Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Алдыңғы Азиядан
шыққан кейбір бейнелеу
Сырдарияның төменгі
бойындағы сақ тайпаларының
Жерлеу ғұрпындағы
ерекшеліктер Оңтүстік Жайық
өңірі мен Солтүстік-Батыс
Қола дәуіріндегі
Орынбор далалары мен Арал
өңір тұрғындарының арасындағы
белсенді байланыстар,
Алайда Арал өңірі
сақтарының географиялық
Сырдария сағасының табиғи жағдайлары, сол сияқты б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлардың өзінде-ақ суармалы егіншілік дамыған Әмударияның төменгі ағысының жері жағынан жақын егінші халқымен мәдени байланыстары да Арал өңірі сақтарының шаруашылығында егіншілік рөлінің артуына және оларда жартылай көшпелі шаруашылықтың дамуына себепші болды. Бір ғажабы, Арал өңірі сақтарының қабірлерінде ат жүгенінің міндетті түрде болуы жағдайында, оларда мал шаруашылығы неғұрлым көшпелі түрдегі тайпалардан мәлім болған малды қоса көму салты іс жүзінде байқалмады. Сақтардың Шірік-Рабат қаласы мен одан солтүстіктегі Бәбіш-Молдаға жақын жерде су жүйесі желісінің болуы мұнда суармалы егіншіліктің де өз тарихы болғанын көрсетеді [2, 194-196 ].
Арал өңірі сақтарының ортаазиялық және алдыңғы азиялық елдермен байланыс жасағаны Ұйғарақтағы жерлеу орындарынан шеттен әкелінген ыдыстардың табылуымен, бейнелеу өнерінде арыстан мен қабылан бейнелерінің пайда болуымен, перуза мен ақықтан жасалған, үнділерден шыққан бау-бақ өрнекті моншақтар сияқты әшекей бұйымдардың табылуымен дәлелденеді.
Сірә, Арал өңірінің
сақтары Оңтүстік Жайық
Сырдарияның төменгі
бойындағы ертедегі сақтардың
этникалық және
Сырдария сақтарының
мәдениеті б.з.б. І-
Б.з.б. І-мыңжылдықтың екінші жартысы - Әмударияның төменгі ағысында Хорезм мемлекетінің қалыптасып, нығайған кезі. Ежелгі егіншілікті оазис пен оның көшпелі шет аймақтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар бұл кезде ерекше маныз алды. Сырдария сақтарының жерінде тек бекіністі ірі қоныстар ғана емес, қалалар да пайда болды. Олардың қатарына, мысалы, Шірік-рабат қаласы және Жаңадариядағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру жүйелері бар, көлемі кішірек бекіністі Бәбіш-молда қаласы жатады. Осы тектес тағы бір ескерткіш-Іңкәрдариядағы кішігірім бекіністі Баланды қалашығы. Оларға жақын маңда зәулім жерлеу құрылыстары бар, оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және алуан түрлі жерлеу мүліктері қойылған [ 20, 215-216 ].
Аты аталған
қалалардың жоспарлануында
Солай болғанмен де, жергілікті дәстүр де одан әрі байқалады, ол әсіресе жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жоспалануында анық көрінеді. Ол былай тұрсын, соңғылардың айқаспа төрт бөлімге бөлінген шеңбер тұрғысындағы жоспарлау принціпіне ұқсас құрылыстар Хорезмнен кездеседі. Сірә, бұл жерде біз сақтардың өз көршілерінің мәдениетіне аз ықпалын тигізгенін де көреміз.
Қалаларды, қоныстар
мен қорымдарды ескерткішке
ІІІ. Сақ тайпаларының орналасу ерекшеліктері және
рухани мәдениеті мен салт- дәстүрі
3. 1. Сақ тайпаларының орналасу ерекшеліктері
Қазақстан территориясы жэне табиғаты жайындағы алғаш географиялық білімнің тамыры сан ғасырлар бұрын қалыптаса бастады. Қазіргі Қазақстанның территориясы ежелден адам тұрағы болды, оған Қазақстанда адам белгілерінің палеолит тұрағы ретінде кездесуі дәлел бола алады.
Қазақ жерінде ежелгі кезде ірі сақ тайпаларының одағы болды. Олар өздерінің қоныстарын ауыстырып отырғандықтан, өзендер (Сырдария, Шу, Жетісу) мен Тянь-Шань тауларын, жазық дала жэне жартылай шөлді зоналарды да игерді. Көшпенділік өмір сақ тайпаларының георгафиялық танымын кеңейте түсті.
Сақтардың ежелгі қалыптастырған өркениетіне, сондай-ақ Алтай, Сібір, Шығыс, Европа халықтарымен тығыз байланысына қарамастан олар өздері туралы жазба деректер қалдырмаған. Сондықтан да қазіргі Қазақстан территориясы туралы бізге жеткен алғаш мәліметтер тек ежелгі көршілес елдердің эдеби және тарихи ескерткіштерінде сақталған.
Б.з.д. I мың жылдықтың ортасында ежелгі жазбаларда Орта Азияны жэне Қазақстанды мекендеген ірі сақ тайпалық одағы туралы алғаш мэліметтер пайда бола бастайды. Сақ тайпалық одағына: массагет, даи, каспийлер, исседон, кейінірек алан, сарматтар кірді.
Қазақстан аумағында патриархалдық-феодалды қатынастар біркелкі қалыптаспады. Бүл қатынастар оңтүстік аудандарда - Шу, Талас, Сырдария өзендері алқабында тез дамыды. Бүл жерлерде мал шаруашылығымен қатар егіншілік те қатар жүрді. Таптық қоғамның қалыптасуы Қазақстанның басқа да аумақтарында жүрді.
Қазақ жері туралы мэлімет
беретін жазба деректерден
Осындай мәліметті Геродот та береді. Онда Кир II мен Дарий жорықтарының екі нүхқасы қарастырылады. Біріншісінде, Дарий сақтармен Амударияның арғы жағындағы Арал теңізінде кездеседі; екіншісінде, II Кир массагеттермен Узбойда шайқасты, ал Дарий сақ жеріне Амудария өзенінің орта ағысы арқылы өтеді.
Геродоттың «Тарихы» (б. д. д. V ғ. 40 ж. аяғы - 30 ж. басында жазылған.) антикалық деректердің аса құндысы болып саналады. Геродот алғаш теңізінің орналасуын дәл анықтады. «Тарихтан» біз мынадай мэлімет алааламыз: «Каспий теңізінің ұзындығы 15 күндік, ал ені ең үлкен жерінің өзі 8 күндік жүзу жолы» [14.577]. Каспийдің батысына қарай алқап «жазық тегістік» болып келген, Орал өзені бассейнінен ары қарай «тасты және тегіс емес жерлер», ал одан ары «биік» таулар шоғырланған. Шамасы мұндағы «тасты және тегіс емес жерлер» - Жалпы Сырт, ал «биік» таулар - Орал болса керек. Геродот «биік таулар бөктерінде» аргипей тайпаларының, одан ары -будиндердің (Қазақстанның солтүстік-батысы) қоныстарын көрсетті. Исседон тайпалары болса, аргипейлердің шығысында орналасқан. Исседондардың айтуы бойынша,- деп жалғастырған Геродот, олардың шығысына қарай аты аңызға айналған аримаспалар жэне «грифтердің алтындарын алушылар» (Қазақстанның солтүстік-шығысы және сол кезде алтын рудалары бар Алтай ) өмір сүрді,- дейді /15/. Сондай-ақ, Геродот Акес (Сырдария) өзені басталатын аймақты сипаттайды. «Азияда барлық жағы жоталар және жоталарда бес аңғары бар тегістік бар. Таудың сол тегістігінен ірі Акес өзені бастау алады». Бүл сипаттама Ферғана даласындағы таулы жоталарға сэйкес келеді. Өзен де сол жерден бастау алады. Геродот сонымен катар Акес өзеніндегі ирригациялық жүйенің бар екенін, жэне онда адамдар сүлұ өсіретінін айтады.
Александр Македонскийдің б.з.д. 330-327 жж.Орта Азияны жаулап алуы ежелгі гректердІң Қазақстан территориясы туралы географиялық мэліметтердің көбеюіне үлкен ықпал жасады.
Грек ғалымдарының еңбектерінде осы кездерде бір-бірін қайталаулар, қарама-қайшылықтар кездеседі. Мысалы, гректер Орта Азияны жаулап алған кезде Сырдарияны Донмен шатыстырған, сондықтан олар үнемі Сырдарияны Донмен алмастырып ала берген, сөйтіп кейде оны Яксарт, кейде Танаид деп атаған. «Бактриялықтар бүл өзенді Лаксат (Яксарт - Сыр) деп атаған, скифтер Силис, ал Александр Македонскийдің эскерлері Танаид деп есептеген». Бірақ Селевки мен Антиоха қолбасшысы Деодам осы өзеннен өтіп, бұл Танаид емес екенін дәлелдеді. «Мұнда Персия мен скифтердің шекарасы орналасқан» - деп, кейіннен рим ғүламасы Плиний жазып қалдырған [ 56.865 ].
Македон жаулашылығы кезінде Қазақстан территориясы туралы географиялық таным кеңейе түсті. Мысалы, Квинт Курций Руф мынадай мәлімет келтіреді; «Скифтер солтүстікке жақын түрады, онда ну ормандар мен кең алқапты шөлдер кездеседі». Егер автор осы мэліметтерді Александр Македонскиймен бірге Сырдария жағалуында жүргенде жазған болса, онда «ну ормандар мен кең алқапты шөлдер», деп, Орталық, Солтүстік Қазақстан жэне Сібір жерлеріне сипатама берген.
Македон жаулаушылығынан кейінгі кезеңде Қазақстанның географиясы жайында маңызды мэліметтерді римдік ғалым-географтар Страбон мен Птоломей қалдырды.
Страбон (б.з.д. 63 ж.-б.з.д. 23 ж.) Сырдария мен Амудария туралы дэл мэліметтер берді. Ол Орта Азия өзендеріне мынадай сипаттама берді: «Яксарт Окстан ерекше болып келген жэне екі өзен де бір теңізге құяды». Мүндағы айтылып отырған теңіз - Арал теңізі. Осылай Арал теңізі туралы дүрыс түсінік қалыптасады. Сырдария мен Амудария өзендерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Страбон олар Каспий теңізінің Скиф шығанағына күяды деп есептеді [16,19-6].
Плимий де өзінің «Жаратылыстану тарихында»: «Яксарт жэне Окс скиф шөлдері арқылы соғды аумақтарынан ағып өтіп, Скиф шығанағына құяды»,- деп жазды. жеріне шетел елшіліктерінің келуі азайды. Алайда осы кезде Византия императоры Юстиан II жіберген Земарх елшілігін айтпай кетуге болмайды[ 86.865 ]..
Земарх елшілігі жолы Каспий теңізінің солтустік-шығыс жағалауы бойынша Волга (Аттиль), Орал (Даих) және Эмба (Их) өзендері арқылы өтті. Қайтар жолда хорезмге соқты жэне Амударияда болды. Земарх: «көлдің шөлді жағалауымен 12 күн жүрдім»,- деп жазды. В.Бартольд, бұл көлді - Арал теңізі деп есептеді [18, 54-6]. Жалпы ерте кездегі қазақ жері туралы осындай мәліметтер қалдырылды.
Антикалық авторлардың Батыс Қазақстан туралы, осы аудандардағы теңіздер мен өзендер: Каспий жэне Арал теңіздері жэне Сырдария өзені туралы мэліметтер шындыққа сэйкес келді. Бүкіл қазақ жері туралы білімнің жинақталуы ежелгі дэуірде өте баяу жүрді және олар біркелкі болмады.
VII ғасырдың басында
алып мемлекет құрған арабтар
Қазақстан аумағын зерттеуде
VII ғасырдан бері маңызды орын
алып келді. Араб ғалымдары
өздерінің саяхаттары жайлы
Х-ХІ ғғ. Қазақстанда феодалдық қатынастар одан әрі дамып, тау шикізаттары мен металлургияны өңдеуге байланысты көптеген тұрғылықты жерлердің пайда болғандығы тарихтан белгілі. Қазақстан қалаларының өсуінде транзиттік сауда маңызды болды. Жібек жолы Иран мен Византиядан Жетісу арқылы Қытайға өтті. Русь, Византия, Иранмен мықты сауда жүрді. Керуен жолдары Қазақстанды Шығыс және Батыс Еуропамен, Алдыңғы және Кіші Азиямен, Қиыр Шығыспен байланыстырды. Орта Азиядағы сияқты Қазақстанда да қалалардың дамуы Х-ХІІ ғғ., яғни феодалдық қатынастардың дамуына сәйкес келді.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу