Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Орталық Қазақстан өңірі бойынша Екібастұздан солтүстік-батысқа қарай Шідерті өзенінің оң жақ жағалауларындағы, әр түрлі уақыттардағы жерлеу құрылыстарының Тасмола I тобындағы № 19 обадағы бейіт неғұрлым назар аударарлық. Жерден қазылған қабір шұңқырындағы қамыс төсеніш үстіне әйелмен бірге қола айна, темір пышақ және қайрақ тас көмілген. Мұнда аттың басы мен жауырыны, екі қойдың бас сүйегі үйіліп қойылған. Аттың басында жүгені бар, ал қайыс жүген әр түрлі қола бұйымдармен сәнделген.
Енді бір обада (Тасмола V, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылқының басы мен терісі қойылған. Осы жерден аттың ауыздықтарының, тау текелердің мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекейлердің мол жиынтығы, шомбал қоңыраулар табылды. Бүл жай ғана кұрбандық шалу немесе арнау ырымы емес, жеті ат жегілген қос доңғалақты «аспан» арбасын жабдықтау салты.
Б.з.б. VII–VI ғасырларға тән жебелер жиынтығы Қарамұ-рын қорымынан табылды. Жылқы терісінен жасалған былғары қорамсақта екі түрлі екі қанатты, ұңғылы және үш қалақты келте қола ұштары бар қайың сапты 46 жебе шықты. Қазақстан территориясьнда кейінгі кезде кең тараған, шұңқырдың бір бүйірін үңгіп қою деп аталатын жерлеу құрылысының ең ежелгісі де осы арадан шықты.
Нұрманбет IV қойнауындағы жауынгер жерленген бейітте тасмолалық ескерткіштерге тән жер лақыт ішінен тақта тастармен шегенделген. Бұл арадан бір бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ-қанжар мен сабы сақиналы пышақ ілінген, металдан жасалған құрастырмалы шомбал белдік табылды.
Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді ұңғылы, қос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғарғы ұшы кесек немесе саңырауқұлақ тәріздес қол жылжымас үшін жасалған қаптамасы бар ақинақ қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Ұштары кішкене үзеңгі тәрізді қола ауыздығы және қоладан немесе мүйізден жасалған үш тесікті айшықтары бар, құрылымы ерекше жүген де сол уақыттарға тән [47, с. 166-168].
Қолданбалы өңерге басын бері бұрып тұрған жолбарыстардың алтыннан соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған тау текелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен ұрғашы бұланның мүсіндері, бұратылып жатқан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар тән болып келеді. Б. з. б. VI ғасырдың аяғына таман «зоологиялық шытырман» стиліндегі көп мүсінді композициялар пайда бола бастайды. Оған марал мүйізінен жасалған мүсінді тоға мысал бола алады. Таңғажайып бүркіттің стильге келтірілген басы түрінде жасалынған оның бетіне күрделі сурет бедерлеп салынған. Біз көлемі 15 шаршы см кеңістікте жүгіріп бара жатқан қабан мүсінін, үш текенің, қасқырдың және бұғының бастарын көреміз. Ертедегі суретші бұл мүсін-дерді бір суреттің біткен сызығы екінші жаңа бейненің бастамасы болатындай етіп, әр түрлі бұрыш жасай үйлестірген. Тасмола V қорымындағы № 3 обадан табылған мүйіз тоғадағы бұл сюжет Евразияда өте-мөте сирек кездеседі және бұған алыстағы Туваның сол уақыттардағы Алды-бел ескерткіштерінен табылған заттар ғана ұқсас келуі мүмкін.
Орталық Қазақстанда және көршілес аудандарда түйірлеу мен көмкерудің күрделі де нәзік әдісімен безендірілген жаңа зергерлік бұйымдар пайда болды (Жыланды, Шілікті, Арасан I). Кейінірек Тынық мұхиттан Шығыс Европаға дейінгі орасан зор территорияға тараған полихромды стиль деп аталатын стильдің техникасы шыға бастады.
Археологиялық материал Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәдениетінің бастапқы кезенінде-ақ жаңа металл – темірмен таныс болғандықтарын көрсетеді. Темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды.
Қару-жарақ, шаруашылық және тұрмыстық қажетке арналған заттарды жасауда неғұрлым елеулі өзгерістер болды. Садақтың күрделірек және алысқа ататын конструкциясына байланысты жебелердің бұрынғы түрлерінің орнына қоладан жасалған, үңғылы, қанды басы үш қырлы стандартты жебе ұштары шықты. Жаңа металл – темірден бәйегі мүйізше сияқтанған семсерлер, ұштары иіліп дөңгелетілген ауыздықтар жасалынды. Б. з. б. III–II ғасырларда қарудың ең көп тараған түрі жебенің ұшын жасауда да темір қоланы ығыстыра бастады. Дөңгелегінің кенересінде биік жиекшесі бар, қоладан жасалған шомбал айна енді болмайды. Олардың орнына сабы бар және дөңгелегі тегіс, шағын да ыңғайлы айналар шықты. Айналардың саптары мен басқа да іс қажеттеріне арналған заттар «аңдық» деп аталатын стильде жасалынған жануарлар бейнелерімен безендірілген [16, с. 6-8].
Көп мүсінді композиция дамыды, негізгі сюжеттік желінің бірі – аңдардың таласуы, жыртқыштардың шеп қоректілерді талап жеуі бола бастады. Жануарлар дүниесінің реалистік бейнелерін стильдік және схемалық тұрғыдан саралап бейнелеу тереңдей түсті. Қорғантас қойнауынан табылған тік бұрышты қола тоғадағы барақ иттің бұғыға бас салып жатқан кезін бейнелейтін сурет көз тартарлық өрнекке айналған.
Солай болғанмен де, жерлеу комплекстерінде Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңіндегідей бұйымдар сақталып қалды. Олардың ішінде қыш ыдыстар, тастан жасалған құрбандық құралдары және қайрақ тастар ерекше көрінеді.
Ежелгі мал өсірушілердің тұрмысында ағаш және металл ыдыстар кең орын алған болуы ықтимал. Мұнда қыш ыдыстар тас тізбекті обаларда ғана кездеседі. Мұндай ыдыстар жиынтығы Қазақстан территориясының басқа аудандарының сол уақыттағы керамикасынан мүлде өзгеше және сонымен бірге Тасмола мәдениетінің барлық кезеңдері үшін дәстүрлі. Таспалап жапсыру әдісімен істелген, түбі жайпақ үлкен ыдыстар ғүрыптық ыдыстар болған және жереу әдет-ғұрпы үшін арнайы жасалған деп топшыланады.
Тастан жасалған құрбандық ыдыстары мен жануыштар Тасмола мәдениетінің бірінші және екінші кезеңдеріне тән. Олар тек әйелдердің қабірлерінен ғана шығады, әдетте, оларды жерленгендердің бас жағынан табады. Құрбандық ыдыстары сопақша бітімді, аласа жиекті құмдақ тастан істелген шағын табақ түрінде қырналып жасалады, тегіс келген түбінде ешқандай тұғырлары, не аяқтары болмайды. Белдікке іліп қоятын тесігі бар құмдақ тас қайрақтардың бітімі тік бұрышты және ірі келеді.
Обалардың дәстүрлі бітімі сақталған. Алайда, жерлеу ғұрпында тасмолалықтарға тән емес ерекшеліктер пайда болды. Бұл Нұрманбет I, Қарамұрын II қорымдарындағы үш құрылыстан айқын көрінеді. Жерленгендердің басын оңтүстікке қаратып салу, түбі жайпақ, бітімі домалаңқы керамикалық ыдыстар жиынтығы, алебастрдан жасалған, темекі салып тартатын ыдыс үлгілері – бұлардың барлығы б. з. б. IV–II ғасырларда Оңтүстік Приуралье мен Батыс Қазақстанды мекендеген сармат тайпаларының материалдық мәдениетіне жақын.
Сармат тайпаларының
топтары, кейбір зерттеушілердін
Б. з. б. III–I ғасырлардың бірқатар ескерткіштерінің тасмолалық шығу тегін көрсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлегін қүрбандыққа шалынатын малдардың сүйектеріне арнап бос қою.
Региондағы жерлеу ғұрыптарындағы соншалықты ала-құлалық пен қарама-қайшы көрініс – б. з. б. I мың жылдықтың соңғы ғасырларындағы Орталық Азияның батысы мен шығысындағы мал өсіруші тайпалардың ірі-ірі миграцияларымен байланысты болған күрделі де, әлі де болса бәрі бірдей анық емес саяси жағдайдың бейнесі. Бұл көшіп-қонымдардың басы ғүндар мен юечжылардың күресінің шиеленісуінен, б. з. б. 174 жылы юечжылардың жеңіліп, олардың Орта Азия территориясына кетуінен басталады [68, с. 71-72].
Қазақстанның қазіргі археология ғылымында Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі Тасмола мәдениетінің ескерткіштері бірнеше категорияға бөлінеді (сурет 6).
Ескерткіштердің бірінші тобына (түрі) кәдімгі обалардағы жерлеу орындары жатады. Бұл категория Тасмола мәдениетінің қабір үстіне тұрғызылған құрылыс ретіндегі жерлеу ескерткіштерін шолады. Тасмола тайпаларының жерлеу ғұрпына қатысты мәселелер осы обалар негізінде қарастырылып, оның ерекшеліктерін зерделеу осы деректемелерге жүгіне отырылып іске асырылады.
Тасмола мәдениетінің қазіргі мерзімдік және кезендік схемалары аталмыш негіздемені басшылыққа ала құрылған.
Жерлеу ескерткіштерінің материалдары бойынша тұжырымдасақ, Орталық Қазақстанның Тасмола мәдениеті үш мерзімделік сатыны қамтиды. Бірінші (б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғғ.) және екінші (б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.) мерзімдемелік сатылардың мәдени белгілері бір-біріне өте жақын, сондықтан да олар бір тасмола кезеңіне біріктіріледі.
Шығыс Сарыарқаның тасмола кезеңінің жерлеу ескерткіштері дөңгелектенген тас, аракідік топырақ үйіндісі түрінде кездеседі.
Бірінші сатыға жататын обалардың үйінділері аласа тас қоршаумен, сирек жағдайда орлармен қоршалады. Үлкен үйінділер сирек кездеседі. Үлкен обалар қатарына Нүркен обалары, Талды, Шопа, Қараменде т.б. зерттелмеген обалар кіреді. Оба астында бір қабір болады. Көбіне ол қарапайым шұңқыр түрінде болып келеді, кейде осы шұңқыр ішінде тас жәшік орнатылады немесе лақыт шығарылады. Осыған қарап, жерлеу түрі 3- ке ажыратылады: қарапайым шұңқыр қабірде жерлеу, шұңқыр ішіндегі тас жәшікте жерлеу және лақытта жерлеу. Сонымен қатар, үлкен обаларға сирек жерлеу түрлері де тән. Мысалы Нұкен-2 қорымының 1- ші обасында шаршы пішіндес жартылай жер үстіндегі (яғни терең шұңқырдың түбінде емес) тас жәшік ашылды, ал мұндағы 2-ші обада киіз үй пішіндес үлкен тас қабірхана ашылды. Мәйіт солтүстікке, солтүстік-батысқа бағытталып, жазылған қалыпта шалқасынан қойылады.
Құрылымдық жағынан алғанда барынша көрнекті күрделі жерлеу құрылыстары бірінші мерзімдік сатыға тән.
Үлкен обалардың кейбір ерекшеліктері Қарқаралы ауданының Нүркен-2 қорымының тоналған 1, 2 - обалары (биіктігі 4-5 м, диаметрі 40 м ден жоғары) зерттегенде анықталды. Бұл обалардың құрылымдық- архитектуралық шешілімі күрделі, аздаған табылымдар арсынан қыш фрагменттері, тас дәнүккіштер, ахеменид стиліндегі салт атты бедерленген қола жапсырманың сынығы (түрлі – түсті суреттерге қараңыз) кездесті. Болжам бойынша обалар б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ шеңберіне жатады. Екі үйіндіден де бұрындары кездеспеген шикі кірпішті қалап қолдану әдісі анықталды, үйінді астынан көлемді жерлеу құрылыстары (жоғарыда айтылған шаршы жәшік пен үлкен көлемді қабірхана), олардан оңтүстік –шығысқа бағытталған ұзын дәліздер табылды.
Екінші сатыда обалы жерлеу орындарының көлемі кішірейіп, құрылымы қарапайымдалады. Ескерткіштер бірте-бірте су көздерінен аулағырақ орналасып, кеңістікке сіңіп кетеді, сондықтан да алдыңғы сатымен салыстырғанда олар біршама «таптырмайтын» сипат алды.
30 жерлеу орны б.з.д. ІІІ-І ғғ қамтитын Қорғантас сатысына жатады, (үшінші мерзімдемелік саты). Қолдағы бұл қорғантас ескерткіштері әлі аздау, сол уақыттағы тұрғындардың мәдениеті қырларын жан-жақты анықтау үшін деректемелік негіздемелерді кенейту қажет. Қорғантас кезенінде Тасмола археологиялық мәдениеті өзінің соңғы сатысына аяқ басады. Ескі дәстүрлердің сақталуына қоса, бірқатар жаңа мәдени ерекшеліктер көрініс береді.
Осы кездегі кішігірім үініділер орсыз, қоршаусыз болып келеді. Жерлеу қуысының үстін жай тастармен жапқан. Кейде қабір шұңқырын айнала тас қаланған. Мәйіттерді қарапайым шұңқыр қабірде, тас жәшіктерде жерледі. Мәйіт ұзынынан шалқасынан жатқызылып, басы солтүстік-шығысқа бағытталды. Мүрденің кеудесіне үй жануарының (қой, жылқы) бір жауырыны көлдененінен қойылған. Қабір шұңқырының бас жағында мәйіттен тас жәшік қабырғасы немесе көлденен орнатылған үлкен тас тақта арқылы бөлінген айырықша құрбандық кеңістігі қалдырылды. Кейде олардың табаны қабір еденінен биігірек, яғни саты түрінде болып келеді. Бұндай құрбандық орындарда жылқының, қойдың бас сүйектері, жіліншіктері кездеседі. Әдетте жылқының бір бас сүйегі жүген әбзелдерімен (ауыздық, сулық қалдықтары) қойылады (сурет 7). Қару-жарақтан жебенің жергілікті түрлеріннің-ұңғылы сүйек, шыбықты темір жебе ұштықтары салынған. Өзге құралдар арасында темір пышақтар, біздер, қола әшекейлер, тізбелер, жапсырма түймелер т.б. кездеседі. Ер адамдардың антропологиялық бет –бітімі европалық болғанымен, моңғолойдтық нышандар байқалды, әсіресе әйелдердің бет-бітімінде осы монголоидтық нышан басымдау. Тұтастай алғанда, зираттардың ғұн-сармат дәуірі ескерткіштерімен ұқсастығы мол. Бас тұсында қойылатын құрбандық орындарын ғұн, сармат, сарғат, үйсін, жетіасарлықтардың т.б. «құпия орындарымен» (тайник), «бөліктерінің» (отсек), «қуыстарымен» (ниша) салыстыруға болады.
Ескерткіштердің екінші тобы (түрі) – бұл мұртты обалар. Олар жерлеу орындарынан тыс, діни-ғұрыптын нысаны ретінде қарастырылады. Ескерткіштердің бұл тобына қатысты мәліметтер Тасмола тайпаларының діни-ғұрыптық түсініктерін аңықтауға қолданылады.
Ә.Х.Марғұланның
болжауы бойынша, «мұртты» обалар «ас
беру» немесе еске алу орындарында
тұрғызылған ғұрыптық-
М.Қ.Қадырбаевтің
пікірінше «мұртты» обалар кешенінің
шығыстағы обасы «тек ғұрыптық сипатта»
болып күнге табынуды білдірсе, кешенді
тұтас алып қарағанда, «үлкен обада»
«тайпаның беделді кісінің
С.С.Сорокин «мұртты» оба кешенінің екі құрамдас бөлігінің-үлкен оба мен оның серігі кіші оба бір мезгілде тұрғызылмаған деп топшалайды. Оның пікірінше, үлкен обаға қарағанда астына ат жерленіп, қыш ыдыс қойылған кіші оба мен шығысқа қарай жатқан сыртқы тас тізбектер кейінірікте қаланған, ал,кешен түгел дерлік ас беру, теске алу рәсімдеріне лайықталған. С.С.Сорокин Орталық Қазақстандағы тас тізбекті обаларды көне дәуірдің мәйіт жерленбейтін бұғыстары, ортағасырлық балбалды қоршаулары, т.б. сияқты құрылыстар тобына жатқызады.
А.З.Бейсенов
«мұртты» обалар жөніндегі материалдарды
біршама жинақтап,
Қазіргі уақытта шартты болса да, «мұртты» обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі тандағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санының 80% астамы осы аумақта шоғырланған. «Мұртты» обалардың бұл географиясы Тасмола мәдениетінің шеңберімен байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан. Жалпы «мұртты» обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы «мұртты» обалардың таралым аясы Қазақстаның ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу