Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде Жетіасар мәдениетінің иелері әр түрлі әтникалык топтардың ретрансляторы ғана болған жоқ, сонымен бірге өздері Еуразияның көптеген халықтарының әтномәдени тарихында елеулі рөл атқарды[26.467].
Ежелгі дарияның солтүстік тармақтары Ескідариялық және Қуаңдарияда тоқтағанмен, шығыс Арал жазығында тайпалардың тіршілік етуі толық дерлік жойылған жоқ. Жетіасар мәдениеті иелерінің әр түрлі топтары түрлі бағытта қоныс аудара бастады: Сырдарияның оң жағалауы бойынша оңтүстік-шығысқа (Іңкәрдарияның қайта суға толуына байланысты біртіндеп сол аймақта қалып отырды), және оңтүстік-батыс бағытта казіргі Амудария аңғарына (мұнда кердер мәдениеті қалыптасты), сонымен бірге батыс-солтүстік-батыс бағытында Сырдарияның қазіргі сағасына, бұл жерден әрі Еділ бойымен Солтүстік Кавказ аймақтарына (мысалы, бахмутин және салтов мәдениетінде Жетіасарлық белгілер байқалады) жылжыды. Осы уақытта Сырдария аудандарында «Жетіасарлықтарға» туыс тайпалар өмір сүрген еді. Мұнда Жетіасар мәдениетінің иелері қоныс тепкеннен кейін, осы жерде «балшы қыстақтар» (б.д.д VII) деген атпен гүлденіп көркейеді. Кескен-Күйік қала, Күйін қала, Жанкент деген қалаларға 1946 жылы С.П.Толстов жетекшілігімен ХАӘЗ алғаш рет зерттеу жүргізген болатын [46; 34, 198 б.], ал 1962 ж. әкспедицияның маршрутты отрядымен қайталап зерттелінді. «Балшық қыстақ» тұрғындарын С.П.Толстов, оғыздармен, ал Жаңакентті - «оғыз патшасының» резиденциясымен байланыстырды.
Хорезм әкспедициясының жұмыстарында Сырдария аумағындағы ІХ-ХҮ ғғ. ескерткіштерді зерттеуге көп көңіл бөлінген. Алқаптың шығыс жағында (мысалы, Сарлы-қала, Заңғар-қала, Жентте, Асанаста, Ұйғарақта) әр кезеңдеген ондаған қалалар - мал өсіретін тайпалар қыстақтарында (оғыз, печенег, қимақ қыпшақ және т.б.) және батыс аудандардағы (мәселен, Ащынансай-қала Майнарқандта) отарлаушы-хорезмдіктердің қоныстарында жұмыстар жүргізілді.
Бұл зерттеулер 1946 жылы басталып, 1958, 1959-1961, 1966, 1968, 1971-1972, 1986 жылдардағы зерттеулермен жалғасты [34, 273-294 б.б.]. ІХ-ХІ, XII XIV, ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы және одан ерте кезеңдегі 90-нан астам қыстақ пеқ қоныстар, сонымен қатар ХУҢ-ХІХ ғ. басындағы қарақалпақ және қазақ мазарлары зерттелінді. Зерттелінген мазарлардың кейбіреуі ХІ-ХҢ ғғ. (мысалы Сарлы-там мазары Іңкәрдариядағы) және ХІҮ-ХҮ ғғ.(мысалы, Жаңадариялық Сырлы там мазары) жатады. Көптеген казақ мазарларында көп бояулы нақыштар (Жаңа қала қыстағына жақын орналасқан Шатпай мазарларында) сақталған.
Жоғарыда көрсетілген қыстақтар мен мекендер алдын ала зерттеуі оғаш өткізілді. Тек қана Асанас қаласы мен Мырзалы қонысы қорытыланды (1968,1972 ж. Н.Н.Вактурской жүргізген қазба). Бүл қыстақтар мен мекендерді зерттеу оларды бірнеше топтарға бөлуге мүмкіндік берді. Қыстақтың Іңкәрдариялық және Жаңадариялық аумақтарындын батыс бөлігінде орналасқандары (Сарлы-там кала, Заңғар қала, Мартық қала Сайқүдық кала өңірі, Қыз-Молда және т.б.) ІХ-ХІ ғғ. салынған болуы ықтимал олар шексіз көптігінен үш бөлімге жіктеледі. Цитадельді үш жағынан бір қабырғалары бар қаланың территориясы жалғасып жатыр [34, 277 б.]. Қыстақты қалған цитадельдерінің алаңдарында жеке ғимараттар және тұрғызылмаған кеңістіктер байқалады.
Қыстақтар мен мекендердің өзіндік керамикалық кешендерінде ерте Жетіасар кезеңімен байланысты материалдар біраз ұшырасады. Бұл қыстақтардың көпшілігі ХІ-ХІІ ғғ. өмір сүруін тоқтатқан болатын. Бірақ жеке шығыс Іңкардариялық кыстақтар ХІ-ХІІ және XVI ғғ. дейін өмір сүре берді Жоғарыда аталып өткен кыстақтар қандай да бір оғыз тайпаларымен байланыста болуы мүмкін.
Іңкардария-Жаңадария аумақтарының орталық және батыс бөліктерінде батыс меридианды жазығында сияқты, ондаған қоныстар зерттелді. Бұл мекендерде көп бөлмелі үйлер, бау-бақшалар бар (Мырзалы Майнарқан 1-2 Арсыбай, Іркімбай, Үйғарақ және т.б. қоныстары). Олар ХШ ғғ., кейде XII-XIX ғғ. жаткызылады. Олардың керамикалық заттары Хорезм ыдыс-аяқтары ұқсайды. Соңғысы, бұл қоныстардың хорезм отарыңда болды деп болжам жасауға мүмкіндік береді[63.197].
XIV ғ. кейін қыстақтар мен қоныстар саны күрт азайды. Тек Жент, Асанас Жанкент сияқты ірі негізгі қалалар ғана өмір сүруін жалғастырды. XVII ғ. тек Ерембет-кала мен Дайрабат-кала сияқты жекелеген қоныстар тән. Онда ішкі құрылыстар әлсіз және бір ғана қабырға болды. XVIII ғ. бұл аудандарда қарақалпақ бекіністері түрғызылды (Оралбай қала және т.б.) [10. 286 б.], ал кейіннен қазақ мекендері бой көтере бастады. Ішкі алаңда киіз үй орындары сақталған (мәселен, Қызылорданың оңтүстікке қарай орналасқан Ерембет қала).
Барлық жоғарыда айтылғандар сақтардың географиялық орналасуын деректік негізде көрсетеді. Дәл осы жерде әр түрлі этностардың жүз жылдар бойы тұрақты өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Осының бәрі бұл аймақта болып жатқан этногенетикалық процестердің қиындығы мен ерекшелігін негіздеді. Соның нәтижесінде С.П.Толстов 40-жылдардың өзінде Арал аумағын этникалық тарихтағы аса маңызды территория деп көрсетіп, оны «этногенездің аралық түйіні» деп атады [47.676].
1.3 Сақ тайпалары мәдениеті мен өнеріне (Аңдық стиль) қоршаған ортаның әсері
Сақ (скиф) мәдениеті Карпат, Дунай, Батыс Тянқ - Шанқ, Таулы Алтайдан бастап Памирге дейінгі аймақтарда қалыптасты. Мәдениеттің мұндай тұтастыгын сақ шеберлерінің бейнелеу өнеріндегі "аң стилімен" байланыстырамыз. Сақ (скиф) "аң стилі" сақ мәдениетінің синониміне айналды.
Орта Азияда б.з.VПІ ғасырда тараған ислам дінінің әсерінен кешпелілердің бейнелеу өнері өзгеріп, ислам ұстанымында жанды нәрсенің суретін салуға тиым салынды. Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан сақтардың "аң стилі" қолданыстан толықтай шығып қалды. Сақ (скиф) шеберлері кескіндеме, қолөнер бұйымдарында "аң стилін" талғаммен үйлесімді қолданып, қияли бейнені ұтымды бере білген[34.196].
Сақ (скиф) жәдігерлері эстетикалық, сапалық
жағынан қазіргі мүсін,
кескіндеме, бейнелеу өнеріне қарағанда
жоғары деңгейде өзіндік
мәнермен жасалған. Қола, темір, алтыннан
ойып, құйып сақтар
жасаған аң, жануар, құс мүсіндерінде табиғилық
сипат басымдау.
Ежелгі аң, жануардың шынайы, қияли образын
түгелдей көріністе
бейнелеу сақтардан бастау алады. Ежелгі
адамдар өздерін табиғаттың
ажырамас бір бөлігі деген дүниетанымнан
болу керек, олар қоршаған
ортаны бейнелеуде асқан
шеберлік танытты. Олар рухани
танымдарын өнертуындыларында өсерлеп
бере білген. Олар мінезін,
қимыл-әрекетін асқан дәлдікпен
келтірген. Ауызы ақсиып, жемтігіне
ұмтылған жыртқыш аңның қимылы асқан
нәзіктікпен берілген.
Олардын, арпалысы мен жеу
сценасында табиғилық нысандар басым.
Талайды тамсандырған көшпелілердің
ғажайып "жаптарлар стилі"
бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде толық
қанды зерттелген жоқ. "Аң
стиліндегі" арыстанның
текені немесе елікті жеу сценасы күзді
тұспалдаса, арыстанның өгізді жеу
керінісі кешпелілердің кектемде
наурызда тойланатын жаңа
жылдың нышаны[34.656].
Көшпелілерде көктем өмірдің жаңаруын, малдың көбею нышанын білдіреді. Корлисс Ламонт: " Көктемде өсімдіктердің қауіп төнуі адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Қыс айналадағы өсімдіктерді өлтірсе, көктем тірілтеді. Өлім мен өмірге келу үрдісі үздіксіз жалғасып жатады. Бұл үрдіс өлімсіз мистикалық ескі өмір мен мистикалық жаңарудың ісіне асыру мүмкін"-дейді[34.616].
Табиғи ортаның әсерінен ежелгі адамдардың діни дүниетанымы мифологиямен өте тығыз байланысты болған. Табиғат - әлемдегі барлық интелектуалды, сол сияқты дүниедегі қоршаған ортаны жаратқан деп қарасақ, біз шексіз уақыт болмысын қарастырамыз. Әлем, кеңістік уақыт ежелгі адамдардың ұғымында шексіз дүние. Сондықтан олардың түсінігінде әлем, уақыт шексіздігі болмыста қорқыныш сезімін тудырады. Сондықтан ежелгі адамдар өздерін табиғи тылсым күштерден тотем, табу арқылы қорғауға тырысқан. Тайпа тотемдері болып аң, жануарлардың шынайы, қияли бейнелері алынған. Зидмунд Фрейд: "Тотем бір тайпаның, бір жанұяның қорғаушысы болып есептеледі. Тотем балалардың болашаққа болжаушы, оларды қорғайтын магиялық өсері бар тұмар болып табылады. Тотем қасиетті болып есептеліп, оны өлтіруге, етін жеуге тыйымдар болған"- дейді. Зигмунд Фрейдтің бұл тұжырымдары полинезиялықтарға қатысты айтылғран[34.616].
Сақтар(скиф) табиғи ортаның әсерінен тотемдеріне арнайы мейрам өткізіп, немесе оның етін жеуден бас тартпаған. Сақтар тотем ретінде бейнелеген аң, құс, жануарлардң етін жеп, терісінен киім тігіп, жүнінен тоқып түрлі маталар жасаған. Сақтардың тотеммен қатар табуға қатысты түрлі наным-сенімдері қалыптасқан. А.Айғабылов:" Табу о баста соқыр сенім мен тыйым салу арқылы қалыптасса да, ол ер арасында әдет-ғұрыпқа айналып кетті. Айналадағы өзі қорыққан сенімсіз күшке қарай түрлі атаулар пайда болды. Қазіргі қазақ тілінде адам атына ғана байланысты табулар кездеседі" - дейді. Мұндай тыйымдар олардың рәсімдері мен бейнелеу өнерінде байқалады. Табу - полинезия сөзі. Бұл сөздің дәл мағынасы жоқ. Табу - римдіктерде, грек, еврейлерде, Африка, Орта Азияда кездеседі. Табу - көп жағдайда діндік моралқьық тұрғыдан туады. Табу - құдайға табынудан емес өр халықтың өздерінің тыйымдары арқылы жүзеге асады. Діни моральдық тыйымдардан табудың ерекшелігі, оның пайда болу себептері туралы тарихи деректер жоқ. Бұл өр халықтың дөстүріне сіңіп кеткен ғұрып ретінде өздігімен қолданады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын бұл тыйымдарды ешкім жоққа шығармайды. Табудың тұспалданған түрін шынайы немесе табиғи тұрғыдан тылсым күштерге жатқызамыз. Зигмунд Фрейд: "Табудың қолдану аясы әр түрлі. Біріншіден көсемдерді, тайпаның беделді адамдарын, бақсыларды сондай-ақ айналаны қоршаған заттарды қорғау, екінші идея адамзатты құдайдың қаһарынан, жын -шайтандардан қорғау" - дейді. Ежелгі адамдар табиғаттың тылсым күштерінен жөне апаттардан өздерін сақтап қалу үшін тотемдер мен табуларды өздерін қоршаған заттардың бөріне бейнелеген[34.216].
Табиғи ортаның әсерінен сақтардың түрлі өнерде қолданып, белгілі рәміздік ұғымды білдірген. Аңдардың жануарларға атылған сәті немесе аң ауызында бейнелену керінісі сақтардың керкем өнерінде негізгі орын алады. Ғалымдардың пікірінше "Шумер абыздары шоқ жұлдыздар бір-бірін алмастырғанда маусым өзгеретінін байқаған. Бұл кезде аспан дағы Арыстан мен патша жұлдызы көрініп, ал Үркер мен Елік жұлдыздары болса жерге түсіп, 40 күн көрінбей кететін. Көнек пен Теке жүлдыздары 15 майда туған кезде керісінше Арыстан мен Патша жоқ болып кетеді. Осындай алмасулар араға қырық күн салып, күз айларында да керісінше қайталанатын.Шумер абыздары сияқты көшпелілердің астрологиямен таныс болғанын археологиялық қазба жұмыстарынан кереміз. Олар қолөнерде космогониялық таңбаларды түрлі мәнерде көп бейнелеген. Сақ (скиф) бейнелеу өнеріндегі аң мен жануарлардың, қүстардың арпалысы мезгілдің ауысуының нышанын білдіреді. Ал, бейнелеу мөнерінде сақтар көп қолданған арыстан, теке, елік, бұқа аспандағы жұлдыздарды тұспалдайды.
Табиғи ортаның әсерінен ежелгі адамдар астрологиялық жыл санауды аң, жануарлардың атымен атап қоятын. М. Қадырбаевтың пікірінше " сақтардың (скиф) бейнелеу өнерінде "аң стилінің" мағиялық күшіне табынушылық б.з.б. 1 мыңжылдықта қалыптасқан. Олардың композициясында аң мен жануарлардың арпалысы мен бірі-біріне атылу сөттері бейнеленген"-дейді. "Аң стилі" ежелгі адамдарға рәміздік ұғымда ақпарат беруде үлкен рөл атқарған. Ежелгі адамдар аң, құс пен жануардың арпалысу көрінісін "адамгершілік" пен "зұлымдықтың" күресі деп түсінген. Сақ(скиф) шеберлерінің бейнеленген аң, құс, жануарлар адамға эмоциялық ерекше өсер етеді. Олар бейнелеу менерінде аң,құс, жануарлардың өзіндік ерекшеліктерін дәлдікпен бере білді. Суретте қияли образ жасау үшін аң,қүс, жануардың дене мүшелерін аралас колданып, өмірде кездеспейтін мифтік образдар жасайды. Мысалы: аң тұмсықты грифон, құс тұмсықты бұғы, тау ешкінің мүйізі қондырылған ат, бүркіт грифтері т.б. М. Куадырбаевтың пікірінше: "Бейнелеу өнеріндегі "аң стилі" ежелгі адамдардың табиғатпен жақындырын, олардың эмоциялық әсері мен ішкі рухани жағдайының айнасы іспеттес болды. Өйткені олар үнемі "зұлымдық" пен "адамгершілікті", өмір мен өлімді өздерінің сюжеттерінде басты идея етіп алған, сондай-ақ мұндай композицияны күрделендіріп беруге тырысқан" - дейді[27.164].
Сак, шеберлерінің өнер туындыларында аң мен жануардың немесе қиялдан туған құс пен жануардың арпалысындағы күрделі композицияда "зұлымдық" пен "адамгершіліктің" нышаны алда тұрады. Ежелгі адам өзін қоршаған тылсым дүниенің түсініксіз құбылыстарын бейнелеуде осындай рәміздік ойды білдіретін күрделі композицияларды дүниеге өкелген. Аң мен жануардың арпалысын немесе бір-біріне атылу сәттерін аса бір нәзіктікпен бейнелеп, табиғилықты сақтаған. Сақтардың (скиф) "стилінде" терең философиялық мағына жатыр. Шумерлік абыздар астрономиялық күнтізбедегі жыл санауды жұлдыздарды аң, жануарлар аттарымен атап, ауа райын болжап отырған. Сақтар аң мен жануарлардың арпалысындағы көріністі жыл мезгілінің ауысуымен байланыстырған. Ежелгі адамдар төрт мезгілді " жаз", " қыс" деп екіге бөліп, өз бейнелеу төсілдерінде қысты "жамандық", жазды "жақсылық" рәміздік ұғымында бейнелеген. Ежелгі сақтардың (скиф) бейнелеу өнерінде "аң стилінің" қалыптасуының басты себебі табиғи ортаның әсерінен адамдар андар мен жануарлардан пайда болды деген қиялдан туған болу керек. Ежелгі адамдар мифсіз өмір сүрмеген. Табиғаттың тылсым күштері мен түсініксіз құбылыстарын мифке айландырып отырған. Сондықтан сақтардың тотемдері аң, құс, жануарлар болған (бұғы,бұлан, қасқыр, таутеке, жолбарыс, бүркіт). Мұндай аң, құс, жануарлар бейнеленген заттар қасиетті болып саналған. Олардың тырнақ, сүйектерінен тұмар жасап, ал тотемдерді қару-жараққа бейнелеген. Тотем, таңба жауынгерге жеңіспен оралуға магиялық әсер етеді деп ұққан. "Аң стилі" сақ шеберлерінің арасында б.з.б.ІІ-І ғ.ғ. бейнелеу өнерінің биік деңгейіне жетіп, кейіннен өзгерістерге ұшырады. "Жануар стилінің" бірте-бірте стилизацияланған түрін Қарғалыда табылған тәжден байқаймыз. Бұл төждегі аңдар мен жануарлар бірте-бірте күрделеніп өсімдік типтес ою-өрнекке айналады. Сақ қолөнерінде "аң стилінен" стилизацияланған мәнерге өту Новочеркаск обасынан табылған сармат ханшасының тәжінде қарғалы мөнері қайталанған. Сақ (скиф) мөнеріндегі төжде (диадема) аңдардың бірте-бірте стилизацияланып шырмауықтануы басқа елдердің бейнелеу өнерінде кездеспейтін мәнер.
Табиғаттың тылсым күштері сақ бейнелеу өнеріндегі жануарлар мәнері ғалымдарды тамсандырғыш, қызығушылығын танытып отыр. Ежелгі өркениетті мемлекетте өмір сүрген сақ шеберлерінің қолөнерді мұндай төсілмен бейнеленуі, сол кезеңдегі өнердің өте жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Жануарлар мөнеріне мындаған жылдар болса да, бұл өнер бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналды. Сақ (скиф) "аң стилі" мен андрондықтардың геометриялық ою-өрнек түрлері бүгінгі күні кеңінен қолданады[27.163].
Табиғи ортаның әсерінен андрондықтар қыш құмыралардың сыртын өрлеу үшін қолданған, андрондықтардың ою-өрнектер салынған қыш көзелері еліміздің мұражайларында қазір де сақталған. Геометриялық ою-өрнектер дүние жүзі елдерінің барлығына ортақ. Олардың рәміздік ұғымы жойылып, қазір тек әшекей ретінде қолданады. Андрондық ою-өрнектердің санаулы әлементтерінің қазір жүздеген баламасын көруге болады. Андрондықтардың табиғи ортаның әсерінен ою-өрнек элементтерін сақтардың (скиф) бейнелеу өнерінде қолданған ою-өрнек түрлерін қазақ қолөнерінде бірен-саран кездестіреміз. Еліміздің қолөнер шеберлері ою-өрнек элементерін түрлендіріп, жаңа ою нұсқаларын көп қолдануда. Көшпелілердің қолөнердегі бейнелеу мәнерінде андрондық, сақтардан (скиф) бастап қазақтарға дейін ұрпақ сабақтастығының үзілмей келе жатқанын көреміз.
Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов:" Жаңа қазақ ою-өрнектері мазмұны жағынан табиғи ортаның әсерінен үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді"- дейді. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектің бір ерекшелігі - осы түрлі ұғымның қай-қайсысын бейнелесе де, оның негізі "мүйіз" ою-өрнегі болып қалады. Әтнограф айтқан үш түрлі ұғым сақ ою - өрнектерінің табиғатына сай келеді. Сақ шеберлері стилизацияланған ою - ернектің негізгі әлементі ретіңде "мүйіз" ою-өрнегін көп бейнелеген. Қазір де қолөнер бұйымдарын өшекейлеуде мүйіздің түрлі нұсқасын қолөнерде қолданады. "Мүйіз" ою - ернегі қазақ бейнелеу өнерінде негізгі таңбаға айналған. Стилизацияланған "мүйіз" оюы сақ кезеңінен бері қолөнерде қолданып. оның сыртқы пішіні өзгерген жоқ. Сақ шеберлері ан, жануар, қүстарды "ан, стилінде" бейнелегенде денелеріне таңбаларды қоса салған. Сақтардың (скиф) тотем мен космогониялық таңбаны бірге беруі, олардың діни дүниетанымынан туған ұғым. Орта ғасырда бұл таңбалар рулық таңбаға айналды. Суреттерді мұндай тәсілде салу б.з.б VIII-І ғ.ғ. өмір сүрген өркениетті басқа елдерде кездеспейді. Бір қарағанда "аң стилі" түрлі көріністе сәндік үшін қолданған ба деген ой да туу мүмкін. Әр көріністін, белгілі рәмізді білдіретінін жоғарыда талдап еттік. Аң, құс, жануарлардың дене мүшелерін араластыра қолдану мөнері, тек сақ бейнелеу өнеріне тән. Ғасырлар өткенімен сақ "аң стилі" жаңа образдармен толыққан жоқ. Керісінше, сол ежелгі баға жетпес жәдігерлер біздің ата - бабаларымыздың емірінен сыр шертетін шежіре ретінде емірімізге еніп отыр. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сақтардың (скиф) көне ескерткіштеріне бейнеленген "аң стиліндегі" мәнер мынандай топтан түрады:
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу