Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Алтын әшекей заттар қабірхананың шығыс бөлігінде, мөлшермен 12 м.кв.аумақта 1,8 м қалыңдықтағы топырақтың әр қабатынан шықты.
3-Шілікті қорымының №1- обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ бейнесі, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде.
Арқар түріндегі қаптырма бұл әшекей түрі жалғыз ақ. Құйылған сап алтын. Табылған заттардың ішіндегі ең ірісі де, салмақтысы да. Бұл киімге тағылатын қаптырма-әшекей. Оның арт жағында үлкен екі ілгегі бар. Арқардың көзі, құлағы, тұмсығы, аузы, тұяқтарына көкшіл ақық тас орнатылған. Кеудесінің аса салбырамай, мүйізі жарты айланып біткеніне және бұдырларының аса томпақ болмағанына қарағанда бұнда жас құлжа бейнеленген. Мойнының, алдынғы екі қолының, санының, жағының бұлшық еттері теуіп тұр. Тұяқтары тігінен қадалған. Бірдеңеден секем алып, ытқып кетуге дайындалып тұрған жануардың түрі. Өте әдемі скульптура, дене арасалмағы (пропорция) жақсы сақталған.
Сақ-скиф өнерінде арқар жиі кездеседі. Ол бізге Алтайдағы Пазырық обасынан, Минусин ойпатындағы тағар мәдениеті заттарынан, Солтүстік және Орталық Қазақстан ескерткіштерінен, Тува жеріндегі Аржан обасынан, т.б. белгілі[51.197].
Бесжұлдыз түріндегі әшекей қаптырма да бір-ақ дана. Алтыннан жасалған дөңгелек тінге бес жұлдыз орнатылған. Бесжұлдыздың жан-жағы және ортасы сүйек пен мүйізден, жұлдызшалары лазуриттен (минералды көк тас). Жұлдызшаның шеттері мен дөңгелек тіннің айналасына алтын жіпсе салынған. Бесжүлдызы бар дөңгелек түймешенің артқы жағының ортасында түймелік бар.Біздіңше сақ-скиф ескерткіштерінің бірнешеуінен ақ бесжұлдыз белгілі. Оның бірі Ольвиядан табылған сырғаның ортасындағы, екіншісі Симферополь түбіндегі, үшіншісі таштық кезеңінің Уйбат қорымынан табылған бесжұлдыз. Дегенмен бұл бесжұлдыздар өзінің жасалған материаллының қымбаттығы, әшекейдің әдемілігі жағынан Шіліктінікіне жетпейді.
Мәлін бейнесіндегі қаптырма-түйме. Бұндай әшекей 153 дана. Бұл өзінің композициясы жағынан өте күрделі әшекей. Бұл затта үш тұрық, үш мағна бар. Әшекей алыстан қарағанда мәлін (мысық) тектес жыртқыштың бет бейнесін елестетеді. Сондықтан біз бұл әшекейді шартты түрде «мәлін бейнелі әшекей» деп атадық. Ал енді әшекейге жақыннан үңіліп қараса оның бір біріне тұмсығын түйістіріп, беті мен мүйізі анық көрініп тұрған екі таутекенің бейнесінен құралғандығын байқауға болады. Таутекелердің көзіне, тұмсығына, аузы мен құлағына көк ақық тас (бирюза) орнатылған. Таутекелердің мойны мен бетінің бұлшық еттері тұра сыртқа теуып тұр, жануарларда бір ішкі күйзеліс, шиыршық ату белгісі бар. Сондықтан да олардың көздері өте үлкейіп, дөңгеленіп, шарасынан шығып, танаулары желбіршектеніп кеткен. Бір ішкі арпаластың, экспрессияның белгісі бар. Таутекелердің мүйіздеріндегі белдеулер өте анық, олар әр мүйізде жетеуден. Ал енді осы құйма алтыннан жасалған әшекей затты бір қырынан қарасаңыз тура қалыптан ұшып келе жатқан алып бүркітті (құсты) елестетеді. Бүркіттің басы, көзі, тұмсығы анық бейнеленген. Таутекелердің бұлшық еттері тарам-тарам болған мойындары бұл әшекейді қырынан қарағанда құстың қанатына айналады. Бүркіттің қанаттары жайылған, басы мен топшысының арасы- желкесі томпайып біткен, асқан қайраттылықты танытып тұр.
Әшекейдің арт жағында үш түймелік бар. Екеуі таутекелердің басының тұсында да, ал үшіншісі құстың кеуде тұсында. Осы үш түймелік арқылы әшекей өзінің тағылған қалпын өзгертпейді. Бұл әшекей сақ-скиф өнер бұйымдарында бұрын соңды кездеспеген.
Бұғылар деп аталатын әшекейлер. Саны 20, олар құйма әшекейлер. Әшекейдің тінін екі бұғының мойны, басы және мүйіздері құрайды. Екі бұғы мойнынан бір-бірімен жымдасып кеткен, бастары екі жаққа қарап түр, бірақ тағы да өзара жымдасып қосылып кеткен мүйіздері бір композиция құрап тұр, бейне бір мәуелі талдың бұтақтары сияқты. Бұғылардың аузы, мұрны, құлағы көк ақық таспен безендірілген. Екі бұғының денесінің түйіскен жерінде ұрғашылық белгісіне ұқсас ойық бар. Оған да бирюзадан көз орнатқан. Әрбір бұғының мүйізі төрт саладан тұрады. Мойындарын көтеріп, тұмсықтарын аспанға шаншылта, құлақтарын қаға тұрғанына бұғылар бірдеңеден қиналып, бірдеңеге құлақ түріп, тосып тұрғанға ұқсайды. Оның үстіне жануарлардың дене бұлшық еттері сыртқа теуіп, сіресіп тұр. Меніңше бұл әшекейде сақтардың туу, өсіп-өнумен байланысты дүниетанымы бейнеленген. Бұғылардың денесінің түйіскен жеріндегі ойық ұрпақ тарайтын мүше, қосылған мүйіздер- мәуелі өмір бәйтерегі. Жалпы сюжет туу және өсіп-өну идеясын марапаттайды. Әшекейдің артқы жағында үш түймелігі бар. Бұған ұқсас екі бұғының мүйіз түйістіріп тұрған бейнесіндегі алтын әшекей кезінде Жетісудан табылған Жалаулы көмбесінің ішінде бар. Осы уақытқа дейін жалаулы көмбесінің көп заттарының мезгілі белгісіз болып келген. Енді біз жалаулы көмбесіндегі алтын бұғылардың мөлшерлі заманын анықтай аламыз.
Бүркіт түріндегі әшекей-қаптармадан 36 дана табылды. Құйма сап алтын қанатын жайып-қомдап, мойнын ішіне алған бүркітті елестетеді. Тұмсығының үсті дөнестеу. Көздері дөңгелек, үлкен. Денесінің үстіңгі жағы және қанаты мөлшермен жалпы ұқсастырып ғана бейнеленген, ол томпайып келіп, сүйірленіп бітеді. Жыртқыш құстың денесінің төменгі жағы, аяғы, құйрығы да нобайлап ғана берілген. Құстың аяғы мен тырнақтары да жай нобаймен берілген, оның ұшы дөңгеленіп біткен. Зер сала қараған кісіге құстың аяғын шағып жатқан жыланның басын, денесін тануға болады. Жыланның иірілген денесі бір жағынан құстың бауыр жақ бөлігін де құрап тұр.
Сонымен, бұл әшекейде жылан шаққан жаралы жыртқыш құстың өлер алдындағы қанатын сабалап, өмір үшін күрескен сәті бейнеленетін сияқты. Құстың бір қанаты көтерілген, басы жылан шаққан аяғына қарай қарманған, құйрығы түсіп кеткен, жаралы аяғын денесіне қарай жиыруға әрекеттенеді. Бұл сюжеттен сақтардың көк тағысы бүркіт пен жер ұлысы жыланның арасындағы күресті көреміз.
Бұндай бүркіт бейнесіндегі 9 әшекей 1960-жылдардағы Шіліктідегі С.С. Черниковтің қазбаларынан да шыққан. Бірақ олар біздікі сияқты құйма алтыннан емес, алтын қаңылтырдан қалыпқа салып бастыру арқылы жасалған еді. Қалыптар болғандықтан ол әшекейлердің сақталуы нашарлау. Оның үстіне Черниковтің бүркітінде жылан бейнесі анық көрінбейді, оның орнында әншейін ойығы ғана қалған. Бұрын табылған бүркіттің де көзіне ақық тас орнатылған, бірақ оның артына түймеліктері жоқ. Оны киімге тесік жерінен қадай салған. Оның үстіне егер біздің бүркіттер мойнын тек оң жаққа бұрып жатса, бұрынғы табылған бүркіттердің жартысының мойны оң, жартысыныкі сол жаққа бұрылып жатыр. Қазақстанның басқа аумағынан бұндай әшекейлер кездеспейді. Тарбағатайдан тыс жерде осыған ұқсастау бүркіт бейнелері Сібірдегі Минусин ойпатында табылған. Кейнгісін А.В.Сбруева б.з.д.VI ғасырмен мезгілдеген. Сақ-скиф дүниесіндегі бізге белгілі бүркіт-грифон бейнелі әшекейлерді салыстыра келіп мынадай қорытынды жасауға болады. Сақ–скиф мәдени–этникалық бірлестіктерден белгілі әшекейлердің ішінде (Зивие, Темир–Гора, Мельгунов, Түяқты–1, қорымдары. т.б.). 3-Шілікті қорымының №1 обасынан табылған бүркіт бейнесі ең көне, ең әдемісі және өнер туындысы ретіндегі ең бағалысы.
Қасқыр (қонжық) түріндегі әшекейлердің 39 данасы табылды. Сол техника бойынша құйып жасалған. Бұл әшекейде жыртқыш хайуанаттың шақалақ баласы бейнеленген. Көне заман зергері бұл бейнені жасап жатып нені ойлады екен, белгісіз?! Бір детальдарына қарасаң, әсіресе басы, тұмсығы, әшекей жаңа ғана туған қасқырдың күшігіне ұқсайды. Ал енді жалпы денесінің бітімі, табаны, құйрығы аюдың қонжығына ұқсайды. Жалпы сақ-скифтердің бейнелеу өнерінде қасқыр мен аюдың бейнесін бір-біріне ұқсатып жасау, кейде осы екі жыртқыштың қасиеттерін ұштастыру кездесетін жағдай. Біз көбірек қасқырға ұқсаттық. Әшекейде бейнеленген хайуанаттың басы жерге еңкейіп, алдыңғы аяғына тиіп тұр, көзі үлкен, дөңгелек, құлағы жымырықтау, жағы сом, қарысып тұр. Жыртқыштың басы мен мойны бүкіл денесінің үштен бірін құрап тұр. Қол етінің бұлшық еттері бұртиып шығып тұр, алапат күштің белгісі. Құйрығы қысқа ғана. Табаны үлкен, тырнақтары ірі. Әшекейдің арт жағында екі түймелігі бар. Бұл затқа тура ұқсас әшекей бұрын соңды табылмаған.
3-Шілікті қорымынан
табылған тағы бір ерекше
Сонымен қатар Бәйгетөбе қорымынан 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе, бір ұсақ алтын скоба табылды.
Әшекейлердің алтын
Алтын заттардың
Шілікті алтын заттары сақ-
Сақ-скиф дүниесінің басқа көпшілік алтын әшекейлерінен Шілікті алтынының ерекшелігі – ол құйма алтын. Бұл алтын заттар әшейін өлген адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі. Бұнда басқа бай обалардан шыққан әшекейлердегідей ешқандай көзбояушылық көрініске арналған өтірік әлем-жәлем – бутафория жоқ.Шілікті патша обаларын зерттеу нәтижесінде біз сақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі деген мәселеге мүлде басқаша қарауды ұсынып жүрміз. Осы уақытқа дейін «патша обалары» деген сөзді тырнақшаға алып, бұның шын мағынасы тура патша дегенді білдірмейді, негізінен алғанда «рулық қауымның ақсүйектерінің обалары» дегенді меңзейді деп келді. Бұндай түсінік тарих ғылымында ерте көшпелілердің қоғамдық-экономикалық даму деңгейін дұрыс түсінбеуден, немесе әдейі төмендетуден туындады. Жалпы көпшілік ғалымдар сақ, скифтердің әлеуметтік, экономикалық-шаруашылық, қоғамдық-саяси даму үрдісін рулық қауым, әрі кеткенде оның ыдырау кезеңі деңгейінде ғана қарастырады [12].
Бұл көзқарастардың бәрі ерте көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму деңгейін әдейі төмендеткен тарихи материализм, марксистік идеология және кеңес ғылымында 30-50 жылдар басым болған сталиндік идеологияның догмаларымен байланысты болса керек. Оның үстіне көшпелілерді өз бетінше мәдениет жасай алмайтын жабайы, тек басқа елдерді шауып алу арқылы байлыққа ие болатын, мәдениеттің де, өнердің де, саяси биліктің де үлгісін отырықшылардан алған бір бәдәуй, босқын жұрт деп есептеу европоцентристік көзқараста тәрбиеленген ғалымдардың көпшілігіне тән болды.
Меніңше, бүгінде бұндай көзқарастардың обьективті, субьективті идеологиялық принциптерінен бас тарту керек. Ерте көшпеліліктің ең бастапқы кезеңінде тұрған сақтар қоғамырдағы мүлік теңсіздігі, әлеуметтік және таптық жіктеліс, ел басқарудың әкімшілік жүйесі, принциптері,билік, оның түрлері, биліктің мұрагерлігі, т.б. мәселелер қайта қарауды қажет етеді.
3-Шілікті қорымындағы
Шілікті материалы сақ-скиф аң стилінің алғаш пайда болған аймағы, жалпы сақ-скиф этномәдени бірлестігінің бастапқы отаны, сол дәуірдегі этномәдени миграция, т.б. мәселелерге жақсы деректік негіз бола алады[12]
Егіншілік пен суару қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік-Рабат, Бөбіш-молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
Сақтардың айналысқан кәсіптері мен саудасына келетін болсақ, бұл заманнан кейінгі тайпаларға өте ұқсас болғаны мәлім. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен кәсіптері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі сияқты, темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, алтын мен күмістің бұрыннан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген. Мамандардың есептеуінше, кен рудаларын ендіру орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Имантау кенді орнынан 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден —10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың дені сақтар заманында өндірілгені анықталды[7.197].
Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс-әбзелдерін, әшекейлер мен айналар, сол сияқты қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі керкем өнердің таңдаулы туындыларының қатарына жатады.
Сақтардың қазандары мен құрбандық жозылары Жетісу жерінен Іле алқабымен мен Ыстықкөл маңынан өте кеп табылған. Қазандары сфера іспеттес тағанды болып келеді. Және таған-бұттары малдың аяғы секілденіп жасалады.Қазандар тұтқасы тұзак тәрізді, кейбіреулерінін, жиектері жануарлар бейнесімен бедерленген. Мысалы, Алматы төңірегінен табылған қазандардың бірі қанатты таутеке бейнесімен әсемделген.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу