Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан  өңірін зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, оған К.М.Байпақов,З.С.Самашев, А.С.Ермолаева, Шілікті экспедициясының басшысы Ә.Т.Төлеубаев сияқты ғалымдарды атап өтуге болады.

Үшінші аймақ- Оңтүстік Қазақстан өңірі болып табылады. Бұл өңірдің ескерткіштерін зерттеу  мәселесі XIX ғасырдың басында басталды. Бұл зерттеулер ежелгі антикалық деректер мен, орта ғасырлық саяхатшылар мен, Географтардың арнайы хаттарында айтылады. 1946 жылдан бастап КСРО Ғ.А. Хорезм экспедициясы Оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы аймақта көптеген ескерткіштер жиынтығы табылады, оның ішінде ең ірілерінің бірі болып-Шырық-Рабат қаласы болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірін зерттеген ғалымдар қатарына Б.П.Адрианов, М.А.Итина, А.С.Кейс, С.П.Толстов, Т.А.Жданко және т.б. ғалымдарды айтуға болады. 1957-60 жылдары Шырық-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды сияқты ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа қорымдар ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 2, 192., 19, 210 ].

Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір дәуірінің  қорғандарынан көптеген көне материалдық  заттар тауып, дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда.Мәселен  Қ.А.Ақышевтің «Есік обасы» мен  З.С.Самащевтің «Берел обасынан» сақтардың құнды заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан[4.15-16]. Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К.А.Ақышев еңбектерінде б.з.б. VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Мен курстық жұмысымды жазу барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін басшылыққа алдым.

Жұмыстың хронологиялық  шеңбері: Ерте темір дәуірін (б.з.д. ғғ.) қамтиды. Сақтар жайлы жазба және қазба деректер жайлы өлкетанушылардың, тарихшылардың, географтардың мәліметтері мен жүргізілген археологиялық зерттеулерден алынған материалдар қолданылады.

Жұмыстың деректемелік көзі: Магистрлік диссертация жұмысын жазу барысында дерек көзі ретінде антикалық, парсы, қытай деректері негізінен дерек көзі болып табылады. Археологиялық экспидеция жүргізілген зерттеу жұмыстарының есептері мен нәтижелері пайдаланылды.

Магистрлік  диссертацияның құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, сегіз баптан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Сақ тайпалары  жазба деректерде

 

1. 1. Сақ тайпалары антикалық деректерде

 

Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік  Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазакстанның оңтүстігін камтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген.

Геродот  (б. з. б. V ғ.) және басқа антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өнірі мен Днепр бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардын, Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б. з. б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтік сына жазба деректемелерінде сақтар туралы аз болса да, анық деректер келтірілді. Мәселсн, оларда сақтардың үш тобы: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын кайнататын сақтар), тиграхауда-сақгар (шошақ бөрік киетін сақтар), тиай- парадрайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) туралы хабарланды. Алғашқы скі топ Геродотка таныс) болды, бұларды ол амергия-сақтар және ортокарибантия-сақтар деп атайды. Ғылымда сақтардын, бұл топтарынын Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік. Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендеген, бұл сақ тайпаларыньш этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген[41. 665-666].

Бұл аймақта ондаған діни құрылыстар — орасан зорта және топырақ үйінділері - сақ «пирамидалары» зерттелді. Пазырық (Таулы Алтай), Шілікті 
(Шығыс Қазақстан), Бесшатыр және Есік (оңтүстік-шығыс Қазақстан) обаларынан ашылған тамаша жаңалықтар кеңінен мәлім, олар ғылымды металдан, ағаш пен матадан жасалган көркемдігі жоғары бейнелеу өнсрінін бұйымдарымен, ағаштан салынған ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштерімен 
байытты. Бұл қорғаннан табылған ғажайып олжалар сак тайпаларының жоғары және көп жағынан өзіндік төл мәдениеті,«олардың ата аналарының» ұлылығын және қоғамның әлеуметгік құрылымының дамығандығын бірінші рет айқын кәрсетті. Ежелгі жазбаша деректемелердің сактардың тайпалык одакгарына қатысты мәліметтерін екі топқа: 1) антик деректемелерінің деректері: Геродот (б. з. Б.ғ.), Ксенофонт (б.з. б.VІ—V ғғ.), Птоломей (б.з.б. II ғ.); 2)-ахеменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалары топтарына бөлуге болады[44. 365-3466]..

Көне парсы, элам және аккад тілдерінде кұрастырылған Дарий мен Ксеркс патшалардың жазбалары, сондай-ақ көне ирандықтардың зороа-стриялық дін кітаптарыньің жинағы — «Авеста» көңіл қоярлық деректемелер болып табылады Дарийдің Бехистун жазбасының  бесінші бағанының, Накши-Рустемдегі «а» жазуынын, Персепольдегі «е» тексінің және Суздегі жазбалардың, Ксеркстің«дэвтер туралы жазба» деп аталатынының ерекше маңызы бар. Бұл текстерде Дломенид империясы бірнеше дүркін қақтығысқан солтүстік-шығыс елдерінін. (Иранға қатысты) тарихи фактілері мен кейбір тайпалардың аттары бар. Дарий мен Ксерксті уақыты дәл көрсетілген жазбаларына қарағанда, «Авестаны» зертгеудегі ең басты киындық сол, онда мейлінше әр түрлі дәуірлерге катысты мәлімсттер жинақталып, араласып кеткен.)

Заратуштра уағыздарының «Яштар»  кітабына кіретін жолдары — «Гаттар» Авсетаның ежелгі бөлігі болып табылатыны дәлелденген. Көптеген шығыстанушылар ауызша дәстүрге мегізделген «Гаттардың» ылығуыш б. з. б. 1000-600 жылдары аралығына,псб.з. б. I мыңжылдыктың бас кезіне жаткызады, ал кейбіреулері б. з. б. VII—VI ғасырдың бас кезіндегі уақыт жайында сөзболып отырды санайды, Бұл жағдайдың екеуіндеде «Гаттардың» калыптасуы Ахемепидтік кезеңге дейінгі уақытқа жатқызылады. «Гаттар» мен Лвестаның уакыт жағынан оларға жакын баска бөліктерінің туындаған және тыққан жері туралы мәселе бойынша даулар да аз емес. Авеста қоғамьшың әлеуметгік кұрылысы. идеологилсы мен тілі және суретгелетін оқиғаларлың географиялық жағдайы жоніндегі казіргі зерттеулер Авестаның ежелгі бөлімдері Орта Азияның және оған солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстан аймақтарының да бақташы егінші тайпаларынын ортасында қалыптасқан деген қорытындыға келтіреді[54. 775]..

Көбіне грек және ішінара латын  тілдеріңдегі антик деректемелері  де өте кұнды. Олардын арасымда б. з. б. V ғасырдың 40-жылдарының аяғында  — 30-жылдарынын басында жазылған Геродоттың «Тарихы» оқшау тұрады. Цицеронның Герадоттың тауып атағанындай, «тарих атасының» тоғыз кітабынан ертедегі Қазақстан тарихы үшін төртінші кітабы не ғұрлым маңызды, онда Дарийдің скифтерге қарсы жорығын суреттеумен байланысты Евразия тайпалары туралы неғұрлым толық деректер жинакталған.

«Тарихтың» негізіне парсы мен  гректің ауыз екі әңгімелері, Геродоттың өзінің байқаулары мен одан бұрынғы  адамдардың кейбір жазбаша хабарлары  алынып. Соңғылардың арасынан Гекатей  Милетски мен Аристей Проконесскийдің еңбектері көзге түседі.Ахеменид заманының тарихы жөнінде Ксенафондт, Ктесий жөне кейінгі кезең авторлары — Бсррос, Арриан, Полиен, Диодор, Полибий, Плиний, Помпей Трог, Птолемей, Страбон бірқатар кұнды деректер қаддырды. Алайда бұларда Казақстанньң ежелгі тайпалары мен халыктары туралы нақты акларат кеп емес. Оларда келтірілетін тайпалар мен халықтардың аттарын басқа мәліметтермен салыстыру ете қиынға соғады. Сондықтан жазба деректемелер маңызды, дегенменде, археологиялык деректемелермен салыстырганда көмекші рөл атқарады. Қазақстан аумағындағы бақташы тайпалар туралы ең ертедегі деректердің бірі Авестада кездеседі. Сондағы 13 Яштта (Фравардин Яшт, 143—144) Тура, Зайрима, Даһа және баск.а халықтар аталады. Гаттардың контекстіне караганда, көне Иран эпосында отырықшы мал өсірушілер мен егіншілердің -арийлердің қоғамына карсы койьлатын Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы Шығыс ирандық көшпелі тайпалардың бәрі «турлар» деген жиңақгалған атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тур халқын ежелгі грек деректемелері бойынша массагеттер деген атпен белгілі тайпалардың нақты тобымен байланыстырады» [31.776].

Неғұрлым көне парсы сына жазуы  текстерінде жаңағы Шығыс Иран тайпалары  Вака деген жалпы атпен аталған (Персепольдің «е» тексті; Бе-хистун жазбасы). Бұл терминнін Авестаның «турлар» деген атауынан айыр-масы сол, ол иран, грек-латын, ал одан кейін кытай деректемелерінде де кеңінен таралған.

Біршама кейінгі кезендегі сына жазуы тізімдерінде (Накши-Рустемнен  «а», Сузден «е» жазбалары; алтын  және күміс қалақшаларға жазылған Да-рийдің Хамадан және Персеполь текстері; Ксеркстің «антидектік жазбасы») Сака термині неғұрлым нақгы мазмұнмен толықтырылады. Осы уакыттан бастап бірнеше сак тайпаларының немесе тайпалар топтарының аттары келтіреді деді Вака (теңіздің арғы жағындағы сактар), Сака һаом («хаом су сынын дайындайтындар») , Вака тиграхауда («шошақ бөрік киетіндер»), Сака туайу пара согды («Соғдының ар жағандағы сақар»). Саһа есімі де белгілі бір дәрежеде сактармен байланысты, бұл есім парсы анналдарында алғаш рет Ксеркстң «дэвтер туралы жазбасында» келтірілген, бірақ бұдан ертеректе ол Авестада айтылған[61. 885-886].

Сына жазуы текстерінің кейбір этнонимдері грек деректемелеріндегі тайпалар аттарымен иланымды ұқсастырылады. Мәселен, Геродоттың өз айтуы бойынша Ахеменид державасының оныншы әкімшілік округіне кірген (Геродот, III, 92) ортокарибантийлері тиграхауда-сақгарға, амюргийлік сактар - хаумаварга-сақтарға (Геродот, VIII, 64), ал дайлар - Авестаның және Ксеркс жазбасының дахтарына сәйкес келеді.

Басқа да грек авторларының көпшілігі сияқты, Геродот та кейде  «азиялық скифтер» деген терминді қоса отырып, сақтарды скифтер деп атайды. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы  таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі  мен Алдыңғы Азияның кешпелі  скиф тайпаларына қарап айталды. Бірақ грек деректемелеріңде ахеменидтік сына жазуларында кездеспейтін баска атаулар да бар, олар: массагеттер, савроматгар (кейінгі кезде сарматгар), аргаппейлер, аримаспылар ассилер, пасиандар, сакараулдар (сакарауктар) және басқалары» [78. 995-996]

Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның  осы заманғы картасына орналастыру  туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сактарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін  екі көзкарас болып келді. Бірінші кезқарас (В. В. Сгруве) тұрғысынан, парадрайа- сақгарды Арал теңізінен щығысқа таман және Әмуд-ария мен Сырдария езендерінің теменгі бойларына орналастыру керек еді. Мөселені бұлайша қоюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығаның жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасының бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған текстің  келтірілген белігілі, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметгерімен салыстыру негізінде  парадрайа-сақтардың және «Соғдының ар жағындағы» сақгардың - массагеттерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.

В. В. Григорьев басқаша  көзқарасын айтады, оған қарағанда  парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей  және онымен шектес аймақгар аумаын мекендеген европалық скифтерді түсіну қажет болады.Бехистун жазбасын жаңа мекендейді (IV, 22). Одан әрі «биік таулардың етегінде» мекендеген агрнппей тайпасы аталады (IV, 23),бұл арада, сірә, оңтүстік-шығыс Жайық өңірі айтылып отырса керек[81. 995-996].

Геродотқа аты мен таралу аймағы «анык мәлім» исседондар тайпалары аргиппейлерден шығыска таман орналаскан (IV, 25). Исседондардың айтуы бойынша, дейді одан әрі Геродот, олардан жоғарырақ аңызга айналған аримаспылар мен «алтын қорыған самұрык» тайпалары тұрады. Қиял-ғажайып қауесеттер антик жазушыларына дейін жеткен аримаспылар мен самурықтар тайпалары ірі-ірі алтын рудниктері болған Қазакстапнын. солтүстік-шығысымен байланыстырылады. Исседондар туралы Геродоттың тағы бір айғағы бар. Кирдің массагетгерге жорықка әзірленуі туралы әңгімелейтін фрагментте бұл тайпалардың «Аракс өзенінің арғы бетінде күншығысқа қарай, исседондарға қарсы шығыс бағытта» тұратындығы айтылады (Геродот, I, 201). Геродоттың болжауына карағанда, исседондар Орталық Қазақстан далаларында немесе Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақатанда тіршілік еткен деп топшылауға болады[47. 554].

Сөйтіп, жазбаша деректшелер  б. з. б. VII—IV ғасырдагы Қазақстан  аумағына бірктар тайпалар мен тайпалыктоптарды орналастыруға мүмкіндік береді: оңтүстікте бұлар тиграхауда-сақтар, грек деректе мелеріндегі массагеттер солар және дахтар (дайлар); батыста — савроматтар (ежелгі аорстар), орталык аудандарда — исседондар, солтүстік-шығыста — аримаспылар. Бұлардың бәрі рулық- тайпалық бөлімшелер ретінде тілі жагынаі  туыс және мәдениеті жағынан жақын сак және сармат тайпаларының этникалык-мәдени бірлігіне кірген.

Тайпалардын көршлерімен  қарым- қатынастары. Б. з. б. VII—IV ғасырлардағы Евразияньң этникалық және саяси  картасы барынша ала-кұла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қактығыстары да аз болған жоқ. Казақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасиянын, Тува нен Солтүстік Монғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағынын. орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен - мансилер мен хантылардың арш тегінен шектесіп жатты.

Батыстың савромат тайпалары  Қара теңіз өңірінің скифтерімен  көрші болды, олармен сауда- саттық жасады, соғыс одағын күрды пемссе карулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде. Ахеменид заманына дейін- ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды[71. 565].

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу