Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

     Сақ қолөнерінде қораз кескіні сирек бейнеленген. Кейбір мифтік образдағы құстың қосымша әлементтеріне қораздың айдары тағылады. С.В.Кисилев: "алтай мөнеріндегі қораздың басындағы айдар бұғының мүйізін тұспалдайды"- дейді.

     Табиғи фактордың әсерінен сақ монументалды композицияда аң мен жануарлардың дене мүшелерін алмастыра қолданып, қияли образдар жасауда шеберлік танытқан. Ол туралы С.В.Киселев: "сақ шеберлері бір сюжетте аң, жануарлардың дене мүшелерін өзіндік ерекше мәнермен бере білген"-дейді. Сақтардқщ аралас қолданған жануарлар стилінен мифтік образдағы өмірде  жоқ аңдар мен құстардың күрделі композициясы пайда болды. Ғалым мұнда сақ шеберлерінің дәстүрлі мәнерін дәлелдей түседі. Қоразга бұғының жалпақ мүйізі қондыру мәнері алтайлықтарға тән мәнер. Шартты түрде қораз бен аттың жалын бейнелеу мәнері берілген . Оның басы артқа қайырылып, айдары үлкейтіліп керсетілген. Қораздың айдары өсімдік типтес, жануарлардың стилизацияланған мүйіздері сияқты жеке әлементтер қолдана береді. Таулы Алтайлықтар қоршаған ортаны ішкі рухани сезіммен қабылдап, философиялық ой тудыратын кескіндемелерді ерекше жасаған. Олардың бейнелеген өр композициясында шебер мәнері сақталған. Бұғынын, жалпақ мүйізі тармақталып, басы өдеттен үлкейтіліп, тұмсығының ұшы оюланып берілген[51.316].

Бұғының бейнесін салу көне мәнерге жатады. Сақ шеберлері бұғының қимылын табиғи шынайлықпен бере білген. Бұғының басы алға созылып, тізесі бүктеліп, басындағы мүйізі тармақталып бүкіл денесін жауып тұр. Бұл жануардың жартылай стилизацияланған бейнесі. Ал, сирек кездесетін мәнер, бұғының арқасына аударылып, аяғын аспанға көтеріп бейнелейді. Ер-тұрманның ағаштан жасалған алдыңғы,артқы қасына ақбөкен ойылып түсірілген. Псалдырдың екі ұшына ақ-бөкеннің басының мүсіні жасалған. Ал, қоладан жасаған қалыптың үстінде ақбөкеннің басы бейнеленіп, оны алтын пластиналармен қаптаған.

       Тұяқты қорымынан табылған табиғи фактордың әсерінен бұғының денесі бұратылып, аяғы аспанға келтірілген. Аң, жануарларды мұндай мәнерде жергілікті шеберлер ғана бейнелеген. II Пазырық обасынан табылған мәйіттің оң аяғына тізбектеліп бірінен-соң бірі ерген арқарларды шартты графикалық тәсілмен салған. Ат-әбзелдерге ілінетін ағаштан ойылып жасалған арқардың денесімен аяғы бұратылып, барына тиіп тұр. Арқарлардың суреті қырынан салынып керсетілген, сондай-ақ тура (фас) салынған арқардың суреті де кездеседі. Тура салыңған арқардың үлкейтілген басы денесін толық жауып,оның мойын тұсына төрт тұяғы шартты түрде көрсетілген табиғи әлементтерден. Сақ қолөнерінде арқардың бейнесі түрлі композицияда көп берілді. Көшпелілердің ұғымында қой, арқар жануар байлық - береке деген рәміздік ұғымды білдіреді. Сондықтан сақтар түрмыс-тіршілікте қолданатын заттарына арқардың түрлі нұсқасын бейнелеген. Аттың тізгінін бекітетін псалдырдың ұштарында да арқардың бас мүсінін ойып жасаған. Алтай өнеріндегі қоян бір жәдігерде ғана кездеседі[57.976].  

     Табиғи  фактордың әсерінен денесі мен артқы аяғы бұратылып, алтай өнерінде бейнелеген қоянның кескіні ер-тұрманның өшекей бөлшектеріне салынған. Арқардан баска сақ бейнелеу өнерінде жылқы бейнесіде көп қолданады. "Катанды қорымынан табылған әшекей бөлшекте аттын, кескіні салтанатты  түрде бейналенген. Табиғи элементтерден алып   жануарлардың кескінін салған. Оның ішінде алтайлықтар мысық тобына жататын арыстан, барыс, сілеусін, жолбарстарды түрлі мәнерде көп бейнеленген.Сақ өнерінде арыстандар өте аз кездеседі. Қаракөл обасынан табылған бұйымда арыстанның бас мүсінінің мойын тұсындағы жүндері оюлы жолақтармен берілген. Петр коллекциясында дөңгеленіп жиырылған мысық пен жолбарыстардың суреті бар түйреуіш Әрмитажда сақталған , сол сияқты Сібір коллекциясында арыстандардың дем алған сәттері бейнеленген кескіндемелер бар, бірақ бұл өнер тек алтайлықтарда ғана қолданған[25.516].

    Табиғи фактордың әсерінен Амудария коллекциясындағы алтын жүзікте алдыңғы аяғы мен артқы аяғын созып, басын артқа қайырған арыстан жөне алтын табақта тігінен отырған арыстанның мүсіні салынған. Бұл заттардың жасалу мөнеріне қарап б.з.б. V ғасырға жатқызамыз. Амудария коллекциясындағы алтын пластинаға арыстанды тікесінен бейнелеу мәнері алтайлықтардың сүйекке салған нұсқасына ұқсас, бірақ оның төсіне оо таңбасы ойылған. Сақтарда ұшында арыстанның бас мүсіні қондырылған қоладан жасалған ұршық табылды. Сақ шеберлері өз бұйымдарын асқан шеберлікпен жасап, талғаммен бере білген. Бейнелеу мәнерінде жергілікті жерде тіршілік еткен жануарлардың қимыл әрекеті табиғи шынайылықпен керсетілген. Алтай шеберлері басқа сақ тайпаларына қарағанда түрлі өнерде грифтердің қияли бейнесінің алуан жерлерін жасаған. Шынайы, мифтік ұғымдағы грифтердің шартты салған нұсқалары алтайлықтардың қолөнерінде кеңінен таралған өнерінен өзгеше. Оған археолргрялық қазба жұмыстары кезінде табылған көне ескерткіштер дәлел болады. Қоладан құйылған тебесінде қораз айдары салынған грифон Берел аймағынынан табылған, оның аққуға атылған көрінісі берілген. Табиғи фактордың әсерінен монументальды тұтастай ойнақтаған грифтің қанаты жайылып, тырнақтары оюланған. Бұл кескін ертоқымда бейиеленген. С.В.Кисилевтің пікірінше:" Грифондардың басына айдар қондырып бейнелеу гректерге тән, ал алтайлықтардың мәнерінде грифондардың төбесіне мүйіз тарақтың тісіндей әлементтер қондырылып бейнелеу  әдіс-тәсілдері қолданған"- дейді[51.136].

Орта Азия, Сібір аймағында табылған грифондардың көне нұсқасы сақтарға   ғана  тән  өнер. Мұндай грифондар  аң, құс, жануардың аралас  әлементтерінен  құралған қиялдан туған құс.    

Табиғи фактордың әсерінен Алтай өнерінде былғарыдан ойылған қораздың өгіз бейнеленген түрлері де кездеседі. Табиғи элементтерден Сақтарға мифтік  бейнедегі самұрық құстардың жасалу өнері гректерден ауысқан  деген  негізсіз. Қораздың айдары басына тағылған  самұрық  құстар  тек  Алтайлық мәнерге жатады. Сақ шеберлері грифонға үлкен құлақ салып, басына 
тауешкі, бұғының мүйізін қондырған. Мүйізі бар арыстанның ұшуға 
қомданған сәтін мүсіннен көреміз. Бүркіттің ағаштан ойылған 
кескіндемелері ат-әбзелдерді әшкейлеуде қолданған. Оның денесімен 
аяғы бұратылып берілген. Грифондардың композициясы сақ мөнерінде ат әбзелдерді әшекейлеуге жөне тоқымға көп бейнеленген. Табиғи фактордың әсерінен құрақ киізден жасалған түрлі-түсті грифонның арқарға атылған көрінісі былғары тоқымға ойылған. Қоладан қалыппен құйып, гриф мүсінін жайылған кейіпте жасалған. Мұндай алтын, қоламен қапталған әшекей заттар киім-кешекті безендіруге қолданған. Күрделі композицияларда самұрық құстардың арыстан бейнелілері де кездеседі[51.816].

Қиялдан туған грифтер  грекше тұсы қанатты немесе мүйізді болып берілуі, сондай-ақ көне ескерткіште арыстан грифонының тауешкіге атылған сәті бейнеленген ағаштан ойылған мүйізді үлкен құлақты құстың бас мүсіні салдырға қондырылған, ал қабанның жыртқыш тістері бар композиция басқа әсерде мүлдем кездеспейді. Ер-тұрманды безендіру үшін қабанның жыртқыш тістерін сән үшін айналдыра іліп қояды.Қиялдан туған аң, құс, жануарлардың сюжеттері сақ бейнелеу өнерінде көп қолданылған.Мүйізді арыстандар мен жолбарыстар, тісі ақсиып, басында қораз айдары бейнеленген грифтер, сондай-ақ мысық құйрықты бұғы, арыстан құйрықты қанатты қасқыр. Табиғи фактордың әсерінен арыстан құйрықты қасқыр, мысық құйрықты бұғы да алтай мәнерінде сирек кездеседі. Сақ бейнелеу өнерінде сфинкстердің бірен-саран түрлерін ғана көруге болады. Тұскиізге бейнеленген "аң адам", оның мүйізсіз, беті, құлағы былғарыдан ойылып жасалған. Арыстан кеуделі сфинкске мүйіз қондырылып, оюланған құлақ, қүйрық салынған. Ғалымдардың пайымдауынша сфинкс жасау ежелде пайда болған. Сақ мәнерінде былғарыдан ойылып, тебесіне лотос гүлімен әшекейленген адамның басы да кездеседі. Таулы Алтайда табылған сфинкстерде сақтардың өзіндік өнері көзге ұрып тұрады. Сфинкстердің бет-әлпеті жергілікті жерде өмір сүрген адамдарға ұқсас. Тұскиізге бейнеленген қолына табиғи элементтерден оюланған ағаш ұстаған "құдай әйел" пропорционалды түрде бейнеленген, ал қарама - қарсы бейнеленген адамның басы үлкейтіліп салынған. Амудария көмбесінде де сфинкстер кездеседі[51.716].

      Табиғи фактордың әсерінен сақтардың бейнелеу өнерінің сан түрлілігі ғалымдарды бей - жай қалдырмайды. Басқа елдердің өнерінде кездеспейтін өнер, аң, жануарлар, грифондардың денесі бұратылып, аяқтарының аспанға келуі. Алтайлықтардың мұндай өнер мөр түрлі рәміздік ұғымды береді.

     Табиғи фактордың әсерінен Орта Азия сақтарының алтыннан жасалған білезік пен жүзігінде қасқыр мен арыстанның денесі бұратылып, аяғы аспанға қаратылған өнері алтайлықтарда қолданған. Сібір коллекциясында таутекенің денесіне тырнақтары батырылған гриф, жолбарысқа атылған қасқыр, бүркіт гифоны, жемтігін жұлқылаған арыстан грифтерінің арпалысу көріністері, сондай-ақ гриф тұмсықты бұғыға, барыстың атылған сәті көрсетілген. Бұл сюжетті көріністерді тек Таулы Алтай қолөнер бұйымдарынан көреміз.

Сақ өнерінде берілген жазықтықты сюжеттермен толық жауып тұрады. Сақ мәнері бүгінгі таңда өнертану ғылымында зерттелмеген тың тақырып. Олар: шеңбер, төртбұрыш, ұшбұрыш, бесбұрыш, балық қабығы, "жүрекше" т.б. геометриялық ою-өрнектерді өте икемді қолданған. Аңның басын, аңның жануарға атылған көрінісін геометриялық фигураларға шеберлікпен орналастыра білген. Мұндай мәнерде бейнеленген аң, жануарлардың деформацияланған денесі көп кездеседі. Алтай шеберлерінің тағы бір ұтымды жағы бейнеленген аң мен жануардың денесінің кейбір тұстарына алтын пластиналар, ойықтар мен сызықша, таңбалар арқылы айрықша әсерлеп беру. Сақтар ең қарапайым деген сюжеттеріне аң немесе жануардың тізбектеліп келе жатқан немесе жүгіріп бара жатқан шынайы образын береді[51.616]. Мұндай өнер сүйекте, тоқымда немесе қанжардың ағаш  сабында  берілген. 
        Табиғи фактордың әсерінен күрделі алтайлықтардың аң мен жануарлардың арпалысқан көріністерін жатқызамыз. Бұл сюжеттерді сақ  шеберлері  әр түрлі керіністе ұтымды беруге тырысқан. Мұндай  былғарыдан,киізден жасалған  тоңдарға кеп салған.Жануардың аңға ұмытылған сәті, аңның жануарға атылған көрінісі ырғақпен өте нәзік берілген. Оның әсіресе жемтігінің мойнынан тістеген көрінісі,мойнынан қан сорып тұрған сәті, сондай-ақ бұратылып,орам түрінде бейнеленуі,жеңілуі көріністерінде терең философиялық ой жатыр.   

  Жануардың тілі салақтап, артқы аяғы аспанға көтеріліп, бейнеленгенін суреттен өлсірегенін, мерт болғанның нышаны. Қатанды қорымынан антикалық автордың  "таранда"  айғармасындағы аңның мысық тектес аңға шабулы көрсетілген.    Сақтарда аңның жануарға  атылған көрінісіндегі рәміздік мағынасы,ежелгі  адамдардың ұғымында мезгіл ауысуымен түсіндіріледі.Олардың дүниетаyымындағы бұл композициялар "адамгершілік"  пен   "зұлымдықтың"   да күресін тұспалдайды[37.316].

Алтай өнерінде күрделі композициядан гөрі, қарапайым сюжеттер өте аз кездеседі. Мұндай кескіндер салынған бұйымдар, айрықша әсерленіп тұрады. Жануар, аңның бұлшық еттеріне таңбалар салынған. Бұғылардың басын денесінен үлкейтіп көрсету, мысық тектес аңдардын, "ауызын құлағына дейін сызып", "ауызын арандай аштырып", "үстіңгі ерні қатпарланған жыртқыш аңды" бейнелеу сақ шеберлеріне тән құбылыс. Ал қабандардың "жыртқыш тістерін" әдеттен тыс үлкейтіп, ұшын оюлап қояды. Гриф нұсқаларында бірден көзге ұрып тұратыны, мүйізі, оюланған тұмсығы мен әдеттен тыс үлкейтілген құлақтары. Сақ скиф шеберлерінің бейнелеу өнердегі ерекше мәнері, аң, құс, жануарлардың шынайы, мифтік бейнелерінің көзін дөңгелек қылып беру. Сондай-ақ олардың дене мүшесіне салынған түрлі таңбалар[37.316].

Алтайлықтардың  ағаш оюдың білікті маманы болғандары табылған ағаштан ойылып жасалған көне ескерткіштерден көреміз. II Бесшатыр обасында табылған саркофагтың (ағаш табыт) қақпағын айналдыра стилизацияланған ою-өрнекпен өрнектелген киіз жолақпен бекіткен. Бұл саркофагтың жазықтығына түсірілген "жануарлар стиліне" ерекше сән беріп тұр. II Тұяқты қорғанынан табылған саркофарқа бұғының ойылған тұтас бейнесі, қанатты мысық тектес аңның бейнесі шеберлікпен ойылып түсірілген. Жолбарыстардың бірінен соң бірі тізбектелген қарапайым сюжетте өмірдің үнемі жаңарып тұратынын   тұспалдайды. Саркофагтың (ағаш табыт) қақпағына жиектеп өрнектелген киіз жолақ бекітіп, оған 8 - төрізді элементті (жабайы сиыр турдың мүйізі) ағашқа ойып түсірген. 8 - ою-өрнегін аң, жануардың денесінін бұлшық еттерін анықтай түсу үшін қабырғасына ақтүсті қылып бейнелеген. Аң, жануардың алдыңғы иығына, артқы жамбасына, қабырғаларына космогониялық таңбалар түрлі нұсқада кездеседі. Сақ мәнерінде қосымша бейнеленетін таңбалар : жақша, дөңгелек, үтір . Былғарыдан ойылған бұғы мүйізді жолбарыстың денесіне "үшбұрыш", "үтір", 8-тәрізді ою-өрнектер салынған. Ал, басына турдың мүйізі, жақша, "үтір", "қайнар" 8 және 8 - дің екіге бөлінген элементтер салынған. Бұғы тектес басына дөңгелек, жақша, ұшбұрыш, үтір ойық таңбалар түсірілген. Егер алтай шеберлері ағаш оюда құлақ, көз, тұмсық, ауыз сияқты белшектерді шынайы түрде бейнелеп, ал кейбір тұстарын қосымша таңба мен турдың мүйізі мен әшекейлеген табиғи элементтерден болады. Ондай элемент екіге қақ бөлінген үтір, қабырғаны тұспалдайтын доғалар немесе жақшалармен айшықталған. Арқардың орап жасалған мүйізі қара түске боялып, турдың 8 мүйізінің үстіне салынған. Таңбаларды алтай шеберлері басқа да әлементтермен араластыра қолданған. Мұндай мәнер аң, жануарлардың денесінде ғана емес сол сияқты 1,2,4 Пазырық обаларынан табылған кілем, киіз бүйымдарында, Петр І-нің Сібір коллекциясында бейнеленген[37.467].

      Табиғи фактордың әсерінен елік пен арыстан грифінің иығынан алма, алмұрт немесе  таңбасы бейнеленген. Мұндай таңбаларды зергерлік бұйымдардың ойық жерлеріне түсіру Амудария коллекциясындағы алтын білезікте кездеседі. Сақтардың (скиф) таңбаларды бейнелеу, қолөнерде кеңінен қолдануы, олардың аспан әлеміне, күнге табынған космогониялық дүниетанымымен байланыстырамыз.

    Таулы Алтай тайпалары мен кершілес өмір сүрген ғұндардың бейнелеу өнері жайында С.И.Руденко: "Ғұндар Батыс Сібір мен Таулы Алтай өңірінде б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) тайпаларының өздеріне идеологиялық жақын мазмұн мен композицияларды өз бейнелеу өнеріне қабылдаған. Жолбарыс, жолбарыс грифондарын ғұндар қолөнерде бейнелемеген, оларда сондай-ақ нүкте, үтір, жақша және аң, жануарлардың денесіндегі бұлшық еттеріне салынатын элементтер мүлдем кездеспейді"- дейді[37.356].

       Сақтардың ғасырлар бойы қалыптасқая "аң стилі" бүгінгі күні 
қолөнерде қолдануы қиынға түседі. Бұл мәнер орта ғасырда қолданыстан 
шығып қалған.

     Табиғи фактордың әсерінен қолөнер шеберлері бұйымды ойып, қиып, жонып жасаудан басқа , олар сол сияқты сұңғат өнерін жоғары деңгейде меңгеруі тиіс. Ондай  бірнеше өнер түрін меңгерген білікті шеберлер бүгінгі күні жоқтың қасы. Ал, сақ шеберлері жасаған қолөнер бұйымдары олардың білікті суретші болғанын дәлелдей түседі. Олар өз тотемдерін түрлі нұсқада әсерлеп бере білген. Еуразия құрлығында өмір сүрген сақтардың (скиф) заттарында бейнеленген тотемдер аң аулау, соғыс кезінде магиялық әсер етіп, олардың жауды женуіне тотемдер септігін тигізеді деп ұққан. Андерсон, В.В. Гольмстен жөне М.П. Грязнов:"сақтардың бейнелеу мөнерін мифтік аң мен жануарлардың символдық мазмұныны білдіретін тотем деп түсіндіруге тырысты". Ал, С.В.Кисилев пен Н.Я.Марр; "Рулық қоғамның құлдырау тұсында кешпелілердің тотемдерінің образдары бір тұтас композицияға айналды" деп тұжырымдайды. Тотемдердің көшпелі ұымында қалыптасуы рулық жүйеге қатысты болмады. Олардың дүниетанымындағы бұл құбылыс табиғатқа етене жақын өмір сүріп, ішкі рухани жағдайының есерінен туған дүниелер. Сақ(скиф) бейнелеу өнері жоғарғы деңгейде дамығанын көне ескерткіштерден көреміз. Алтайлықтарға төн грифтердің сан алуан түрлері мен космогониялық, геометриялык, зооморфтық таңбалар бейнеленген қолөнер бұйымдары сақ (скиф) өркениетті мемлекет болғанын анықтай түседі. Тұскиіздер мен сырмақтарға бейнеленген композициялар, ат-әбзелдердің керкемделген өшекей салпын-шақтардаңы "аң стилінде" кескіндер бүгінгі күні баға жетпес мұра және өткен ғасырдан ақпарат беретін мәдени шежіре[37.436].

         Қазақ Алтайының ерте көшпелілері жайлы мәліметтердің барлығы дерлік археологиялық зерттеулер нәтижесінде пайда балады. Сонымен қатар, Алтайдың табиғатына сәйкес мәңгілік тоңданған обаларды қазуға мүмкіндік береді. Көшпелілердің алтын ұясы- Алтай туралы О. Бөкеев: “Ағызған сары алтынды тастан Алтай…”- деп бекер айтпаған. Геродоттың жазбаларында кездесетін  “алтын қорыған таздар” тайпасы. “Тарих атасы” Геродоттың “алтын қорыған тазқаралар” деп аталатын алыстағы ел туралы дерегі ғылымда көптеген пікірлер мен болжамдар тудырып келеді. Осының дәлелі ретінде Алтай өңіріндегі обалардан ат әбзелі, қару-жарақ және тағы да басқа құралдар мен әшекей заттардың көркі болған сансыз көп фантастикалық аң мен құс бейнелері табылып отыр. Мұндай қиял-ғажайып бейнелер Еуразия даласының басқа да аймақтарынан  және де шектес ежелгі дүние мемлекеттері өңірлерінен де ұшырасады. Алайда Алтай өңірі жазба және археологиялық деректер бойынша да “алтын қорыған тазқаралар” елі екенін баса көрсетіп отыр.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу