Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Үйсіндердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген озендерінің аңғарларында зерттелді. Шу аңғарларындағы қоныстарда тұрғын үйлердің пішімі тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшықтан соғылған таға тәрізді ошақтармен жылытылған [26.816].
Кеген өзеніндегі Ақтас қонысында кұрылыс сипаты әлдеқайда жақсы сақталған. Мұндағы кұрылыстар кешені тастан салынған 5 тұрғын жай мен бірне шекара-қоңсылардан тұрады. Кұрылыстар ішінде орталығы «шаршы белме» болған, оған іргелес көлемі 126 шаршы метрлік «үлкен бөлме» бар, бұл бөлмеге ұзын да енсіз дәліз арқылы кіреді. «Шаршы белмеде» тастан қаланған жер ошақ орналасқан.
Суық түскенде үйсін отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қыскы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және мал қамайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-бірі жапсарластыра салынған. Олардың едендері балшықпен сыланған жер еден болды. Тұрғын бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық шаршы жерошақтар болды. Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және оларда тамақ пісірілді. Қыс кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында өткен, оның маңынан ас құйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас қол диірмендер табылды. Бала-шағалы терт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ тас обалар үйілді, тас қалама мес қоршау жасалды. Жаз кезінде, кешіп жүргенде, ежелгі авторлардың жазуына қарағанда, үйсін отбасылары «киізбен жабылған дөңгелек жайда» - киіз үйде тұрған.
Үйсін отбасының тамағы ет, сүт және түрлі өсімдіктер болған. Ерлер, әйелдер және балалар жүннен, теріден және жібектен тігілген киім киген. Жібек және баска бетен ел бұйымдары не сауда арқылы әкелінген, не үйсін шонжарлары соғыс шапқыншылықтары кезінде қолға түсірген.
Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең еріс алған. Ыдыстар пайдаланылуы жағынан - тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық (азық-түлік қорын сақтайтын) ыдыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ыдыстардың ішінде ағаштан (негізінен алғанда қайыңнан) ойып жасалғандары да болды, бұлар - тағандары бар шағын табақтар, текше тостағандар, ожаулар болып келеді [27.989].Үйсіндерде құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ыдыстар құмырашы ұршықшасында жасалды, сондай-ақ құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсырылып та жасалды. Керамиканың іш жағында және түбінде матаның таңбасы кездесіп отырады. Ыдыстың қабырғасы жолақ-жолақ болып өсіп отырады, ал жолақтар бірімен-бірі қосылған жіктер сыланып, үстінен түсті бояумен боялады. Ыдыстар түрі жағынан да, пайдаланылуы жағынан да алуан түрлі болды.
Ең көп таралған ыдыс түрлері мыналар: дөңгелек кең түпті тегенелер, олар ішінен жиегі иілген, тік жиектілері сирек, бүйірінің биіктігі мен диаметрінің арақатынасы 2:1; түбі дөңгелек немесе сирек болса да, жайпақ және аузы тар тостағандар. Жалпы алғанда алмұрт тәрізді болып келетін құмыралардың ерекшелігі - мойны тар, биік немесе түбі кең болады. Текше тостағандар екі түрлі: аласа жатаған (биіктігі мен диаметрі бірдей) және биік. Тұтқалары ілмек тәрізді немесе шығыңкы етіліп, бүйірінің ортасына немесе ернеуіне бекітілген, биік текше тостағандарға бүйірінің ортасында ғана болатын тұтқа тән. Көзелердің аузы тар немесе кең, түбі жайпақ және иіні ішке қарай сәл иіліңкі болады.
Ас пісіретін керамикадан табылғаны - жентектелген балшықтан қаралай күйдіріліп, алуан түрлі көлденең және тік құлақ шығарылған, қалың, жайпақ қазандар.
Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері - жарты шар тәріздендіріліп жасалған тегенелер мен кеселер, ілмек тұтқалы текше тостағандар, алмұрт тәріздес құмыралар, бүйірі қалың тобатайлар, жапсырма құлақ шығарылған қазандар. Тұтқасы мен шүмекшесі бар шәугімдер, тікше құтылар, су таситын шүмекшелі құмыралар кездеседі.
Біздің заманымыздың басындағы керамикаға қызыл түс пен бүйірінің тіктігі тән. Кейінгі кезеңде, ПІ-У ғасырларда, түбі дөңгелек ыдыстар аз кездеседі, жайпақ түптілері көбірек ұшырасты [27.896].
Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алды. Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс және табыну заттары - балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандармен құрбан шалатын ыдыстар, кішкене мехраптар мен шырағдандар, қару-жарақ, қанжарлар мен жебелердің ұштары және сәндік заттар - білезіктер, сырғалар мен сақиналар жасалды. Алтыннан ерлер мен әйелдер киімінің, бас киімінің және қаруының әшекейлері, көлемі мен бітімі әр түрлі қаптырмалар жасалды. Зергерлік бұйымдары - алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар, қола түйреуіштер болып келеді, олардың бір шетіне құстың мүсіндік бейнесі салынады, әдетте мүсіндер ез ерекшеліктеріне барынша бейімдей жасалады.
Жұқа жапырақша алтыннан
сақиналар мен қаптырмалар
Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін мейлінше айқын сипаттайды. Табылған заттардың ішінде айыр өркешті түйенің мүсіні салынған екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырға, көптеген қаптырмалар бар. Бұл бұйымдардың бәрі алтыннан жасалып, перузадан өрнек салынған [28.877].
Ерекше бір көз тартатын нәрсе Қарғалыдан табылған тәті. Бұл жалпы ұзындығы 35 см, ені 4,7 см екі бөлектен тұратын алтын жолақ, жолақтың жоғарғы жағына да, төменгі жағына да ені 0,5 см жиек жүргізілген. Оның ішкі беті толған күрделі өсімдік тектес ернектің ортасында тұрған андардың, құстардың, адамдардың бейнелері; бұлар қалыппен қысу әдісімен салынған. Мұнда басын артқа бұрып салынған марал, ұрғашы марал, олардың арасында ұшып жүрген құс, онан кейін үстіне адам мінген, андып басып келе жатқан қанатты жолбарыс бейнеленген; адам басын артына бұрып, қолымен ағаштың бұтағынан ұстап отыр. Онан әрі тұғырда тұрған қанатты ат бар. Тәтінің екінші жартысында жүгіріп келе жатқан аждаһа бейнеленген, оның үстінде сол қолымен аждаһаның мүйізінен ұстап алған адам отыр. Адамның үстінен қаз немесе үйрек ұшып бара жатыр. Онан соң тағы да тұғыр үстінде тұрған қанатты аттың суреті бар. Ақырында, бейнелердің соңғы тобы - ұшып жүрген құс, арқасында адам бар шауып келе жаткан таутеке, төбесінде құстар ұшып жүрген аю, олардың үстінде тағы да арқарға салт мініп алған адам бейнеленген. Адамның қолында гүл бар. Жануарлардың кездері түсті ақық пен алқмандиннен салынған, денелерін оймыш-оймыш перуза жолақтарымен өрнектеген [24.567].
Тәті ежелгі заман қоленерінің тамаша ескерткіші болып табылады. Тегінде тәтіде үйсіндердің діни ұғымдары мен мифологиясы бейнеленген болуы керек.
Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған. Жіп иіру мен тоқымашылық киіз басу, үйде жүннен киім тоқып тігуді қамтамасыз ететіндей едәуір ауқымда болған. Мата тоқу үшін қарапайым тоқыма станогы (қазақтардың «өрмегі» сияқты) қолданылған, Ақтас-2 қыстау-қонысын қазған кезде иірілген жіпті орап отыратын айқыш-ұйқыш орналаскан 4 тесігі бар сүйек қалақша табылды. Үйде мата тоқылғанын бүйірінің ішкі жағында матаның ізі қалған ыдыстар да дәлелдейді, ал олардың көп табылғаны және жалпы жұртқа мәлім екені белгілі.
Былғары ісі - жануарлардың терісін өңдеу және аяқ киім (Қызылауыз қорымының обалы қабірінен табылған былғары аяқ киімнің жұқаналары), ішік, тері шалбар мен бешпент тігу үшін тері илеу, теріден ыдыстар мен ат әбзелдерін дайындау кеңінен дамыды. Тастан еңбек құралдары - кетпен, диірмен, келі; тұрмыс заттары мен сәндік заттар - ұршықбас, мұсат, қайрақтас, түрлі-түсті асыл тастан моншақтар жасалды. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары (Актас-2 қонысы) істелді, сүйек түймелер мен басқа да ұсақ заттар шаруашылық пен тұрмыста пайдаланылды [24.517].
Жазбаша және археологиялык деректемелер бойынша үйсіндердің тілі мен жазуы женінде жөнді ешнәрсе жок. Біз руналык үлгідегі белгілер тырнап салынған призмалык үш қырлы тас және төрт белгісі мен сөз белгіші бар, соңғы үйсін және соңғы сақ заманына (тиісінше б. з. б. IV—III ғғ. және б. з. III—V гг.) жататын кішкенетас ыдыс табылғанын бұдан бұрын айтылды. Алайда олардың жазба ескерткіштеріне жататындығы болжам ғана және оны филологтар қуаттаған жоқ.
Оның есесіне үйсіндердің этникалык-мәдени бабалары - соңғы сақтарда беймәлім әліпбилік жазба ескерткіштің табылғаны бұлтартпайтын факт. Бұл жазуды сол тайпалар шығарып, пайдаланған деп жорамалдауға толық негіз бар.
Үйсіндерге көршілес мемлекеттер мен тайпалардағы лингвистикалық жағдай үйсін қоғамында да әліпбилік жазудың болуына қолайлы еді. Мәселен, III-VI ғасырларда Гаочан (алдыңғы чешилер) елінде қытай жазуы ғана емес, сондай-ақ түрік жазуы да, яғни «көлденең жолдармен» жазылатын жазу да колданылған. VI-VII ғасырларда Кан мемлекетінде (Кангюй үйінің тармағы) тіпті түріктердің зандар жинағы болып, қылмыскерлер сол бойынша жазаланған, мұнда да жазу көлденең жазылған. Сірә, VI-VII ғасырларда Кучада түрік жазуы қолданылған болуы ықтимал, өйткені оның тұрғындары көлденең жолдармен жазған [29.986]. Үйсіндердің тілі мен жазуына ғылыми әдебиетте орын алып жүрген көзқарас негізделу дәрежесі бойынша әр түрлі, бірақ жалпы алғанда жұмыс болжамы денгейінде қала береді.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Абель Ремюза да 1809 жылы Ертістегі үңгірден және Зыряновск руднигінің маңынан Г. Спасский тапқан руналық тоғыз жазбаны зерттей келіп, жазылуы жағынан олардың солтүстік руналарға ұксастығы бар және бұл жазуды «қытайларға үйсін деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағында жаткан жерлерді мекендеген» тайпалардың қолданғаны күмәнсіз деп жазған еді.
А.Ремюзадан кейін ежелгі түркі жазуымен айналысқан шығыстанушылар мен филологтардың көпшілігі оның көзқарасын қолдап, ертедегі үйсіндердің түркі тілдес болуы мүмкін екеніне қосылды.
Кангюй мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындағы құнарлы тау беткейлері, өзендердің аңғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әркайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылыктың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және аддыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар менкалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай кошпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын.
Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды.
Жетіасар алқабында тұрақты емес оазистерді, су жайылғыш тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын керсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофотосуреттерін ажыратып қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Кангюйдің қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдықтары, бақша дакылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, әрік және басқалары) дәнсүйектері табылды [29.886].
Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шұңқырлар қазылған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә, қоныстан тыс жерде, ұжымдық табында ұсталса керек. Кангюйлердің қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палеозоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған [69.996].. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарының табылуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі кұралдармен аулаған.
Тегінде, мемлекеттің билеуші тандаулы адамдары, кейініректе Орталық Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларының көшпелі тұрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса керек. Осыған байланысты қытай хроникаларының кангюйлер билеушілерінің жазғы және қысқы ордаларының әр жерде орналасқанын, олардың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала кетейік [69.877].
Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, кангюйдің қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу