Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның географиясын тану тарихында Ибн-Хордадбек, Макдиен, Ибн-Хаукал, Ибн-Рушт, Әл-Истахри, ал Масуди, ал-Идриси сынды араб географтарының еңбектері өте маңызды.

Ибн-Хордадбектің еңбегі «Китаб ал-Масалик во-л-мама лик» (саяхаттар  мен мемлекеттер кітабы). Қазақстанның географиялық аумағынан Фараб (Отырар) қаласын, қарлұқтар мекені ретінде Талас жазығы туралы, өте жылы, көшпелі өмірге өте қолайлы аймақ деп жазды. Ибн-Хордадбек кітабында Арал теңізі Амудария өзені келіп құятын Курдар теңізі деп сипатталды [16, 25-6].

Қалаларды сипаттауда Максидидің еңбегі нақты жазылған. Мысал ретінде  алсақ, Талас өзені маңындағы  қалалар туралы «Тараз-өте әдемі, төрт қақпалы мықты қоршалған  қала. Қақпаның жанында үлкен өзен ағып жатыр. Қала өзеннің арғы бетіне дейін созылып жатыр» деп сипаттайды.

Максиди Сырдария өзенінінң  оң жағында орналасқан Сауран (Сафан), Шагльдхан (Шикан, Түркістаннан 26 км солға  қарай), төрт қақпалы (Нуджахет,Ферғана, Шақран, Бурах) үлкен қала Испиджап туралы деректер қалдырды [16, 27-6].

Тағы бір араб саяхатшысы Ибн Хаукаль Арыс өзені маңындағы  Шаш облысында орналасқан Бискент  қаласы туралы «мүнда ислам дінін  қабылдаған түрік-оғыз жэне қарлүқ тайпалары  бас қосады»-деп жазды. Қарлүқтар  жерінің кеңдігі туралы «қарлүқтар мекенінің батысынан шығысына жету үшін 30 күн уақыт кетеді» деп көрсетті. Сондай-ақ Ибн-Хаукаль Сауран қаласын басып өтетін өзен туралы мэлімет қалдырды [19.578].

Ибн-Русте мен Истахри  Арал теңізін «ерекше түзды су қоймасы» деп сипаттады. Истахри  еңбегінде Сырдария; Арыс өзендері, Испиджап қаласы туралы қүнды мэліметтер береді.

Ал-Мусиди Орал өзені  мен Эмбі өзен аралығындағы аумақты  қимақтардың қыстағы, ертіс өзені  маңын жайлау ретінде көрсетеді. Сырдария өзенінің суы мол болғандығы, ол арнасынан шығып тасығанда 30 шақырымға дейінгі жерде орналасқан ауыл-аймақтарды алып кететіндігіне орай халық бір-бірінің үйіне қайықпен баруына тура келгендігі туралы жазады.

Қазақ жерінің географиясы  туралы келесі қүнды дерек ретінде XIX ғ. оқымысты-географы ал-Идрисидің  «Нузхат ал-муштак» еңбегін жатқызуға болады. Сырдария өзені мен Арал маңының сағасы ал Идрисиді оғыз жауынгерлерінің жиналыс өткізетін орны деп көрсетті. Ол «Ескі Гузия» деп аталды. Ескі Гузия Тянь-Шаньнің батыс қыраттары мен Шу жэне Сырдариялық Қаратаудың өзендерінің маңы деп шамаланды.

Ол Идрисидің «Сурат ал-ард» атты картасында Іле өзенінің жағалауын Гак көлі мен Балқашқа дейін мекендеген қарлүқ және Алакөл маңын мекендеген қимақ мемлекеттері суреттелген.

X ғ. соңындағы маңызды  қолжазбалардың бірі қолжазба  күйінде сақталған, белгісіз автордың кітабы «Худуд ал-Алам мин алмашрик ил ал-магриб» (Әлем шекарасы кітабы) қолжазбасы 1892 ж. А.Г.Туманский ашты.

«Худуд ал-Алам» Үнді мүхиты мен Солтүстік Африкаға дейінгі  алып кеңістік туралы мәлімет береді. Осы кітаптың «Оғыз мемлекеттері жэне оның шекаралары» деген тарауында Арал және Каспий теңізі аудандары туралы кездестіруге болады [20.668].

Ал «қимақтар және олардың қалалары туралы» атты тарауда  түріктерге тиесілі әрі бай аймақ  болған Қимақия жері туралы мәліметтер алуға болады. Автордың мәліметтерінше мұнда 25 жуық қалалар мен ауылдар, соның ішінде Құлан, Меркі, Барсхан, Талғар, т.б. туралы кездеседі.

Өз еңбектерін араб жэне парсы тілдерінде жазған оқымыстылар  қатарына Джайхани, Балхи, Бируни, эл-Фараби т.б. жатқызамыз. Бірақ бұл кісілердің көбісінің еңбектері бізге жеткен жоқ [21.686].

Шығыстың XI ғ. әйгілі ғалымы әл-Бируни өзінің «Климаттың бөлінуі» т.б. еңбектерінде Қазақстан территориясының  табиғи ерекшеліктері туралы баяндайды. Мысалы, Каспий теңізінің шекарасы «Табристаннан Дейлема, Ширбану, Баб албвабу (Дербенду) жерлеріне, алан, хазар облыстарына дейін созылып жатыр. Птоломей оны Ирконий теңізі деп атады. Ол басқа теңіздермен шектеспейді»-деп жазды [22.868]. Ары қарай Гугар (Өлі теңіз), Хорезм (Арал теңізі), Абаскун (Яссык-Куль) деген өзен аттары кездеседі.

әл-Бируни сондай-ақ оғыз тайпалық бІрлестігінің құрамныа енген Сырдария, Арал маңын, Солтүстік Каспий маңын мекендеген Кашгаро-печенеж тайпалары туралы қызықты, мэліметтері калдырды [23.687].

әл-Бируни Қазақстан картасының 8 нүсқасын жэне бірінші глобусты жасады. Онда Каспий теңізі Дарен Джурджан деп, ал Қазақстан аумағының қалған жерін Жинсхон Туркон - яғни түркі халықтары деп атады.

Араб географиялық әдебиетерінің  ішінде М.Қашқаридің (XI ғ.) «Диуани лұғат-ат түрк» еңбегі ерекше орын алады. Бартольд бұл еңбекті «көшірме әдебиеттен емес, арнайы зерттеу негізінде жазылған бірден бір еңбек» деп сипаттайды [18.578].

М.Қашқари еңбегінде  көптеген мемлекет, өзен-су атаулары кездеседі  және оларға тарихи , географиялық сипаттама  беріледі. Мысалы ертіс - Ямас жеріндегі өзен делінсе, Еділ Бүлғар теңізіне құятын қыпшақтардың өзені деп сипатталады [24.475].

К.Миллер, И.И.Умняков, Ш.Д.Алиев  т.б. зерттеген М.Қашқаридің «Дөңгелек  картасы» үлкен қызығушылық туғызады. Себебі, мұнда басқа араб авторларындағы сияқты картаның кіндігі Мекке емес, Баласағұн қаласы мен Қашқар, Жетісу белгіленеді. Каспий теңізінің солтүстігін оңтүстігімен салыстырғанда ауқымды бейнеленген.

М.Қашқаридің картасы  Орта Азия мен оған жақын облыстардың  тарихи географиясы, түркі тайпалары мен фольклоры туралы құнды дерек. Себебі, автор берген мэлімет археологиялық материалдармен дэлелденіп отырады.

Қазақ жері туралы араб географиялық эдебиеттерін, деректерін бізге жеткізуде  орыс шығыстанушылары И.Ю.Крачковский  мен Бартольдтың еңбектері зор. И.Ю.Крачковский өзінің эйгілі «Арабтың географиялық эдебиеті» атты еңбегінде араб географиялық эдебиеттерінде алғаш географиялық көзқарастардың қалыптасыуынан бастап XVIII ғ. дейін сипаттама деректерді салытыра отырып, араб географиялық қоғамының берген мәліметтерінің шынайылық дэрежесін көрсетті. И.Ю. Крачковский көрсеткендей арабтар Испаниядан бастап Түркістанға дейінгі кең аумақты сипаттай келе, олардың тек климаттық жағдайы мен табиғи ерекшеліктерін ғана қарастырып қоймай, халықтардың мәдениетін, діні, тілі туралы да мэлімет береді [22.786].

Академик В.П.Бартольд өзінің Қазақстан географиясы туралы көптеген мәлімет беретін «Жетісу  тарихының очерктері», «Түркістан тарихы», «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы»  атты еңбектерінде араб деректерін көп қолданды.

XII ғ. Моңғолия жерінде  ірі ерте феодалдық мемлекет  қалыптасты. XIII ғ. Шыңғысхан эскері  Қазақстан мен Орта Азия жерлерін  басып алып, ұлдарына бөліп берді.  Үлкен үлы Жошы Ертістен Орал  тауларына, оңтүстігінде Арал, Каспий  теңізіне дейінгі аумақтарды алды. Шағатайға Жетісу жері, ал Үгедейге -Тарбағатай таулы аймағы бүйырды. Сырдарияның төменгі ағысынан Ертіс пен Волгаға дейінгі аймақта Батыйдың (Шыңғысхан немересі) жері созылып жатты. Моңғолдардың жаулаушылығымен көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласына айналды. Қазақстанның экономикалық және мэдени дамуын, ұлттық меммлекеттігіміздің қалыптасуын тежеді.

Моңғол шапқыншылығы дэуірінде (ХІ-ХШғғ.) араб кезеңімен  салыстырғанда Қазақстан аумағы туралы мэліметтер аз. Бізге Шыңғысхан жасағының қүрамында болған және көбінесе моңғолдар, олардың жаулап алушылығы туралы мәлімет беретін моңғол, араб, қытай авторлары шығармалары жетті. Махмуд Джувани Фазлалах Рашид-ад-Дин, Елюй-Чу-Цай, Чань-Чунь т.б. еңбектерінде Қазақстанның оңтүстігінің табиғаты, қалалар мен жерлердің т.б. орналасуы туралы мэлімет береді.

Түркістанда арнайы болған Джувейнидің (ХІІІғ.) «Әлемді жаулау тарихы» еңбегі, Қазақстанның оңтүстік аумағындағы қалалар отауы туралы көп мэлімет берді.

Рашид-ад-Диннің (XIV ғ.) «Жылнамалар жинағында» қазіргі қазақтың барлық аумағы мен Жетсіудың солтүстік бөлігін Шыңғысханның үлкен үлы Жошы биледі деп баяндайды. Рашид-ад-Дин еңбегінде Қазақстанның оңтүстік Шығыс аумағын макендеген түркі тайпалары, Сайрам, Тараз, Отырар қалалары, Сыр-Дария өзені туралы мэліметтер кездеседі.

Шыңғысханның атымен, жорықтарымен Елюй-Чу-Цай жэне Чань-Чунь сияқт қытай есімдері белгілі.

Елюй-Чу-Цай (1219) Іле және Талас өзендері арасындағы мемлекеттер  туралы географиялық мэлімет жинады. Қүрамына басқа да 8-9 қала кірген. Алмалық қаласы туралы айтады. Іле өзенінен батысқа қарай, Талас өзеніне барар жолда батыс Ляо-Хосун-орданың астанасы болды.

Чань-Чуньді Шыңғысхан  Орта Азияға Қытайдан 1221 ж. шақыртты. Ол Қашқар, Қүлжа өлкесі арқылы өтті. Алмалықта  болып, Іле өзені арқылы өтті. Щу, Талас, Сырдария алқаптарын басып өтіп, Самарқандқа келді. Саяхат кезінде барлық көргендерін көпшілігін Ли-Чжи-Чан жазып отырды. Бүл жазбалар тек 1866 ж. жарияланды.

Чань-Чунь Жетісу өлкесіндегі  жасанды өсіру туралы айтады. Іленің 4 күнде Алмалықтан шығысқа жүріп өткен соң, саяхатшы солтүстігінде кішігірім қала бар, үлкен тауға келді. (Бартольд бойынша, Богут тауы). Бартольд бұл қала қазіргі Шелек ауылы маңында болуы керек. А.Голубев 1859 ж. Шелектен батысқа қарай қаланың қараған орнын көрген.

Сыр-Дарияның негізгі  табиғи ерекшелігін сипаттай келе Чань-Чунь «бүл өзен бастауы екі қорлы таудың ортасында, оңтүстік-шығыста өзен суы  лай эрі тез ағады. Тереңдігі  бірнеше чжан (қытайша үзындық  өлшемі - 3 м. жуық. Автор нұсқауы) еш ағаш жоқ жерде 200 ли» деп сипаттайды.

1254-1255 жж. Моңғол ханының  құрамында армяндардың патшасы  Гайтан (хетум) жүрді. Ол өз  саяхаты туралы күнды деректер  қалдырды [25.577]. Іле өзенін - Эйлансу дейді. Алмалықтан батыста Іле өзенінен шығыста жатқан басқа деректерде кездеспейтін Иланбалех қаласы туралы мэлімдейді.

XIV ғ. Хорезмге сапарында  Каспий маңында Үстіртте Шығыстың  әйгілі саяхатшысы Абу-Аллах ибн-Батут  болды. Оның күнделігінде. «Біз  Сарайдан шығып 10 күнде Сарайшыққа (ол өте тез ағатын Улусу  деп аталатын) келіп, одан 30 күн тез жүріспен жүрдік, себебі мұнда шөпттің аздығы еді, эрі сулары тек жаңбыр суы ғана болды» деген сөздер кездеседі [26.854].

ХІІІғ. Бастап Орта Азия мен Қазақстанда Европалық саяхатшылар  мен елшілер келе бастады. Моңғол дэуірінде Қазақстанда болған көптеген Европалық елшілер Батыс Европадан Моңғолияға баратын болды.

Бірінші елшілікті 1246 ж. папа Иннекентий IV ұйымдастырды. Елшілікті  монах Иоанн де Планои (не Палацио) Карпини басқарды. Карпини өз жазбаларында Сырдария өзенін, Ала-көл көлін, Жоңғар және Тарбағатай тауларының солтүстік жоталарын сипаттайды. Оның Жоңғар қақпаларында соғатын «Эбэ» (Желі) туралы хабарлары өте қызық болып табылады [27.847].

Вильгельм де Рубрук 1253 ж. Моңғолияға барды. Ол Қазақстан территориясы ақылы өтті. Ол: «Этилден (Волгадан) 12 күн жүрген соң, үлкен өзен Ягок (Орал) көрдік, ол Пескохир (Бешқұрт) арқылы ағып өтіп, Каспийге қү-яды» деп жазды. Орал өзенін өткеннен кейін Рубрук оңтүстік-шығысқа бүрылды. Мұғалжар жэне шығыс Арал маңы арқылы Шу өзеніне, одан әрі Жетісу жеріне өтті.

В.Рубруктың Қазақстан  аумағы туралы берген мәліметтері еуропалықтар үшін үлкен күлдылық болып табылады.

Осыдан кейінгі уақыттарда Қазақстан аумағына көптеген батыс  европалық миссионерлер, саудагерлер  Қытайға барар жолда соғып  отырды және қазақ жерінің ауа райы, табиғаты туралы мәлімет қалдырды. Мысалы, 1265 ж. Марко Полоның әкесі мен ағасы Николо мен Матео Поло Пекинге барар жолда қазақ жері арқылы, Сарайшық-Бұхара-Алмалық-Пекин жолымен жүрді. Олардың саяхатын Марко Поло жазды [28.857].

XIV ғ. бастап Батыс Европада, Қазақстан аумағы Птоломей картасына 
қарағанда элдеқайда анық түсірілген жаңа географиялық карталар жасалды. 
Мұндайдың бірі белгісіз автордың «Каталон картасы» (1375), онда Азияның 
біраз бөлігі, соның ішінде солтүстік-батыс Қазақстан, сондай-ақ Каспий, Арал 
теңіздері т.б. бейнеленген.

1459 ж. Фра Мауроның  картасы жарық көрді. Бүл картаға  Орал, Сыр-Дария өзендері, Алтай тауы, Есік-көлі мен Отрар қаласы  түсірілген.

XV ғ. ортасындағы географиялық ерекшеліктер жергілікті авторлардың 
тарихи еңбектерінде хабарланады. Солардың ішінде XVI ғ. тарихшысы, «Тарихи 
Рашиди» еңбегінің авторы М.Х.Дулатиді атап өтуге болады. Оның еңбегінде 
Оңтүстік-Шығыс   Қазақстанның   ауа  райы,   табиғи   ерекшеліктері   кездеседі. 
Балқаш көлі туралы нақты мэліметтер қалдырды.

Орта ғасыр авторлары  антикалық авторлардың еңбектерін аударып, эрі сараптап қана қоймай, Қазақстан аумағы туралы құнды деректер қалдырды. Осы кезеңнің аумақтық ашылулары  Каспий, Арал теңізі, Есік, Балқаш көлі, Жетісу, Талас жазығы, Отрар, Тараз, Испиджап, Баласағүл, Барсхан, Бишкек т.б. қалалар туралы нақты мәлімет береді.

Орта Азияны арабтардың жаулап алулары Оңтүстік Қазақстанда  ғылымның дамуын тежей алмады. Оған дэлел осы кезеңде Түркістаннан шыққан-ғалымдардың еңбектері.

 

3. 2. Сақ тайпаларының  рухани мәдениеті мен салт- дәстүрі  жазба деректер негізінде

 

Еуразияның сақтар дәуірінің  қуаңдау аймақтарының кеңістігінде б. з. б. ІІ- І мыңжылдық аралығы  мен І мыңжылдықтың басы аса маңызды  оқиғамен- мал бағудың көшпелі  түрі қалыптаса бастауымен ерекшеленді. Ғалымдардың бір тобының пікірі бойынша, көшіп- қонуға ауысу мал басының көбейгенінің және мал бағу тужірибесінің жетілгенінің заңды нәтижесі болған, екіншілері- бұл процесске географиялық фактор мен ауа райының тербелісі шешуші әсер етеді дейді. Бір нәрсе даусыз, бірқатар кешенді себептердің ықпал етуінен Еуразиялық далалардың Ұлы белдеуіндегі халықтар шаруашылық жүргізудің жаңа түріне ауысады, оның қалыптасуы мен дамуы табиғи ортаға бейімделуінің көрінісі болып табылады. Ал көшпелілер тудырған өнер түрлерінің хас үлгілерінің сыры күнделікті тұтынудағы заттардың сыртын көркем декорациялық әдіптеу ғана емес, сонымен бірге, бейнелеу үлгісіндегі мәтіндердің ерекше зооморфты код түрінде алға тартылуы, сондай- ақ, символдар мен сюжеттердің белгілі бір жиынтығы болып табылады. Бұл Еуразия көшпелілерінің дүниетанымын паш еткен ерекше және өзіндік белгілер жүйесі.

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу