Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Шілікті материалы сақ-скиф аң стилінің алғаш пайда болған аймағы, жалпы сақ-скиф этномәдени бірлестігінің бастапқы отаны, сол дәуірдегі этномәдени миграция, т.б. мәселелерге жақсы деректік негіз бола алады
Үлкен Берел обасында ағаштан, алтыннан және қайың қабығынан жасалған көптеген әшекейлердің арасында заттардың негізгі екі түрі: бейнелей салынған аңдардың немесе олардың дене мүшелерінің мүсіндері. (мысықтұқымдас жыртқыштар, таутекелер, арқарлар, бұлан, зооморфтық бейнелер) мен геометриялық және өсімдік өрнектерімен безендірілген бұйымдар ерекше көрінеді.
Үлкен Берел обасына, шамасы тайпа көсемі немесе ру ақсақалы жерленген болуы керек. Оның моласы байлығымен және салтанаттылығымен ерекшеленеді, бірақ жерлеу ғұрпының қауымның, көптеген қатардағы мүшелерін жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ.
Қарапайым жерлеу
құрылыстары өздерінің
Мұнда б.з.б. V—IV ғасырларда Ертіс бойы мен Зайсан ойдымындағы далалық көршілерінен әжептәуір өзгеше этникалық тайпалар тобы қалыптасты. Бұқтырманың жоғарғы бойының ескерткіштері— ареалы Алтай және Тува аумақтарын қамтыған, Пазырық үлгісіндегі мәдениеттің етене бөлігі. Шығыс Қазақстанның таулы аудандарының ежелгі тұрғындары көп уақытқа дейін берелдік жерлеу ғұрпының дәстүрлерін сақтап келді. Шамамен б. з. б. III ғасырдың басында бір жерлерде атты қоса көмудің тоқтатылғанын айтпағанда, қалған салттар біздің заманымыздың шегіне дейін жеткен болуы ксрек.
Берел кезеңінің мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі—жайпақ, тіпті, қыш ыдыстың таралуы. Ол негізінен екі түрлі: мойны қусырылып жасалған және кейде тік болып келетін құмыралар мен жатаған көзелер. Кейбір ыдыстар кертілген жапсырмалы белдіктермен, таға тәрізді білікпен көмкерілген, тесіктермен әшекейленген. Құмыралардың бірінде қоңыр минералды бояумен салынған көркем сурет бар, кейбір ыдыстар ашық-қызыл түске боялған [ 10.228].
Ертіс пен Зайсан көлі жағалауының ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы басқаша болды. Мұнда оба үйінділері малта тас араласкан топырақтан тұрғызылды, қабірлерде аттар көмілмеген және ағаш қималар жоқ. Усть-Буконь мен Усть-Бұктырмада ағашпен жапқан төбені ұстап тұру үшін жер шұңқырлардың екі жағы кертиеш жар етіп қазылған.
V—IV ғасырларға тән заттар—негізінде сабы бар немесе сырт жағында кішкене ілмесі бар шағын қола айналар. Қола қанжарлар азайып, олардың орнына темір қанжарлар шығады. Қанжарлар сабының ұшы түзу не сынған қайрақ түрінде болып келеді, олар грифондардың қарама-қарсы тұрған бастарымен безендіріледі, ал олардың сабы қанат немесе көбелек тәрізді болып жасалады. Соғыс жебелерінің ұштары бұрынғыша қоладан құйылып жасалынады және олардың тұрақты екі түрі: қысқа сапты үш қалақты немесе қанды басы қырланып, төмен қарай созыла кертілген ұңғымы болды.
Ағаш пен сүйектен, алтын мен қоладан, былғарыдан, аң терісінен және киізден жасалған қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық сюжетінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді бейнелері бола бастаған «аң» стиліндегі өнер гүлденген шағына жетеді.
Берел кезеңінің аяқ кезіне таман барлық жерде қоланы темір ығыстырып шығарады. Қола ауыздықтарының орнына шығыршықты темір ауыздықтар шығады; қысқа ақинақ семсерлер мен пышақтар да темірден жасалады.
Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді ұңғылы, қос қанатты және үш қалақты, жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесс саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас ұшы жасалған қаптамасы бар сақинақ қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана төрт ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан не мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән. [ 60.334]
Қолданбалы өнерге басын бері бұрып тұрғап жолбарыстардың алтыннан соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған таутекелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тән болып келеді. Б. з. б. VI ғасырдың аяғына таман «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Тасмола 5 қорымындағы 3-обадан табылған мүйіз тоғадағы бұл сюжет Евразияда өте-мөте сирек кездсседі және бұған алыстағы Туваның сол уақыттардағы Алдыбел ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұқсас келуі мүмкін.
Түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан-1). Кейінірек Тынык мұхитынан Шығыс Европаға дейінгі орасан зор аумаққа тараған полихромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады.
Археологиялык материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәдениетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірмен таныс болғандығын көрсетеді. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Екінші кезеңде (б.з.б. V-Ш ғғ.) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды. Жерлеу жоралғыларының кейбір бөліктері ғана өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғұрпы жойылды.[ЗІ. 346]
Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды, садақтың күрделірек және алыска ататын құрылымына байланысты жебелсрдің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасалған ұңғылы, қанды басы ұшқырлы стандартты жебе ұштары шықты. Темір анағұрлым кең пайдаланыла бастады. Одан мүйізше сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп дөңгелетілген ауыздықтар жасалынды. Б. з. б. III ғасырда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Дөңгелегіне биік жиекшесі бар, қоладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын айналар шықты, айналардың саптары мен басқа да іс қажеттеріне арналған заттар «аң» стилінде жасалынған бейнелермен безендірілген [ 4.247].
Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі-аңдардың таласуы, жыртқыштардың шабуыл жасау көріністері болып, жануарлар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан бейнелеу тереңдей түсті. Қорғантас қойнауынан табылған тікбұрышты қола тоғадағы барақ итінің бұғыны бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық өрнекке айналдырылған.
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б.з.б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдін, Қазақстанның, Орта Азияның және оңтүстік Европаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Аң стилінің шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабаннын, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әртүрлі материалдар колданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалѓан ањдардыњ бейнслері де кездеседі. [9, 197]
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б. з. б. VIII—VII ғасырлар үшін аңдарды бір орнында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері жиі кездеседі. Қос шеңберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық. Текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр ( Тасмола ).
Жетісудан ( Талдықорған ) табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда көрсетілген мүсіндер ұзын конус тәріздес толкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі— Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары көтерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балгашотқа Бурабайда салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шағын мүсіндері ерекше козге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат түяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі кең тараған әдіс болған.
Сақ мәдениетіне тән белгінің бірі – олардың бейнелеу өнерінің өзіндік ерекшеліктерінің болуы. Бұл өнердің сақ тайпаларына тән болуы да негізгі белгілердің бірі болып табылады. Бұл өнерде басты назар аңдарды бейнелеуге аударылады. Сонымен қатар, бұл аңдардың шебер бейнеленгені соншалық, дәл осы стиль сақ мәдениеті деп аталатын мәдениеттің бөлінбес бөлшегі болып табылатыны сөзсіз. Алайда, аң стилінің ерекшелігі мен өзгешелігіне қарамастан, оның күрделі екенін, оңайлықпен анықтауға берілмейтіндігін көреміз. Сақтардың мәдениетін зерттеумен көп шұғылданған М.И. Ростовцевтің жазбаларында: "Егер біз осы обалардан (сақ обалары) ерекше стильде безендірілген заттар табатын болсақ, және олардың стилін еліктеуге де, сырттан әкелінгенге де жатқыза алмасақ, біз еш нәрсемен тең келмейтін сақ мәдениеті деп аталуы тиіс мәдениеттің бар екенін күмәнсіз айта аламыз" - деген. [ 12.217]
Алайда, бұл анықтаманы М.И. Ростовцевта өз уақытында жеткілікті материал болмағандықтан, дәл деп айтуға болмайды. Ал қазіргі заманда бұл мәдениетке байланысты материалдар жеткілікті десек болар. Шындығында да, Таулы Алтайдағы мұздаған қорғандарды қазу бізге тек көптеген өнер туындыларын берген жоқ, сонымен қатар, бұл өнердің халықтың тұрмысының барлық жағымен тығыз байланысты екенін көрсететін дәлелдемелер берді. Сонымен қатар, “аңдық стиль” термині барлық сақтық бейнелеу өнерін қамтымайтындығы белгілі болды. Сақтар мәдениетінде жануарларды бейнелеу көптеп кездессе де, бұл өнерде геометриялық фигуралар мен өсімдік тәріздес өрнектер де маңызды орын алады. Сондықтан, негізінен ерекше аңдық стильде салынған жануарлардың бейнесін қарастырмас бұрын, басқа да өрнек түрлеріне тоқталу қажет. Әйтпесе, ежелгі Таулы Алтайлықтардың өнері туралы мағлұмат толық емес және бір жақты болып қалады.
Геометриялық фигуралар
ішінде ежелгі Таулы Алтайлықтар
шеңбер
Әсіресе, әшекей ретінде шеңбер мен жарты айды (күн мен ай) бірге пайдалану қызықты. Бұл екінші Башадар қорғанынан табылған ердің әшекейлеріне тән. Мұнда шар тәріздес әшекейлер де аз емес. Бұлар, әдетте, жіпке өткізілген мүйізден немесе ағаштан жасалған моншақтар. Олар көбінесе қызыл түске боялған немесе алтын жалатылған болып келеді. Пазырық қорғанында жүгеннің әшекейі ретінде ағаштан ойылған төрт дөңгелектерден құралған кішкентей пирамидалар қолданылған. Шар тәріздес әшекейдің бір түрі ретінде шар тәріздес, бірақ бірнеше рельефтік бөлшектерге бөлінген моншақтарды да қарастыруға болады [ 46.135].
Өрнек түрінде квадраттар көбінесе киімде және ердің қақпағында кездеседі. Толығымен квадраттардан тұратын өрнектер әртүрлі материалдардан ойылған болады немесе бір материалдан ойылып, екі түске боялады да, шахмат кезегінде орналастырылады.
Ромбтың фигурасын күнделікті тұрмыстық заттардан, киім-кешектен, ат әбзелдерінен көруге болады. Бұған мысал ретінде бірінші Пазырық қорғанындағы құтының мозаикалық түрде әшекейленгенін, екінші қорғаннан табылған киімді айтуға болады. Ромб түріндегі фигуралар екінші қорғандағы әйелдер аяқ киімінің бірінің табанына да әшекей ретінде салынған.
Ең көп кездесетін, кеңінен таралған геометриялық фигураның бірі – үшбұрыш. Ара тәріздес өрнекті құраған үшбұрыштар кезегін бірінші Пазырық қорғанынан табылған тұскиізден көре аламыз. Сонымен қатар, үшбұрыштар үшінші қорғандағы ердің алтын әшекейлерінде, Қотанды қорғанының киімдерінің бірінде де кездеседі.
Екінші Башадар қорғанынан
табылғын екі үшбұрыштан жасалған “бантик”
тәріздес комбинация да ерекше өрнектің
бір түрі болып отыр. Қос цилиндр
Пазырық қорғандарының
Әртүрлі заттарды безендіру кезінде крест формасы көп қолданылған. Крест формасы екінші Башадар қорғанындағы ерді әшекейлеуде де кездеседі. Осы қорғанда крест тәріздес әшекейлер екі түрмен берілген: тегіс, ортасында кішкене төмпешігі бар, тік және қисық. Жұқа, жібек матадан ойылған крестер бесінші Пазырық қорғанындағы ердің қақпағының бірін безендіреді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу