Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Сақ-скиф өнерінде арқар жиі кездеседі. Ол бізге Алтайдағы Пазырық обасынан, Минусин ойпатындағы тағар мәдениеті заттарынан, Солтүстік және Орталық Қазақстан ескерткіштерінен, Тува жеріндегі Аржан обасынан белгілі.
Бесжұлдыз түріндегі әшекей қаптырма да бір ақ дана. Алтыннан жасалған дөңгелек тінге бес жұлдыз орнатылған. Бесжұлдыздың жан-жағы және ортасы сүйек пен мүйізден, жұлдызшалары лазуриттен (минералды көк тас). Жұлдызшаның шеттері мен дөңгелек тіннің айналасына алтын жіпше салынған. Бесжұлдызы бар дөңгелек түймешенің артқы жағының ортасында түймелік бар. Біздіңше, сақ-скиф ескерткіштерінің бірнешеуінен ак бесжұлдыз белгілі. Оның бірі Ольвиядан табылған сырғаның ортасындағы, екіншісі Симферополь түбіндегі, үшіншісі таштық кезеңінің Уйбат қорымынан табылған бесжұлдыз. Дегенмен, бұл бесжұлдыздар өзінің жасалған материалының қымбаттығы, әшекейінің әдемілігі жағынан Шіліктінікіне жетпейді [ 6.147].
Мәлін бейнесіндегі каптырма-түйме. Бұндай әшекей 153 дана. Бұл өзінің композициясы жағынан өте күрделі әшекей. Бұл затта үш тұрық, үш мағына бар. Әшекей алыстан карағанда мәлін (мысык) тектес жыртқыштың бет бейнесін елестетеді. Сондықтан, біз бұл әшекейді шартты түрде "мәлін бейнелі әшекей" деп атадық. Ал енді әшекейге жақыннан үңіліп қараса, оның бір біріне тұмсығын түйістіріп, беті мен мүйізі анық көрініп тұрған екі таутекенің бейнесінен кұралғандығын байқауға болады. Таутекелердің көзіне, тұмсығына, аузы мен құлағына көк ақық тас (бирюза) орнатылған. Таутекелердің мойны мен бетінің бұлшық еттері сыртқа теуіп тұр, жануарларда бір ішкі күйзеліс, шиыршық ату белгісі бар. Сондықтан да, олардың көздері өте үлкейіп, дөңгеленіп, шарасынан шығып, танаулары желбіршектеніп кеткен. Бір ішкі арпалыстың, экспрессияның белгісі бар. Таутекелердің мүйіздеріндегі белдеулер өте анық, олар әр мүйізде жетеуден. Ал енді осы құйма алтыннан жасалған әшекей затты бір қырынан қарасаңыз, тура қалықтап ұшып келе жатқан алып бүркітті (құсты) елестетеді. Бүркіттің басы, көзі, тұмсығы анық бейнеленген. Таутекелердің бұлшық еттері тарам-тарам болған мойындары бұл әшекейді қырынан қарағанда кұстың қанатына айналдырады. Бүркіттің қанаттары жайылған, басы мен топшысының арасы желкесі томпайып біткен, асқан қайраттылықты танытып тұр.
Әшекейдің арт жағында үш түймелік бар. Екеуі таутекелердің басының тұсында да, ал үшіншісі құстың кеуде тұсында. Осы үш түймелік арқылы әшекей өзінің тағылған қалпын өзгертпейді. Бұл әшекей сақ-скиф өнер бұйымдарында бұрын-сонды кездеспеген.
Бұғылар деп аталатын әшекейлер. Саны 20. Құйма әшекей. Әшекейдің тінін екі бұғының мойны, басы және мүйіздері құрайды. Екі бұғы мойнынан бір-бірімен жымдасып кеткен, бастары екі жаққа қарап тұр, өзара жымдасып қосылып кеткен мүйіздері бір композиция құрап тұр, бейне бір мәуелі талдың бұтақтары сияқты. Бұғылардың аузы, мұрны, құлағы көк ақық таспен безеңдірілген. Екі бұғылардың денесінің түйіскен жерінде ұрғашылық белгісіне ұқсас ойық бар. Оған да бирюзадан көз орнаткан. Әрбір бұғының мүйізі төрт саладан тұрады. Мойындарын көтеріп, тұмсықгарын аспанға шаншылта, құлақтарын қаға тұрғанына қарағанда бұғылар бірдеңеден қиналып, бірдеңеге құлақ түріп, тосып тұрғанға ұқсайды. Оның үстіне жануарлардың дене бұлшық еттері сыртқа теуіп, сіресіп тұр. Меніңше, бұл әшекейде сақтардың туу, өсіп-өнумен байланысты дүниетанымы бейнеленген. Бұғылардың денесінің түйіскен жеріндегі ойық ұрпақ тарайтын мүше, қосылған мүйіздер-мәуелі өмір бәйтерегі. Жалпы сюжет туу және өсіп-өну идеясын марапаттайды. Әшекейдің артқы жағында үш түймелігі бар. Бұған ұқсас екі бұғының мүйіз түйістіріп тұрған бейнесіндегі алтын әшекей кезінде Жетісудан табылған Жалаулы көмбесінің ішінде бар. Осы уақытқа дейін Жалаулы көмбесінің көп заттарының мезгілі белгісіз болып келген. Енді біз Жалаулы көмбесіндегі алтын бұғылардың мөлшерлі заманын анықтай аламыз [ 7.159 ].
Бүркіт түріндегі әшекей-қаптыр
Сонымен, бұл әшекейде жылан шақкан жаралы жыртқыш құстың өлер алдындағы қанатын сабалап, өмір үшін күрескен сәті бейнеленетін сияқты. Құстың бір канаты көтерілген, басы жылан шақкан аяғына қарай қарманған, құйрығы түсіп кеткен, жаралы аяғын денесіне қарай жиыруға әрекеттенеді. Бұл сюжеттен сақтардың көк тағысы бүркіт пен жер улысы жыланның арасындағы күресті көреміз.
Бұндай бүркіт бейнесіндегі 9 әшекей 1960-жылдардағы Шіліктідегі С.С. Черниковтің қазбаларынан да шықкан. Бірақ олар біздікі сияқты құйма алтыннан емес, алтын каңылтырдан калыпқа салып бастыру арқылы жасалған еді. Қалыптар болғандықтан, ол әшекейлердің сақталуы нашарлау. Оның үстіне Черниковтің бүркітінде жылан бейнесі анық көрінбейді, оның орнында әншейін ойық қана қалған. Бұрын табылған бүркіттің де көзіне ақық тас орнатылғаң, бірақ оның артында түймеліктері жоқ. Оны киімге тесік жерінен қадай салған. Оның үстіне егер біздің бүркіттер мойнын тек оң жакка бұрып жатса, бұрынғы табылған бүркіттердің жартысының мойны оң, жартысынікі сол жаққа бұрылып жатыр. Қазақстанның басқа аумағынан бұндай әшекейлер кездеспейді. Тарбағатайдан тыс жерде осыған ұқсастау бүркіт бейнелері Сібірдегі Минусин ойпатында табылған. Кейінгісін А.В. Сбруева б.з.д.VI ғасырмен мезгілдеген. Сақ-скиф дүниесіндегі бізге белгілі бүркіт-грифон бейнелі әшекейлерді салыстыра келіп мынадай қорытынды жасауға болады. Сақ—скиф мәдени- этникалық бірлестіктерден белгілі әшекейлердің ішінде (Зивис, Темир — Гора, Мелыунов, Тұяқты-1 қорымдары т.б.). Шілікті-2 қорымының N1 обасынан табылған бүркіт бейнесі ең көне, ең әдемі және өнер туындысы ретіндегі ең бағалысы. Осы сюжеттен кейде М.Горькийдің "Сұңқар туралы аңызына" негіз болған ертеде скифтер жайлаған өңірдегі бір кәрияның аңыз-әфсанасы елестейді.
Қасқыр (қонжық) түріндегі әшекейлердің 38 данасы табылды. Сол техника, құйып жасалған. Бұл әшекейде жыртқыш хайуанаттың баласы бейнеленген. Көне заман зергері бұл бейнені жасап жатып нені ойлағаны белгісіз. Бір детальдарына карасаң, әсіресе, басы, тұмсығы, әшекей жаңа ғана туған қасқырдың күшігіне ұқсайды. Ал енді жалпы денесінің бітімі, табаны, құйрығы аюдың қонжығына ұқсайды. Жалпы, сақ-скифтердің бейнелеу өнерінде қасқыр мен аюдың бейнесін бір-біріне ұқсатып жасау, кейде осы екі жыртқыштың касиеттерін ұштастыру- кездесетін жағдай. Біз көбірек қасқырға ұқсаттық. Әшекейде бейнеленген хайуанаттың басы жерге еңкейіп, алдыңғы аяғына тиіп тұр, көзі үлкен, дөңгелек, құлағы жымырықтау, жағы сом, қарысып тұр. Жыртқыштың басы мен мойны бүкіл денесінің үштен бірін құрап тұр. Қол етінің бұлшық еттері бұртиып шығып тұр, алапат күштің белгісі. Құйрығы қысқа ғана. Табаны үлкен, тырнақтары ірі. Әшекейдің арт жағында екі түймелігі бар. Бұл затқа тура ұқсас әшекей бұрын соңды табылған.
2-Шілікті қорымынан
табылған тағы бір ерекше
Алтын заттардың металлографиялық
сараптамасы бойынша бұл
Әшекейлердің алтын түймеліктері және құлақшалары олардың тініне дәнекер арқылы бекітілген. Зерттеулер көрсеткендей, дәнекерлеу үшін жеңіл еритін қоспалар пайдаланылмаған. Дәнекерге алтынның сыныбы аз ғана төмен мыс-күміс-алтын қоспасын пайдаланған. Бұндай қоспамен дәнекерлеу үшін өте үлкен температура және жоғары біліктік кажет. Біз бүгін Шілікті сақтары б.з.д. VIII ғасырда микропайканы білген деп айта аламыз.
Алтын заттардың ішінде тарыдай, одан да кішкене әшекей бұйымдар бар. Оларға да түймелік-құлақша орнатқан. Бұндай заттарды дәнекер жасау өнердің асқан жетістігі. Және де бұндай заттарды жасағанда міндетті түрде асыл әйнек (үлкейткіш) қажет. Өйткені онсыз құлақшаның өзін ажырату, көру қиын. Бұл дегеніңіз, сақтар мәдени-техникалық жетістігінің тағы да бір кырын ашады.
Шілікті алтын
заттары сақ-скиф дүниесінің басқа аудандарынан
(Тилля-Тепе, Әмудария көмбесі, Қара теңіз
жағалауы) табылған алтын
заттарға қарағанда көнелеу. Бұл жағдай
скиф-сақ аң стилі өнерінің алғашқы шықкан
отаны жөніндегі біздің түсініктерімізге
өзгеріс енгізуі
мүмкін. Сақ-скиф дүниесінің баска көпшілік алтын
әшекейлерінен Шілікті алтынының ерекшелігі
— ол құйма алтын және сыныбы өте жоғары.
Бұл алтын заттар әшейін өлген адамммен
бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес,
бұл әшекейлер патшаның тірісінде хан
жиынға, мерекелерге киетін киімі.
Қазіргі кезде сақ патшасының бұл киімін ғылыми кайта калыпка келтіру, оның семантикалық-семиотикалық мәнін анықтау жұмысы жүріп жатыр.
Геометриялық
ою-өрнектердің космогониялық
Елімізге белгілі этнограф С. Қасиманов: "жаңа қазақ ою-өрнектері мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншідең мал шаруашылығың аңшылықты; екіншідең жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншідең күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді"- дейді. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектің бір ерекшелігі-осы түрлі ұғымның қай-қайсысын бейнелесе де, оның негізі "мүйіз" ою-өрнегі болып қалады. Этнограф айтқан үш түрлі ұғым сақ ою - өрнектерінің табиғатына сай келеді. Сақ шеберлері стилизацияланған ою - өрнектің негізгі элементі ретіңде "мүйіз" ою-өрнегін көп бейнелеген. Қазір де қолөнер бұйымдарын әшекейлеуде мүйіздің түрлі нұсқасын қолөнерде қолданады. "Мүйіз" ою - өрнегі қазақ бейнелеу өнерінде негізгі таңбаға айналған. Стилизацияланған "мүйіз" оюы сақ кезеңінен бері қолөнерде қолданылып, оның сыртқы пішіні өзгерген жоқ. Сақ шеберлері аң жануар, құстарды "аң стилінде" бейнелегенде денелеріне таңбаларды қоса салған. Сақтардың (скиф) тотем мен космогониялық таңбаны бірге беруі, олардың діни дүниетанымынан туған ұғым. Орта ғасырда бұл таңбалар рулық таңбаға айналды. Суреттерді мұндай тәсілде салу б.з.б VІІІ-І ғ.ғ. өмір сүрген әркениеті басқа елдерде кездеспейді. Бір қарағанда "аң стилі" түрлі көріністе сәндік үшін қолданған ба? деген ой да тууы мүмкін. Әр көріністің белгілі рәмізді білдіретінін жоғарыда талдап кеттік. Аң, құс, жануарлардың дене мүшелерін араластыра қолдану мәнері, тек сақ бейнелеу өнеріне тән. Ғасырлар өткенімен сақ "аң стилі" жаңа образдармен толыққан жоқ. Керісінше, сол ежелгі баға жетпес жәдігерлер біздің ата - бабаларымыздың өмірінен сыр шертетін шежіре ретінде өмірімізге еніп отыр. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сақтардың (скиф) көне ескерткіштеріне бейнеленген "аң стиліндегі" мәнер мынандай топтан тұрады:
Фантастикалық жануарлардың бейнесі;
Шартты түрде бейнеленген жануарлар;
Бұғы, турдың
мүйіздері бейнеленген
Мазмұнында бұғы бейнеленген заттар;
Мазмұнында бұғы, елік , ақбөкен бейнелі композиция;
Арқар, таутеке мазмұнындағы элементтер;
Аңдардың жануарларға атылған бейнелері;
Аңдардың ауызында жануарлардың суретін беру тәсілдері;
Мысық бейнелі элементтер;
Ат, қоян бейнелі элементтер;
Қораз бейнелі элементтер;
Грифон бейнелі элементтер;
Сфинкс (адам) бейнелеу тәсілдері;
"Үтір" оюлардың түрлері;
"Лотос гүлі" бейнелі элементтер;
"Төртқұлақ", "орам" ою-өрнектердің түрлері;
Өсімдік типтес ою-өрнектер;
Көп жапырақты және "қосалқа" ою-өрнектері.
Сақтардың бейнелеу өнеріндегі
аң, жануарларды және құстарды фантастикалық,
шартты түрде көрсету қазақ қолөнерінд
Сақ (скиф) "аң стилі" бүгінгі
Орта Азия, Сібір, Еуропа халықтарының
бейнелеу өнерінің негізін
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу