Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

Егер осы  ескерткіштердің мәдени төркіні  зор сенімділікпен «пазырықтық» деп, олардың этникалық анықталуы әзірге  ашылған жоқ. Аттары аңызға айналған алтын қорыған “грифтердің”- аримаспылар, аргиппейлер, исседондар  және басқа да аталмыш мәдениетті жасаушылардың Алтай өңірі мен оған жақын аумақтарға орындарын дәл анықтауға осы күнге дейін бірауыздылық жоқ.

Осылайша, Берелден табылған бірегей олжалар біз қарастырып отырған дәуірдегі Қазақ Алтайы тұрғындарының мәдениеті мен өнерінің биік деңгейде болғанын айғақтайды. Ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу - өте қиын, әрі жауапты іс, десе де зерттеушілердің тынымсыз еңбегінің тамаша зейнетінің болары да сөзсіз.

Біздер үшін көне көшпелілердің өнері қазіргі кездегі түркі халықтарының, олардың ішінде қазақтардың бейнелеу өнері мен қолданбалы қолөнерінің түпкілікті үлгісі болғаны өте маңызды.

Осылайша, Берелден табылған бірегей олжалар біз қарастырып отырған дәуірдегі Қазақ Алтайы тұрғындарының мәдениеті мен өнерінің биік деңгейде болғанын айғақтайды.

Бұл мәдениеттің  төркіні Пазырық тектес ескерткіштерде анық байқалады, яғни оны жасағандар жергілікті тайпалық топ болған.

Сонымен қатар, зерттеушілер құлажорғалық мәдениетте ғұндық сипаттардың нышаны бар екенін көрсете келе, оның б. д. д ІІІ- І ғасырларда солтүстік ғұндардың ықпалында болған халықтар тұрған Жетісуда табылған олжалармен ұқсастығын атайды.

Құлажорғалық мәдениеттің  соңғы кезеңдегі (б. д. д. ІІ ғ.- б. д. алғашқы ғасырлары) дамуында жерлеу рәсімі мен жерүсті һәм көр ішіндегі құралымдарда Жетісуда табылған үйсіндік ескерткіштерге ұқсастық байқалады, бұл кейбір зерттеушілерге оңтүстік-шығыс халықтарының бір бөлігінің ғұндардың қысым көрсетуіне орай Шығыс Қазақстан өңіріне қарай ығысқаны туралы сөз қозғауға себеп болды.

Қытай жазба  дерек көздерінде б. д. д. ІІІ- І ғасырларда Тарбағатайдан Ертіске дейінгі  аралықты мекендеген үге тайпасы  туралы айтылған, бірақ Ертіс аңғарындағы  қола жорғалық типтегі ескерткіштердің хронологиялық және этникалық атрибуциясын түбегейлі шешу алдыңғы уақыттың міндеті.

Қазақстан аумағындағы  көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, кангюйдің қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады.

     Осы бөлімді қысқаша қорыта кетсек - Қазақстан территориясын мекендеуші ежелгі тайпалар мен тайпалық одақтар өздеріне қолайлы аймақтарда өмір сүріп, оларда бірінші кезекте күнделікті өмірінде  айналысатын шаруашылығы маңызды болды. Шаруашылықпен айналысушы әр тайпа өзіне лайықты географиялық ортаның ықпалы күшті болды.  Тегі, негізгі байлық - мал басын сақтап, көбейту үшін неғұрлым қажет қысқы жайылым ғана жеке меншікте болса керек. Бұл жердегі қысқы үй-жайлар мен ата-бабалардың зираттары жер алқаптарын іс жүзінде мұрагерлік жолмен иеленуді баянды етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Көне заман  тайпаларының географиялық орналасуы

Қазақстан территориясы және табиғаты жайындағы алғаш географиялық білімнің тамыры сан ғасырлар бұрын қалыптаса бастады. Қазіргі Қазақстанның территориясы ежелден адам тұрағы болды, оған Қазақстанда адам белгілерінің палеолит тұрағы ретінде кездесуі дәлел бола алады.

Қазақ жерінде  ежелгі кезде ірі сақ тайпаларының одағы болды. Олар өздерінің қоныстарын ауыстырып отырғандықтан, өзендер (Сырдария, Шу, Жетісу) мен Тянь-Шань тауларын, жазық дала және жартылай шөлді зоналарды да игерді. Көшпенділік өмір сақ тайпаларының георгафиялық танымын кеңейте түсті.

Сақтардың ежелгі қалыптастырған өркениетіне, сондай-ақ Алтай, Сібір, Шығыс, Европа халықтарымен тығыз байланысына қарамастан олар өздері туралы жазба деректер қалдырмаған. Сондықтан да қазіргі Қазақстан территориясы туралы бізге жеткен алғаш мәліметтер тек ежелгі көршілес елдердің әдеби және тарихи ескерткіштерінде сақталған[31.746].

Б.з.д. I мың жылдықтың ортасында ежелгі жазбаларда Орта Азияны және Қазақстанды мекендеген ірі сақ тайпалық одағы туралы алғаш мәліметтер пайда бола бастайды. Сақ тайпалық одағына: массагет, даи, каспийлер, исседон, кейінірек алан, сарматтар кірді[65.487].

Қазақстан аумағында  патриархалдық-феодалды қатынастар біркелкі қалыптаспады. Бұл қатынастар оңтүстік аудандарда - Шу, Талас, Сырдария өзендері алқабында тез дамыды. Бұл жерлерде мал шаруашылығымен қатар егіншілік те қатар жүрді. Таптық қоғамның қалыптасуы Қазақстанның басқа да аумақтарында жүрді[10.716].

Қазақ жері туралы мәлімет беретін жазба деректерден бізге жеткені I Дарий патшаның бұйрығымен б.з.д. жазылған «Бехустиндік жазба». «Бехустиндік жазбаның» V бағанасының 20-30 жолдарында мынадай мәлімет келтірілген: «Дарий патша: сақ әскерлерімен теңіздің ар жағындағы сақтар еліне бардым», - дейді. «Бехустиндік жазбада» айтылып отырған бүл теңіз Арал теңізі еді [10.166].

Осындай мәліметті  Геродот та береді. Онда Кир II мен Дарий жорықтарының екі нұсқасы қарастырылады. Біріншісінде, Дарий сақтармен Амударияның арғы жағындағы Арал теңізінде кездеседі; екіншісінде, II Кир массагеттермен Узбойда шайқасты, ал Дарий сақ жеріне Амудария өзенінің орта ағысы арқылы өтеді [65.597].

Геродоттың  «Тарихы» (б. д. д. V ғ. 40 ж. аяғы - 30 ж. басында жазылған.) антикалық деректердің аса құндысы болып саналады. Геродот алғаш теңізінің орналасуын дәл анықтады. «Тарихтан» біз мынадай мәлімет ала аламыз: «Каспий теңізінің ұзындығы 15 күндік, ал ені ең үлкен жерінің өзі 8 күндік жүзу жолы» [65.567]. Каспийдің батысына қарай алқап «жазық тегістік» болып келген, Орал өзені бассейнінен ары қарай «тасты және тегіс емес жерлер», ал одан ары «биік» таулар шоғырланған. Шамасы мұндағы «тасты және тегіс емес жерлер» - Жалпы Сырт, ал «биік» таулар - Орал болса керек.

Геродот «биік  таулар бөктерінде» аргипей тайпаларының, одан ары -будиндердің (Қазақстанның солтүстік-батысы) қоныстарын көрсетті. Исседон тайпалары болса, аргипейлердің шығысында орналасқан. Исседондардың айтуы бойынша,- деп жалғастырған Геродот, олардың шығысына қарай аты аңызға айналған аримаспалар және «грифтердің алтындарын алушылар» (Қазақстанның солтүстік-шығысы және сол кезде алтын рудалары бар Алтай ) өмір сүрді,- дейді /15/. Сондай-ақ, Геродот Акес (Сырдария) өзені басталатын аймақты сипаттайды. «Азияда барлық жағы жоталар және жоталарда бес аңғары бар тегістік бар. Таудың сол тегістігінен ірі Акес өзені бастау алады». Бұл сипаттама Ферғана даласындағы таулы жоталарға сәйкес келеді. Өзен де сол жерден бастау алады. Геродот сонымен катар Акес өзеніндегі ирригациялық жүйенің бар екенін, және онда адамдар сұлы өсіретінін айтады[65.568].

Александр Македонскийдің б.з.д. 330-327 жж.Орта Азияны жаулап алуы ежелгі гректердің Қазақстан территориясы туралы географиялық мәліметтердің көбеюіне үлкен ықпал жасады.

Грек ғалымдарының еңбектерінде осы кездерде бір-бірін қайталаулар, қарама-қайшылықтар кездеседі. Мысалы, гректер Орта Азияны жаулап алған кезде Сырдарияны Донмен шатыстырған, сондықтан олар үнемі Сырдарияны Донмен алмастырып ала берген, сөйтіп кейде оны Яксарт, кейде Танаид деп атаған. «Бактриялықтар бұл өзенді Лаксат (Яксарт - Сыр) деп атаған, скифтер Силис, ал Александр Македонскийдің әскерлері Танаид деп есептеген». Бірақ Селевки мен Антиоха қолбасшысы Деодам осы өзеннен өтіп, бұл Танаид емес екенін дәлелдеді. «Мұнда Персия мен скифтердің шекарасы орналасқан» - деп, кейіннен рим ғұламасы Плимий жазып қалдырған [65.566].

Македон жаулашылығы  кезінде Қазақстан территориясы туралы географиялық таным кеңейе түсті. Мысалы, Квинт Курций Руф мынадай мәлімет келтіреді; «Скифтер солтүстікке жақын түрады, онда ну ормандар мен кең алқапты шөлдер кездеседі». Егер автор осы мәліметтерді Александр Македонскиймен бірге Сырдария жағалуында жүргенде жазған болса, онда «ну ормандар мен кең алқапты шөлдер» деп Орталық, Солтүстік Қазақстан және Сібір жерлеріне сипатама берген.

Македон жаулаушылығынан  кейінгі кезеңде Қазақстанның географиясы жайында маңызды мәліметтерді римдік ғалым-географтар Страбон мен Птоломей қалдырды.

Страбон (б.з.д. 63 ж.- б.з.д. 23 ж.) Сырдария мен Амудария туралы дәл мәліметтер берді. Ол Орта Азия өзендеріне мынадай сипаттама берді: «Яксарт Окстан ерекше болып келген және екі өзен де бір теңізге құяды». Мұндағы айтылып отырған теңіз - Арал теңізі. Осылай Арал теңізі туралы дұрыс түсінік қалыптасады. Сырдария мен Амудария өзендерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Страбон олар Каспий теңізінің Скиф шығанағына кұяды деп есептеді [65.336].

Плимий де өзінің «Жаратылыстану тарихында»: «Яксарт  және Окс скиф шөлдері арқылы соғды аумақтарынан ағып өтіп, Скиф шығанағына құяды»,- деп жазды. Жеріне шетел елшіліктерінің келуі азайды. Алайда осы кезде Византия императоры Юстиан II жіберген Земарх елшілігін айтпай кетуге болмайды. Земарх елшілігі жолы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы бойынша Волга (Аттилқ), Орал (Даих) және Әмба (Их) өзендері арқылы өтті. Қайтар жолда хорезмге соқты және Амударияда болды. Земарх: «көлдің шөлді жағалауымен 12 күн жүрдім»,- деп жазды. В.Бартольд, бұл көлді - Арал теңізі деп есептеді [18.546]. Жалпы ерте кездегі қазақ жері туралы осындай мәліметтер қалдырылды.

Антикалық авторлардың  Батыс Қазақстан туралы, осы аудандардағы теңіздер мен өзендер: Каспий және Арал теңіздері және Сырдария өзені туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келді. Бүкіл қазақ жері туралы білімнің жинақталуы ежелгі дәуірде өте баяу жүрді және олар біркелкі болмады.

VII ғасырдың басында алып мемлекет құрған арабтар Қазақстан аумағын зерттеуде VII ғасырдан бері маңызды орын алып келді. Араб ғалымдары өздерінің саяхаттары жайлы жалпы географиялық сипаттамаларын әдеби деректерде және басқа да түрлі мәліметтерде қалдырды. Араб саяхатшыларының мәліметтері негізінен отаршылдық саясатпен жүргізілген әкімшілік-санақтық сипатта болды. Негізгі мәліметтер Шығыс өңірін мекендеген халықтар, олардың қалалары мен түрғылықты жері, орналасу аймағы, жолдары т.б. туралы жаулап алушылардың білуіне қажетті салаларда жиналды. Дегенмен, осы мәліметтер арабтардың және Европа халықтарының Орта Азия және Қазақстан жайлы географиялық дүниетанымның өсуіне септігін тигізді[10.156].

Х-ХІ ғғ. Қазақстанда  феодалдық қатынастар одан әрі дамып, тау шикізаттары мен металлургияны өңдеуге байланысты көптеген тұрғылықты жерлердің пайда болғандығы тарихтан белгілі. Қазақстан қалаларының өсуінде транзиттік сауда маңызды болды. Жібек жолы Иран мен Византиядан Жетісу арқылы Қытайға өтті. Русқ, Византия, Иранмен мықты сауда жүрді. Керуен жолдары Қазақстанды Шығыс және Батыс Еуропамен, Алдыңғы және Кіші Азиямен, Қиыр Шығыспен байланыстырды. Орта Азиядағы сияқты Қазақстанда да қалалардың дамуы Х-ХҢ ғғ., яғни феодалдық қатынастардың дамуына сәйкес келді.

Қазақстанның  географиясын тану тарихында Ибн-Хордадбек, Макдиен, Ибн-Хаукал, Ибн-Рушт, Әл-Истахри, ал Масуди, ал-Идриси сынды араб географтарының еңбектері өте маңызды.

Ибн-Хордадбектің еңбегі «Китаб ал-Масалик во-л-мама лик» (саяхаттар мен мемлекеттер кітабы). Қазақстанның географиялық аумағынан Фараб (Отырар) қаласын, қарлұқтар мекені ретінде Талас жазығы туралы, өте жылы, көшпелі өмірге өте қолайлы аймақ деп жазды. Ибн-Хордадбек кітабында Арал теңізі Амудария өзені келіп құятын Курдар теңізі деп сипатталды [16. 546].

Қалаларды сипаттауда Максидидің еңбегі нақты жазылған. Мысал ретінде алсақ, Талас өзені маңындағы қалалар туралы «Тараз-өте әдемі, төрт қақпалы мықты қоршалған қала. Қақпаның жанында үлкен өзен ағып жатыр. Қала өзеннің арғы бетіне дейін созылып жатыр» деп сипаттайды.

Максиди Сырдария өзенінінң оң жағында орналасқан Сауран (Сафан), Шаглқдхан (Шикан, Түркістаннан 26 км солға қарай), төрт қақпалы (Нуджахет,Ферғана, Шақран, Бурах) үлкен қала Испиджап туралы деректер қалдырды [16.427].

Тағы бір араб саяхатшысы Ибн Хаукалқ Арыс өзені маңындағы Шаш облысында орналасқан Бискент қаласы туралы «мұнда ислам дінін қабылдаған түрік-оғыз және қарлүқ тайпалары бас қосады»-деп жазды. Қарлүқтар жерінің кеңдігі туралы «қарлүқтар мекенінің батысынан шығысына жету үшін 30 күн уақыт кетеді» деп көрсетті. Сондай-ақ Ибн-Хаукаль Сауран қаласын басып өтетін өзен туралы мәлімет қалдырды [19.456].

Ибн-Русте  мен Истахри Арал теңізін «ерекше  түзды су қоймасы» деп сипаттады. Истахри еңбегінде Сырдария; Арыс өзендері, Испиджап қаласы туралы құнды мәліметтер береді.

Ал-Мусиди Орал өзені мен Әмбі өзен аралығындағы аумақты қимақтардың қыстағы, ертіс өзені маңын жайлау ретінде көрсетеді. Сырдария өзенінің суы мол болғандығы, ол арнасынан шығып тасығанда 30 шақырымға дейінгі жерде орналасқан ауыл-аймақтарды алып кететіндігіне орай халық бір-бірінің үйіне қайықпен баруына тура келгендігі туралы жазады.

Қазақ жерінің географиясы туралы келесі құнды дерек ретінде XIX ғ. оқымысты-географы ал-Идрисидің «Нузхат ал-муштак» еңбегін жатқызуға болады. Сырдария өзені мен Арал маңының сағасы ал Идрисиді оғыз жауынгерлерінің жиналыс өткізетін орны деп көрсетті. Ол «Ескі Гузия» деп аталды. Ескі Гузия Тянь-Шаньның батыс қыраттары мен Шу және Сырдариялық Қаратаудың өзендерінің маңы деп шамаланды.

Ол Идрисидің  «Сурат ал-ард» атты картасында Іле  өзенінің жағалауын Гак көлі мен Балқашқа дейін мекендеген қарлүқ және Алакөл маңын мекендеген қимақ мемлекеттері суреттелген.

X ғ. соңындағы маңызды қолжазбалардың бірі қолжазба күйінде сақталған, белгісіз автордың кітабы «Худуд ал-Алам мин алмашрик ил ал-магриб» (Әлем шекарасы кітабы) қолжазбасы 1892 ж. А.Г.Туманский ашты.

«Худуд ал-Алам»  Үнді мұхиты мен Солтүстік Африкаға дейінгі алып кеңістік туралы мәлімет береді. Осы кітаптың «Оғыз мемлекеттері және оның шекаралары» деген тарауында Арал және Каспий теңізі аудандары туралы кездестіруге болады [20.524].

Ал «қимақтар  және олардың қалалары туралы» атты тарауда түріктерге тиесілі әрі  бай аймақ болған Қимақия жері туралы мәліметтер алуға болады. Автордың мәліметтерінше мұнда 25 жуық қалалар мен ауылдар, соның ішінде Құлан, Меркі, Барсхан, Талғар, т.б. туралы кездеседі.

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу