Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Өз еңбектерін араб және парсы тілдерінде жазған оқымыстылар қатарына Джайхани, Балхи, Бируни, әл-Фараби т.б. жатқызамыз. Бірақ бұл кісілердің көбісінің еңбектері бізге жеткен жоқ [21.643].
Шығыстың XI ғ. әйгілі ғалымы әл-Бируни өзінің «Климаттың бөлінуі» т.б. еңбектерінде Қазақстан территориясының табиғи ерекшеліктері туралы баяндайды. Мысалы, Каспий теңізінің шекарасы «Табристаннан Дейлема, Ширбану, Баб албвабу (Дербенду) жерлеріне, алан, хазар облыстарына дейін созылып жатыр. Птоломей оны Ирконий теңізі деп атады. Ол басқа теңіздермен шектеспейді»-деп жазды [22.625]. Ары қарай Гугар (Өлі теңіз), Хорезм (Арал теңізі), Абаскун (Ессік-Көл) деген көл аттары кездеседі[25.344].
Ал-Бируни сондай-ақ оғыз тайпалық бірлестігінің құрамына енген Сырдария, Арал маңын, Солтүстік Каспий маңын мекендеген Кашгаро-печенек тайпалары туралы қызықты, мәліметтері калдырды [25.345].
әл-Бируни Қазақстан картасының 8 нұсқасын және бірінші глобусты жасады. Онда Каспий теңізі Дарен Джурджан деп, ал Қазақстан аумағының қалған жерін Жинсхон Туркон - яғни түркі халықтары деп атады.
Араб географиялық әдебиетерінің ішінде М.Қашқаридің (XI ғ.) «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегі ерекше орын алады. Бартольд бұл еңбекті «көшірме әдебиеттен емес, арнайы зерттеу негізінде жазылған бірден бір еңбек» деп сипаттайды [18.564].
М.Қашқари еңбегінде көптеген мемлекет, өзен-су атаулары кездеседі және оларға тарихи , географиялық сипаттама беріледі. Мысалы ертіс - Ямас жеріндегі өзен делінсе, Еділ Бұлғар теңізіне құятын қыпшақтардың өзені деп сипатталады [18.352].
К.Миллер, И.И.Умняков, Ш.Д.Алиев т.б. зерттеген М.Қашқаридің «Дөңгелек картасы» үлкен қызығушылық туғызады. Себебі, мұнда басқа араб авторларындағы сияқты картаның кіндігі Мекке емес, Баласағұн қаласы мен Қашқар, Жетісу белгіленеді. Каспий теңізінің солтүстігін оңтүстігімен салыстырғанда ауқымды бейнеленген.
М.Қашқаридің картасы Орта Азия мен оған жақын облыстардың тарихи географиясы, түркі тайпалары мен фольклоры туралы құнды дерек. Себебі, автор берген мәлімет археологиялық материалдармен дәлелденіп отырады.
Қазақ жері туралы араб географиялық әдебиеттерін, деректерін бізге жеткізуде орыс шығыстанушылары И.Ю.Крачковский мен Бартольдтың еңбектері зор. И.Ю.Крачковский өзінің әйгілі «Арабтың географиялық әдебиеті» атты еңбегінде араб географиялық әдебиеттерінде алғаш географиялық көзқарастардың қалыптасыуынан бастап XVIII ғ. дейін сипаттама деректерді салытыра отырып, араб географиялық қоғамының берген мәліметтерінің шынайылық дәрежесін көрсетті. И.Ю. Крачковский көрсеткендей арабтар Испаниядан бастап Түркістанға дейінгі кең аумақты сипаттай келе, олардың тек климаттық жағдайы мен табиғи ерекшеліктерін ғана қарастырып қоймай, халықтардың мәдениетін, діні, тілі туралы да мәлімет береді [18.564].
Академик В.П.Бартольд өзінің Қазақстан географиясы туралы көптеген мәлімет беретін «Жетісу тарихының очерктері», «Түркістан тарихы», «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы» атты еңбектерінде араб деректерін көп қолданды.
XII ғ. Моңғолия жерінде ірі ерте феодалдық мемлекет қалыптасты. XIII ғ. Шыңғысхан әскері Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алып, ұлдарына бөліп берді. Үлкен үлы Жошы Ертістен Орал тауларына, оңтүстігінде Арал, Каспий теңізіне дейінгі аумақтарды алды. Шағатайға Жетісу жері, ал Үгедейге -Тарбағатай таулы аймағы бүйырды. Сырдарияның төменгі ағысынан Ертіс пен Волгаға дейінгі аймақта Батыйдың (Шыңғысхан немересі) жері созылып жатты. Моңғолдардың жаулаушылығымен көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласына айналды. Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуын, ұлттық мемлекеттігіміздің қалыптасуын тежеді.
Түркістанда арнайы болған Джувейнидің (ХIIІғ.) «Әлемді жаулау тарихы» еңбегі, Қазақстанның оңтүстік аумағындағы қалалар отауы туралы көп мәлімет берді[25.197].
Рашид-ад-Диннің (XIV ғ.) «Жылнамалар жинағында» қазіргі қазақтың барлық аумағы мен Жетсіудың солтүстік бөлігін Шыңғысханның үлкен үлы Жошы биледі деп баяндайды. Рашид-ад-Дин еңбегінде Қазақстанның оңтүстік Шығыс аумағын макендеген түркі тайпалары, Сайрам, Тараз, Отырар қалалары, Сыр-Дария өзені туралы мәліметтер кездеседі.
Чань-Чуньді Шыңғысхан Орта Азияға Қытайдан 1221 ж. шақыртты. Ол Қашқар, құлжа өлкесі арқылы өтті. Алмалықта болып, Іле өзені арқылы өтті. Щу, Талас, Сырдария алқаптарын басып өтіп, Самарқандқа келді. Саяхат кезінде барлық көргендерін көпшілігін Ли-Чжи-Чан жазып отырды. Бұл жазбалар тек 1866 жылы жарияланды.
Чань-Чунь Жетісу өлкесіндегі жасанды өсіру туралы айтады. Іленің 4 күнде Алмалықтан шығысқа жүріп өткен соң, саяхатшы солтүстігінде кішігірім қала бар, үлкен тауға келді. (Бартольд бойынша, Богут тауы). Бартольд бұл қала қазіргі Шелек ауылы маңында болуы керек. А.Голубев 1859 ж. Шелектен батысқа қарай қаланың қараған орнын көрген[14.916].
Сыр-Дарияның негізгі табиғи ерекшелігін сипаттай келе Чань-Чунь «бұл өзен бастауы екі қорлы таудың ортасында, оңтүстік-шығыста өзен суы лай әрі тез ағады. Тереңдігі бірнеше чжан (қытайша үзындық өлшемі - 3 м. жуық. Автор нұсқауы) еш ағаш жоқ жерде 200 ли» деп сипаттайды.
Осыдан кейінгі уақыттарда Қазақстан аумағына көптеген батыс европалық миссионерлер, саудагерлер Қытайға барар жолда соғып отырды және қазақ жерінің ауа райы, табиғаты туралы мәлімет қалдырды. Мысалы, 1265 ж. Марко Полоның әкесі мен ағасы Николо мен Матео Поло Пекинге барар жолда қазақ жері арқылы, Сарайшық-Бұхара-Алмалық-Пекин жолымен жүрді. Олардың саяхатын Марко Поло жазды [10.976].
XIV ғ. бастап Батыс Европада, Қазақстан аумағы Птоломей артасына қарағанда әлдеқайда анық түсірілген жаңа географиялық карталар жасалды. Мұндайдың бірі белгісіз автордың «Каталон картасы» (1375), онда Азияның біраз бөлігі, соның ішінде солтүстік-батыс Қазақстан, сондай-ақ Каспий, Арал теңіздері т.б. бейнеленген.
XV ғ. ортасындағы географиялық ерекшеліктер жергілікті авторлардың тарихи еңбектерінде хабарланады. Солардың ішінде XVI ғ. тарихшысы, «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы М.Х.Дулатиді атап өтуге болады. Оның еңбегінде Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ауа райы, табиғи ерекшеліктері кездеседі. Балқаш көлі туралы нақты мәліметтер қалдырды.
Орта ғасыр
авторлары антикалық
Орта Азияны арабтардың жаулап алулары Оңтүстік Қазақстанда ғылымның дамуын тежей алмады. Оған дәлел осы кезеңде Түркістаннан шыққан-ғалымдардың еңбектері. Орта ғасырлық географиялық ғылым екі бағытта дамыды: біріншіден өз аумағын ғылыми зерттеу жүреді, екіншіден, басқа мемлекеттер туралы мәліметтер жинады. Қазақ жерінің орта ғасырдағы аумағын зерттеуде орта азиялық оқымыстылардың жазбалары өте маңызды.
Қазақстан аумағын тану Каспий теңізі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстаннан басталды. Қазақстан жерлерін тану өте баяу жүрді. Ежелгі дәуір және орта ғасыр адамдарына тек керуен жолдары маңындағы Қазақ жерлері және араб, моңғол саяхатшыларының жазбалары белгілі болды.
Орта ғасырдағы әдебиеттер сондай-ақ, ғылыми жүйеленбеген. Қытай, араб, моңғол саяхатшыларының жазбалары: топографиялық сипатта болды. Оларда тек қала, тұрғылықты жер, өзен, көл, тау аттары жазылды. Бұл тек жаулап алушылардың қызығушылығында болды.
Қазақстанның ежелгі дүниеден бастап, XVI ғ. дейінгі қоғамы туралы шет ел деректері қанша жұпыны болғанымен, болашақ зерттеушілерге өзіндік жол салып берді. Ал кейінгі Қазақстан аумағы туралы географиялық зерттеушілерді жинаумен орыс ғалымдары мен саяхатшылары айналысты.
Арал өңірінің ескерткіштерінің (қалаларының) зерттелу тарихы үш кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі (кеңестік) және Қазақстан Республикасының егемендігі кезеңдері болып.
Төңкеріске дейінгі кезеңде бастапқы және В.В.Бартольдтың Түркістан археология әуесқойлар үйірмесі мүшелері П.И.Лерх, В.А.Каллаур, Е.Смирнов, В.В.Бартольд, И.А. Кастанье т.б. ізденістерінен қаланып, ескерткіштерді сипаттап, есепке алу ісінде жұмыстар атқарды [10.114].
В.В.Бартольдтың еңбектерінде Сыр өңірінің тарихына байланысты Геродоттың, Страбонның қалдырған деректері жайлы айтылады. Сонымен катар В.В.Бартольд Орта Азия және біздің тарихымызға байланысты негізгі дерек көзі б.з.д. II ғ - б.з. VI ғ. қытай әдебиеті деп көрсетеді [30.103].
Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің мүшелерінің келесі тобы И.А.Кастанье, В.А.Каллаур, Е.Смирновтардың Сырдария облысының, оның ішінде Жаңадария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық археологиялық, архитектуралық ескерткіштерін сипаттап, тарихи және халық ішінде сақталған ауызша деректерді қалдырған. Айталық, Беляевтың хабарламасында былай делінген: «Шірік-рабат қүдығының қасында күнды археологиялық ескерткіш, үлкен бекініс бар. Оның көлемі төртбұрышты, кесектен тұрғызылған дуалының биіктігі екі сажындай, ал ені бір сажын шамасында, көлемі 10-12 десятин...». Осы зерттеулер нәтижесінде Орынбай қала, Сырлытам кесенесі, Жетіасар ескерткіштері, Жанкент, Жент қалалары мен Қорқыт ата кесенесі жайлы біршама деректер жиналған [31. 200-227]. XIX ғ. Қазақстан тарихы, этнографиясы, және географиясы Ш.Уалихановтың «Қазақ халқының Геродоты» атын берген А.И.Левшиннің есімімен байланысты. А.И.Левшиннің Сыр бойындағы Жанкент, Жетіқала (Жетіасар), Құмқала, Көбенқала, Қүлшұқтам, Сырлытам, Күйіктам ескерткіштеріне сипаттама бере отырып, Сырдария жағасында ешқашан тіршілік тоқтамаған деп жазады [31. 110-111].
Қазан төңкерісінен кейін Ташкент қаласында Орта Азия және Қазақстан ескерткіштен корғау бөлімі ашылып С.Стасовтың мынадай мақаласы жарық көрді. «Если мы хотим изучить всю историю Туркестанского края у себя, а не по экспонатам, вывезенных в Лондон, Мадрид, Париж, то нам придется самим собирать и изучать их» [10.13].
30-жылдары
Кеңес үкіметі КСРО тарихын
жазуда туындаған мәселелерге
байланысты Орта Азия және
Қазақстанда кешенді археология
1946 жылы Харезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Хорезм территориясымен қатар Шығыс Арал жағалауындағы ежелгі Сырдарияның кең байтақ тарамданған атырабын зерттеумен байланысты болды..
Осы уақытта бірлескен әкспедиция неолит кезеңінің (мысалы: Қосмола, Талас, Жалпақ түрақтары және т.б.) және қола (Қосмола-7, Егізкөк, Тас 1-3, Көк-Сенгір тұрақтары және т.б.) ғасырынан 17-18 ғ.ғ. (Оралбай қала, Хатын қала қоныстары, Шатпай мазары ) қарақалпақ және қазақ қоныстарымен мазарларына дейінгі дәуірді қамтыған 660-тан астам ескерткіштерді ашып зерттеді.
Жоғарыда айтқанымыздай 1946 жылдан бастап С.П.Толстовтың басшылығымен Хорезмдік археологиялық-әтнографиялық әкспедициясы Шығыс Аралжағалауына археологиялық зерттеу жүмыстарын бастады. Сырдарияның ежелгі төрт бастауын ғана емес, сонымен бірге арналардың түйісер жерін де зерттеді. Бүл зерттеу 1992 жылға дейін жалғасты [35. 446].
Археологтар геоморфологтар, почвоведтер, топографтармен бірігіп жоспарлы маршруты Арал жағалауы жазығының үлкен территориясын қамтыды. Бұл барлау жұмыстары нәтижесінде, барлау қазба жұмыстары 1946, 1948, 1951, 1951-1962, 1966, 1968, 1971-1973, 1976, 1986 жылдары жүргізілді. 1948 жылдан бастап қоныстар мен обаларға кең ауқымды қазба жұмыстары басталды: 1948, 1951, 1973, 1976, 1978-1981, 1983-1984, 1986-1991 жылдары ежелгі Сырдарияның солтүстік тармақтарындағы бассейіндерінің ескерткіштеріне; ал 1951-1965 жылдары ежелгі Сырдарияның оңтүстік тармақтарындағы бассейіндерінің ескерткіштеріне қазба жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда айтқанымыздай қарастырылып отырған аймақтағы ашылған, зерттелген 668 ескерткіштің арасында неолит дәуірінен ХҮҢ-ХУШ ғасырға дейінгі тұрақтар, қоныстар, жерлеу құрлыстары бар.
Қазіргі кезде тек неолит дәуіріне жататын қоныстар мен тұрақтар 40-қа жуық ескерткіштер бар. Олардың ішінде мынандай тұрақтарды атап өтуге болады: Қосмола 1-6, Талас 1, Жалпақ 1, 2, 4, 6, Айнұра және т.б. [36.678]. Бұл зерттелген тұрақтардың басым бөлігі Сырдарияның кейінгі сағасында және ежелгі Сырдарияның солтүстік тармағындағы бассейніне жақын маңда орналасқан.
Зерттелген тұрақтар мен қоныстардың көпшілігін қола дәуіріне жатқызуға болады (әсіресе - кейінгі қола дәуіріне), бірақ олар ежелгі Сырдарияның оңтүстік арнасының аңғарында орналасқан қола дәуірінің қоныстары мен тұрақтары (мысалы: Бұрлы, 1-3, Жалпақ 4-5, Егізкөк 1, 2, Қосмола 7, 8, Баян 2, 3, Ерімбет Б, Көк Сенгір, Маржан 1, 2, Зекет 2, 4, Суық бет 2, Тек-Тұрмас 2, Түгіскен 1, Тас 1-3 ) құм мен арнаны бойлай араласып орналасқан. Соңғы қола дәуіріне жататын Солтүстік Түгіскен кешенін атап айтқан жөн, бүл жерден жерлеу қүрылысынан ( 4, 5, 6, 7 кесенелер ) қазылып алынған материалдар б.з.д. Х-VІІ ғасырға жататынын дәлелдейді, сонымен қатар б.з.д. I м.ж. екінші жартысына жататын шикі кірпіштен қаланған екі кесене [34.537]. Жерлеу құрылыстары соңғы қола дәуірінің қызықты мәдени кешендерінен көрініс тапты, мұндай далалық қола дәуірінің дәстүрі Орталық Қазақстандағы андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерімен ұқсастықтары бар, сонымен қатар жоғары дәрежеде оңтүстік өркениетпен байланысты, және М.И.Итина ежелгі бактриялықтардың мәденитімен ұқсастығын айтады [34, 36-6.].
Жоғарыда аталған материалдар қола дәуірінің өзінде Шығыс Арал жағалауының өңірі Евразия халықтарының мәдени және этникалық қарым-қатнаста түсетін орны болғандығын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл қарым-қатынас ерте темір, антикалық және ортағасырларда бірнеше есе артып, жалғасын тапты.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу