Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Скачать документ)

Түгіскенде б.з.б.ІҮ-ҮІ ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тәң нәрсе-кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақыттар өте терең болуы мен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа-солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде бастары шығыс – солтүстік -  шығысқа қаратылып кейде оларды лақыт шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, өкшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақыт шұңқырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған [10,  170-171 ].

 Сонымен б.з.б.ҮІ ғасыр обаларына бұрынғысынша тәң нәрселер лақыттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу құрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы. Табылған көптеген және алуан түрлі заттар б.з.б.ҮІ ғасырларда Аралдың шығыс өңірің мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті ыдыстар мен құмырашы ұршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлері мен сәндік бұйымдар, тас құрбандық ыдыстары мен жануыштар, та әбзелдері мен қару-жарақтар жатады. Ағаш өнделгенде қолданылған, жер өңдеу жұмыстарына және қару ретінде пайдаланылатын қола шапашоттар сирек кездеседі. Басқа сақ тайпаларында мүлде кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың қызметің қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бұымдар да бар.                                                                                                         

  Керамиканың материалдық мәдениет ерекшеліктерін мейлінше айқын көрсететіні және түрі ұқсас болған жағдайда түрлі аймақтардың металл бұйымдарының, керамикалық түрлерінің ерекшеліктері елеулі болуы мүмкін.

 Түгіскен мен Ұйғарақта керамика барлық жерлеу орындарында кездесе берген жоқ. Биік тік мойыны бар және жайпақ түпті, көбінесе жылтыратылған, алмұрт бітімдес ыдыстар керамиканың негізгі түрлері болып табылады. Мұның өзі қөңіл аударарлық жай, өйткені савромат ескерткіштерінде алмұрт бітімдес ыдыстар б.з.б.ІІІ ғасырда ғана пайда болады және оларға тән емес. Олардың Орта Азиядан шыққан болуы неғұрлым ықтимал [ 2,  192-194 ].

 Түтікше шүмегі  бар ыдыс та ортаазиялық түр  болып табылады. Шүмегі түтікше ыдыстар Түгіскен мен Ұйғарақтағы б.з.б. ғасырдағы қабірлерден табылды, Қазақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ұшыраспады. Сонымен бірге Оңтүстік Түгіскен мен Ұйғарақта бір не екі тұтқасы бар жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бүйрі шығыңқы тостағандар кездесті- ыдыстардың бұл түрлері Еділ бойы мен Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтар дүниесінде, сондай- ақ  Қазақстанның ертедегі көшпелілердің жерлеу орындарында жақсы белгілі.

 Арал өңірінің жерлеу кешендерінен қару-жарақтар, көбінесе жебе ұштары мен  ат әбзелдері табылды. Олар Евразияның алдыңғы сақ заманындағы шығыс аудандарында- Қазақстанға, Сібірге, Алтайға тән. Мұнда да жебе ұштарының басты-басты екі түрі-қысқа сапты және ұңғылы түрі қатар қолданылған. Қысқа мойынды жебе ұшының орнына б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысында қанды басы үш қанатты немесе үш қырлы ұңғылы жебе ұшын қолдану басқа аудандарға қарағанда ертерек басталды, мұның өзі бұлардың солтүстік-батыс көршілері-Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарымен байланыстары мен жер жағынаң жақындығының арқасында болғаң еді [14, 174-178 ].

  Қорамсақтарда жебелердің сақ мәдениеті өріс алған басқа жерлерде аз тараған ромб тәрізді ұңғылы және қос қалақты қысқа мойын ұштары да кездеседі. Жебелердің қысқа мойындағы ұштарының қаңды басын төрт қырлы етіп жасаған түрі де басқа жерлерден әзірге табылғаң жоқ. Оның есесіне қорамсақты белінің сол жағына, жебелердің ұштарын төмен қаратып салып жүретін классикалық скиф- сақ әдісі басым болған.

 Арал өңірі сақтарының жерлеу орындарынаң ең көп табылатын заттардың бірі-ат әбзелдері. Ұйғарақтағы қабірлердің жартысынан дерлік жүгенің қалдықтары- ауыздықтар, айшықтар, әр түрлі қапсырмалар, сондай-ақ тартпалардың айылбастары табылған.

Ұйғарақтағы ат ер тұрманы-Орталық  Қазақстанда, Алтайда, Жетісуда сақ заманында кең тараған ат әбзелдерінің бір нұсқасы. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың түрлері мен оларды жасау әдістерінде, айылбастарында және жүген жиынтығының бірқатар заттарында ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықтарға кіретін заттардың өз құрамында да ұқсастық байқалады. Алайда Ұйғарақтағы ер-тұрман ауыздық пен айшықты бірге құйып шығарған ерекше үлгіде болды, Қазақстан аумағының басқа аудандарындағы сақтарда мұндай үлгі болмаған. Сондай-ақ, үш тесікті мүйіз не қола айшықты, үзеңгі түбіндегі шығыршықты ауыздықтары бар жүгендер де ерекше үйлесімімен көзге түседі. Ұштары тікбұрышты жұмыр келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі өзгеше ауыздықтардың Арал өңірінен көптеп табылуы бұл ауданның Жетісумен бірге осындай үлгідегі жүген жасайтын  орталықтардың бірі болғанын көрсетеді.

  Сырдарияның төменгі бойындағы ескерткіштерді савромат-сақтар дүниесімен табылған басқа заттар да, мысалы, тастан жасалған құрбандық ыдыстары, кішкене қыш ыдыстар және темір семсерлер де жақындастырады. Айта кетсек, Ұйғарақта жергілікті жерге бейімдей салынған жыртқыш құстың басы түріндегі “құстұмсық тәрізді” деп аталатын құрбандық ыдыстарының ерекше түрі де кең таралған. Ұйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасындағы бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетің скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді [ 20,  215-216 ].

  Жинақтарда осы өңердің тым ертедегі үлгілерінің,ең алдымен 1 Петр коллекциясындағы дөңгелене бүктеліп жатқан барыс не қабылан түріндегі қола қаптырмалардың болуы мәнді.

  Құйрығының ұшы мен аятары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрыны бір сызық бойында жатқан концентратциялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Ұйғарақ тоғалары - Евразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өңері заттарына ұқсастығы байқалады. Ұйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін еңгізу ғана байқалады.

 Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өміріндегі тұрақты тақырыптардың бірі болып табылады. Онтүстік Түгіскеннің №45 обасындағы б.з.б.ҮІІ-ҮІ ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнелі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Ұйғарақта да бар), басы артына қарай бұрылу тырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басы онша ұқсамайды, сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды. Арыстанның құйрығы ширатылған, бірақ аятары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысық көзді және жалы бар. 53 обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінің орналастыруда өзгеріс аз, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа - Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасында тұмсығын аяғынан үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі өте табиғи түрде берілген [ 9,  197-208 ].

  Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтыннын жалпақ тілігі (Онтүстік Түгіскен б.з.б. ҮІІ ғасыр) Арал өңірі сақтарынын бейнелеу өңерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсықтары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мөрлеріндегі бейнелерге өте-мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманындағы Қазақстандық-Сібірлік мәдени ортамен жақындастырады.”Тұйағының ұшымен” тұрған бұғынын қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді (Ұйғарақ б.з.б. ҮІ ғасыр).

  Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш құстын басы түріндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың өзгеше бір үлгідегі бітімін осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп бейнелейді.

  Аң стиліне кенінен мәлім әуен-таутеке мен қабанды бейнелеу де Ұйғарақ пен Түгіскеннен кездестірілді. Ұйғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған алқада және Түгіскендегі 6-обадан табылған киік мүсіні түріндегі алтын қаптырмада жергілікті сюжеттің бейнелгені сөзсіз. 53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жаслған Түгіскен қаптырмалары Қазақстан аумағы мен Минуса ойпатынан табылған, аяқтары бүгулі бұғылардың бейнелеріне өте қатты ұқсайды [ 2, 193-195 ].

  Б.з.б. Ү ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Онтүстік Орал өңірінің савромат дүниесінің өңеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінің артында бірі ”жер бауырлап” жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олардың жоңы мысық тұқымдас хайуанға ұқсайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына үшбұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялық өрнектер салынған. Түгіскен мен Ұйғарақтың обаларынан табылған барлық өңер заттары. Арал өңірі ауданын скифтік-сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларын шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңеітті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлармен, бірқатар жағдайларда тіпті б.з.б. ҮІІ ғасырдың басы мен белгілейтіні оның жекеленген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктерімен пайда болғаны айқын көрсетіледі. Мысалы, Тува, Алтай, Онтүстік Сібір және Қазақстан аумағынын дені Европалық скифтік-сарматтық және Жайық өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ құратыны анық. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ Азиялық төлтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері әлдебір аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарынын өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтын мәдени жалғастырушылары болуы мүмкін [ 14, 174-176 ].

 Алдыңғы Азиядан шыққан кейбір бейнелеу үлгілері Орта Азия арқылы скифтер заманындағы Алтай мен Онтүстік Сібір өңеріне үйлесіп, сол арқылы орнығуы мүмкін деген жорамал расталып отыр. Бұл Онтүстік Орал өңірінің савроматтық ескерткіштеріндегі кейбір бейнелер жөнінде де сондай дәрежеде дұрыс.

 Сырдарияның төменгі  бойындағы сақ тайпаларының тарихы  ең әуелі қола дәурінің соңғы  кезеңіндегі аймақ тұрғындарының жергілікті этникалық-мәдени ортасынан басталады. Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскенің жерлеу құрылыстарының ежелгі беткі қабаттағы құрылыстары, топырақ лақыттардың бағанды құрылымдары, ”жер столдар” деп аталатындар, жерлеу салтындағы кең тараған отқа табынушылық секілді өзіне тән белгілері нақ содан, Солтүстік Түгіскеннің кесенелері мен басқа да ескерткіштерінен басталады. Бірақ Арал өңірі сақтарының этникалық-мәдени дамуы жергілікті бағытпен ғана шектеліп қалған жоқ [ 20, 213-214 ].

  Жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктер Оңтүстік Жайық өңірі мен Солтүстік-Батыс Қазақстандағы савромат тайпаларының мәдениетімен де көп жағынан ұқсас.

  Қола дәуіріндегі Орынбор далалары мен Арал өңір тұрғындарының арасындағы белсенді байланыстар, андронов мәдениетінің Батыс Қазақстан нұсқасының Орталық Қазақстан немесе Солтүстік Қазақстан нұсқасынан айырмашылығы, қималық компоненттің Жайық өңірі мен Оңтүстік Арал өңірі далаларының қола дәуріндегі мәдениетінің дамуына қатысуы-осының бәрі Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтары мен Оңтүстік Арал өңірі сақтарының мәдениеттерінде ұқсастық болуына себепші болды. Мұнда, сірә, халықтың біріне-бірінің араласуы, жекелеген тайпалардың екі жақтың да тайпалық одақтарының құрамына енген болуы мүмкін.

 Алайда Арал өңірі сақтарының географиялық жағдайы сақтар дүниесінің батыс шегі болуы мен олардың ”батысқа бағдар алуы” олардың мәдениетін басқа да сақ тайпаларының мәдениетінен ерекшелендіретің белгілері әліде толық айқындалмаған.Арал өңірі даласының тұрғындары Орта Азияның егіншілік оазистерінің тұрғындарымен сонау соңғы қола заманынан-ақ тұрақты қарым-қатынас жасап байланыста болған.

Сырдария сағасының  табиғи жағдайлары, сол сияқты б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлардың өзінде-ақ суармалы егіншілік дамыған Әмударияның төменгі ағысының жері жағынан жақын егінші халқымен мәдени байланыстары да Арал өңірі сақтарының шаруашылығында егіншілік рөлінің артуына және оларда жартылай көшпелі шаруашылықтың дамуына себепші болды. Бір ғажабы, Арал өңірі сақтарының қабірлерінде ат жүгенінің міндетті түрде болуы жағдайында, оларда мал шаруашылығы неғұрлым көшпелі түрдегі тайпалардан мәлім болған малды қоса көму салты іс жүзінде байқалмады. Сақтардың Шірік-Рабат қаласы мен одан солтүстіктегі Бәбіш-Молдаға жақын жерде су жүйесі желісінің болуы мұнда суармалы егіншіліктің де өз тарихы болғанын көрсетеді [2,  194-196 ].

  Арал өңірі сақтарының ортаазиялық және алдыңғы азиялық елдермен байланыс жасағаны Ұйғарақтағы жерлеу орындарынан шеттен әкелінген ыдыстардың табылуымен, бейнелеу өнерінде арыстан мен қабылан бейнелерінің пайда болуымен, перуза мен ақықтан жасалған, үнділерден шыққан бау-бақ өрнекті моншақтар сияқты әшекей бұйымдардың табылуымен дәлелденеді.

  Сірә, Арал өңірінің сақтары Оңтүстік Жайық өңірінің савроматтарына орта не алдыңғы азиялық мәдениетінің кейбір элементтерінің енуіне едәуір себепші болса керек. Олар, шамасы, Қазақстан-Сібір тобындағы сақ тайпалары жөнінде де осындай қызмет атқарған сияқты.

   Сырдарияның төменгі бойындағы ертедегі сақтардың этникалық және байланыстарының кең өріс алуы, олардың шаруашылығының ерекшелігі, антропологиялық пішінінің кейбір өзіндік ерекшелігі оларды бір тайпа емес, үлкен тайпалық одаққа кірген туыстас бірнеше сақ тайпаларының ерекше тобы деп есептеуге негіз береді.

  Сырдария сақтарының мәдениеті б.з.б. І-мыңжылдықтың екінші жартысында гүлденген денгейіне жетті. Бұл кезде, тегінде, Інкәрдариядан біршама солтүстікке таман тармақталып ағып жатқан Жаңадария негізгі су жолы болса керек. Бұл орайда Інкәрдария арнасының кей тұстары құрғап, оларда аз уақыт қана, ең алдымен су тасыған кезде ғана сақталған.

    Б.з.б. І-мыңжылдықтың екінші жартысы - Әмударияның төменгі ағысында Хорезм мемлекетінің қалыптасып, нығайған кезі. Ежелгі егіншілікті оазис пен оның көшпелі шет аймақтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар бұл кезде ерекше маныз алды. Сырдария сақтарының жерінде тек бекіністі ірі қоныстар ғана емес, қалалар да пайда болды. Олардың қатарына, мысалы, Шірік-рабат қаласы және Жаңадариядағы айналасында жергілікті қоныстар кешені мен дамыған суландыру жүйелері бар, көлемі кішірек бекіністі Бәбіш-молда қаласы жатады. Осы тектес тағы бір ескерткіш-Іңкәрдариядағы кішігірім бекіністі Баланды қалашығы. Оларға жақын маңда зәулім жерлеу құрылыстары бар, оларда жергілікті ақсүйектер жерленген және алуан түрлі жерлеу мүліктері қойылған [ 20,  215-216 ].

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу