Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Ежелгі көшпелілердің өнері және мифологиясындағы грифон бейнесін интерпретациялау ғылымның қиын, сонымен қатар қызықты салаларының бірі. Біздің мақсатымыз – ежелгі мифологиялық грифон бейнесіне қазақ фолқьлорынан типологиялық паралель іздестіре отырып, соның негізінде бұл феноменнің кейбір мазмұны мен көрініс беру қырларын ашуға тырысу. Егер орталық бейне грифон болып табылатын сақ-скиф мифологиясының негізінде қарастырсақ, онда кейінгі мәдени комплекстерде, қазіргі түркі-маңғолдарды қоса, тіпті қатты мәдени-тарихи трансформацияға ұшырағанның өзінде, қандай да бір жаңғырықтары – ертегі, аңыз және т.б.фольклор және бейнелеу өнерінде сақталуы сөзсіз еді[34.862].

Тазқара - өн бойына бірнеше аң мен құстың белгілерін жинақтаған полиморфты, қиял-ғажайып кейіпкер. Бұл жерде біз тазқара құс бейнесін қарастырамыз, ал оның екінші “жартысы” – ит/бөрі – арнайы зерттеліп, талданады. Бұл синкреттік мақұлықтар мифологиялық санада “өлілер” әлемінің өкілі, төменгі әлемді білдіріп, жалпы – “о дүниені” елестеткен.

Қазақ халқының тазқара құсы мен құмай құсы – қырандар тобындағы жыртқыш құстардың бірі. Ол ұсақ жәндіктермен (тышқан, қосаяқ, кемірушілер және т.б.) және өлексемен қоректенеді. Осы соңғы әрекетіне орай оны жаман ырымға баласа, бейне трансформацияға ұшырағанға дейін жан мен тәнді түрлі “пәледен” тазартушы ретінде қасиеттелген.

Тазқараның  бүркіттерден ерекшелеп тұратын бір сыртқы айырмашылығы – оның басында қауырсынының немесе түгінің болмауы. Құстың тазқара аталуы да осы басының таз, түсінің қара болуынан екені анық. Қауырсын жамылғысы мойнының ортасынан басталып, тек желке тұсындағы селдір түктері айдар секілді шошайып тұрады. Бейнелеу өнеріндегі грифон бейнесі дәл осы айрықша әлементімен кеңінен көрініс тапқан. Әдетте қазақтарда таз адамды, көсе адам сияқты онша жақтыра қоймаған.  Бірақ сонымен қатар, олардың тапқырлығы, ептілігі, қулығы, батылдығы жөнінде көптеген ертегі-мифтер бар. Бұл адамдарда о дүние құбылыстарымен қатынаса алу қасиеті бар деп сеніп, түрлі әлемдер дәнекері саналған. Мифологияланған түсініктегі Таз бен Көсе – “бұ дүние” адамдарынан емес. Дәл осы арада Геродоттың “тазқаралары”, аримаспілері, исседондарымен қатар аты аталатын бастары таз – аргиппей халқын еске ала кеткен жөн болар[37.666].

Тазқара мен  құмай – тірілер мен өлілер әлемі арасындағы медиатор. Оның негізгі функцияларының бірі – қайтыс болған адамдардың жанын (рухын) көкке жеткізу (кейде ұрлау, мысалы, “Жеті өнерпаз” ертегісі). Көшпелі халықтарда “өлудің” өзі, “қайтыс болу” деп аты айтып тұрғандай, өзге дүниеге сапар шегу, басқа күйге түсу, жаңа немесе нағыз өмірге аяқ басу, оралу деген түсініктермен астасып жатқан.

Табиғаттың тылсым күштері құстың мифологиялық бейнесі от пен жарықтың, бақ пен бақыттың, құт пен дәулеттің нышаны. Қазақ халқының мифтік санасы мен халық ауыз әдебиетінде құс (үйрек, қаршыға, аққу және т.б.) пен аң (барыс, ілбіс, арыстан, қасқыр және т.б.) бейнесінде марқұмның және о дүниелік сапарға аттанғалы жатқан адамның жаны (рухы) көрініс табады. “Ие” және “кие” болып та олар ерекше қасиет дарыған адамдардың айналасында жүреді. Сол аң-құс бейнесіндегі қасиетті “пірлерді” көру және сезу тек сондай таңдаулылардың еншісіне тиген. Жеке тұлғалардың “қорғаушыларымен” қатар, бүкіл ру-тайпаға да ортақ “пірлердің” болуы ертедегі мәдениеттерге тән құбылыс[36.356].

Өз ері мен батырларын халық барысқа, арыстанға, бөріге немесе бүркітке теңеген.

Бақсы “ойыны”  кезінде оның жаны құс болып көкте самғайды; бақсы киім-кешегі мен құрал-сайманында міндетті түрде орнитоморфты нышандар орын алған.

Адамның төбесінде қалдыратын бір уыс шаш - айдар – қасиетті саналып, тіл-көз бен жын-шайтаннан қорғайтын тұмар қызметін атқарған. “Алтын айдарлы” батыр жігіт көптеген эпикалық жыр мен ертегіде кең тараған кейіпкер. Бәлкім, ертедегі көшпелі жұрт тазқараның төбесіндегі шошайған қауырсындарын айдарға ұқсатып, оның бейнесін қасиеттеп, осы құсты таңдап алу себебі осы болса керек. Айдарды тәңірдің өзі салған таңбасы деп сенуі де ғажап емес [51.532].

Айдарлы тазқараны, құмайды бейнелей отырып, көне көшпелілер оған неғұрлым “оң қасиеттерді” телуге тырысқан. Сөйтіп ол санада марқұмның рухын көкке жеткізетін “періштеге” айналған. Сонымен қатар, аспандап ұшқан тазқара мен құмай – ажал жаршысы ретінде көрген адамға үрей ұялатқан. Әсіресе нәресте мен жас баланың өлімі (өзге дүниеге сапары, қайтуы), уақытынан тым ерте саналып, одан сақтап қалуға тырысты. Соның нәтижесі ретінде жұрт ішінде түрлі қорғаныс амалдары мен ырым-ғұрыптар ойлап табылып, кеңінен тарады[51.466].

          Сонымен, табиғаттың тылсым күштері сақтардың шаруашылығына ғана емес өнеріне де әсер еткенін көріп отырмыз. Сақтардың өнеріндегі аңдардың күрделі бейнеленген мүсіндері  олардың мифтік және діни көзқарастарын көрсетеді. Б. з. б. VIII-VI ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер жағынан өзгеріске ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады.

    Қазіргі қазақ халқының шеберлік өнерінің оның екі мың жылдан астам уақыт бұрынғы қалпын мұқият зерттемей ұғу мүмкін емес. Қолда бар археологиялық материалдар ертедегі метталлургия жалпы зергерлік өнер туралы да көптеген қызықты мағлұматтар береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың шарушылығының ерекшеліктері    және географиялық ортамен байланысы

 

2. 1.  Үйсіндер мен қаңлылылар  шаруашылығы: Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан   аумағы      егіншілік       пен      жартылай     көшпелі    мал шаруашылығының тоғысқан аймағы.

Ертедегі халықтың ұлан-байтақ далалық таулы-далалық және шөлейт кеңістіктерді игеру дәуірі, Европа мен Азия далалары тайпаларының шаруашылық кәсібінің жаңа формасы - экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу дәуірі б. з. б. 1 мыңжылдықтың бас кезімен байланысты. Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашқы кездерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылык болды, онда мал шаруашылығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбегенеді. Б. з. б. II мыңжылдыктың ортасына қарай көрініс өзгерді: шаруашылықта, археологиялық деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және қыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі. Тұрғындардың көшіп-қонуы артып, далалық жайылымдық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақташы тайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі коғамдық еңбек бөлінісі шаруашылык қызметінің жаңа түрі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола қалыптасуы үшін қажетті алғышарттар жасады.

Б.з.б. I мыңжылдықтың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларында, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылық түріне айналады. Мұндай өзгерістер бірқатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бастысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалык факторлар болатын[53.616].

Б.з.б. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын қуаң тарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудандарда оны күрт қыскартты. Уакыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары өмірінде үздіксіз көбейе түскен халық пен өндіргіш күштердің осы халықты күнкөріс кұралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе - жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашкы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан-зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылық бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.

Кешпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді жерлердегі тайпаларының өмірінде экономикалык ірі прогресс, алғашқы қоғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан қадам болды. Адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т. б. түрінде артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.

Өнімдердің артығын қорға жинау және иемдену мүмкіндігі көбейді, мал және мал шаруашылығы өнімдері көп ұзамай айырбас кұнына ие болды да, мал өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады[53.656].

Ұлан-байтақ кең даланы шаруашылық тұрғысынан игеруге б.з.б. I мыңжылдықтың басында ерекше кең өріс алған жылқы шаруашылығының тез өсуі себепші болды. Дала тұрғындарының мініс атын пайдалануы, атты әскердің пайда болуы жекелеген аудандардың мәдени-шаруашылық жағынан томаға-тұйықтығын бұзды, сөйтіп көршілерімен, шалғай тайпалармен, халықтармен, мемлекеттермен экономикалық байланыстар жасалуын қамтамасыз етті.

Ежелгі авторлардың еңбектерінде Евразия далаларындағы мал өсіретін тайпалардың шаруашылығы мен тұрмыс салты сипатталады. Оларда «Суы мол, шебі шүйгін өріс қарап, бір жерден екінші жерге кешіп-қонып жүреді» деген бір ғана тұжырым жиі кайталанады. Мұндай жадағай суреттеу көне заманның мал шаруашылығының сан алуан типтері мен формаларын ашып көрсетпейді. Археология және этнография деректсрі сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салаларының үлес салмағы да өзгеріп отырған.

Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Казақстанның кұрғақшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами коймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Негізінен қой, түйе мен жылкы өсірілді, ірі қара аз болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт бойынша да шалғай қашықтықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп-қонып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын құм жоталарының ығына орналасқан қыстау-тұрақтарда не үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағаларында өткізді. Бұл тұрақтарда олар ұзақ тұрақтамады, көшпелілер тағы да көшіп, келесі қыстауға колайлы жайылымдар таңдап, жаңа жайылымдық жерлерді игере берді. Шаруашылықтың қосалқы салаларынан аң аулау ерекше дамыды[53.546].

Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянқ-Шанқ және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биік тау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кең таралды. Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашық болған жоқ. Сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне карағанда көшіп-қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды. Бәрінен де кешіп-қонудың тік әдіс деп аталатын түрі кең тарады: өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Қазақстанда және табиғи-климаттық жағдайлары осыларға ұксас басқа аудандарда жерді қауымдық-рулық және тайпа аралык шекаралар көлемінде пайдаланудың жайылымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен сипатталатын көшпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде, б. з. б. I мыңжылдықтың басыңда қалыптасты. Қыстау маңындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды, оларда әдетте тары, арпа, бидай өсірілді. Қой және жылқы шаруашылығы ірі қара өсірумен толықтырылды. Пішен дайындалып, малдың неғұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды. Қыстауларда ұзак уақыт болу ағаштан, тастан, қамыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды керек етті. Іле өзеніндегі Бссшатыр қорымын қазған кезде бөренеден қаланған үлкен қималардың және киіз үй тәріздес құрылыстардың шығуы тұрғын жайлар салу дәстүрі болғанын көрсетеді[53.516].

Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қоймалары мен кең-байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Табиғат жағдайлары және Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтарына жақын орналасуы шаруашылықта суармалы және тәлімі егіншіліктің басым болуына, халықтың тұрақты отырықшылануына, әсіресе б.з.б. I мыңжылдықтың аяғында, мал өсіретін ірі қауымдардың жерге жаппай отырықшылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік қоныстарының ерте пайда болуына себеп болды. Ішінде ірі қара әжептеуір көп болған малды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық қауым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болды [63.456].

Әрине, бұдан  кейінгі уақыттағы сияқты ежелгі жайылымдық-экстенсивті мал шаруашылығының барлық үш түрі арасында да айқын шекара болған жоқ оқшауланған экономикалық аудандармен тұйықталып қалмады. Шаруашылыктың түрлі полюстері - егіншілік пен мал шаруашылығы арасында ғана емес, шаруашылығы әр кезде тұтас бір типті болмаған әрбір табиғи-климат аймағы ішінде де тұрақты өзара қарым-қатынастың күрделі үрдісі болып жатты.

Ол кездегі экономиканың ала-құла болуының тағы бір себебі сақ тайпаларының бөлінуі шаруашылық жағынан бөлінуіне көбіне сәйкес келмеуіне қоса, неғұрлым кең ұғым болатын. Туыстас тайпалардың бір тобының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы, ал екінші тобының егіншілік дәстүрлерін сактауы жиі кездесетін. Мәселен, Орталық Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының басым болуымен бірге Қаркаралы, Баянауыл, Қызылтас, Ұлытау, Шыңғыстау таулы-орманды алқаптарында сірә, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. Ертістің далалық өңірі мен Таулы Алтайдың туыстас тайпаларында мал өсіретін шаруашылыктың нұсқалары әр түрлі. Солтүстік Казақстанның орманды-далалық аудандарындағы мал өсіретін шаруашылық отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылық болды деуге көбірек келеді. Елек, Үлкен Қобда, Ор өзендері жағалаулары бойында бірнеше шақырымға созылған обалы қорымдардың көп болуы солтүстік-батыс Казақстанның савромат тайпаларының мал өсіретін шаруашылығының жартылай көшпелі сипатта болғанын дәлелдейді, өйткені олар өз зираттарың маңындағы малшылардың бәрі сияқты тұрақты қыстайтын жерлеріне жақын салған. Савроматтар тайпаларының нақ сол одағына кіретін Солтүстік Каспий өңірін мекендеушілер «таза» көшпелілер болды [64.416].

Жартылай  көшпелі мал шаруашылығы негізінен суармалы егіншілік пен отырықшылық кең тараған аудан - Оңтүстік Қазақстанда да дамыды. Жартылай отырықшы сақ тайпаларынан Түгіскен мен Үйғарақ сияқты үлкен-үлкен обалы қорымдар қалған.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу