды бере
Сақ (скиф) жәдігерлері
эстетикалық сапалық жағынан:
кескіндеме, бейнелу өнеріне қарағанда
жоғары деңгейде өзіндік
мәнермен жасалған. Қола темір, алтыннан
ойып, құйып сақтар
жасаған аң, жануар, құс мүсіндерінде табиғилық сипат басымдау.
Ежелгі аң, жануардың шынайы, қияли образын
түрлі көріністе
бейнелеу сақтардан бастау алады. Ежелгі
адамдар өздерін табиғаттың
ажырамас бір бөлігі деген дүниетанымнан
болу керек, олар қоршаған
ортаны бейнелеуде асқан
шеберлік танытты. Олар ішкі рухани
танымдарын өнер туындыларында әсерлеп
бере білген. Аңдардың мінезің
қимыл-әрекетін асқан дәлдікпен
келтірген. Ауызы ақсиып, жемтігіне
атылған жыртқыш аңның қимылы асқан
нәзіктікпен берілген.
Олардын арпалысы мен жеу
сценасында табиғилық нышандар басым.
Талайды тамсандырған көшпелілердің
ғажайып "жануарлар стилі"
бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде толық
қанды зерттелген жоқ. "Аң
стиліндегі" арыстанның
текені немесе елікті жеу сценасы күзді
тұспалдаса, арыстанның өгізді жеу
керінісі көшпелілердің көктемде
наурызда тойланатын жаңа
жылдың нышаны. Көшпелілерде көктем
өмірдің жаңаруың малдың көбею нышанын
білдіреді. Корлисс Ламонт: "Көктемде
өсімдіктердің өсіп-өнуі адам өмірінде
маңызды рөл атқарады. Қыс айналадағы
өсімдіктерді өлтірсе, көктем тірілтеді.
Өлім мен өмірге келу үрдісі үздіксіз
жалғасып жатады. Бұл үрдіс өлімсіз мистикалық
ескі өмір мен мистикалық жаңаруды іске
асыруы мүмкін" - дейді. Ежелгі адамдардың
діни дүниетанымы мифологиямен өте тығыз
байланысты болғаң Табиғат-әлемдегі барлық
интеллектуалды, сол сияқты дүниедегі
қоршаған ортаны жаратқан деп қарасақ,
біз шексіз уақыт болмысын қарастырамыз.
Әлем, кеңістік, уақыт ежелгі адамдардың
үғымында шексіз дүние. Сондықтан олардың
түсінігінде әлем, уақыт шексіздігі болмыста
қорқыныш сезімін тудырады. Сондықтан
ежелгі адамдар өздерін табиғи тылсым
күштерден тотем табу арқылы қорғауға
тырысқан. Тайпа тотемдері болып аң, жануарлардың
шынайы, қияли бейнелері алынған. Зигмунд
Фрейд: "Тотем бір тайпаның, бір жанұяның
қорғаушысы болып есептеледі. Тотем балалардың
болашағын болжаушы, оларды қорғайтын
магиялық әсері бар тұмар болып табылады.
Тотем қасиетті болып есептеліп, оны өлтіруге, етін жеуге тыйымдар
болған"- дейді. Зигмунд Фрейдтің бұл
тұжырымдары полинезиялықтарға қатысты
айтылған. Сақтардың (скиф) тотемдеріне
арнайы мейрам өткізіп, немесе оның етін
жеуден бас тартпаған. Сақтар тотем ретінде
бейнелеген аң, құс, жануарлардың етін жеп, терісінен киім
тігіп, жүнінен тоқып түрлі маталар жасаған.
Сақтардың тотеммен қатар табуға қатысты
түрлі наным- сенімдері қалыптасқан. А.Айғабылов:"
Табу о баста соқыр сенім мен тиым
салу арқылы қалыптасса да, ол ел арасында
әдет-ғұрыпқа айналып кетті. Айналадағы
өзі қорыққан сенімсіз күшке қарай түрлі
атаулар пайда болды. Қазіргі қазақ тілінде
адам атына ғана байланысты табулар
кездеседі" - дейді. Мұндай тыйымдар
олардың рәсімдері мен бейнелеу өнерінде
байқалады. Табу - полинезия сөзі. Бұл сөздің
дәл мағынасы жоқ. Табу - римдіктерде, грек,
еврейлерде, Африка, Орта Азияда кездеседі.
Табу - көп жағдайда діндік моральдық тұрғыдан
туады. Табу - құдайға табынудан емес әр
халықтың өздерінің тыйымдары арқылы жүзеге
асады. Діни моральдық тыйымдардан табудың
ерекшелігі, оның пайда болу себептері
туралы тарихи деректер жоқ. Бұл әр
халықтың дәстүріне сіңіп кеткен ғұрып
ретінде өздігімен қолданады. Ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасатын бұл тыйымдарды ешкім жоққа шығармайды. Табудың
тұспалданған түрін шынайы немесе табиғи
тұрғыдан тылсым күштерге жатқызамыз.
Зигмунд Фрейд: "Табудың қолдану
аясы әр түрлі. Біріншіден көсемдерді,
тайпаның беделді адамдарың бақсыларды,
сондай-ақ айналаны қоршаған заттарды
қорғау, екіншіден адамзатты құдайдың
қаһарынаң жын-шайтандардан қорғау"
– дейді [ 73.357] .
Ежелгі адамдар табиғаттың тылсым күштерінен және апаттардан өздерін сақтап қалу үшін тотемдер мен табуларды өздерін қоршаған заттардың бәріне бейнелеген. Сақтардың "зооморфтық стилі" түрлі мәнерде қолданылып, белгілі рәміздік ұғымды білдірген. Аңдардың жануарларға атылған сәті немесе аң ауызында бейнелену көрінісі сақтардың көркемәнерінде негізгі орын алады. Ғалымдардың пікірінше, "Шумер абыздары шоқ жұлдыздар бір-бірін алмастырғанда маусым өзгеретінін байқаған. Бұл кезде аспандағы Арыстан мен патша жұлдызы кәрініп, ал Үркер мен Елік жұлдыздары болса жерге түсіп, 40 күн кәрінбей кететін. Көнек пен Теке жұлдыздары 15 мамырда туған кезде керісінше Арыстан мен Патша жоқ болып кетеді. Осындай алмасулар араға қырық күн салып, күз айларында да керісінше қайталанатын. Шумер абыздары сияқты көшпелілердің астрологиямен таныс болғанын археологиялық қазба жұмыстарынан кереміз. Олар қолөнерде космогониялық таңбаларды түрлі мәнерде көп бейнелеген. Сақ (скиф) бейнелеу өнеріндегі аң мен жануарлардың, құстардың арпалысы мезгілдің ауысуының нышанын білдіреді. Ал, бейнелеу мәнерінде сақтар көп қолданған арыстаң теке, елік, бұқа аспандағы жұлдыздарды тұспалдайды. Ежелгі адамдар астрологиялық жыл санауды аң, жануарлардың атымен атап қоятын. М. Қадырбаевтың пікірінше, "сақтардың (скиф) бейнелеу өнерінде "аң стилінің" магиялық күшіне табынушылық б.з.б. 1 мыңжылдықта қалыптасқан. Олардың композициясында аң мен жануарлардың арпалысы мен бірі-біріне атылу сәттері бейнеленген"-дейді. "Аң стилі" ежелгі адамдарға рәміздік ұғымда ақпарат беруде үлкен рөл атқарған. Ежелгі адамдар аң, құс пен жануардың арпалысу көрінісін "адамгершілік" пен "зұлымдықтың" күресі деп түсінген. Сақ (скиф) шеберлерінің бейнеленген аң, құс, жануарлар адамға эмоциялық ерекше әсер етеді. Олар бейнелеу мәнерінде аң, құс, жануарлардың өзіндік ерекшеліктерін дәлдікпен бере білді. Суретте қияли образ жасау үшін аң, құс, жануардың дене мүшелерін аралас қолданып, өмірде кездеспейтін мифтік образдар жасады. Мысалы: аң тұмсықты грифоң құс тұмсықты бұғы, тау ешкінің мүйізі қондырылған ат, бүркіт грифтері т. б. М. Қадырбаевтың пікірінше: "Бейнелеу өнеріндегі "аң стилі" ежелгі адамдардың табиғатпен жақындығың олардың эмоциялық әсері мен ішкі рухани жағдайының айнасы іспеттес болды. Өйткені олар үнемі "зұлымдық" пен "адамгершілікті", өмір мен өлімді өздерінің сюжеттерінде басты идея етіп алғаң сондай-ақ мұндай композицияны күрделендіріп беруге тырысқан" - дейді.
Сак, шеберлерінің өнер туындыларында
аң мен жануардың немесе қиялдан
туған құс пен жануардың
Сақ бейнелеу өнеріндегі жануарлар мәнері ғалымдарды тамсандырып, қызығушылығын танытып отыр. Ежелгі әркениетті мемлекетте өмір сүрген сақ шеберлерінің қолөнерді мұндай тәсілмен бейнеленуі, сол кезеңдегі өнердің өте жоғары деңгейде болғанын кәрсетеді. Жануарлар мәнеріне мындаған жылдар болса да, бұл өнер бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналды. Сақ (скиф) "аң стилі" мен андрондықтардың геометриялық ою-өрнек түрлері бүгінгі күні кеңінен қолданылады."Мәдени мұра" бағдарламасының аясында соңғы 2-3 жылда Шілікті даласында сақ дәуірінің 2 үлкен, 3 кішкене обасы зерттелді. 2-Шілікті қорымының М1-обасынан көп алтын қаптырма—түймелер табылды.
Бұл қорымдағы N 1-оба басқа обалардан өзінің көлемі жағынан ерекше, оның диаметрі 100 метрге жуық, биіктігі-7,9 м. Оба үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты топырақ пен кұм қиыршық, екінші қабаты тас үйінді, оның астында қабырғасын екі катар самырсын қарағайынан өрген ағаш қабірхана. Қабірхана ұзынша келген төртбұрышты құрылыс, ол ұзына бойымен шығыстан батыска карай созылып жатыр. Қабірхананың ішкі пошымы жатқан бөшке сиякты, оның қабырғасы ортан беліне қарай кеңіп, төбесіне карай қайта тарылады. Қабірхананың еденінің аумағы 33,6 шаршы м. Ағаш бөренелерден салынған қабірхананың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсап келген [ 73.189].
Оба заманында тоналып
кеткен. Тонаушылар обаның төбесінен
құдық сияқты апан қазып түскен.
Жерленген адаммен бірге
Алтын әшекей заттар қабірхананың шығыс бөлігінде, мөлшермен 12 шаршы м. аумақта, қалындығы 1,8 м топырақтың әр қабатынан шыкты.
2-Шілікті қорымының N1-обасынан барлығы 4262 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ бейнесі, 20 данасы бұғылар, 38 данасы касқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір каптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар, 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 8 дана алтын сым, 107 дана жартышар сияқты салпыншактар, 2793 дана миниатюралық кесеге ұқсас құлақшалы салпыншақгар, 143 ұсақ кеңірдекше тізбе, 859 шығыршық тізбе табылды.
Арқар түріндегі қаптырма. Бұл әшекей түрі жалғыз- ақ. Құйылған сап алтын. Табылған заттардың ішіндегі ең ірісі де, салмақтысы да. Бұл киімге тағылатын каптырма-әшекей. Оның арт жағында үлкен екі ілгегі бар. Аркардың көзі, құлағы, тұмсығы, аузы, тұяктарына көкшіл ақық тас орнатылған. Кеудесінің аса салбырамай, мүйізі жарты айланып біткеніне және бұдырларының аса томпақ болмағанына қарағанда бұнда жас құлжа бейнеленген. Мойнының, алдынғы екі қолының, санының жағының бұлшык еттері теуіп түр. Тұяқтары тігінен қадалған. Бірдеңеден секем алып, ытқып кетуге дайындалып тұрған жануардың түрі. Өте әдемі скульптура, дене арасалмағы (пропорция) жақсы сақталған.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу