Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Алайда малдың басым  көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылыктың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Ертедегі мал өсірушілердің шалғай жайылымдарға айдау мен тебінге, қысы суық климат жағдайларында азығын қардың астынан аршып жеуге бейімделген мал тұкымдарын өсіріп шығаруға ерекше назар аударуы тегін емес. Сақтардың мал шаруашылығының негізі қой шаруашылығы болды. Бұған зерттелген обалардың көпшілігінен қой сүйектерінің ет тағамдары қалдықтарының табылуы дәлел бола алады, ал б. з. б. I мыңжылдыктың орта шеніндегі грек авторы Хәрил сақтарды қойшылар деп атаған[64.616].

Қой етті мал ретінде ғана өсірілген жоқ, одан киіз басу, арқан есу үшін және жіп иіру үшін жүні де пайдаланылды. Бесшатыр обаларынан табылған заттар дәлелдеп отырғанындай, сақтар киіздің неше түрін: киіз үйге ұстауға және жерге төсеуге арнап қарапайым қалың, қара киіздер және киім мен бас киім тігу үшін жұқа әрі жұмсақ талдырма киіздер баса білген.

Обалы қабірлерден шыққан мал сүйектерін зерттеу осы заманғы қазақтың құйрықты және ұяң жүнді тұқымдарына жақын қой өсірілгенін көрсетті. Отарда қылшық жүнді қой басым болған, бірақ биязы жүнді қой да өсірілген.

Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. Сақ заманындағы жылқының екі тұқымы болды. Тез семіретін және қысқы тебінге әбден төзімді, жатаған тебін жылқысы ең көп тараған тұқым болды. Олар жабы (берк) тұқымдас далалық қазақ жылқысына ұқсас еді. Сақ жауынгерлері мен ақсүйектерінің қабірлерінен жылқының шоқтығы биік, міністік тұқымы да (Пазырык, Тасмола) ұшырасады.

Жауға мінетін ең жақсы сайгүліктерге ерекше күтім қажет болды, оларды көшпелілер айрықша жоғары бағалады, сірә, оған тек ру-тайпа ақсүйектерінің қолы жететін болса керек. Олар жауынгердің жеке меншігінде болды және иесі өлсе, бауыздалып, оның жеке заттарымен бірге көмілген.

Тегінде, Қазақстан мен Алтай аумағының ертедегі тұрғындары жергілікті тұқымдарды Орта Азия тұқымдарымен будандастыру әдісін білсе керек, бұған қоса жергілікті далалық малдың жақсыларын тұқымға қалдырып отыратын болған. Оларды әдейі іріктеп алынғанын Страбонның хабарынан аңғаруға болады.

Табылған сүйектердің біршама аздығына қарамастан, Қазақстанның орманды-далалық және таулы-далалық аймақтарында сиыр малын да өсірілген деуге болады. Шөлдер мен шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары айыр өркешті түйе есірген. Б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінен бастап-ақ қолда өсірген түйелердің сүйектері Қазақстанның андроновтық тайпаларының қоныстары мен қорымдарында (Атасу, Устқ-Нарым, Алексеевка) кездеседі. Бұл түліктің көптеген бейнелері Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандарының жартастағы суреттерінде көп кездеседі. Айыр өркешті түйенің бейнесі сарматтардың кола және сүйек тоғаларында, Бактрия теңгелері мен Алдыңғы Азия сарайларының бедерлерінде жиі ұшырасады, ал оның сүйектері Соғды мен Хорезмнің отырықшы-егіншілік қалаларының жұртын қазу кезінде табылды[64.616].

Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан әрі дамыды. Қаратау жотасы мен Шу-Іле тауларының (Таңбалы, Қойбағар, Арпаөзен) жартастарындағы суреттері, Таулы Алтайдың обаларынан табылған заттар жүк арбалары мен соғыс күймелері сияқты көлік түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Жүк арбалары екі, төрт және алты доңғалақты болған. Олар жөніндегі мәліметтер жазбаша деректемелерде сақталған. Мәселен, Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп, былай деп корсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты болады. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылады, үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған күркелі арбалар жасалады, олар жаңбыр мен желден пана болады... Бұл арбаларда балалары мен әйелдер тұрады, ал ерлер қашанда ат үстінде болады». Мұндай арбаларға өгіздер, аттар мен түйелер жегілген [63.516].

Соғыс және аңшылык күймелері әрқашанда екі доңғалақты және доңғалактар кұрылысының мейлінше әр түрлі болуымен ерекшеленген. Олардың ең ертедегілері андронов кезеңінің арбаларына орнатылған тұтас доңғалақтардың орнын басқан төрт шабақты доңғалақтар болды.

Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Жетісудың жартасындағы суреттерінде ұшырасқан күймелер мен жүк арбалардың көптеген сұлбалары соңғы андроновтық тайпалар мен сақ тайпаларында осындай көлік түрлерінің тарағанын көрсетеді. Солтүстік Қаратаудың жартастарынан жеңіл күймеге жегілген қос аттың ілуде бір ұшырасатын суреті (Қойбағар қойнауы) және осындай арбамен жүріп аң аулаудың сирек кездесетін көрінісі (Арпаөзен қойнауы) табылды. Соғыс күймелеріне көбіне ат жегілген. Алдыңғы Азиядан, Кавказдан, Шығыс Европадан және басқа да аудандардан осындай ондаған суреттер табылды. Ат жегілетін күймелер туралы көптеген деректер ежелгі иран және ежелгі үнді текстерінде - Авестада, Ригведада, Махабхаратада бар, олардың Қазақстан жерінен де көп табылғаны мәлім. Сонымен бірге одан түйе жегілетін соғыс күймелері табылды[64.656].

Ежелгі сақ заманының жүк және соғыс арбаларына тән ерекшелік - көлік жегудің тертелі деп аталатын қарапайым әдісі болды: қос ат немесе түйе айыр тертеге жегілді, не тертенің ұшына бекітілген мойын тұрықтың екі жағына салынған қарапайым қамытқа жегілетін болды. Мұндай әдіс жартастардағы суреттерде жақсы көрсетілген. Тертелі, кұрылысы күрделі әсем арбаның тамаша үлгісі Пазырык-5 обасынан мәлім. Б. з. б. VI-V ғасырларда тертелі кұрылымдарды неғұрлым қолайлы әрі төзімді жетекті кұрылымдар ығыстырып шығарды. Әмудария көмбесінен табылған күйменің алтын көшірмесінен-ақ көлік жегудің осы жаңа тәсілі аңғарылады [64.566].

Шаруашылыктың жетекші түрлері - мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа бірқатар сақ тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау кәсіптері де қоса жүрді. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпаларда аңды салт атпен қаумалап аулау, иттердің көмегімен қуып аулау болғандығын көрсетті. Таутеке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ ауланған.

Балық аулау Ертіс жағалауында және Страбон «батпақты, аралды ел» деп атаған Сырдария атырауында тарады. Қуаңдария мен Жаңадарияның көне арналары бойындағы қоныс жұрттарынан балық аулайтын көптеген кұралдар табылды.

Үйсундер шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты.

Үйсундердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының үйсундердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл – көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда ол үйсундер жөнінде онша дәл емес[64.546].

Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдықгың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX-VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезеңде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден тұратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, уйсундер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі.

Ежелгі үйсундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің қалдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың тұрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады.

Ақтас-2 (Шығыс  Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау-қоныстарын қазғанда алынған орхеологиялық материал үйсундердегі малдың түліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетеді.

Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау қонысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) проценті назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс үйсундеріне қарағанда батыс Жетісу үйсундеріне көбінесе отырықшылық тән болғанын айқын көрсетеді. Мұндай айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен, сондай-ақ Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу үйсундерінің мал кұрамында үй малдарының барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр. Хан әулеттік хроникаларында үйсундерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал ұлы және кіші гуньмолалардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған.Үйсун гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылқы мен қашыр айдатып жібереді екен. Таулы аудандарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші елдердің білгірлері оларды төзімділігі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «қантерлі аспан» аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, үйсундердің жылқысы «батыс шек» деп аталған [62.216].

Теңлік обасынан табылған, салт аттының суреті салынған алтын қаптырмалардан үйсін жылқысының тұқымын білуге болады. Ол бейнеге қарағанда, бұлар ірі де биік, бұлшық етті, басы үлкен, құйрық-жалы ерілген немесе күзелген болып келетін жылқылар. Үйсін жылқысының Теңлік қаптырмаларындағы бейнесі б. з. б. I мыңжылдықтың аяғындағы - б. з. I мыңылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипалдың аңшылық бедерлеріндегі, Персеполқдегі мидиялык және сириялық бедерлеріндегі, Иранның күміс табақшаларындағы сасанилер патшаларының аң аулау көріністеріндегі) Евразия жылқылары бейнелерінің бәрінен де дерлік ерекше.

Үйсін жылқысының бейнесі Персеполь бедеріндегі сақ жылқысына және Сібірден табылған (Петр коллекциясы) алтын қаптырмада суреті салынған, жыртқыш аң жұлмалап жатқан жылқы бейнесіне көп жағынан ұқсас келеді. Бұл бейнелердің бәрінде де аттардың кекілі мен жалын әсемдеудің ұқсастығы, олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде ұқсастық таңғаларлық.

Жартылай  көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Қейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды, шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды.

Егіншілік және отырықшылық Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы - тас кетпендер және егін жинау құралы - қола орақ (сынығы). Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамының тұрақты тамақ құрамына кіргенін айқын көрсетті. Мәселен, Актас қыстау-қонысының үйлерінде 11 бүтін дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сынықтары табылған; олардың бәріде ұзақ уақыт пайдаланудан әбден тозған.

Ақтас қыстау-қонысының  теңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байқалды. Мұнда арықтардың және аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын танаптардың іздері табылды, бұларда, шамасы бақша дақылдарын өсірген болуы керек [62.516].Өңделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналасқан, арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайларында да кездеседі.

Үйсіндерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бақша дақылдарын күту де жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді.

Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды қажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін.

Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама кем болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік кұралдарының (кетпен) сипаты егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген.

Ежелгі үйсіндерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Банқ Гу былай деп жазады: үйсін гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын үйсіннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген.

Хә Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі үйсіндер жер өңдемеген, бірақ «ағаш егетін болған» деп жазады. «Ханқшуды» түсіндіруші Янқ Ши-Гу - б. з. VII ғасырдың тарихшысы - «ағаш егеді» деген сөз «ағаш отырғызады» деген сөз» - деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун үйсіндер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болсада, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі қытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар женіндегі дәстүрлі ұлы державалық саясатынан туындап, олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды [56.816].

Мәселен, отырықшылық  пен егіншілік ертедегі үйсіндерде біздің заманымыздың алғашкы ғасырларында-ақ болған деуге негіз бар, ал б. з. Ш-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы, тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.

Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап етілгеніндей, көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан кадам болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдык, тайпалық және рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлықпен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді.

Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалык ақсүйектердің қоғамның үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көрсетіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарының табылуы кездейсоқ емес. Бір ғажабы олар енді бірлі-жарым немесе тіпті топтық құрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе топырақ обалардан тұратын қорымдар. Олар үйсіндерге дейін-ақ пайда болып, үйсіндер заманында барған сайын көбірек таралған.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу