Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге, дендрохронологиялық сараптама  негізінде №11 қорғанның салыстырмалы датасы анықталды - б. д. д. 393ж Көсемнің басында күрделі парик сақталып қалыпты. Оның шаштары, сірә, қысқа болса керек, бірақ желке тұсында бұрымдалған, аттың қылымен байланған бір тұтым шаш қалдырылыпты. Тірі кезінде еркек сақал-мұрт қойған. Әйелді, сірә, еркектен кейінірек жерлеген сыңайлы[68.343].

Еркектің бас сүйегінің  қарақұсында аяқталмай қалған трепанация ізі бар, оның екі түсіндірілуі бар - не бұл бальзамдау кезінде жасалатын миды алып тастаудың әдепкі манипуляциясы, не соғыс кезінде алған соққыдан соңғы қатқан қан мен сүйек сынықтарын алып тастау үшін жасалған медициналық көмек көрсетудің ізі. Қабырғалары мен омыртқаларында көзі тірісінде әртүрлі кезеңде алған көптеген сынықтардың бітеу жаралары бар екені анықталды.

Өлген адамдардың денелеріне жасалатын бальзамдау мен өзге де манипуляциялардың ізін табу үшін сүйектер алдын ала көзбен тексеріліп, зерттелген болатын. Ер адамның бас үйегіндегі трепанациялық тесік осындай манипуляциялардың болғанының айқын куәсі.

Антропологтар еркектің жасы 30 бен 40 арасында екенін анықтады. Жерленген адамның антропологиялық типі моңғолдық айқын сипаттары білінетін европеоид.

Сөз жоқ, бұл айбарлы да тәжірибелі тайпалар одағының немесе ертедегі мемлекеттік құрылымның көсеміне әбден лайықты жауынгер болған.

Аттар екі  қабатқа жатқызылған: төменгісінде - 7, жоғарғысында - 6. Жануарларды басынан темір шотпен ұрып өлтірген. Жылқыларды адамдармен бірге көму белгілі бір мақсатпен жасалған: олар өлген адамды о дүниеге апарып салатын болған немесе соның жол серігі болған.

Ертоқымдар  жүн немесе шөппен толтырылған, сырты  қызыл матамен тысталған  киіз жастықтар  секілді. Түсі сары, жирен аттың ертоқымы тұяқты жануарды (бұрынғы) грифонның жәукемдеп жатқанын бейнелеген аппликациямен және кедір-бұдырланған көптеген ағаш салпыншақтармен әшекейленген.

Берел жылқыларының бірегей сақталу жағдайы олардың асқазандарының ішіндегісіне палинологиялық сараптама жасауға және жерленген маусымын анықтауға мүмкіндік берді. Асқазан ішін сумен тазарту  барысында анықтауға жарамды ұрық пен жеміс байқалған жоқ, бірақ қылқандардың қалдықтары табылды. Палинокешенде тозаңы көрсетілген алтайлық өсімдіктердің гүлдеу мерзімі маусым-шілде айларына келеді. Палеоботаниктердің алдын-ала жасаған болжамы бойынша, осы уақыт аралығында атқарылған.

Аттар жүгендеулі және ерттеулі, кейбірінің басына таутекенің мүйізі орнатылған (кейбір жағдайда олары табиғи көлеміндегідей) маска кигізілген. Ат әбзелдерінің құрамында жүген, өмілдірік пен құйысқан, ертоқымның бөлшектері- тоғалар, сулықтар, салпыншақтар, қайыс бөлушілері ағаштан жасалған, кертпелі оюмен әшекейленген және алтынмен апталып, қалайымен қақталған екен. Ат әбзелдеріне орналастырылған жануарлар бейнелерінің ішінде мысық тектес жыртқыштар, таутекелер мен тау қойлары, бұғылар, жыртқыш құстар және фантастикалық мақұлықтар- грифондар, өсімдіктік желілер бар. Көне көшпелілер өнерінде бірнеше жануарлардың түр-сипатын біріктірген фантастикалық мақұлықтың бейнесі үлкен орынды иеленген.

        Алайда, №11 қорған материалдарында Алтай өнеріне тиесіліден басқа, сирек кездесетін стилистикалық элементтер бар. Бұл қырынан қарағанда, грифонның ағаш мүсіні аса қызықты. Мысық тектес жыртқыштың денесі салынған грифонның мүсінінде тұмсығы қайқайған бүркіттің басы бар, ауыз қуысы дөңгелек пішімдес, рельефті валикпен жиектелген. Көзінен иегіне дейін жапырақша бұдырлардан құрылған рельефті “өңіржиек” өтеді. Жуан мойны рельефті науалары бар тегіс айдармен қамтамасыз етілген. Алмалы-салмалы құлақтары жапырақ пішімдес. Тері мүйіздер мойын үстіне қарай артқа қайқайған, шеттері жоғары қарай доғалданған. Грифон денесінде қанаттарын (тері қанат болар бәлкім) бекітетін паздар сақталыпты. Аяқтары рельефтеле жасалған жұмсақ табандармен қамтамасыз етілген. Бұл бейнеге толық ұқсайтын бұйым әзірге жоқ.Грифондарды бұлай салу тегіс, шашын 
қиған секілденген айдар «өңіржиек» - қарастырылып отырған кезеңдегі 
Орталық Азия өнерінде кеңірек тараған болатын. Берел грифонындағы сәл ашыңқы тұмсық пен желке жүнінің жоқтығы - таза жергілікті алтайлық белгі[68.432].

Көне көшпелілердің  мифтік- рәсімдік кешенімен байланысты аса бір сүйікті сюжеттері мысық тектес жыртқыштың шөп қоректіні жәукемдеу көрінісі болып табылады. Ол көне берелдіктердің көптеген тоғаларында бой көрсетеді. Оларға тұяқтының бүркіт басты грифонның ауызында бейнеленген басы мағынасы жағынан жақын.

Үлкен өлшемді тоғалар  аса қызықты. Олар әдетте, сақтардың  сәндік әбзелдерінің қайысында түйіншіктерді айшықтай орналастырылады. Бұл тоғалардың көлбеу бөлігі фантастикалық жануарлар да және Қазақ Алтайының жануарлар әлемінің шынайы өкілдері де бірдей бейнеленген.

Ағаштан ойылған жануарлардың көркемдігі жоғары деңгейдегі бейнелермен қоса, Берел қорғандарының шыққан жәдігерлердің арасында көшпелілер үшін үйреншікті материал- киіз және, сондай-ақ, жүн жіптерінде анималистік бейнелердің апликациялары, өсімдіктік және зооморфты желілерге құрылған ұлы суретшілердің туындылары да бар.

Берел қорғандары коллекциясында жүн жіптерінен біз сияқты арнайы ілмектің көмегімен жасалуы мүмкін қанатты тұлпардың мүйізді маскалы фигурасы тың жаңалық болып табылады. Даярлаудың жоғарғы технологиясының, сүйікті бейнені жаңа қырынан көрсетудің және бояу гаммаларын таңдаудың өзара үйлесімі бұл туындыға ерекше тартымдылық дарытқан.

Мысық денелі, адам басты фантастикалық мақұлық- сфинкстердің алтынмен апталған шағын ағаш мүсіндері де өте қызық. Сфинкстердің бастарына мүйізді тәж кигізілген. Жерленім тоналғандықтан бұл мүсіндердің алғашында қандай мақсатқа орайластырылғанын анықтау қиынға соғады, бәлкім, олар костюмнің құрамды бөлігі болар, мысалы, бас киімнің сәні үшін жасалуы мүмкін.

Ат маскаларының төбесіндегі жануарлар мүйізі сәндік 
жабуларының нышанды элементтерінің бірі болып табылады. Таутекенің мүйізі іспеттес ағаш мүсіндердің терең мағынасы бұндай әдеттегі қолданбалы қолөнер бұйымдарының шеңберінен тым шалғайда жатыр. Таутекенің бейнесі жоғарғы көсемнің атының сәндік жабу- әбзелдерінің басқа элементтерімен өзара байланысты. Бұны жерленген адамның таңдаулылығы туралы идеямен де байланыстыруға келеді. Таутеке- биік таулардың шыңын мекендейтін жануар, кеңістіктің ерекше сферасында, тек таңдаулылардың қолы жететін жерде тіршілік жасайды, яғни көсемнің атрибуты ретінде пайымдалған. Көсемнің үш атының басындағы маскалардағы таутекенің мүйізі жердегі әміршінің құдай болмысын һәм таңдаулы екенін паш етеді. Бұл біз жерде көптеген халықтардың мифологиясы мен өнерінде таутекенің мүйізінің де бұғы, бұлан, бұқа және арқардың мүйіздері сияқты ерекше орны бар.

Қайтқан әміршілердің денелерін бұзбай сақтауға тырысушылық  сияқты көшпелілер ақсүйектерінің молаларында  мініс аттарын үйір- үйірмен жерлеу, сөз жоқ, олардың жоғары әлеуметтік статусын айғақтайды. Берелде байқалатын өлгендерді бальзамдау және олар үшін қималар мен ғасырлық бал қарағайлардан ойылған арнайы құдықтарды салу Алтайдың көне көшпелілерінің жерлеу практикасында кеңінен орын алған үрдіс. Мумификацияның ұзақ уақытқа сақталуды мүмкін, тіпті, о дүниеде өмірлерін жалғастыра берулерін қамтамасыз етуге талпыныстан туындағаны анық [68.533].

Қорған №10 - үлкендігі және маңыздылығы жағынан үшінші объект, оның да жерлеу камерасындағы екі қабатты (двухвенцовый) бал қарағайлық жартылай қырлы бөренелерден істелген қиманың ішінде бал қарағайдың тұтас діңгегінен жасалған колода орналастырылған болып шықты, сондай-ақ, толық сән-салтанатты әбзелдерімен 10 жирен мініс атының қосалқы жерленімі бар екен, олар аяқтарын бауырына алып жатқызылған, және де жануарлардың бастары алдыңғылардың сауырына тірелген, ал алдыңғы төртеуінің басына тас плиталардан арнайы тұғыр қойылған. Бұлардан біредей аппликациялы он ертоқым алынды, ондағы бейнелер ішінде фантастикалық полиморфты мақұлықтар бейнелері де бар - сақал-мұртты адамның профильі, оның басы таутекенің мүйізімен бітеді, қанатты жыртқыштың денесі арыстанды еске салады, қысқа қүйрығы үш жапырақ түрінде берілген. Сурет контуры жіңішке жүн жіптерінен істелген. Бұндай бейнелеу композициялары мифтік жануарлардың шеруі Орталық Азияның көне көшпелілерінің өнерінде алғашқы рет табылды. Бұл жайт осы өнердің автохтонды һәм түпнұсақалы екенін дәлелдейді. Қанатты арыстандар, сфинкстер, гопатшахтар, кентаврлар және басқа да полиморфты кейіпкерлердің бейнелері көптеген халықтар мен аймақтарда, оның ішінде ассирия-вавилондық, месопотамдық және т.б.-да кездеседі. Алайда, біздегі үлгілер олардан тұтас бірқатар тек көне алтайлық бақташы халықтардың бейнелеу дәстүріне тән элементтерімен ерекшеленеді.

Қорған №31- де де жерлеу рәсімі мен заттық кешені бойынша көшпелі бекзаттарының өкілі жерленген. Ол терең көрдің түбіне орналастырылған қиманың шығыс жағына оң қапталынан, тізелері аздап бүгіліңкі күйінде, басын ССШ-қа қарата, бетін батыс жаққа бұрылған қалпында қойылыпты. Оған серік болуға екі ат құрбандыққа шалыныпты да, олар қиманың сыртында көр шұңқырының батыс жақ қабырғасын бойлата, бастары шығысқа қаратылып, бірінің артына бірін орналастырылыпты. Екеуінің арасында сопақша пошымды үлкен тас жатыр.

Қол жеткізген заттай дерек ретінде жылқылардың тісіндегі темір шеңбер пошымды ауыздықтар, жерленген адамның бас тұсына қойылған қыш құмыра, темір шот, мүмкін, аттарды осымен өлтірген болар, байлап алу үшін жасалған төрт бекітіндісі бар қынаптағы шеңберлі сапты темір қанжар, садақтың сүйекті салымдары, жебелердің сүйек кірістері.

Өлген адамды үлде мен бүлдеге орап жерлеген. Бас киімі алтын фольгасынан жасалған көптеген шағын тоғалармен тігілген және олардың орналасуына қарасақ, конус түрінде болған.

Адам жанына ағаш ыдыс қойылыпты, алтын тоғалардың орналасуын пайымдасақ, олар оның жоғарғы жиегін қақтаған және ішіне бағланның омыртқасы мен темір кездік салынған.

Қорған № 36-ның ерекшелігі сол - бұл жерден сән-салтанатты әбзелі Ұлы даланың ежелгі көшпелілерінің сүйек жону өнерінің керемет туындыларын құрайтын марал мүйізінен жасалған 66 заттан тұратын бір қабырғасына бітеп тастаған жылқы бар сандық табылды.

Марал мүйізінен жасалған ат әбзелдері әшекейлеріндегі негізгі  бейне грифон болып табылады. Оның синкреттілігі тарақ ретінде түсіндірілген бұлан мүйізі түріндегі мазмұнды элементтермен күшейтілген.

Бұлан мүйізді  грифондарды бейнелеу үшін шынайы, және қияли сипаттарды үйлестіру шарт. Бұлан мүйізінің жалпы пошымы әжептәуір шынайы жасалған спица, күрекше и сабақшалар, бірақ мүйіздері шынайы орналасуларымен салыстырғанда, кері қаратылған, ал мүйіз күрекшесі алдыға бағытталған, ал бұланда ол шын мәнісінде артқа қарайды. Берел грифондарының мүйіздерінің айдар түріндегі пошымы Пазырық қорғанының тері аппликациясындағы әтештердің бейнелеріне ұқсаңқырайды. Бұлан мүйіздерінің бейнеленуі мүйіз күрекшелерінің едәуір   дамығандығымен ерекшеленеді, бұл жасы толысқан жануарға тән көрініс. Қосымша өсінділердің айдарлылығы да мүйіздің табиғи ерекшеліктеріне сай келеді. Бұлан мүйіздерінде олар бұғылардікімен салыстырғанда азырақ бұтақты және мүйізді бір қалыпты бойлап орналасады. Берел грифондарының мүйіздері белгілі бір өзгешеліктерге ие. Олардың бір сызықтың бойына немесе бір біріне қатысты кішігірім бұрыш құрып орналасуына болатын. Одан басқа грифондардың кейбір мүйіздері тұмсықпен жіңішке қосқыштармен (сулықтармен) қосылса, бір бірімен шарикпен (грифон протомалары бар ауыздық тоғалары) бірігеді. Бірнеше грифон протомдары тұмсық үстінде ерекше қосқышпен біріккен.

Бұйымдардың құрылымдық-техникалық сараптамасы бұйымдардың көпшілігі көлемі әр түрлі бірыңғай мүйіз пластиналарынан жасалғанын анықтауға мүмкіндік берді. Ең ұзындары жүген мен ауыздық қайыстарына жапсырындылар жасауға пайдаланылған, орташалары- маңдайлық, өмілдірік, ауыздық пен сулық қайыстарының тарамдарын жасауға. Грифондардың бейнелерін текшелі пластиналардан істелген.

Сірә, кейбір мифопоэтикалық түсінік және рәсімдік-магиялық бұйымдардың символикалар да қызыл, ақ және алтын-сары түстер де тығыз байланысып жататын сыңайлы. Мысалы, барлық мүйіз бұйымдар айқын қызыл бояумен киноварьмен, арасында қалайы пластиналармен және алтын фольгамен жабылған. Бояу ісін жүргізу барысында белгілі бір принцип бары анықталды: алдымен қызыл, сосын ақ және сакралдық маңызы бар алтын- сары. Бұндай барлық түстік гамма ат иесі- жер әміршісінің құдай болмысын символдауға жүгіндірілген.

Көркемдік құралдардың (рельефті кескіндеу,бояумен айшықтау, металмен күптеу) және техникалық тәсілдердің (мүйіз жону, бояу жүргізу, металл фольгасын даярлау һәм онымен күптеу) әртүрлілігі сүйек жону өнерінің Еуразия көшпелілері арасындағы басқа өндірушіліктің технологиялық потенциалымен ұштасқанын айғақтайды.

Қорған №34-тен табылған сағасына қарай жіңішкеретін шар секілді және аздап ассимметриялы мойыны жіңішке әрі биік екі ыдыс қызығушылық тудырады. Олар өрнектелген. Жекелеген элементтері далалық Еуразияның көшпелі халықтарының арасына кеңінен тараған белгілі «сармат таңбаларын» еске салады.

Қорған №9-дан жарқын материалдар алынды, олардың ішінде екі шетінде түтін яки бу шығаруға қызмет етуі мүмкін құбыршалары бар қола «түтін шығарғыш аспап» бар. Осы бір рәсімдік аспаптың ішінде сегіз кішкентай өзеннің жұмыр тастары бар болып шықты, кейбірі шатынап сыныпты, сірә, температураның күрт өзгерунен болар. Одан басқа бұл жерде Берел қорғандарынан түңғыш рет табылған ағаш сатыны айтып өткен жөн. Тағы да осы жерден салтанатты жиынға киетін киімнің алтын жапсырындылары және сфинкстер мен грифондардың шағын мүсіндері табылды.

Берелде сақ  ақсүйектерінің әйелінің колодасының  маңындағы сүйектердің жілік майын алғандығының дерегі тұңғыш рет тіркелді [68.534].

Берел молаларында ерте көшпелілер дәуірінің қорғандары анық ажыратылатынын және олардың бір-бірінен өздерінің көлемдері және қосалқы бұйымдарымен ерекшеленуі арқылы сол кездегі қоғамда орын алған әлеуметтік жіктелуді байқататынын айта кетелік. Зерттелген қорғандардың  бір  тізбекке орналасуы бәлкім, олардың  туыс  екенімен түсіндірілер. Жер үсті және көр ішіндегі құрылыстардың құралымдық ерекшеліктері, заттық кешендері, жерлеу рәсімінің көптеген элементтері мәдени атрибуциялық тұрғыдан Берелдің ерте көшпелілер қорғандарынын Алтайдағы пазырық мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға мүмкіндік береді.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу