Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

Мәліметтер онша толық  болмаса да, мұндай региондық сипаттама  тарихи процестің әр алуандығы мен жан-жақтылығын едәуір дәлдікпен бейнелеп бере алады.

Ерте темір дәуірінде Қазақстанның ең ірі географиялық аймағы – Қазақтың қатпарлы өлкесін (Орталық Қазақстан) мал шаруашылығымен күнелткен тайпалар мекендеген, бұлар болжамдардың бірі бойынша исседондармен теңдестіріледі. Тегінде, исседондар массагет тайпалары бірлестігіне кірген болса керек, кейбір ғалымдардың бұл тайпаларды тиграхауда-сақтармен салғастыруы негізсіз емес.

Бізге ерте темір дәуіріндегі орталық қазақстандық тайпалардан археологиялық ескерткіштердің негізінен үш түрі: обалы қорымдар, мыс, алтын және басқа да металдар қазылып адын-ған кен орындарының қалдықтары және жартастағы бейнелер жетті.

Бұл кезеңдегі Орталық  Қазақстан тайпаларының мәдениеті  неғұрлым көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп бол ды. Мұндай ескерткіштер Қазақ ұсақ шоқылығынан тыс жерлерде де кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі – Орталық Қазақстан болып табылады [52, с. 71-74].

Ең ірі обалар топтары  Бұғылы, Қызылрай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Ку, Ортау тауларының аңғарына шоғырланған. Батыста олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бектерінде, оңтүстікте Желдітау, Тайатқан, Шұнақ таулы жазықтарын алып жатыр.

Балқаш көлі маңының  шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорға, Көксеңгір таулары маңына топтасып, шығыста Шыңғыс жоталарына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауларындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің бастамасында орналасқан.

«Мұртты» обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас ғұрыптық архитектуралық комплекске кіреді. Үйілген топырақ астында елікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне, жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген. Сонан соң кіші обадан шығысқа қарай бағытталып, шет жақтарында дөңгелек тас құрылыстары бар, доға тәрізді екі қатар тас тізбектері қаланған. Ені 1-2 м, ұзындығы кейде 200–300 метрге дейін баратын тастар тізбегі тас жәшіктер немесе дөңгелектер тізбегі түрінде ірі тастардан салынды.

«Мұртты» обалардың архитектуралық комплексі қола дәуірі тайпаларының табынушылық құрылыс өнерінің дәстүрлерін  айқын бейнеледі, бірақ сонымен бірге бұл б.з.б. VII–VI ғасыр-ларға және онан кейінгі кезеңдерге де тән жаңа құбылыс.

Б.з.б. I мың жылдықта Қазақстанның және көршілес аудандардың далалық тайпаларында өлікке ат арнайтын өзінше бір үлгідегі ғұрып кең тараған. Аттардың және қойлардың кесіп алынған бастарын терісімен өліктің аяқ жағына қою сияқты өзгеше түрінде бұл ғұрып Орталық Қазақстанды мекендеушілерде де болды.

Мұнымен қатар тасмолалық тайпаларда басқа бір ғұрыптық дәстүр – ат пен қыш ыдысты қоса жерлеу де болды. Ол тек «мұртты» обаларда ғана кездеседі. Атын құрбандыққа шалатын бұл ғұрып күнге табынушылыққа байланысты болды [36, с. 303].

Аспан аттары мен күнді бірдей деп  санайтын ежелгі діни ғұрыптың болғанына  көптеген жазба деректемелер айғақ  бола алады. Мәселен, Ригведада атқа жерлеу гимндері арналып, онда олар күнге теңеледі немесе күннің қос доңғалақты арбасын тартып жүреді. Авестада жүйрік атты күннің сюжеті онан әрі да мытылады.

Тасты тізбектері бар обалар комплексінің элементтерінен күн құдайға атты немесе оның белгілі бір мүшесін құрбан ету, үнемі «кірер аузы» шығысқа, таңертеңгі күнге қаратып салынатын тас тізбектері сияқты күнге табынушылықтың ерекше белгілері көрінеді деп топшылауға негіз бар. Тізбектердің ұштарындағы дөңгелек тас құрылыстар ішіне бата қылу кезінде жағылған оттардың іздері де күнге табынушылықпен байланысты екені шүбәсыз.

Өлікке ат арнау және атты күн  құдайға құрбандыққа шалу ғұрыптары  көбінесе діни ұғымдардың негізі ретінде  Орталық Қазақстанның мал өсіруші ежелгі тайпаларында кең тараған.

Тасты тізбектері бар құрылыс комплекстері салынуына еңбектің көп жұмсалуы, байлығы, сәнділігі жағынан ру-тайпа ақсүйектерін тайпа көсемдерін, ру ақсақалдарын, атақты жауынгерлерді жерлеуге арналған. Әрбір рулық зиратта ондай кұрылыстар онша көп емес, ал олардың жандарында қатардағы тайпаластары жерленген көптеген қарапайым обашықтар бар. Ескерткіштердің бұл түрлерінде адамды жерлеу ғұрпының неғұрлым мәнді-мәнді сипаттары үқсас үстін тақта тастармен жапқан сопақша жер шұңқырға кісіні басын солтүстікке қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Бұлар – этникалық-тайпалык құралымы бір, бірақ әр түрлі әлеуметтік топтардың ескерткіштері [13, с. 141-143].

Бұл территорияда бұрын белгісіз болып  келген, мәйіттің басын солтүстікке  қаратып салу фактісі осы кезге  дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Солай болғанмен де, сырттан басқа тайпалар келіп қосылды деуге негіз жоқ. Халықтың антропологиялық типі мен материалдық мәдениеттің маңызды-маңызды элементтері ерте темір дәуіріндегі Орталық Казақстан тайпалары мен олардан бұрын өмір сүрген Андронов тайпаларының арасында сабақтастық бар екенін көрсетеді. Мәселен, тас тізбекті обалар ішіне тастан жәшіктер мен дөңгелектер салуда, б.з.б. VII– V ғасырлардың кейбір обаларында тақта тастарды жалпасынан қалап, тас лақыттар тұрғызу тәсілдерінде андроновтық құрылыс дәстүрі сақталған. Жапсыру тәсілімен жасалған ыдыстардың кейбір түрлері қола дәуірінің керамикасына ұқсас. Дамудың бірыңғай желісі қос қалақшалы ұңғылы және үш қанатты сапты жебе ұштары сияқты қарулардан да байқалады. Сабақтастық, мәселен, Сыпыраоба моласынан табылған алтын қалақшасындағы сияқты геометриялық өрнектерден де көрінеді. Ақырында антропологтар тасмолалықтардың бет бітімінде Орталық Қазақстанның андроновтық тайпаларымен тікелей байланыс барын анықтады.

Ерте темір дәуіріндегі орталық қазақстандық, тайпалардан бізге келіп жеткен мыс шығарылған кен орындарының іздері Балқаштың солтүстік өңірінде (Тесіктас, Қенелі, Саяқ, Ақоба, Қызылтас, Сорқұдық), Нұра өзенінің басталар жерінде (Алтын-су, Бесшоқы), Атасу өзені бойында, Баянауыл мен Қарқаралы далаларында, Ұлытау және Имантау тауларында, ақырында, Жезқазған рудалы аймағының көптеген кен орындарында кездеседі. Қалайы өндірген жерлер Есіл езені бойында, Қөкшетау тауларында және Бетпақдаланың солтүстік аудандарында табылды. Ал алтын өндірудің негізгі орталығы Степняк, Бестебе, Майқайың, Жосалы аудандарының кен орындары болды.

Б.з.б. VII–III ғасырлардағы Орталық Қазақстан тайпаларының экономикасы мен мәдениетінің гүлденуі кезеңінде Балқаштың солтүстік өңірі мен Жезқазғанның кен металлургия ошақтары онан әрі жұмыс істеді.

Қотанемел, Тасмола қорымдарынан табылған археологиялық бұйымдардың спектрлік  анализ мәліметтері дәлелдегендей, Қазақтың таулы өлкесінің шығыс  аудандарын жоғары сапалы күшалалы мыспен, шамасы, Саяқ мыс кенді орталығы жабдықтап тұрғаң болуы керек. Орталық Қазақстанның ежелгі тайпалары өз бұйымдарьна қажет қалайыны Қалба кен орнынан алып тұруы ықтимал. Күшалалы қола да қалайы рудасы сияқты жүздеген шақырымнан тасылды. Балқаштың солтүстік өңірінің Саяқ кен орындарынан Шідерті өзені жағалауындағы тасмолалық тайпаларға шикізат бес жүз шақырымдық жолмен жеткізілетін болған.

Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне тән көрнекілік – жартасқа салынған суреттер – петроглифтер. Олардын көпшілігі тастардың жалаңаш тегіс беттеріне қашап салынған және жануарлардың, адамдардың ар түрлі тұлғаларын бейнелейді. Қөптеген петроглифтер – аңшылықтың, садақшылар шайқасының күрделі композициялық көріністері, аңды жан-жақтан қамалап аулау сюжеттері. Бұл суреттерден жайылып жүрген жабайы және үй хайуандарын, түйе керуендері мен түйе жегілген қос доңғалақты арбаларды көруге болады. Жартас бетіндегі гравюралар Ұлытау таулары өңірінен, Қалмаққырылған тауларынан, Сарысу өзенінің оң жағалауынан, Абралы, Шұнак, Дегелең тауларынан, Нұраның жоғарғы және Өлеңтінің орта ағыстарынан, Баянауыл тауларынан, Балқаш манынан және Солтүстік Бетпакдаланың басқа аудандарынан табылды [45, 110-112].

Ескерткіштердің үшінші тобын қоныстар құрайды. Ескерткіштердің  бұл категориясы көпке дейін  белгісіз болып келгендіктен, тақырып тоқталып өтуді талап етеді. Бұл жағдайдың,яғни қоныстық ескерткіштердің көпке дейін зерттелмеуінің басты себебі жалпы далалық аймақтардың ерте темір дәуірінің зерттелу тарихының ерекшеліктеріне саяды. Евразияның ерте темір дәуірі археологиясының тарихи – бұл оба зерттеу археологиясының тарихы. Ерте темір дәуірінің жерлеу құрылымдарының, әсіресе, «патша» обалары материалдарын қола заманғы табылымдарымен салыстырғанда тартымдылығы, көркемдігі сонша, олар осы бағыттағы бүкіл әдістемелік шешімдер мен өлшемдер топтамасының қалыптасуына тікелей ықпал етті. Зат жиынтықтары, обалардың құрылымы мен сәулеті – ерте темір дәуірі археологиясы әдістемесін қалыптастырып жетілдірген басты айғақтар еді. Қазіргі таңда ерте темір дәуірінің оба зерттеу археологиясының көптеген оңды қырлармен қатар, біржақтылығы да байқалады [13, с. 141-143].

Ерте темір дәуірінің  қоныстарын зерттеу ісі Орталық  Қазақстанның шығыс аумағында қазір тұнғыш рет жолға қойылып отыр. Бүгінде Қарағанды облысының Қарқалы ауданы аумағында шартты түрде ерте темір дәуіріне жатқызылған 21 қоныс орны табылды. Бұған тұрақты және барлығына ортақ белгілерімен (топографиялық, планиграфиялық мәліметтер, құрылыс техникасының сыртқы ерекшіліктері, сондай – ақ қазбалардан алынған стратиграфия мәліметтері, үйді жобалау заңдылықтары, заттық материал негіз болды. Төрт қоныстан алынған қышты алдын – ала зерттеу (ыдыстар пішінінің ерекшелегі, өрнек) кейінгі қола қоныстарынан алынған ыдыстардан бөлек (бұнда салыстырма үшін доңғал қышы алынған) дербес кешен ретінде қарауға жеткілікті негіз береді.

Қолдағы материалды далалық  скиф – сақ мәдениеті таралған (Солтүстік Қазақстан, Алтай, т.б.) басқа  аумақтардағы ерте темір дәуірі қоныстарының танымал қыш кешендерімен салыстыру  нәтижелері де осындай түйінге әкеледі.

Ашылған қоныстардың басым бөлігі, жалпы алғанда 16 нысан Едірей елді мекені маңында ықшамдана шоғырланған. Бұл осындағы бір – біріне бойлас, меридиан бағытымен созыла жатқан Едірей және Керегетас атты екі ұзын, әрі биік тау тізбектерінің болуымен түсіндірілсе керек. Бұлақтар бастау алатын тізбектердің шығыс беткейіндегі желден қорғайтын табиғи ық ерте темір дәуірінің кішігірім қоныстары үшін өте қолайлы болды, ал созылып жатқан жоталар тұрғындардың оны бойлай етене орналасуына мүмкіндік берді.

Топографиялық жағынан алғанда Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары тау беткейлерінде жатыр. Олардың барлығы дерлік ашық даладағы су көздерінен жарықта. Бұл ескерткіштер ұзын тау жоталарының немесе дербес төбелердің жоғары беткейлерінде орналасқан. Көбіне күнгей,яғни шығыс, оңтүстік –шығыс жақтар тандалған, әдетте бұл беткейлерде кішігірім бұлақтар кездеседі. Көп жағдайда үйдің артқы төбе басына, алдынғы беті шығыс жаққа бағытталды. Бұл көрініс қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда үнемі болатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады (таудың жоғарғы беткейлерінде қар жатпайды, бұл әсіресе ұсақ мал үшін керек) [50, с. 140-142].

Тұрақтар көлемі кішірек  болып келеді. Олардың арасындағы ең көлемдісі Сарыбұйрат қонысы 10 000 шаршы метрге дейінгі аумақты алып жатыр. Бұлардың көпшілігі қора- қопсылы 2-3 кішігірім дөңгелек, сопақша үйлі қоныстар болып келеді. Қабырғалардың тас іргесі екі құрылымдық әдісте: 1) екі қатар болып қойылған ірі тастардың арасы толтырғыш материалдармен (ұсақ тас, топырақ) тығындалған; 2) тігінен екі қатар болып қойылған ірі тастардың арасы тығыздалған. Көбінесе қабырғалар іргесі шомбал тастармен, сыртқы биіктігі кейде 0,5-1 метр болып келетін биік те жалпақ тақталармен құрылған. Кейде қоныстар бертіндегі құрылыстар сияқты әсер қалдырады, мәселен олар кейінгі қазақ қыстауларының қирандыларына да ұқсайды.

Орналасуына қарай ескерткіштер ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қазақ қыстауларының дәстүрлі орындарына жақын келеді. Олардың біразы тіпті осы қазақ қыстауларының астында қалған. Зерттелген ескерткіштер мәліметтері тұрғынжайлардың тереңдетілместен жер үстіне салынғанын көрсетеді. Мәдени қабаттың қалыңдығы шамалы, сирек діңгек шұңқырлары аракідік ұшырасады. Дөңгелектенген, сопақ, тікбұрышты тұрғынжайлар (үйлер), түрлі жанама құрылымдармен, дәліздермен төңіректелген. Табылымдар барынша «ысырылған», олар қабырғаға таяу, көбінесе қабырға тысында жатады. Кейінгі қола заманының қоныстарымен салыстырғанда қыш аз, кешенде құты (банка) пішінді ыдыстар басым, сондай- ақ, пішіні көмескі (бүйірлері онша шығарылмаған) көзелер, табақтар да ұшырасады. Сирек кездесетін нұсқаларға шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың фрагменттері жатады. Ыдыстар ерекшелігінің бірі «маржандар» мен батырыңқы шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтандығына. Тұтас қарағанда қоныстардан табылған қыш мерзімдік ерекшеліктеріне қарай (ыдыстардың пішіні, ернеу ерекшелігі, өрнек) генетикалық жағынан доңғалдық ыдыстарға (доңғал- қола дәуірінің ең соңғы, аяқталар сатысы) жақындау. Сонымен қатар, тастан жасалған көптеген кетпендер, келсаптар, дәнүккіштердің сынықтары кездеседі [45, 110-102].

Тасмола мәдениетінің ескерткіштерінің 4-ші, 5- ші түрлерін ежелгі кең алған  орындар мен петроглифтер құрайды. Ерте темір дәуірінде де аймақ  тұрғындары алдынғы қола заманының кеншілері сияқты мыс, алтын, т.б. металлдарды өндіру орындарын пайдаланды. Бұл нысандардың бірқатары солтүстік Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.) Нұра өзенінің жоғарғы сағасында (Алтынсу, Бесшоқы) т.б. аумақтарда белгілі. Қашау әдісімен орындалған петроглифтер аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағылар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйелер керуенін бейнелейді. Петроглифтер Солтүстік Балқаш өңірінде, Абыралы- Дегелең таулары маңында, Нұраныңжоғарғы бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда кездеседі.

Ескерткіштердің осы  соңғы екі тобын М.К.Қадырбаев 1960-1970 жылдары Барлау кезінде ашты. Оларды іздестіру, зерттеу жұмыстары бұдан кейінгі жылдарда тоқтап қалды. Бүгінгі күні аймақтың ерте темір дәуірінің кен орындары мен петроглифтерінің зерттеуі мүлдем мардамсыз.

Жалпы алғанда, Тасмола  мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген күйінде ғана қалып отыр.

Бұл мәдениетке сипаттама  беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.

Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші  категорияларының бәрі дерлік қоладан  жасалған. Сонымен қатар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1- сатының (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғ.) өзінде-ақ пайда болған.

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу