Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Қандай формада болса  да - рулық па, қауымдық па, немесе жеке меншіктің болғанының бір белгісі оның ерекше бір белгімен таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды пайдалану ең алдымен әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты болды, мұның өзі таңбалардың пайда болған кезінен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығармайды.

Кейін, қыш ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтқанда, мініс аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды. Жылқыға таңба салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б. з. ҮІ-ҮІІ ғасырларында кеңінен тарады. Металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғанын көрсетеді. Олардың шығуы туралы мәселе пікірталас туғызатын тақырып болғанмен, мөрлердің таңбасы қандай материалға басылса да, бейнесі сол заттың мөр басқан адамға тиесілі екені барша жұртқа түсінікті белгі болған. Мұндай тұжырымды үйсін моласындағы қыш мөр растайды. Үйсін мөрінің табылуы күтпеген жай емес. Ертедегі хрониктердің мәліметтеріне карағанда, үйсүндердің кейбір әскербасылары мен чиновниктерінде алтын және мыс мөрлер болған[53.516].

Ал қабір жанынан табылған қыш мөр үйсін қоғамында тек шонжарларда ғана емес, адамдардың неғұрлым қалын тобының да өз мөрлері болғанын дәлелдейді. Шонжарларда мөрлер гуньмолар сарайы жанындағы лауазымды адамдар билігінің белгісі болса, ал қарапайым тас және қыш мөрлер, тегінде, әр түрлі қожайындардың меншігін ажырату үшін пайдаланылса керек.

Мәселен, ыдыстардың бүйіріне тырнап салынған белгілерге, аттардың құлағына салған ен-белгілерге, жылқының таңбалары мен ендеріне қарап, жеке пайдалану мөрлері бойынша рулық қауымдық меншіктен жеке иеленетін меншікке дейінгі меншіктің қалыптасу кезендерін аңғаруға болады[53.616].

Жеке меншік туралы жазбаша деректемелерде де айтылған. Сыма Цянқ өзінің «Тарихи жазбаларында» («Шицзи») үйсіндерде «бай адамдардың төрт мыңнан бес мыңға дейін» жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтіреді. Басқа бір деректеме - «Цянқханқшу» (б. з. I ғ.) бұл жәйтті біраз басқаша редакцияда: «байлар 4000-нан 5000-ға дейін жылкы ұстайды» деп қайталайды [53.516]

Н. В. Кюнер «Шицзндің» осы мәлімет жазылған 123-тарауын жаңадан аударды, сөйтіп түсіп қалған жерлерін түпнұска бойынша қалпына келтірді. Оның аудармасында бұл үзінді былай болып келеді: «үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мын жылқы болады». Бұл шағын болса да, бағалы хабардан мынадай қорытынды шығады: жылқыға, оның үстіне үйір-үйір жылқыға, жеке меншіктің болғаны даусыз; малға бай әулеттер болса, кедейлердің де болғаны түсінікті, өйткені олардың байлық дәрежесін мұндай үйірлі жылқысы жоқтармен ғана салыстыруға болады. «Ең байларында» деген сөз әлдеқалай айтыла салмаған, сірә, үйсіндер арасында жай байлар да болса керек. Және, ақырында, байлықтың негізгі өлшемі шаруашылықтағы жылқының саны болғаны да анық.

Алайда, ежелгі үйсіндердін жеке меншігінде болған үй малдарының ішінде, әрине, жылқы бірден-бір түлік болмаған. Ол байлыктың өлшемі ғана болды. Үйсіндердің ескерткіштерін қазған кезде табылған сүйек қалдықтары бойынша үйсіндердің малы құрамында қой көп, бірақ сиыр, қашыр, ешкі де болған. Бұл жануарлар да ірілі-ұсақты қожайындардын меншігінде болды деп санауға негіз бар.

Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде - мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке меншік өнімдеріне айналды, өйткені оны айырбасқа беруге болатын еді. Шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болған көшпелі тайпалар көшіп жүретін түрмыс салтының нәтижесінде басқа халықтармен үнемі араласып жүрді. Мұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың біршама ертерек шығуына, сол арқылы байлықтың жинақталып, мүліктік теңсіздігінің дамуына себепші болды. Жетісудың ертедегі үйсіндерінде нақ осындай үрдіс дамыды [53.566]. Жер пайдалану және иелену объектісі бола тұрса да, табиғат өнімі және қозғалмайтын байлық ретінде әлі басқаның қолына кешуге келмеді. Бірақ үйсіндерде малға жеке меншік болғандықтан, жерді жер қатынастарының бірден-бір түрі ретінде толық тең пайдалану мүмкін емес еді. Мұнда жер жөніндегі қатынастар жеке меншікті және тіпті мұрагерлік жолмен пайдалану түрінде болды деп топшылауға негіз бар. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер - менің жерім» деген белгілі принцип ежелгі заманнан бері, жер маусымдық жайылымдарға бөліне бастаған заманнан бері белгілі болды, ал жерді бұлай бөлу көбіне іс жүзінде оның монополиялық жолмен және мұрагерлікпен иеленуге бекітілуі болып шығатын еді.

Жерді жеке меншіктеніп иеленудің қалыптасуын жазбаша деректемелердің мәліметтері дәлелдейді. Бань Гудің «Цзянь ханшудағы» хабары бұл жөнінен едәуір ынта-ықылас туғызады: «Ол кезде ұлы гуньмо Цылими билікті өз қолына (ұстап) тұрды, ал лин-хоулардың бәрі (қорыққандарынан оған бағынды. Ол жұрт жылқы және мал баққанда жайылымға кірмесін деп жариялады». Бан Гу шығармаларының түсіндірушілері, оның ішінде Ян Ши-гу (VII ғасыр) «жайылымға кірмесін» дегенді «Гуньмо жайылымына» деп ұғыну керек деп түсіндіреді. Назар аударарлық бір жай - мүндай мәлімдеме Цылими гуньмо ретінде «билікті өз қолына мықты ұстап тұрған» кезде жарияланады[63.816].

Тегі б.з.б. I ғасырда-ақ ежелгі үйсін коғамында шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталған болуы керек. Көшпелі қоғамдардың бәрінде де орын тепкен жазылмаған заң - кімнің малы болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы - үйсіндердіңде нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді. Егер бай үйсіндердің терт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін сапасы орташа 8-10 га табиғи жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар табиғи жайылым керек екенін есептеп шығару қиын емес.

Тегі, негізгі байлық - мал басын сақтап, көбейту үшін неғұрлым қажет қысқы жайылым ғана жеке меншікте болса керек. Бұл жердегі қысқы үй-жайлар мен ата-бабалардың зираттары жер алқаптарын іс жүзінде мұрагерлік жолмен иеленуді баянды етті.

Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында үйсін жоғарғы топтарының қолдарында қозғалмалы мүліктер қорлана берді де, мүліктік теңсіздік езушілердің үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте түсті. Сөйтіп тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға өтпелі кезеңге тән қатынастар қалыптасты, қоғам әлі құл иелену формациясының да, феодалдық формацияның да аяқталған түрлеріне жете қойған жоқ, шаруашылықтың ерекше үлгісімен байланысты өзінше бір сипатта болды және мұның өзі әлі күшті патриархаттық-рулық институттардың, жайылымдық көшпелі қауымдар мен қандас туысқандық қатынастардың қатар өмір сүруімен байланысты еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Ғұндардың көшпелі мал шаруашылығы және табиғи орта

 

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және қой-ешкі өсіреді; біразы түйе, есек ұстайды. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен амақтанады, олардың терісін киім қылады, жүн мен аңтерісін жамылады». Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл атқарды. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасады, жүннен киіз басылды.

Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда куаңшылық немесе қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.

Қытай әскерлерінің ғұндарға жорықтары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халықтың жан басына шаққандағы орташа мал санын анықтауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірілген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар өздерінің реляцияларында былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолғатүсірілді - 15 : 1; 100 тұткын мен 2 мың бас мал - 20 : 1; 300 және 7 мың - 29 : 1; 19 жоне 100 -5:1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай арақатынас оңтайлы болатын [77.16]. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» деп жазылған. Байкал сыртындағы Нижне-Иволгинск қала жұртын қазған кезде еденді сылаған балшық арасынан туралған сабан шықты. Нақ осы жерден қысқы, тұрақты жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар кандар жүйесімен жылытылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орақ, тас дәнүккішгер және астық сақтайтын ұралар шықты. Адам жерленген ағаш қималар да ғұндарда отырықшылық болғанын дәлелдейді.

Ғұндар өмірінде аң аулау маңызды рөл атқарды. Бұл жөнінде деректемелерде былай делінген: «... балалар қойға мініп, садақ тарта алады және құстар мен тышқандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады. Олардың арасында орнаған ғұрып бойынша, тыныштық кезде мал бағып, оған қоса құс пен аңаулайды, сөйтіп тіршілік етеді». Ғұндардың қабірлерін қазған кезде киіктің, қабанның, құланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.

Қабірлерде керамика - құмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалған, мұның өзі қыш-кұмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек маталар, айналар, кез салған әшекейлер кездеседі. Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгердің қару-жарағы - садақ пен жебелер. Қазба жұмыстарының материалдарына қарағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ертедегі садақ ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садақтың жағы сүйек қаптырмалармен қапталды (барлығы жетеуге дейін), екі ұшында адырнаны байлайтын кертпешесі бар екі қаптырма, ортасына - жебе атылатын жеріне трапеция тәрізді қаптырма орнатылды. Осылайша садақтың иілгіштігі күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш қырлы темір ұш салынды. Садақтың екінші түрі үлкен әрі ауырлау болады. Оған ұңғысы бар үш қырлы салмакты темір ұшты жебе қолданылды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Дөңгелек және сопақ сипаттағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жақтаулы қалқан да болған.

Деректемелерге  қарағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды рубасылары (ақсақалдар) басқарған. Рулық кұрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары сақталды. Деректемелерде былай деп айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды, олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын күні көк рухына құрбан шалынды сол жиналыстарда рубасылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтайды». Алайда ғұндардың патриархаттық-рулық құрылысы қойнауында жаңа қоғамдык қатынастар пісіп-жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды қазған кезде табылған алтын бұйымдар, қымбат маталар ғұн қоғамы үстем топтарында жинақталған байлықты дәлелдейді [50.136]. Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктің болғаны туралы мәліметтер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарының хань елшісі Суға екі рет жылқы үйірі мен қой отарын тарту еткенін және сыйлық ретінде мал бергенін айтады.

Ғұндардың дағдылы  кұқында мыналар көзделген: «Ұрлық жасап кінәлі болғанның жері алынады; шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұткынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар (соның) құлдары мен күңдері етіледі»; «...ұрыс алаңынан қаза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады».

Сыма Цянь бұдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп, бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сыртқы дуалдармен қоршалған қалалар, тұрақты тұратын жері жоқ болса да және егістік өңдеумен айналыспаса да, әрқайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар». Ғұндарда ауыл болып кешіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал деректемелерде айтылатын «әрқайсысының өзіне бәлініп берілген жер учаскесі бар» деген сөздерді жеке қожалықтарға жатқызуға болады[54.516].

Қабірлерден шыққан материалдар ғұн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын айқын сипаттайды.

Ғұндарда  соғыс тұтқындарынан және бағынышты  өңірлердің халқынан тұратын құлдар болған. Олар үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды. Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әркайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда шаньюй өзіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін қайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түменбасыларының да нақ сондай құқығы болды. Лауазымдар мен жоғары шендер мұраға қалдырылды. Қарапайым халықтан алынған салықтар туралы мәліметтер бар.

Сонымен үйсін және ғұн қоғамдарындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар шамамен алғанда бірдей даму деңгейінде болды. Оларда ертедегі алғашкы таптық қоғамдардың құрылуы кезінде қанау мен байлық жинаудың әр алуан түрлері қалыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі тұтас алғанда бүкіл жүйені анықтайтын доминанттық маңызы қалған жоқ. Сондықтан кұлдардың және кұл иеленушілік қатынастардың болғанына қарамастан, бұл қоғамдарды кұл иеленушілік немесе патриархаттық-кұл иеленушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Үйсіндер, ғұндар қоғамдарының үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір сипатты белгісі өзінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемлекеттіліктің қалыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық кұрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардың бейнесін алып, оларды жаңа жағдайларға бейімдеді[51.616].

Ертедегі түрік қоғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән әр түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің қатар өмір сүруінің жағдайында феодалдық қүрылыс барған сайын тереңірек айқындала түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Көне заман тайпаларының салт-дәстүрлеріндегі географиялық

ортаның   әсері

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу