Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
3.1. Үйсіндер мен қаңлылар қоғамының салт-дәстүрлері: жергілікті
ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, керамиканың эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, үйсін тайпаларынын еңбек құралдары мен қаруларын білуге мүмкіндік туғызды. Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетте, кұрылыстардың екі үлгісі де бір корымның кұрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым кұрайды, бірақ мұндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген езенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз [68.816].Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бұл ескерткіштердің сыртқы түріндеп айырмашылық олардың этникалык және мәдениетіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Әдетте, үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондықтан олардағы хронологиялык белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жок.
Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердіц жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазық далаларда - топырақтан, өзен аңғарларында - сары топырақтан немесе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақ тастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға бөлуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері құрылысының екі үлгісі - үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап тұратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы коршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Акшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдекайда жні кездеседі (Қалқан-1) [30.146]
Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда – дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарлы бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршаударға алдын ала ойластырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды калауға өзеннің үлкен малта тастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мсн ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5-0,6 м және 0,2-0,3 м. Өсек қорымында (Өсек озенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентектастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызылған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналаскан. Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридианалдық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір кұрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына қатаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедерлері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақ тізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір қыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, сірә, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумақтық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен болса керек[30.134].
Ақырында, кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгерістерді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау. Біздің Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің қазіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады. Оның пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін-ақ сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың ұштасуы болып табылады.Біз сақтар мен үйсін ердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірқатар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялык топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық әволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңдеріне тән екенін көрсетеді. Сірә, әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек [33.616]. Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.
Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды кұрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Беғазының (Орталық Казақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т. б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік.
Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да кұрылымы езгерген жоқ.
Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін беліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, кару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән.
Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. III-I ғасырларға, орта кезендегілері - б. з. I-III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. III-V ғасырларына қатысты.
«Қаратал» кезеңі (б. з. б. III-I ғғ.) - ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап қалған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, Ақшоқы-4, Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормақ-1, Бұрана, Шелпек обалы қорымдары.
Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулептас каланған 5-10, ал кейде 25-ке дейін оба болады белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1-2 немесе 3-4 катардан тұрады.
Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай ұзынынан қазылған. Шұңқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабылған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу ете сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, еліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен - қойдың сан етімен «жабдықталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары - темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған [35.716].
«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы IIII ғғ.) - үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы-3,4, Отеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Актерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3, Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Қапшағай-2, Қалкан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, Қараша, Шошқалы, Ұзынбұлақ, Қызылқайнар.
Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұңқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі - бүйірінде ұңғымасы бар шұңкыр пайда болады, ол шұңқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік қойылатын ұңғыма лақыттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған Қабір қазудың тағы бір түрі - «ақымды» түрі пайда болады. Бүл - сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалқамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұнкырдың солтүстік қабырғасына, түбі онтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек - көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын деңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.
«Іле» кезеңі (б. з. IIIV ғғ.) - ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген кеп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үнгірқора-2, Шолақжиле -1 қорымдары.
Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әрқайсысында 5-7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Актас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі - жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақыт. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек кәзелер, дәнүккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды [34.667].
Үйсін мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл - 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.
Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті әжептәуір толық зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы қоныстар мен қорымдарды қазу айқын да әсерлі материалдар берді, олар үйсіндердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге, еңбек құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиканың әволюциясы мен оның негізгі үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Жоғарыда ертедегі үйсіндердің жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір салты оларда қыстау-қоныстар мен қала үлгісіндегі бекіністі қалалар салынуына себеп болғаны атап өтілді. Ертедегі қытайдың жазбаша деректемелеріндегі азын-аулақ мәліметтер шынында да солай болғанын қуаттайды.
Үйсін мемлекетінің Чигу (Қызыл Анғар) деген өз астанасы болды. Хань шежірелері бұл атауға «чен» деген косымша жалғауға болады деп тапқан, бұл арқылы олар қамал-қала үлгісіндегі бекіністі қоныс дегенді білдіреді.
Б.з.б. II ғасырда Чигученде үйсін гуньмосы Люеьзяоми мен оған ұзатылған кытай ханшасы Цзяндудың сарайы орналасты. Үйдің сәулеттік шешімі мен ішкі көрінісі бізге беймәлім, бірақ құрылысты ежелгі қытай сәулет өнерінің дәстүріне негізделген деп топшылауға болады. Ертедегі үйсіндер қоныстанған бүкіл кең-байтак жерде, сірә, Чигу-ен бірден-бір қала болмаса керек. Қолда бар деректерге қарағанда, біздің заманымыздағы IV-V ғасырларда сяньбилермен соғысқан әлдебір үйсін гуньмосының Хангай тауларында сарайы (қала ма, әлде орда ма?) болған. Ханқ әулеттік хроникасының неғұрлым кейінгі түсіндірушісі ертедегі үйсіндерді отырықшылық мекендері туралы мәліметтерді қуаттап, олар малшы болып, көшпелі тұрмыс салтын жүргізгенмен, бәрібір «қалалары мен елді мекендері болды» деп көрсетеді [25.786].
Бұл хабарлардың археологиялық жолмен расталмауын қала мәдениеті ескерткіштерінің, атап айтқанда Жетісудың бүкіл аумағындағы ертедегі отырықшы мәдениет ескерткіштерінің аз зерттелгенімен түсіндіруге болады. Екінші себебі Жетісудың қираған қалалары орындары стратиграфиясының және соған сәйкес керамикалык кешендерді хронологиялык топтаудың нашар талдап шешілгендігі болып табылады. Соңғысы әсіресе, қала мәдениетін Жетісуға соғдылардың әкелгендігі туралы сынаржақ кағиданы негізге алып, дәстүр бойынша түрік заманына теліп жүрген алдынғы ортағасырлық кешендерге қатысты. Солай бола тұрса да, қала орындарының түрік кезеңі қабаттары мен олардың қабірлерінен және әсіресе соңғы үйсін заманының қоныстарынан табылған керамикалық кешендер (тік әшекейленген тұтқалары бар ыдыстар, ілмек тәрізді тұтқалары бар саптыаяқтар, алуан түрлі көлбеу құлақты қазандар, хумчалар және т. б.) арасындағы көптеген ресми-типологиялық ұқсастықтар түрік керамикасының мерзімін ертерекке (кем дегенде 300 жылға) ысыру қажет екеніне коз жеткізеді. Кең келемді қазба жұмыстарын жүргізіп, стратиграсрияны мұкият зерттеген жағдайда кеп қабатты бірқатар қалалардын (Сүмбе, Лепсі - Шығыс Жетісу; Суяб, Кұлан, Ақтөбе - батыс далалық) төменгі қабаттары үйсін заманына жатқызылатын болады.
Сонымен біздің қолымызда әулеттік хроникаларында үйсін қалалары туралы жоғарыда келтірілген мардымсыз мәліметтерден басқа деректер жоқ оның есесіне «елді мекендер» туралы едәуір жақсырақ білеміз, себебі онда қоныстар мен қыстау-қоныстар туралы біршама кұнды деректер келтірілген.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу