Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Қаңлылардың (кангюй) әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүріндегі табиғи орта әсерінің көрініс беруі

 

  Кангюйлердің қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше көп табылды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді қамтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамақ дайындау үшін пайдаланылған. Сұйық тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар - көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін саптыаяқтар, құмыралар, кеселср де болды. Әдеттегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі [36.977].

Мысалы,тұтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған бұйым. Ол жануардың тұмсығы дөңес, кұлақтары тік әрі шұнақ, сауыры шөп қоректілерге тән, қысқа кұйрығы жоғары қайрылған.

Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайындау ісінде қыш ұршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу колданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, зерттеушілер Сырдариядағы керамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Кангюйлер заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жергілікті жерде металлургия колөнерінің дамығанын көрсетеді. Кангюй үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш - Илақ аймағындағы қоныстар мен қалалар болды. Нақ сол кезде осында, тауларда, жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өндеу дамиды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған Құлата қаласының орнындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарға жеткен, металлургия өндірісінің іздері айқын сақталған [38.176].

Әдетте кұрамы бай  кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашық өңірлер мен аралас топырақты өңдеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бергенімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кенді балқыту, байыту, тегінде, кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, морт бұрышты пештер де пайдаланылған.

Металл бұйымдардың кұрамы мен шеберханалардың қалдықтары металлургияның түрлі салалары - темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығанын дәлелдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің бөлшектері, ауыл шаруашылык кұралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген.

Кангюйлердің қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің ұштары, сауыт табақшалары табылады. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар - сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады [37.776]. Әдетте кангюйлер қоныстарының қабаттарынан сүйектен ою оятын қолөнер іздері табылады. Қолөнершінің үйі жанындағы қоқыс төгілетін шұңкырлардан айыр тұяқтылардың өңделген (арамен кескен,тескен) іздері бар мүйіздері қалдықтар түрінде екінің бірінде кездеседі. Сүйектен пышақтың, қанжар мен семсердің саптары істелген. Қанжарлардың қындарына, әр түрлі қобдишалардың, құтылардың сыртына сүйек табақшалары салынған. Белбеулер көбінесе ою-ернектер мен сурет салынған сүйек табақшалармен безендірілетін болған. Самарканд түбіндегі обалы қорымнан ғажайып екі айылбас-табақша табылды. Оларда көп мүсінді ұрыс және аңшылық композициясы әжептәуір шеберлікпен ойып бейнеленген. Кейіпкерлерінің егжей-тегжейлі, тәптіштеп бейнеленгені сонша, біз кангюйлердің ертедегі әскери аксүйегінін бет-бейнесін көзге елестете аламыз.

Қолөнер жұмысының әйелдер  үшін дәстүрлі саласы жүн өңдеу болған. Қазба жұмыстары кезінде табылған нәрселердің ең дағдылысы алуан турлі (керамика, тас) ұршықбастар, тоқыма станоктарына арналған ауыртпақтар болып табылады. Жүннен иірілген жіптен жылы киім тоқылды. Қой жүнінен киіз басылды. Ши тоқылған. Сонымен қатар еден төсеніштерінің қалдықтарын әдетте археологтар өртеніп кеткен үйлердің жұртынан ұшыратты.

Сауда. Біздің заманымыздағы II-V ғасырлардағы кангюйлер шаруашылығының сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға казірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, қолөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді[37.177].

Қазіргі уакытта мамандарға салмағы әртүрлі, иконографиялык дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі - билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардың өзі де әр түрлі сериялы, бірақ оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді.

Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ - Ташкент алқабы. Кангюйге кейіннен енген кангюйлердің Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда кангюйдің бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III-IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда кангюйлерде теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В. М. Массон Грек-Бактрия билеушісі Әвкратидтің кейіннен кангюйлер теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. І ғасыр деп белгілен еді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің кангюй тобына жатқызылады. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезм теңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шаш билеушілерінің кангюйлердің қалыптасып, ол гүлденген кезеңде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр [28.716].Сонымен бір мезгілде дерлік кангюй аумағында қытай теңгелері  пайда болады. Олар, атап айтканда, Отырар алқабындағы Мардан қорымының қабірлерінен табылды және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферғанадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, товар-акша қатынастарының дамығанын дәлелдейді.

Сонғы кезеңде кангюйге кушандар мен сасанилердін күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Канка-1 қорымынан осындай екі тенге табылды. Олардың біреуі - сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі - Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.

Көбінесе қабірлерден, кейде қала орындарын қазған кезде табылған заттардың өздері де кангюйлердің алыс және жақын жерлермен сауда байланыстарын жасағандығына дәлел бола алады. Төменгі және Орта Сырдарияның, Талас пен Қаратаудың ескерткіштерінде мұндай шеттен келген бұйымдар саны нақ б. з. б. I мыңжылдықтың аяғынан бастап күрт көбейеді. Олардың пайда болуын зерттеушілердің құрлық аралық керуен жолдарында сауда байланыстарының жандануына орайластыруы негізсіз емес. Сол кезден бастап, көптеген зерттеушілердің есептеуінше, Евразияның аймақтық керуен жолдары Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі елдерді байланыстырып жатқан және ғылымда Ұлы Жібек жолы деп аталған құрлықаралық керуен жолдарының жүйесі болып қалыптасады. Кангюй Ұлы Жібек жолының орталық белігінің бірін алып жатты және оның Сырдария өзенін бойлай солтүстік-батыс жақтағы Жайық өңіріне, Еділ бойына және одан әрі Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз еңіріне беттейтін маңызды тармақтарын бақылап отырды[12.616].

Кангюй тұрғындарының  халықаралық саудаға қосылғанын алыстағы қолөнер орталықтарында дайындалған заттардың табылғаны растайды. Мәселен, Сырдарияның теменгі және орта бойындағы әйелдер қабірлерінде Қара теңіз қалалары мен Сирияның шеберханаларынан шыққан түрлі-түсті шынылардан істелген моншақтар көп табылды. Үндістаннан қызғылт маржаннан тізілген моншақтар, піл сүйегі әкелініп, одан шаш түйреуіштер жасалды. Жетіасар мәдениеті мен Отырар алқабының қорымдарынан табылған янтарь моншақтар, арнаулы зерттеулердің көрсеткеніндей, Балтық бойы янтарынан жасалған. Нақ сол қабірлерден сасанилік геммалардың табылуы Иран орталықтарымен белсенді байланыс жасалғанын керсетеді.

Қоладан жасалған ерекше қарсы ілгек-фибулалардың табылуы европалық қолөнер орталықтарымен байланыс орнатылғанын аңғартады. Сырдарияның төменгі бойының қорымдарынан олардың толып жатқан түрлі үлгідегі топтары, сондай-ақ Ташкент түбіндегі Жүн қорымынан Азия үлгісіндегі фибула табылды. Жетіасар, Отырар және Ташкент алқаптары қорымдарының қабірлерінен Мысырдың кегілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар кездесті. Бұл бұйымдардың Сырдария жағалауына қандай жолдармен келгенін анықтау қиын.

Қытайдың  Батыс елдеріне шығаратын экспортының дәстүрлі лебізі жібек болғаны мәлім. Өкінішке қарай, ескерткіштерде жібек маталардың болуы туралы археологиялық мәліметтер өте аз. Лак жағылған бұйымдар сиякты, бұл органикалық материалдар да жер астында сақталмайды деуге болады. Қабірлерде маталардың, органикалардың сақталуына ерекше жағдайлар ғана жәрдемдеседі. Жібек маталардың кесінділері кангюйлерге көршілес Давань жеріндегі Қарабұлақ қорымының (б.з.б. IV—II ғғ.) қабірлерінде жақсы сақталған. Жетіасар қорымдарынан табылған олжаларда жібек киімдердің калдықтары бар. Мұнда Қытайда жасалған басқа да заттар мәлім. Бұлар - Отырар алқабындағы Қоңыртөбе қорымынан алынған нефрит бұйымдар, қытайдың қола айналары[12.516].

Сырдария бойы, Арал өңірі аймақтарының ескерткіштерінде бір мезгілдегі кешендерде Қара теңіз өңірінен, Ираннан, Сириядан, Үндістан мен Қытайдан әкелінген заттардын кездесуі ерекше назар аударарды.

Сонымен, қолда  бар археологиялық материалдар  кангюйлердің қала тұрғындарынын да, көшпелі малшыларыныңда Ұлы Жібек жолы арқылы халықаралық сауда жүйесіне тартылғанын дәлелдейді.

 

 

 

 

 

                                           ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта айтқанда, Қазақстан  территориясын мекендеуші ежелгі тайпалар мен тайпалық одақтар өздеріне қолайлы аймақтарда өмір сүріп, оларда бірінші кезекте күнделікті өмірінде  айналысатын шаруашылығы маңызды болды. Шаруашылықпен айналысушы әр тайпа өзіне лайықты географиялық ортаның ықпалы күшті болды.  Тегі, негізгі байлық - мал басын сақтап, көбейту үшін неғұрлым қажет қысқы жайылым ғана жеке меншікте болса керек. Бұл жердегі қысқы үй-жайлар мен ата-бабалардың зираттары жер алқаптарын іс жүзінде мұрагерлік жолмен иеленуді баянды етті.

Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында үйсін жоғарғы топтарының қолдарында қозғалмалы мүліктер қорлана берді де, мүліктік теңсіздік езушілердің үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте түсті. Сөйтіп тапқа дейінгі қоғамнан таптық қоғамға өтпелі кезеңге тән қатынастар қалыптасты, қоғам әлі құл иелену формациясының да, феодалдық формацияның да аяқталған түрлеріне жете қойған жоқ, шаруашылықтың ерекше үлгісімен байланысты өзінше бір сипатта болды және мұның өзі әлі күшті патриархаттық-рулық институттардың, жайылымдық көшпелі қауымдар мен қандас туысқандық қатынастардың қатар өмір сүруімен байланысты еді.                                                                                                   

Ежелгі заман тайпалы өзінің салт-дәстүрлік еркешеліктеріне де қоршаған ортаның әсері үлкен болды. Олар өздерінің жерлеу әдістері мен нанымдық іс-әрекеттерінде жергілікті жердің жағдайымен байланыстырды.

Қазақстан аумағындағы  көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, кангюйдің қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады.

Мал шарушылығының арғы атасы саналатын алғашқы қауымдық қоғамыды аңшы тіршілігінен келіп туындаған қарапайым тұрмыс-тіршілік құралдары арада сандаған мыңжылдықтарды артқа тастады. Оның өміршең нұсқалары рухани өнер құралдары ретінде салт-дәстүр, діни ұстанымдар, шаруашылықтың әдіс-тәсілдері географиялық ортаның әсерінен өзгеріске түсті. Яғни, көне заман тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті, салты мен дәстүріне олардың мекендеген жерінің физикалық-географиялық жағдайымен байланысты өрбіді.

Көне заман тайпаларының географиялық орналасуы негізгі мал  шаруашылығына керекті жайылымға шұрайлы жерлердің керек ететіндігінен туады. Дәл осы жерде әр түрлі этностардың жүз жылдар бойы тұрақты өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Осының бәрі бұл аймақта болып жатқан этногенетикалық процестердің қиындығы мен ерекшелігін негіздеді.

Сақтар, Үйсіндер және ғұндар қоғамдарының үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір сипатты белгісі өзінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемлекеттіліктің қалыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық кұрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардың бейнесін алып, оларды жаңа жағдайларға бейімдеді.

Ертедегі түрік қоғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән әр түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің қатар өмір сүруінің жағдайында феодалдық құрылыс барған сайын тереңірек айқындала түсті.

Сонымен, қолда  бар археологиялық материалдар  ежелгі заман тайпалының шаруашылығы мен салт-дәстүріне қоршаған ортаның әсері үлкен болды, яғни географиялық орта әр бір тайпаның өзіндік өмір салты мен дәстүрлік мәдениетін қалыптастыруда үлкен орын алды. Сол себепті де көтеріліп отырған мәселені зерттеп, оған лайықты баға беру қажеттілігі туындап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Артамонов М.И. Скифское царство в Крыму.//ВДИ,-№ 8,1948.
  2.   Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей. Живая старина. 1896, Отдельный оттиск.
  3. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963: «Чуйская долина». Материалы и исследования по археологии СССР, т. 14, 1950
  4. Андрианов Б.В.  Древние оросительные системы  Приаралья. М., 1969,.
  5. Акишев А.К.  Курган  Иссык. Москва, 1978,
  6. Акишев А.К.  Искусство и идеология саков.А., 1984.,
  7. Акишев А.К., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки  Или. А., 1963,
  8. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII вв. д.н.э. из Восточного Казахстана. Сб. « В глубь веков», А., 1974,
  9. Археологические памятники в зоне затопления  Шульбинской  ГЭС. Алма-Ата, 1987.
  10. Археологические исследования 1983. М., 1985.
  11. Агеева Е.И.  Курганные могильники ранних кочевников северо-восточной части Алма-Атинской области.// Изв. АН Каз. ССР, Сер. истор., археологий, этнографий 1959 вып. 3 ( II).
  12. Ә.Т.Төлеубаев. Сақ қауымындағы қоғамдық құрылыс және мемлекеттілік   мәселесі//Государственость и великая степь. Материалы международной научной конференции. Астана. 2006.
  13. Бернштам А.Н. Саки Памира. // ВДИ. №1, 1956.
  14. Бернштам А.Н. Основные этапы историй культуры Семиречья и    Тянь- Шаня // СА. Т. XI. Москва, 1949
  15. Вишневская О.А., Итина М.А. Ранние саки Приаралья. // Проблемы сакской археологий.- МИА. М., 1971,
  16. Вишневская О.А.  Культура сакских племен низовьев  Сырдарьи в VII-V вв д.н.э. М., 1973,
  17. Грязнов М.П.  Памятники майэмирского этапа эпохи ранних кочевников на Алтае. // КСИИМК, XVIII, 1947, 
  18. Жетісу энциклопедиясы. А., 2004.
  19. Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. II. М., 1950.
  20. Боровский В.Н., Погребинский М.А. Древняя дельта Сыр-Дарьи и Северные Кызылкумы. Алма-Ата, 1958.
  21. Бужилова А.П., Медникова М.Б. Опыт палеодемографической реконструкции населения Восточного Приаралья в последние века до н.э.-VIII в. н.э. (по материалам из склепов джетыасарской культуры). // Низовья Сырдарьи в древности, выпуск II. Джетыасарская культура Часть I. М„ 1993.
  22. Вайнберг Б И. Памятники скотоводческих племен в левобережном Хорезме // Археология СССР. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. М., 1992.
  23. Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Чирикрабатская культура. // Археология СССР. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. М., 1968.
  24. Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Чирикрабатская культура / Низовья Сырдарьи в древности, выпуск I. М., 1993.
  25. Взаимодействие кочевых и оседлых культур на Великом Шелковом Пути. Алма-Ата, 1991.
  26. Заднепровский Ю.А. Ранние кочевники Семиречья и Тянь-Шаня // Археология СССР. Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время. М., 1992.
  27. Кадырбаев М.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана. // Труды ИИАЭ АН Каз.ССР, т. 7. Алма-Ата, 1959.
  28. Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры // Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.
  29. Кочевники на границах Хорезма // Труды ХАЭЭ. М., 1979. т. 11.
  30. Кадырбаев М.К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразий в скифо-сарматское время. Москва, 1984,
  31. Қазақстан тарихы. 1 том, А., 1996 ж.
  32. Киселёв С.В. Древняя исто<span

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу