Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

3-Шілікті қорымынан  табылған тағы бір ерекше әшекей  зат – ол кеңірдек түтікше  әшекей. Бұндай алтын бұйымдар  адамның киімінің өңірлерін әдіптеп  - әшекейлеген сияқты. Дәл осы  сақ дәуірінің әшекейіне өте  ұқсас алтын кеңірдкешелер қола  дәуірінің соңғы кезеңіне жататын (ХІІІ-ХІІ ғғ.) Тарбағатайдың теріскейіндегі Тебіске қорымынан да табылған. Бұл дегеніңіз біздің әшекейлеріміздің дәстүрі сонау қола дәуірінен келе жатқандығының дәлелі.

Сонымен қатар Бәйгетөбе  қорымынан 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе, бір ұсақ алтын скоба  табылды.

           Әшекейлердің алтын түймеліктері  және құлақшалары олардың тініне  дәнекер арқылы бекітілген. Алтын  заттардың ішінде тарыдай одан  да кішкене әшекей бұйымдар  бар. Оларға да түймелік-құлақша  орнатқан.  Және де алтынға  алтынды дәнекерлеу үшін жеңіл  еритін қоспалар (Zn, Cd, т.б.) пайдаланылмаған. Дәнекерге мыс пен күміс аз мөлшерде ғана қосылған алтын пайдаланылған.  Бұндай қоспамен дәнекерлеуге 1000 градус мөлшеріндегі  температура және жоғары технологиялық  шеберлік қажет. Сонымен,  Шілікті сақтары б.з.д. VІІІ ғасырда микропайканы білген деп айта аламыз. Оның үстіне, бұндай сірке заттарды жасағанда, әсіресе оларға түймелік қадағанда міндетті түрде асыл әйнек (үлкейткіш) қажет. Өйткені онсыз құлақшаның өзін ажырату тұрғой көру қиын. Бұл сол кезең үшін кейінгі замандардағы ұсталықтың ең жоғарғы шыңы «қандаланы тағалау» деген сияқты шеберлікпен пара-пар. 

        Алтын заттардың металлографиялық  сараптамасы бойынша бұл алтындар  өте жоғарғы сапалы, яғни 940-960 сыныптағы  алтындар екендігін көрсетті. Қазақстандағы белгілі түсті металл зерттеушісі Т.Жәутіковтің  алғашқы қорытындылары бойынша Шілікті әшекейлерінің  шикізаты жергілікті алтын.

         Шілікті алтын заттары  сақ-скиф  дүниесінің басқа аудандарынан (Тилля-Тепе, Әмудария көмбесі, Қаратеңіз жағалауы, т.б.) табылған алтын заттарға қарағанда көнелеу. Бұл жағдай скиф-сақ аң стилі өнерінің алғашқы шыққан отаны жөніндегі біздің түсініктерімізге өзгеріс енгізуі  әбден мүмкін.

Сақ-скиф дүниесінің басқа  көпшілік алтын әшекейлерінен Шілікті  алтынының ерекшелігі – ол құйма алтын. Бұл алтын заттар әшейін өлген адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі. Бұнда басқа бай обалардан шыққан әшекейлердегідей ешқандай  көзбояушылық көрініске арналған өтірік әлем-жәлем – бутафория жоқ.

      Біз зерттеген үш ірі Шілікті обаларын өзінің тарихи-мәдени, ғұрып-салттық типологиясы, шыққан заттары бойынша  б.з.д. ҮШ-ҮІІ ғасырлармен мерзімдегенбіз. Санкт-Петербор ғалымдары В.Скрипкин мен Н.Ковалюхтың 3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе обасының қабірханасындағы бөренелерінің дендрохронологиялық сараптамасы бойынша ағаш ғимараттың салынған кезі мөлшермен б.з.д. 810-760 жылдарға сәйкес келеді.

Бәйгетөбе обасының құрылысы, ондағы адамды жерлеу ғұрпы, шыққан заттар, олардың радиоуглородтық сараптамасы ескерткіштің салынған мерзімі  б.з.д.ҮІІІ ғасыр екендігін көрсетеді. Бұл сақ-скиф мәдениетіне жататын Қазақстан жеріндегі, тіпті Еуразия аймағындағы ең көне элитарлық ескерткіштің бірі, мүмкін тіпті бірегейі. Онымен мерзімі жағынан тек Аржан қорымдары ғана (Тва жері) таласа алатын шығар.

 Шілікті патша обаларын  зерттеу нәтижесінде біз сақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі деген мәселеге мүлде басқаша қарауды ұсынып жүрміз. Осы уақытқа дейін «патша обалары» деген сөзді тырнақшаға алып, бұның шын мағнасы тура патша дегенді білдірмейді, негізінен алғанда «рулық қауымның ақсүйектерінің обалары» дегенді меңзейді деп келді. Бұндай түсінік тарих ғылымында ерте көшпелілердің қоғамдық-экономикалық даму деңгейін дұрыс түсінбеуден, немесе әдейі төмендетуден туындады. Жалпы көпшілік ғалымдар сақ, скифтердің әлеуметтік, экономикалық-шаруашылық, қоғамдық-саяси даму үрдісін рулық қауым, әрі кеткенде оның ыдырау кезеңі деңгейінде ғана қарастырады (10 )

         Бұл көзқарастардың бәрі ерте көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму деңгейін әдейі төмендеткен тарихи материализм, марксистік идеология және кеңес ғылымында 30-50 жылдар басым болған сталиндік идеологияның догмаларымен байланысты болса керек. Оның үстіне көшпелілерді өз бетінше мәдениет жасай алмайтын жабайы, тек басқа елдерді шауып алу арқылы байылыққа ие болатын, мәдениеттің де, өнердің де, саяси биліктің де үлгісін отырықшылардан алған бір бәдәуй, босқын жұрт деп есептеу европоцентристік көзқараста тәрбиеленген ғалымдардың көпшілігіне  тән болды.

Меңіңше бүгінде бұндай көзқарастардың обьективті, субьективті  идеологиялық принциптерінен бас тарту  керек. Ерте көшпеліліктің ең бастапқы кезеңінде тұрған сақтар қоғамырдағы  мүлік теңсіздігі, әлеуметтік және таптық жіктеліс, ел басқарудың әкімшілік жүйесі, принциптері,билік, оның түрлері, биліктің мұрагерлігі, т.б. мәселелер қайта қарауды қажет етеді.

         3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе  обасының ірі және өте күрделі  архитектуралық құрылысы әлеуметтік-мәдени  және табиғи-қорықтық қызмет атқарған. Ескерткіштің осыншама ірі көлемі онда жерленген  адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Қорғандар тобында обаның ерекше орынға орналасуының өзі де (бүкіл обалар тобыны бастап тұр) онда жерленген адамның басқа жұрттан ерекше артықшылығын көрсетеді. Өлген адамды сап алтынмен апталған киімге киіндіріп қоюы, осындай зәулім ғимаратта жалғыз ақ адамның жерленуінің өзі де оның ел басқарушылық құрметін көрсетсе керек. Оның үстіне бұл алтын тон, зерлі шалбар, тәждік бас киім, алтындатқан саптама етік әшейін өлген адамды жәй әспеттеуге арналған жасанды, сырткөз үшін  боямаланып жасалған ғұрыптық  заттар емес, ел басқарушының  тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі. Қабірхананы тура жердің бетіне салып, ел қастерлеген адамды жер астына  салмау ерте көшпелі мемлекеттің бір кездегі идеологиялық ұстаным-жарғысымен де байланысты болуы мүмкін. Сонымен, 3-Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасында сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі  жерленген.

           Шілікті материалы сақ-скиф аң стилінің алғаш пайда болған аймағы, жалпы сақ-скиф этномәдени бірлестігінің бастапқы отаны, сол дәуірдегі этномәдени миграция, т.б. мәселелерге жақсы деректік негіз бола алады.

 

 

 

1.Руденко С.И. Сокровища Пазырыкских курганов// По следам древних культур. М.,

      1951.с. 139; Древнее исскуство Алтая. Л., 1958. Рис. 36.

2.   Киселёв С.В. Древняя история Южной Сибри. М., 1951. С. 231. Табл. 20. Рис. 3,13;           

          Табл. 22. Рис. 5,6.

      3.  Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев Т.К., Оразбаев А.Т.   Древняя      

культура Центрального Казахстана. А., 1966. С. 402. Рис. 66.

4.Грязнов Т.П. Аржан. А., 1980. С. 39-40.

  1. См. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М., 1989.

          С. 346. рис. 19.

      6.  Черненко Е.В. Скифский доспех. Киев, 1968. с. 65. рис.4.

    

      7.  Киселёв С.В. Древняя история Южной Сибири. М., 1951. С. 406,

Табл. 38. рис. 20.

      8. Черников С.С. Загадка золотого кургана М., 1965.С. 32-33.

      9. Бұл да сонда, С. 57-58

10.Ә.Төлеубаев. Сақ қауымындағы қоғамдық құрылыс және мемлекеттілік   мәселесі//               Государственость и великая степь. Материалы международной научной конференции. Астана. 2006. С.214-216.

 

 




Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу