Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.
Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38
Оцтүстік Түгіскен - сақ дәуірінің қорымынан қазылған 34 оба және сондай-ақ, солтүстік топтағы мавзолейлер маңынан қазылған 4 оба да, барлығы жоғарыда аталғандай б. з. д. ҮІІ-Ү ғ.ғ. жататыны анықталған. Оның ішінде ескерткіштердің негізгі тобын қүрайтын б. з. д. ҮП-ҮІ ғ.ғ. обаларының топырақ үйіндісінің диаметрі 15-20 м, биіктігі 1-1,5 м. Тікбүрышты, тереңдігі 2 м-ге баратын шүңқыр қабірлер батыстан шығысқа созылған. Қабірдің беті
ағаш бөренелермен жабылып, оның үстіне және айнала 2-5 м радиуспен қамыс қабаты төселген. Ағаш жабындыда көбіне оттың іздері анық байқалады, бірақ солтүстік топтағы мавзолейлердегі сияқты мәйіт пен қүрылыс түгелдей өртелмеген. Анығында, бүл жерде қабірдің үстіне от қойып, дәстүрдің шартты түрдегі рәсімін көрсеткеннен соң, оттың жанып бітуін тоспай, дереу топырақ үйіндімен жауып тастап отырған. Қабір еденінде бүрыштарды айнала өтетін бағана шүңқырлары бар, ал кейде төрт іргенің бойымен жіңішке ор қазу арқылы мәйіт жатқызылған ортаны орындық сияқты көтерген. Бүлардан бөлек 3 обада шүңқыр қабір қазылмай, мәйітті тегістелген жер бетіне қойып, оның үстіне бір немесе екі қатар шағын бағаналар арқылы күркеше тәрізді ағаш қүрылыс түрғызған және оны топырақ үйіндімен жапқан. Б. з. д. Ү ғ. жататын саны аздау обалардан байқалған негізгі айырмашылықтарға қабірлердің біршама тереңдігі, қабірден оңтүстік-шығысқа қарай тартылған, үзындығы 5-12 м дәліз-дромостардың болуы, темір бүйымдардың көбеюі, мүрделердің басы бүрынғыдай батысқа емес, солтүстік-шығысқа қаратылуы жатады.
Оңтүстік Түгіскен және осыған мерзімі мен басқада сипаттамасы жағынан жақын Үйғарақ қорымдарындағы обалардан табылған әртүрлі және көптеген заттар б.з.д. ҮІІ-Ү ғасырларда Аралдың шығыс маңын мекендеушілердің материалдық мәдениетінің бейнесін толық сипаттайды. Көптеп табылған заттардың қатарына жапсырылып істелген жергілікті ыдыстар мен қүмырашы үршықшасында жасалған керамика, қола пышақтар, киім әшекейлер мен сәндік бүйымдар, тас қүрбандық ыдыстар мен жануыштар, ат-түрмандары мен қару-жарақтар жатады. Басқа сақ тайпаларында тіпті кездеспейтін қола және темір балғалар, айбалта мен қанжардың қызметін қоса атқаратын өте тамаша жасалынған қола бүйымдар дабар [42,178-190 6.6.].
Үйгарац обалы цорымы (б.з.д. ҮІІ-Ү ғ.ғ.) - Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа карай 150 км жерде Үйғарақ қыратында орналасқан (15-сурет). 1959 ж. Хорезм археологиялық этнографиялык экспедициясының инженер-картографы Н.И.Игоним қыраттағы обалардың орналасуын анықтаған. 1960 ж. С.П.Толстовтың жетекшілігімен обалардың ішінен біреуіне қазба жүмыстарын жасаған. Ал 1961 ж. кешенді қазба жүмыстары басталып, 1962, 1963 және 1965 ж.ж. жалғасын тапқан.
Үйғарак қыратының ежелгі Сырдарияның арнасы Іңкәрдарияға жақын оңтүстік бөлігінде орналасқан обалар шамамен 2 шақырымға созылып жатыр. Мүнда орналасқан шамамен 80 оба үш топқа: шығыс, орталык және батыс топтарға шоғырланған.
¥йғарақ пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында жерлеу қүрылыстары әр тектес болғанымен, жерлеу ғүрпы бірдей және өзіне тән ерекшелігі - отқа табыну. Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің қүм үйінділері астынан б.з.д. ҮІІ-Ү ғасырлардың жерлеу қүрылыстарының екі үлгісі анықталған. Оның бірі, негізінен Үйғарақтан ғана шыққаны - адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңкалы ағаш күрылыстың не күркенің ішіне, қамыс үстіне төсеу. Мүндай қүрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тік бүрышты болған. Олар қола дәуірінің қарапайым жерлеу қүрылыстарына үқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақындастыратын белгі - өліктің басын батысқа қаратын жерлеу және ішінара - өлікті өртеу салты.
Ал жерлеу қүрылысының екінші үлгісі - жоғарыда айтылған Оңтүстік Түгіскендегідей жерден қазылған шүңқырлар. Тек Үйғарақтағы бүрыштары дөңгеленіп келген тік бүрышты тар шүңқырлар Оңтүстік Түгіскенде кездеспейді. Қүрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Үйғарақтағы үлкен жер шүңқырларға жерлеумен жақындастыратын белгі - сырғауылдармен және бүтақтармен жабылуы.
Жерлеу қүрылыстарының әр түрлі болуы, шамасы, сақ қорымының ру-отбасылық және әлеуметтік қүрылымының күрделілігі мен қарама-қайшылығын көрсететін болуы керек. Бүл әсіресе Үйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде анық байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғүрып дәлтүрлері айқынырақ байқалады. Бәрінен де ықтимал нәрсе, бүл қабірлер сак қоғамының жалпы рулық діни қызметтермен байланысы бар нағыз кертартпа бөлігіне тән болған болса керек.
Үйғарақ обаларының
орталық кешенін қалдырған
Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарындағы табылған керамикалар белгілі бір аудан тайпаларының материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін неғүрлым айқын бейнелеп береді. Бірак керамикалар барлық жерлеу орындарында кездесе бермеген. Биік тікше мойыны бар және жайпак түпті, көпнесе жылтыратылған, алмүрт пішіндес ыдыстар олардың негізгі түрлері болып табылады. Түтікше шүмегі бар ортазиялық формадағы ыдыстар Оңтүстік Түгіскен мен Үйғарақтағы б.з.д. ҮІ ғ. жерлеу орындарында, сондай-ақ Жетісу территориясындағы басқа да* сақ кешендерінде табылған. Бүған қоса Оңтүстік Түгіскен мен Үйғарақта бір не екі түтқасы бар жапсырма сапты ыдыстар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген бүйірі шығыңқы тостағандар кездескен - ыдыстардың бүл түрлері Еділ маңы мен Оңтүстік Орал маңының савроматтар дүниесінде, сондай-ақ Қазақстанның ертедегі көшпелілерінің жерлеу орындарында жақсы белгілі.
Әдебиеттер тізімі
1. Толстов С. П. По следам древнехорезмийской цивилизации. Москва, 1948.
2. Скотоводы и
земледельцы левобережного
Хорезма (древность и
средневековье). Москва, 1992.
3. Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Чирикрабатская
культура // Низовья Сырдарьи
в древности, выпуск I. Москва, 1993
4. Толстов С. П. Хорезмская археолого-этнографическая
экспедиция АН
СССР (1945—1948) // ТХЭ. Т. 1. Москва, 1952.
5. Сыр елі Қызылорда облысы, энциклопедия. Алматы: 2005.
6. Толтов С.П., Кесь А.С. Проблема
древного течения Амударьи в свере
новейших геоморфологических археологических
данных. Мосвка: 1954.
7. Герасимов И.П. Основные
черты развития современной поверхности
Турана. «Труды Института Географии
АН СССР», вып. 25. Москва.1937.
Федорович Б.А. Древние реки в пустынях Турана. «Материалы по четвертичному периоду СССР», вып. 3, Москва-Ленинград. 1950.
14. Геродот. История
в девяти книгах
/ Перевод и
примечания
Стратановского Т.И.- Ленинград: Наука,
1972.
15. Чернявский В.И. Петр Петрович
Семенов-Тянь-Шанский и его труды по
географии. - Москва, 1955.
16. Бейсенова А.С. Исторические
основы географических исследований
Казахстана. - Алматы 2001.
33. Итина М.А.
История степных
племен Южных
Приаралье
(П-начало I тыс. д.н.э.) ТХАЭЭ.
т.Ю, Москва. 1977.
36. Виноградов А.В. Древние
охотники и рыболовы Среднеазиатского
междуречья. - ТХАЭЭ. 1981, т. 13.
37. Итина М.А. Ранние саки Приаралья.
- Археология СССР: Степная полоса
Азиатской части СССР в скифо-сарматское
время. Москва, 1992.
41. Вишневская О.А.
Итина М.А. Ранние саки
Приаралья.-Проблемы
скифской археологии. Москва, 1971.
45. Левина Л.М. Керамика
нижней и средней Сырдарьи
в первом
тысячелетии н.э. - ТХАЭЭ. 1971, т.7.
49. Тирацен Г.А. Некоторые
черты материалыюй культуры Армении
и
Закавказья Ү-ІҮ вв. до.н.э. - СА, №3. Москва
1964.
Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу