Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Скачать документ)

Жалпы археологиялық  кезеңдеуде ерте темір дәуіріне ғұн-сармат кезеңін (б.з.б. ІІІ - б.з.б. Ү ғ.) де кіргізеді. Бұл кезең Орталық Азияның  шығысындағы ғұн тайпаларының және батыстағы сармат тайпаларының тарих аренасына шығуымен сәйкес келеді. Сонымен қатар сақ дәуіріне жататын ескерткіштерді кезеңдеу мен мерзімдеудің әлі де болса жетілдіре түсетін тұстары бар. Ол әсіресе осы кезеңге жататын жартас суреттері мен қоныс, тұрақтарға қатысты.

 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен қорыта келгенде бұл зерттеу барысында Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама беріліп, олардың аймақтық таралу ерекшеліктері мен мәдени ұқсастықтары, айырмашылықтары талданды.

Қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы ежелгі дәуірлерден бастау алатыны даусыз. Бірақ, оны салиқалы тұжырымдармен дәлелдеу үшін сол кезеңдерді егжей-тегжейлі зерттемейінше, ұлттың қалыптасу кезеңдерін, даму тарихы мен өзіндік бірегей мәдениетін көрсету қиын. Ұлттың қалыптасуы қола және ерте темір дәуірлері тұсына баратындығын ғалымдардың көпшілігі құптағанымен, қазақ халқының автохтондығын жоққа шығарып, оны миграциялық процестер нәтижесінде қалыптасты дейтін ғалымдар да жеткілікті. Оларға дәйекті пікір айту үшін, көне замандардағы тарихи дамуға қатысты айтылған ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдарды екшеп отыру ешқашан артық етпейді. Сол себепті де ұлттық тарихымыздың тамырын, қайнар-бастаулары мен мәйегін құрайтын ежелгі Қазақстанда территориясында сақ атауымен өмір сүрген бұл кезеңді тұтастай алып қарастыру одан кейінгі дәуірлердің бірқатар мәселелерін шешуде объективтілікке жетелейтіндіктен отандық тарих ғылымында өзекті мәселелер қатарына кіреді.

Сайып келгенде, ежелгі Қазақстан  тарихын зерттеу барысында анықталған ескерткіштер, археологиялық мәдениеттер  Еуразия көне тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның сақ дәуіріне қатысты қалам тартқан отандық археологтар мен деректанушы, тарихшылардың еңбектері арқылы әлем жұртшылығы қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар екендігін, оның тамыры тереңде екендігін біледі. Сондықтан да көне замандарды зерттеген мамандардың еңбектері дүниежүзілік рухани-ғылыми мұраның қомақты да салихалы бөлшегі болып қала береді.

Зерттеушілер арасындағы кейбір жекелеген жайттарға қатысты мәселенің теориялық, методологиялық қырлары қарастырылып, ежелгі замандардағы үрдістерді зерделеген тарих ғылымындағы тұжырымдамаларды талдау барысында зерттеу тақырыбының әдіснамалық негіздері анықталды. Бұл жерде айта кететін жайт, ұзақ жылдар бойы отандық тарихнамада кеңестік методология үстемдік құрып келгендігі, соңғы жылдары тарихшы-мамандар өркениеттілік ұстанымдарға арқа сүйеп келе жатқандығы мәлім болды.

Сонымен қатар археологиялық экспедициялар жұмыстары жүйеленіп, жазбаша дереккөздерін зерделеудің негізгі бағыттары айқындалды да, бұл жұмыстардың барысында анықталған әрбір мәдени-тарихи кезеңнің бірнеше археологиялық мәдениеттерінен алынған материалдарды сараптау негізінде олардың тарихи дамудың негізгі бағыттарын айқындаудағы рөлі зерделенді. Қазіргі таңда «Мәдени мұра» Стратегиялық Ұлттық Жобасы деп аталатын әмбебап жоба негізінде атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы айқындалып, осы мәселеде тек біздің зерттеу еңбегіміздің хронологиясымен сәйкес келетін ізденістер нәтижелері ғана сараланды да, аталған бағдарламаның ежелгі замандардағы тарихи үрдістерді зерттеуге қаншалықты үлес қосқандығы анықталынды. Қысқа қайырғанда, аталмыш бағдарлама көне дәуірдегі тарихи процестерді зерттеуге тың серпін берді, мұны диссертация тарауларындағы мәтіндер аясы біршама айғақтайды.

Сақ дәуірі мен ескерткіштер кезеңдестірілуіне, хронологиялық атрибуцияларына тарихнамалық талдау жүргізу арқылы тарихи дамудың негізгі көкжиектері айшықталды, отандық ғылымның көне дәуірді зерделеудегі жетістіктері мен кемшін тұстары айқындалды. Көтерілген мәселе негізінде ежелгі Қазақстан тарихы әлемдік тарихнаманың құрамдас бір бөлігі екендігі тұжырымдалып, оның өзіндік сипаты көрсетіліп, даму ерекшеліктеріне баса назар аударылды.

Ерте темір дәуіріндегі астаналық қалалар, түрлі тайпалар мен халықтардың орналасқан мекендеріне қатысты айтылған көзқарастарға талдау жүргізілді. Бұл мәселелер бойынша айтарымыз, көне замандарда қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтардың қай-қайсысы болмасын сан ғасырлар бойы өз жерінді өмір сүріп келді. Қазақ халқы олардың тікелей мирасқоры болып табылады.

Көне көшпелілердің  мәдениеті өзінің ауқымы мен таралу жылдамдығы жөнінде дүниеде сирек  кездесетін құбылыс. Оның мыңдаған километр бір-бірінен алшақ жатқан мәдени ошақтарында еш өзгеріссіз, бір-бірін айнытпай қайталайтын көптеген әскери-көшпелі өмір салтына тән бұйымдар: әбзелдері, қару, қола қазандар, дала батырларының тас мүсіндері. Көне көшпелі дәуірдің феномені - өнері. Қола ғасырында көшпелі тайпалардың көбінің өнері - геометриялық фигуралар болды, тек петроглифтерде жануарлардың, адам мен құдайлардың бейнелері берілген. Сақтардың өнері негізінен қолданбалы болды, олар әртүрлі бұйымдарды әшекейледі. Көне көшпелілердің дүниесі бұл жануарлар дүниесі. Оны жасаушылар адам бейнесінен аңдарды көп бейнеледі. Аң стилі өнерінің үлгілері Евразия кеңістігінің әр жерлерінен көптеп табылған. Бүгінгі күні көне көшпелілер өнерінің ескерткіштері Карпато-Дунай бассейінінен Тынық мұхит жағалауына дейінгі кең алқапта табылып отыр. Скиф-сібір аң стилін жасап дамытуда көне халықтар қатысты, олар: Дунай мен Балқандағы фракиялықтар, Оңтүстік Шығыс Европа скифтері, сармат пен совроматтар, Солтүстік Кавказдағы меоттар, Қазақстан мен Орта Азия сақ;  массагет, дахи, исседондар, Оңтүстік Сібір мен монғолияның динлин мен ғұндары, Қытайдың солтүстік шығысындағы жун мен ди халықтары. Аң стилінің ең көне үлгілері б.з.д. І мың. ортасына (әр түрлі хронология бойынша б.з.д. IX—VІғғ.), ал ең кейінгілері б.з. алғашқы ғасырларына жатады.

Әрине, жалпы Қазақстан  территориясындағы сақ ескерткіштері  тәрізді күрделі тақырыпты толығымен  қамтып шығу мүмкіндігі шектеулі екендігі белгілі. Тарихи ой-пікірлердің дамуы, археологиялық қордың шоғырлану  нәтижесінде аталмыш тақырып әлі талай зерттеулердің нысанына айналары даусыз.

 

                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Төлеубаев Ә.Т. Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері // Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Халықаралық ғылыми - практикалық конференция матиериалдары. – Ақтау, 2007. – 1 бөлім. – 229-235 бб.
  2. Самашев З.С. Древние номады казахских степей // Материалы 2-ой международной конференции. Историческая роль Александра Гумбольдта и его экспедиций в развитии мировой, региональной и национальной науки. – Алматы, 2004. – С. 145-157.
  3. Радлов В.В. Из Сибири: страницы дневника. – М.: Наука, 1989. – 749 с.
  4. Адрианов А.В. К археологии Западного Алтая. Из поездки в Семипалатинскую область в 1911 г. // Известия Алтайского края. Вып. 2. Пг., 1991. – С. 3-94.
  5. Черников С.С. К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников (по материалам Восточного Казахстана) // Первобытная археология Сибири. – Л., 1975. – 132-137 с.
  6. Арсланова Ф.Х. Новые материалы VІІ-VІ вв. до н.э. из Восточного Казахстана // Бронзовый и железный век Сибири. – Новосибирск: Наука, 1974. – С. 77-83.
  7. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. – Алматы, 1980. – Т.1. – 246-273 бб.
  8. Жолдасбайұлы С. Жетісу тарихы (XVI-XVIII ғғ.) (Тарихи және палеоэтнологиялық зерттеу). – Алматы: Қазақ университеті, 1996. – 299 б.
  9. Бартоьд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. – Т. 11. – Ч.1. – М., 1963. – С. 210-215.
  10. Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья и Тянь- Шаня // Сов. археология. – Т. XI. – М., 1950. – С. 110-131.
  11. Акишев А.К., Археология в Казахстане за советский период // Сов. археология. – Алма-Ата, 1974. – № 4. – С. 2-4.
  12. Толстов С.П. Жданко Т.А., Итина М.А. Работы Хорезмской археолого-этнографической экспедиций АН СССР в 1958-1961 гг. // Материалы Хорезмской экспедиции. – М., 1963. – С. 125-129.
  13. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1966. – 435 с.
  14. Кадырбаев М.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана // Известия АН КазССР. Серия истории, археологии и этнографии. – Алма-Ата, 1958. – Вып. 1 (6). – 303 с.
  15. Хабдулина М.К. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. – Алматы: Ракурс, 1994. – 170 с.
  16. Бейсенов А.З. Погребальные памятники и культово-ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана (7-1 вв. д.н.э.) : Афтореферат дисс. канд. ист. наук. – Алматы, 1997. – 32 c.
  17. Рычков П.И.. Топография Оренбургской губернии // Оренбургские степи в трудах П.И. Рычкова, Э.А. Эверсмана, С.С. Неуструева. – М., 1949, – С. 42-204.
  18. Вопросы археологии Западного Казахстана. – Самара, 1996. – Вып. І. – 274 с.
  19. Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов. – Вестник Древней истории. – 1947. – № 3. – С. 100-121.
  20. Сорокин С.С. Среднеазиатские подбойиые и катакомбные захоронения как памятники местной культуры // Сов. Археология. – Вып. XXVI. – М., 1956. – С. 97-115.
  21. Мошкова М.Г., Кушаев Г.А. Сарматские памятники Западного Казахстана

// Проблемы археологии Урала и Сибири. – М., 1973. – С. 56-78.

  1. Кадырбаев М.К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразии в скифо-сарматское время. – М., 1984. – С. 29-42.
  2. Самашев З.С., Ольховский В.С. Стелы Дыкылтаса (Западный Казахстан)

// Вопросы археологии Западного Казахстана. Сб. научных тр. Вып. 1. – Самара, 1996. – С. 41-58.

  1. Самашев З.С., Ермолаева А.С., Лошакова Т. Поселения элохи палеометалла Северо-Восточного Прикаспия // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – Уральск, 1998. – Вып. З. – С. 125-139.
  2. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы, 2002. – 310 с.
  3. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана // В глубь веков. – Алма-Ата, 1974. – С. 63-67.
  4. Төлеубаев Ә.Т. Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері // Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары. – Ақтау, 2007.
  5. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. – Алма-Ата, 1987. – С.58-60.
  6. Төлеубаев Ә.Т. Шілікті жазығы – сақтардың алғашқы мемлекетінің орталығы // Қазақ тарихы. – 2004. – №2.
  7. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. – М., 1982. – 460.
  8. Акишев А.К., 1956. Отчеты о работе Илиской археологической экспедиций 1954 г. // Труды ИИАЭ АН КазССР. – Т.1. – С.15-18.
  9. Акишев А.К. Археология в Казахстане за советский период // Сов. археология. – 1981. – № 4. – С. 2-4.
  10. Руденко С.И. Искусство Алтая и Передней Азий. – М.,1961. – <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу