Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Скачать документ)

  Жерлеу ғұрып жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа бөренелермен жабылып, шұңқыр топырақпен көмілген де, сонан соң топырақ үйілген.

 Антропологтардың анықтауынша, есік обасына жерленген адам 17-18 жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады ол алтынмен мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түріде, көлемі де әртүрлі алтын қаптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік ( 65-70 см дейін ) бас киім киген. Бас киім жылқы барыс, таутеке, құс бейнеленген 150-дей алтын қаптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік жауынгерінің мойындаушы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ сырғаларында - Перузадан жасалған салқыншақтары бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырылып,әшекейлеп, кестеленген көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялған былғары бешпеттің өң бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен қапталған. Бешпенттің сыртынан зооморфтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен қапталған құрама белдік табылған. Белдіктің оң жағына қызыл қыңға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлаң мен жылқы бейнеленген алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сұғыңдырылған. Сақ жауыңгері саусағына екі алтын жүзік таққан, олардың біреуі-сәңді бас киім киіп қырыңа қарап тұрған адамның бас бейнесі бар алтын (жүзік мөр). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б.з.б. ІҮ    ғасырдың аяғы  ІІІ    ғ деп белгіленіп отыр [ 4, 154-156].

  Сақ заманыңдағы қатардағы  қауым мүшелерінің қабірлері  көлемі биіктік құрылыстың құрылымы  мен қойылған заттары жөнінен  Бесшатырлық және Есіктік үлгідегі  патшалық қабірлерден мүлдем  өзгеше.

  Сақ мәдениеті алдыңғы кезенің ( б.з.б. ҮІІ-ҮІ ғасырлар) мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтын емел-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Мұңдағы обаларға да тас үйінді тұрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа қарап жатты. Ескерткіштерді зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімің б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге жатқызады.

  Шолақ тауларының алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары алдыңғы сақ заманыңа жатады. Мұңдағы тас жәшіктер қырынаң көмілген жалпақ тақта тастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытталған.

 Жуантөбе қорымындағы обалар  да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеніне жатады. Олардың көлемі шағын өзенің малта тастары аралас топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденен қойылған ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шұңқырлар да жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыздықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар Жуантөбе мерзімің б.з.б. Ү-ҮІ ғғ деп белгіледі [ 15, 60-64].

  Соңғы сақ заманының б.з.б. Ү-ІҮ ғғ біршама жақсы мәлім Қадырбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға жатады. Шолақ тауларында Іле өзенінің оң жағасында орналасқан Қарашоқы қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршық тас араласқан шағын үйіндісі, үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден қазылған шұңқырға жерленген. Қабірдің ішінен б.з.б. Ү-ІҮ ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола ұштары табылды.

 Қадырбай-2 іле аңғары қорымының  обаларындағы үйінді тас аралас  топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерің белдеулей тас қалаңған. Жерден қазылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты.        Жерлеу мерзімі б.з.б.ІҮ-ІІІ.ғғ деп белгіленеді. Тұрақты жерлеу ғұрпы мен құрал-саймандар Қызылауызға да тән [ 12, 48 ].

 Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттары сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөнінде жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары олжалар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аударатындары-қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен қару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп құю бұйымдары. Бұлар-төрт аласа аяғы бар, жиегіне қанатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай-ақ төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген [ 14, 164-173 ].

  Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік қаласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы тор көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген.

 Каминское плато маңынан (Алматы қаласының төңірегі) көпшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың қою тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығаны және олардың мәдениетінің төл тумалығын көрсетеді.

Жалпы алғанда Жетісу өңірінің сақ ескерткіштері одан әрі зерттелуде. Қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясында өзекті мәселелердің бірі қоныстарды зерттеу. Осыған байланысты жыл сайын Археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қазба жұмыстарды одан әрі толықтыруда. Дегенмен бұл өңірдің ескерткіштерін әлі де терңірек зерттеу қажет.

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 ІІ - тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері

 

 

                  2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі

Сырдария өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың басында  басталды, олар негізінен ежелгі антикалық деректер мен ортағасырлық географтары мен саяхатшылардың, және сонымен бірге көпестердің арнайы хаттарында айтылады. Яғни ХҮІІІ ғ Бұқара жерін зерттеу үшін Сырдария өңірінен өткен зерттеушілердің деректері болып табылады. Ежелгі Сырдария аңғарынын сақтарын зерттеулер КСРО ҒА Этнография институтының Хорезм экспедициясының көп жылдар бойы жүргізген қазба жұмыстарының жиынтығы негізінде анықталған. Ежелгі Сырдария жерінен неолит бастап соңғы ортағасырға дейінгі ескерткіштер зерттелген,оның ішінде ежелгі сақ ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ. Бұл жұмыстарды С.П.Толстов, М.А.Итина сияқты белгілі ғалымдар бастады.

Ежелгі Сырдарияның атырауы оның қазіргі салалары арасында орналасқан және ең оңтүстігі Інкәрдария өзенінің бастауының құрғақ жерлерімен аяқталады. Бұл үлкен ұшбұрышты аймақ негізінен Оңтүстігі Қарақұм мен батысы Арал теңізімен шектеліп, ендік бойымен және меридиандық бағытпен созылған. Өзендердің атыраулары әртүрлі бағыттармен ағуына сәйкес, жалпы су режимінің ерекшеліктерін анықтау, әртүрлі хронологиялық кезеңдерге байланысты. Іңкәрдария жүйесі (оңтүстігінде) және Қуандария жүйесі (солтүстікте) неолитпен қола дәуірінде қалыптасты. Інкәрдария өзеніңде кейінгі сақ кезенінің ескерткіштері б.з.б ҮІІ-Үғғ табылды. Жаңадария мен Қуандария өзендері бойынан б.з.б І мыңжылдықтың ортасы мен б.з І мыңжылдықтың ортасына жататын ескерткіштер тобы ашылды. Бұл табылған археологиялық заттар адам баласының 1000 жыл бойы осы жерде өмір сүргеннің көрсетеді. Б.П.Адрианов,  М.А.Итина, А.С.Кейс бойынша б.з.б. І мыңжылдықтың алғашқы жартысына ажататын ескерткіштер тобы, кейінгі қола дәуірі және ерте темір дәуіріне қатысты қоныстар Сырдария атырабының оңтүстік бөлігінде ашылды. Өзендердің жағалауларында орналасқан көптеген қоныстардан керамикалық бұйымдар б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ жататын қола садақ оғының сақ-скифтік типтік заттары табылды [2,  65-66 ].

Бірақ негізгі материалдарды  жер асты ескерткіштері берді, оған қорғандар мен зираттар және мавзолейге ұқсас жер асты құбырлары болып табылады. Осы аталған барлық қорғандар мен қоныстар ішкі жазықтарда немесе таулы қыратта тізбектеліп орналасқан. Ал кейбір жағдайда қорғандар қала тәріздес түрінде табылып жатты, мысалы Шырық-рабат – С.П.Толстов, Т.А.Жданко сияқты ғалымдардың деректеріне негізделді. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА Хорезм экспедициясы оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы Экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы өңірде көптеген ескерткіштер жиынтығы табылды. 1957-60 жж Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты қоныстарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа ескерткіштер ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды [ 9, 197-208 ].

1960-63 ж Түгіскен үстіртінде оңтүстік және солтүстік Түгіскен қорғандары ашылды. Сонымен оңтүстік өңірде Сыр бойымен Арал маңындағы ескерткіштерді қазіргі уақытта одан әрі зерттеуде, бірақ бұл өңірдің сақ ескеткіштері аз зерттелген.

Қазақстандағы аралдың шығыс  өңіріндегі сақ кезкенің материалдық мәдениетің Оңтүстік түгіскен және ұйғарақ қорымдарының обаларынан көруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар қару, үй тұрмысына қажетті заттар және алуан түрлі сәндік заттар сақ-массачетердің материалдық мәдениетінің денгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында алтын тоғалар мен қоладан жасалған ат әбзелдеріндегі аңдардың бедерлі бейнелері ерекше ынта туғызады. Ал шағын обалар-қатардағы қауым мүшелерінің жерлену ескерткіштері (ал олар ақсүйектердің ескерткіштеріне қарағанда әлденеше көп шаруашылық және мол табынышының түр құрамы туралы, құнды мәліметтер береді.

 Қорымдардың материалдарын  көптеген кездей-соқ табылған  олжалар мен көркемдік қола  бұйымдар көмбелері қазандар, құрбандық ыдыстары, шырақдандар, еңбек құралдары, қару және, ер-тұрман заттары, едәуір толықтыра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен аңдардың, кейде адамның бедерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. олар сақтардың құю техникасы  мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ертедегі  темір дәуірінде орта Азия мен Қазақстандағы металлургия өңдірісінің ірі орталығы болғаның дәлелдейді [19, 151-153 ].

 Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топографиялық зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырақ үйінділері тастан қаланған шеңбер, төрт бұрыш, жол, құйрықты жұлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне күмән жоқ.

 Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал өнірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандардың массачет-сақтардың құрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарьяның төменгі бойындағы ұйғарақ және Түгіскен қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл-Солтүстік Түгіскен б.з.б. ІХ-ҮІІІ ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы- Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кезенге бөлінеді біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік түгіскеннің барлық саң обалары б.з.б ҮІІ-Ү ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа  шығыс, орталық, және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей.

 

2.2 Түгіскен мен ұйғарақ қорымдары  Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққары-адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстын не күркеннің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.

  Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі- өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара - өлікті өртеу салты.

  Жерлеу құрылыстарының екінші  үлгісі-жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағыталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақыттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсақ бұтақтар қабаты төселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 1 метр, кейде 5 метрге дейін жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ қабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған [ 10, 170-172  ].

 Қабірдің бұрыштарында тіреу  орындары сияқты кішкене шұңқырлар  жиі кездезеді. Кейбір қабірлерде лақыттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер ”үстел” үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай “үстелдер” де солтүстік  Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері.

 Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетің обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдар мен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала от жағылатын болса керек.

        Ақырында, Ұйғарақта жер қабірлерін Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тік бұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеу жақындастыратын белгі-сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы [ 20, 210-212 ].

 Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ,мүліктердің құрамына және үлкен жер лақыттарға қарағанда, ең ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік бергісі-күрзінің және салттық айбалта-қаңжардың табылуы дәлел. Бұл жерде де жерленген қару-жарақты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, сірә, басқа рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетіндегі тік бұрышты тар қабірлерге атағы жоқ және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген.

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу