Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Скачать документ)

  Биіктігі 20 метрге дейін жететін патша обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А.Н.Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ жетісуда мекендеген деген қорытындыға келген [8, 61-62 ].

    Б.з.б Ү ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ перамидаларынан бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азиямен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.

  Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқ киімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал [8,  61 ].

                1.2 Бесшатыр және Есік типтес ескерткіштер

        Жетісу өңіріндегі ескерткіштерді негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші тобы Бесшатырлық және екінші тобы Есіктік типтегі ескерткіштер. Бесшатыр қорымы іле өзенінің оң жағасында, шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршақ тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге дейін, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады. Орташаларында тиісінше 25-18 және 5-6 м, кішілерінде 6-18 м және 0,8-2 метр.

  Сирек кездесетіндері  болмаса, қазылған обалар бұрындары тоңалып кеткен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге болатын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің ұштары) ғана емес, сонымен қатар қабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы,жаңа үлгілерін де берді. Диаметрі 104м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр обасы ерекше. Үйінді төбесі қиық конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32 м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тығыз етіп бірнеше қабат төселген бұл орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып көрінеді. Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында төменге қарай түсетін ордың ені 2 м, ізі байқалды. Үйіндінің айналасынан 5-7 м қашықтықтан тас дуал өтеді (ені 2м және сақталып қалған биіктігі 50-60см). Үйіндімен қатар бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тастардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар сақталған. Үлкен обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас бағандарға қазақ ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-шығыс жағында тағыда осындай 7 қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстардың көптеген сынықтары табылды, қыш қазандардың тұтқалары кездеседі. Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақтары табылды, екеуінен сүйек қалдықтары, керамиканың сынықтары мен моншақтар шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал . 

               [1, 83-85 ].

Бесшатыр үш үлкен  обадан тұрады. Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары, орташа үш оба мен барлық ұсақ обалар қазылды. Бірінші бесшатыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жағынан 8,93 м. Оба таспен жабылған. Үйіндінің түп жағына тас неғұрлым тығыз қаланған, обаның төбесі жалпақ. Үйінді үш қабат. Ең үлкені-екінші қабаты, ол қалындығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырақ пен қиыршық тастан тұрады. Төменгі қабатының астында Тянь-шань шыршасының өнделген тұтас бөренелерінен салынған үлкенағаш құрылыс табылды. Сағана үйілген топырақ астында жерленген адамның үстіне тұрғызылған,бұл түгелдей жер бетіндегі құрылыс. Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі құрылыс болып табылады,  ол бірнеше бөліктен тұрады олар:дәліз (дромос) қабірдің алдыңғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлық бөренелері жақсы өнделген: бұтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, қабығы аршылған. Бөлменің қабырғасын құрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне тығыз қиюластырылған, бүкіл құрылысты мейілінше тұрақты ету үшін бөренелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырылып салынған. Бұрыштарында бөренелер бір-біріне тек түйісіп қана тұрады және өзара бекітілмеген сондықтан Бесшатыр құрылысы дағдылы түсініктегі қима емес. Бөренелерде қашау мен Пышақ іздері жақсы сақталған-олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын төбесі жалпақ шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. 14 обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі - ұсақ қиыршық тастар араластырып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар Бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жете бөренелер. Бөренлермен жабылған төбесінде таспен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез сияқты болған. Қабірдің шығыс жағында есігі болып есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген мейлінше берік болуы үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен болған екі қабат төсенішпен жапқан қабірдің лақытына кірер жердің жанына жуан бөренің кесіндісі қойылған. Лақыттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр [5, 140-141 ].

 Бесшатырдың хронологиясы  кіші обалардың бірінен табылған  заттар бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығысқа қаратылған үлкен қабір шұңқырында  (көлемі 3,50-де 2м) жерленген екі адамның қаңқалары жатты. Сүйектер бірінің жанында бірі шалқасынан созылып,бастары батысқа қаратып қойылған. Жерленгендердің әрқайсының жанына оң жағынан қысқа семсер-ақинақтар қойылған, ал сол жағында қола ұшты жебелер салынған қорамсаптардың қалдықтары жатыр. Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді,ұшы бүгілген. Солтүстік жақтағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе, сірә кішкене ағаш қалқанның қалдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт ақық мойыншақ және біріне-бірі дәнекерленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршіктерден жасалған екі мойыншақ табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бесшатырды б.з.б. Ү-ІҮ     ғ.ғ деп белгілеуге мүмкіндік береді. Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағынадағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау жатыр [8,  59-61 ].

 Қорымның төңірегіндегі бұл құрылстардың орналасуы, олардың сыртқы түрі, құрылымдары мен көлемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр қабірлерімен бір мезгілде салынған және олармен байланысты деп санауға негіз береді. Менгирлерден қорымдар төңірегіне қарай ашық салынған қоршаулар - Бесшатыр обаларына байланыссыз, қайта негізгі обьектіні толықтыратын сияқты.

 Сірә, Бесшатыр кешені Іле өзенінің аңғарында мекендеген Жетісу сақтарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалық обалары орналасқан жерге сақтар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз көп құрбандықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни жоралғылар жасаған. Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындарға Менгирлер мен қойтастардан үлкен қоршаулар тұрғызылған [8,  59-61 ].

 Бесшатыр қорымының  барлық обаларына-үлкендері мен  орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршық тастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етеліне тас тығыз қиюластырып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі-үйінділер етегіндегі ордың терең болуы,обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық егу және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек.

Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен  обасы құрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы құрылыс-тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегінде менгирлермен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияты жалпақ төбелі үшкіл үйінді. Үйінді архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары-ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.

 Мұның бәрі сақ тайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық құрылыстар салынғанға дейін-ақ архитектуралық-құрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өндеу дағдырлары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныққанын дәлелдейді. Сірә, мұндай құрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер мен қора-қопсылар салу кезінде де жинақталған болса керек.

  Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерің мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейтіндей (тоңалмайтын) ету ғана емес, сонымен бірге ”мәңгі” тұратындай етіп салу мақсаты да көзделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш өзінің көлемі жағынан көсемнің құдыреті мен байлығына сай келіп,келер ұрпақтың бойына құрмет және қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды [14, 196-199 ].

  Бесшатыр обалары өздерінің  көрнектілігімен зор әсер қалдырады. Үлкен обаны тұрғызу үшін ғана елу мың текше метрден астам топырақ, тас, қиыршық тас пайдаланылған,ал оның үстіне қорымнан үш шақырым жерде орналасқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақта тастармен қой тастар тасып әкелінген.

 Оба үйінділерін стратиграфиялық  зерттеу бұл үлкен қорғандардың  әрқайсысы тастар мен топырақты жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, қайта құрылымды алдын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенің көрсетеді. Топырақтың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш құрылысқа қажетті микроклиматты қалыптастырып, ескерткіш обаның өз саның ұзақ уақыт сақтауына да әсер еткен.

 Үйінділердің көлемі  жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарың әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына-бөренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді биік,ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс [14, 196-199 ].

 Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетті бөренелер оба орналасқан орыннан шамамен 200-250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Алатауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде ағаш кесілген, бұтақтары мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер арқылы оларды өзенге сүйретіп апарып, салмен құрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған.

  Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен жүргізілген болса керек.

Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпаларының мәдениеті туралы түсінікті байыта түседі. Олар көп жылдық тәжірибенің жоғарыда атап өтілгеніндей, жерлеу қабірлерін салу кезінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан Жетісу сақтары ”таза” көшпелі болған жоқ, олар жылдың жылы маусымдарында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қысқы тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда олар ағаш, тас, қамыс, бұта сияқты жергілікті материалды пайдаланған [14, 196-199 ].

Келесі бір  ірі ескерткіш «Есік» обасы болып табылады. Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обанын диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты қиыршық - сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қой тастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір:орталық және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйіріндегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь-шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде 2,9 х 1,5 м, сырты 3,3 х 1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-1,5 м.

  Лақыттың оңтүстік  және батыс бөліктеріне ыдыстар  қойылған, ал солтүстік бөлігінде лақыттың тура тақтай еденінде жерленген адамның сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға қарағанда, өлік ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басын батысқа қаратып, шалқасынан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см.

 Есік обасындағы  қабір құрылысы, сірә былайша тұрғызылған болса керек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима-лақыт жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей бөренелерді көлденен лақыттың қабырғасы болатындай етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек-кезек ұмсындырылып шығарылған.

 Лақыттың қабырғаларына бөренелер бес қатар етіп салынып, ол үстінен де ұзын қабырғаларына көлдененінең қойылған бөренелермен жабылған. Түбіне жақсылап өңделген бір-біріне жақсы қиюластырып еден төселген. Еденге өлікпен неше түрлі нәрселер қойылған.

  Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына ұсақ алтын қаптырмалармен әшекйленіп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне тамаша сәнді киімі кигізіліп, бесқаруы түгел асылған өлік қойылған. Орныққан салт бойынша, өлік аяқ-қолы созылып, басын батысқа, бетін жоғары қаратып шалқасынан жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен төмен қойылып, сол қолы бір жағына созылып жатыр [ 3, 142-145 ].

 Оң жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер қойылған. Қару ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басының бедерлі бейнесі бар өткерме шегеленген. Белдіктің сол жағына шауып бара жатқан бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, қайыспен қапталған ағаш қыны бар темір ақинақ ілінген. Оның әшекейлері арасынан белдіктің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі салынған цилиндр формалы екі қаптырма- тоға ерекше көз тартады.

  Сол қолының қарында алтын ұшты  символды жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған  қамшы, одан жоғарырақ- ішіне қола айна мен қызыл бояу салынған шағын жібек қоржын жатты.

Лақыттың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың  ыдыстар  қойылғаң. Жазуы бар күміс тостаған мен  оқшауырақ тұрған алтынмен апталған қола тегененің де соларға жататыны аңық. Оның ішінде жыртқыш құстың тұмсығы мен тырнақтары  түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер жатыр. Ыдыстардың бірде-біреуінен жануарлардың сүйектері ет тағамының қалдықтары табылған жоқ [ 16, 150-156].

 Ыдыстардың орналастыруда белгілі біртәртіп  сақталған. Қыш және ағаш ыдыстар, бөлек қойылған. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт жағында-екі қатарда төрт табақша, алдынғы жағында-тегенелер мен ожау тұр. Екінші қабырға жанына қыш құмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір қатарға тізіліп қойылған, олардың алдыңда тегенелер орналасқан, тегенелердің арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге қойылған. Қола аяқ бөлек, қаңқаның бас жағында тұр. Лақыттың шығыс қабырғасы жағындағы еден бөлігі заттардан бос. Сірә, лақыттың есігі оның шығыс жағында болса керек.

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу