Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Скачать документ)

 

арасындағы  арақашықтық 1,95 м. Қорған қабырғасымен қоршалған кеңістіктің ішінде қүрылыс іздері бар. Шурфтардан алынған археологиялык материалдар Шірік-Рабат кешеніне тиесілі [3, 22-6].

Бәбіш-мола кешені. Шірік-рабаттан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде Жаңадарияның оң жағалауында Бәбіш мола ескерткіштер кешені орналасқан (географиялық координаттары: 44°25'06,6" солтүстік бойлық және 063°06'38,2" шығыс ендік).

Бәбіш мола кешені 1946 ж. ашылып, 1948 және 1949 ж.ж. қосымша зерттеулер жүргізілген, ал қазба жүмыстары 1958-1960 ж.ж. жасалынған (1958-1960 ж.ж. отряд басшысы - М.Г.Воробьева). Жалпы Бәбіш мола кешені Бәбіш мола 1 каласынан және Бәбіш мола 2 жерлеу қүрылысынан түрады.

Олардың біріншісі - дүрыс сызбаға түсірілмеген, қорған кабырғаларымен бекіп түрған бекіністі елді мекен. Оның солтүстік бөлігінде шаршы бейнелес цитадель (100x100 м) көзге түседі, алғашында қорғанның бүкіл аймағы тек сонымен шектелген болатын, ол шағын шеңберленген мүнаралы қабырғалармен қоршалған, бүл мүнаралар бүрыштарды түтастай қамтыған және ортасында шығыс жақ қабырға түрінде болып келеді. Цитадель қабырғалары бағыттауыш бейнелі соғысу орындарын бөліктерге бөліп түрады, бүл орындар бір қабырға түбіндегі оқ ату алаңынан 1,15м биіктіктегі 3 соғыс орнының бәріне бірдей кызмет ететіндей үшеуден орналасқан. Соғыс орындарыньщ биіктігі 40 см-дей, олар иіле орналасқан екі кірпіштен қүрылған, соғыс орындарының төменгі жағы көлденең, сондықтан олардан қарауы нашар болды.

Цитадель  ортасында «үлкен үй» деп аталған  шаршы тектес ғимараттың (44x44) қираған қабырғалары орналасқан (8-сурет). ғимарат түтастай қайта қүрылған және соғыс орындары бар, мүнаралы қабырғалармен қоршалған, бүл мүнаралар бүрыштарды жоне кіре берістегі оңтүстік қабырғаның орта түсын түтастай қамтыған. Кірер түста ғимарат дәліз тәріздес екі бөлікке бөлінген. Ғимараттың солтүстік-шығыс бөлігі мен оған оңтүстіктен жанасып жатқан ауланың не залдың бөлігі қазба салынып зерттелді. «Үлкен үйде» стратиграфиялық түрде 3 кезеңге бөлінеді [34, 162-165 б.б.]. Бүл үлкен залға немесе алаңқайға солтүстік түстан жанасатын салтанатты ғимараттар кешені болатын. Бүл салтанат залына кірер түста симметриялы түрде орналасқан екі есік оның бүйір жағында орналасқан салтанат залының солтүстігіндегі ғимараттар кешеніне жалғасып жатыр. Қысқа мерзімді кідірістен кейін қүрылысы аяқталмаған ғимарат қиратылды. Осы кідіріс және кирау кезеңімен екінші стратиграфиялық жиекті қүрайтын екі ярусты күйдірг.іш керамикалық пеш байланысты. Содан кейін кирау кезінде үшінші стратиграфиялық кезең (жоғарғы) ғимараты түрғызылды. Бүл ғимарат төменгі анағүрлым дөрекі түрде орындалған.

Қалашықта барлык нысандарға қазба салынды, сондай-ақ «донжон» деген атауға ие болды. Бүл цитадельдің оңтүстік-батыс бүрышына жақын орналасқан қуатты бекініс (30x30). Оның қабырғалары 4-5 м биіктікте сақталып қалған, аумақ ішінде бірінші қабаттан қамтылған күмбез тәрізді

 

мекен орындары табылды. «Донжонды» қазу барысында  да үш қүрылыс кезеңі анықталды, олардың ішінде бірқатары қайта қүрулар мен жөндеулерден өткен [34, с.161]. «Донжон» қабырғаларының негізінен соғыс орындары бар алғашқы бекіністің бастапқы қабырғаларының қалдықтары табылған. Екінші күрылыс кезеңінде алғашқы қабырғаның аз ғана бөлігін жоя отырып, бекініс «қамалға» кіретін орталық ашық есік-дәлізі бар және екі қырынан өзіндік ерекше мекен орындары бар бекініс-ғимаратқа айналдырылған. Доға тәріздес кіру түстары мекен орнынан дәлізге жалғасады, мүның оңтүстік жақ аяғында «цитадель» кақпаларының қалдықтары табылған (кақпалардың қүлып-баулары, олардың қозғалысынан еденге түскен іздер, көтергіш қүрал). «Донжонның» оңтүстік сырткы беткейі бүл кезде қабырға бетінен 20 см шығып түратын әшекейлермен безендірілген болатын (орталық дәліздің әр қырынан үш-үштен). Күмбез тәріздес ғимараттар түрғылықты жерлер болғандықтан, олардың қазбалары жақсы археологиялық кешен берді, мүның негізінен шірік-рабат мәдениетінің ерте кезеңі бөліп көрсетіледі. Егер екінші қүрылыс кезеңінде қүрылыстың екінші сатысы болса да, ол үшінші қүрылыс кезеңіндегі қайта қүрулар кезінде, яғни жекелей бүзылған күмбез тәріздес мекен орындары көмілген немесе күйреген және 5 метрге жоғары көтерілген қуатты стилобатқа айналған кезде жойылған. Кірпіш қабаттар орталық дәліз қабырғаларын бүкіл кешеннің ішке ену түстары мен сыртқы қабырғаларын жауып тастаған. Стилобатта бірнеше ғимарат түрғызылған, олар түтастай дерлік шайылып кеткен, ғимараттың оңтүстік жартысындағы аса кең емес жол осыларға алып барады, ол ортальщ дәлізге қатар орналасқан, орталық дәліз де түрғызылған қабырға салдарынан екі қырлы жолға айналған. Стилобаттың жоғарғы жағына алып баратын кіші пандустың солтүстік жақ аяғында ғимараттармен бір деңгейде алаңқай тазартылған, оның бүрышында қоймада оралған арқан бөлігі сақталған, оның көмегімен орталык дәліз арқылы ғимараттың батыс жақ бөлігіне жетуге болады. Осылайша, «донжоннның» өмір сүруінің осы соңғы кезеңінде ол, сөзсіз, жаксы бекіген кіру мүнарасына айналған.

Қалашықтың  өмір сүруінің соңғы кезеңімен ескерткіштің оңтүстік жағынан қосылған жаңа бекініс байланысты. Ол қуатты камал қабырғасымен қоршалған (қалыңдығы 5,3 метрдей), мүның қабырға сызығынан шығып түратын жартылай дөңгелек мүнаралары бар, мүнаралардың қабырғалары бағытауыш тәріздес соғыс орындарын бөліп түрды.

Жаңа косылған ғимарат пен «цитадель» қақпаларына кірер түс «донжонның» батыс жақ бөлігінен алшак жол бойымен өтеді, бүл жол соңғы кезеңде соғыс орындары бар қабырғалармен шектелген. Олардың тек төменгі бөлігі ғана сақталған, деңгейі бойынша бүлар тек тізеден ату үшін орналастырылған соғыс орындары болуы мүмкін. «Донжонның» орталық дәлізіне қарама-қарсы түста жаңа ғимаратқа кірер есік орналасқан.

«Үлкен үйдің» төменгі стратиграфиялық жиегі  қүрылыс тәсілдері мен керамикалық  кешені бойынша «донжонның» бірінші  және екінші қүрылыс кезеңдеріне сәйкес келеді (олардың біріншісінен керамикалық материал аз сақталған).   «Үлкен  үйдің»  екінші және үшінші  жиектері  «донжонның»

 

үшінші қүрылыс  кезеңшен және «қаланың» жаңа қүрылысымен  түстас болуы мүмкін. Ерекше атап өтетін жайт, ескерткіштің соңғы кезеңіндегі барлық бекіністер сапасы мен тәсілдері бойынша ерте кездегілерден бірден-ақ ерекшеленеді, бүл әсіресе, «қаланың» жаңа күрылысынан жақсы көрінеді. Бәбіш-мола I бекінісінде негізгі қазба жүмыстары «Үлкен үйде», яғни қамалдың орталығында орналасқан және оның негізгі аумағын алып жатқан «қамал» тәріздес күрылыс ғимаратында жүргізілгендіктен, қамал қабырғалары мен «үлкен үй» арасындағы күрылыс сипаты анықталмады, тек «донжон» ғимараттары аумағында орналасқан бекініс қақпаларынан «үлкен үйге» өтер түстағы алаң учаскесі мен шағын стратиграфиялық траншеялардағы мәдени қабаттар ғана ашылған. Ескерткіштегі қазба жүмыстарының соңғы кезеңінде 1960 жылы қатардағы ғимарат қүрылыстары мен бекініске оңтүстік түстан қосылған қүрылыстың қызмет еткен уақытын аныктау үшін жаңа күрылыс ғимараттары жүргізілді, мүнда жоспарда сопақша бейнелі бекіністің негізгі қабырғасындағы сияқты біркелкі соғыс орындары бар мүнаралар тазартылып, алаңда қатардағы бірнеше қүрылыс ғимараттарының 200 шаршы метрден астам учаскесі ашылды. Оны сипаттауға біз толықтай тоқталамыз, өйткені іс жүзінде шірік-рабат мәдениетінің бірде бір ескерткішінде түтастай ашылған ғимараттар болған жоқ, себебі барлық қазба жүмыстары ең алдымен ескерткіштер стратиграфиясын және мәдени қабат сипатын анықтау мақсатында ғана жүргізілді. Қаладағы қазба жүмысы бекініс кабырғасына таяу түстағы жаңа күрылыс ғимаратының оңтүстік бөлігін қамтыды. Ол үшін археологиялық табу жүмыстарының анағүрлым көп жүргізген учаскесі таңдалды (мүның аумағы - 20x40 м), бүл учаскенің солтүстік шекарасынан басталған қазба жүмыстары үлкен ғимарат шеңберінде орналасқан үш мекен орнын анықтады (қабырғалардың сақталу биіктігі бойынша - 40-50см). Мүмкін, бүл ғимарат археологиялык ашулар жүргізілген алаңның барлығын да қамтыған болар. Қандай жағдай болмасын, осы аймақта түтастай қүрылыс аумағы болғаны жөнінде сөз козғауға барлық негіз бар. Қүрылыстар бүған дейін адам түрмаған материкте салынған, қабырға діңгектерінің сапасы нашар. Ғимараттардың бірінің ені 40-50 см түтас діңгектер табылды, ғимараттар арасындағы қабырғалар қалыңдығы - 1,25-тен 1,5 см-ге дейін. Тазартылған учаскедегі сыртқы қабырғалары (солтүстік қабырғалар) орны бойынша 4 метрді қамтыды, оның сыртқы беті қатты күйреген және елеулі түрде иілген. Ғимараттар қабырғалары аздап сабан қосқан саздың балшығымен сыланған, сылақ қалыңдығы 0,5-1 см-дей. Қазылған үш ғимараттың екеуінде еденді бірнеше мәрте жаңартылып отырған сылақ қабаттары (8-10 см дейінгі қалыңдықта) жауып жатыр, олар әсіресе материк шүңқырлары үстінде өте тығыз, олардың көбі таза топырақпен көмілген. Қазылған үш ғимарат, сөзсіз, түрғылықты мекендер болған, тек 3-ғимарат қана өндірістік мәнге ие болуы мүмкін, бірақ ол барлық өзге түрғын кешенімен тығыз байланысты болған. Барлық ғимараттар жоспарда сәл дөңгелетілген бүрыштары бар дүрыс тік бүрыштар ретінде белгіленген (бүл Бабыш-моланың өзге объектілеріне қарама-қарсы   сипатталып   отырған  кешеннің  қүрылыс   техникасына  тән

 

сипат). Олардың  аумағы - 20-30 шаршы метрге жуық. Ғимарат  жобасында симметрия принципі қадағаланғандығы сөзсіз: жоспарда үқсас ғимараттар батыстан шығысқа созылып жатқан орталық аймақтан оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан. Қазба жүмысы барысында жоғарғы тазарту жүмыстары казылған ғимараттардан батысқа қарай қандай да бір үлкен және солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтерілген бір ғимарат болғандығын көрсетті, ол кең дәліз немесе алаңқай тәріздес (ені 4 метрдей), қазылған 1 және 2-ғимарат есіктері осыған жалғасып жатыр, күйдірілген саздың мол табылуына қарап, мүмкін, бүл жерде өндірістік пештер орналасқан болар деген түжырым жасауға болады. Осы жерден керамикалық күйінділер, мыс сынықтары және тегі белгісіз жеңіл күйінділер табылған. Ғимараттар тегіс бөренелермен жабылған. Мүндай жабулардың қамыстан, уатылған шырпыдан және саз балшық сылағының сынықтарынан пайда болған үйінділері ғимараттардың бірінен еденде шағын мәдени қабат үстінде жатқан күйінде табылды. Бүкіл кешеннің бір күрылыс кезеңі барысында 1-ғимаратта екі еден табылған, ол қи қабатымен жабылған. Бұл бәрінен де бүрын қүрылыстардың жекелей кирауынан кейін меңгерілген әдісті көрсетеді. Ескерткіштің осы кезеңіне жабу үйіндісіндегі және өзге де кейбір жерлердегі шағын ошақтар жатады (олардың маңайынан едендер табылмаған).

Ғимараттардан түрлі  типтегі ошақтар табылды. Көбінесе бүл ешқандай қүрылымсыз ашық типтегі ошақ 0,5 м диаметрлі күйдірілген алтын таңбалы ошақ еді. Екі ғимараттан табылған мүндай ашық ошақтар ғимараттың ортасында солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа қарай жоғарылаған саз қүйындысында (17-20 см) орналасқан (күйынды өлшемдері 3,25x1,15 м және 2,55x0,85 м). Ошақ таңбалары түсында кейде қандай да бір күрылымның саз қалдықтары, диаметрі 10-15 см бағандардың шүңқырлары (сөзсіз, тамақ әзірленіп жатқан ыдысты ошақ үстіне ілу үшін қандай да бір қүрылымға арналаған щүңқырлар) сақталған. Бір жағдайда шүңқырдан прос қалдықтары табылған. 3-өндірістік ғимаратта қүйындылардың орта түсының анық сызбалары бар және оның шеттерінде белгісіз бір дөңгелек тәріздес қүрлығының саз қалдықтары қалған. Осы орталықтағы ошақ формасы - тік бүрыш (0,55x0,3 м), мүның екі жағында ошақтың қүйындыға жеңіл енуі (3-5 см) есебінен пайда болған қатқан топырақ іздері бар.

Өндірістік 3-ғимараттың еденінен 8 шүңқыр қазылды, олар шаруашылық және өндірістік мәнге ие болған. Саз жерден ойылған бүл шүңқырлар орташа шамамен жарты метрдей тереңдікке жетеді. Барлық шүңқыр дерлік еденнің сылағымен жабылған, бүл ғимарат босаған кезде қызмет етпегендігін көрсетеді. Өзара байланысты екі шүңқыр керамика мен аз кем аң сүйектері болмаса, негізінен, прос қалдықтары мен ёзара байланысқан жеңіл үсақ саңылаулы күйінділерден түрады (жасыл-сары түсті). От жаққан іздер бүл шүңқырда жоқ. Оңтүстік қабырғада орналсқан екі шүңқыр өндірістік пеш қалдықтарымен байланысты, бүл пеш ғимарат қабырғасына дәл осы екі пгүңкыр үстінен енген. Қүрылымы түсініксіз пеш қирандылары кабырғаға 50-60 см енген, күйген қабырға мен еден учаскелері сақталған. Бүлінген түстың үзындығы - 1,8 м шамасындай. Шүңқырлардан

 

бөлік түрінде  және жеке түтастай түрде түрпаты  бойынша архаикалық, нашар күйдірілген саздан жасалған әйел мүсіндері табылды. Кесінді бөліктердің бірқатары белгісіз мүсіндерге тиесілі. Барлық мүсіндер күм, шамот өте көп араластырылған саздан даярланған және өндірістік мекенін білдіреді. Бүл мүсіндердің барлығы Бабыш-моланың солтүстігінде 5-6 км жердегі мекеннен табылған мүсіндерге үқсас. Ол жерде де осы фигуралардың қалдықтары табылған, бірақ Бабыш-моладан табылған мүсіндер екі есе ірі. 254-нүктедегі мекеннен табылған фигураларды табу шағын саз шарларды табудан басталды, 3-ғимарат шүнқырларындағы мүсіндер жанынан да саз шарлар табылды: сәл тегістелген желке, төмен маңдай, түтатқан кеңсірік. Мүрынның бөлігі ғана сақталған, бірақ ол бетінен өте шығып түрған болса керек. Көздерінің орнына қоятын үяшықтар болса керек, өте терең шүңқыр сақталған. Сипатталған бастың өлшемдері (үзындығы 10 см) осы жерден табылған мүсіндер өлшемІне сәйкес келмейді. Ғимараттың солтүстік-шығыс бүрышында еденге мойын түсына дейінгі тереңдікте хум көмілген, оның ішінде қола сынықтар, ірі қабырға, кіші банк түрінде жабыстырмалы ыдыс және ірі тас моншақ табылған. Хум қабырғаларында күйдіргеннен қалған бірнеше сызылған белгілер сақталған. Бүл хум түтқасының түрі «хронологиялық индикатор» болып табылады, ол - Бабыш-молданың төменгі қабатындағы көне нүсқалардан (ең алдымен, «донжоннан») «үлкен үйден» және Бабыш-мола донжоннын төртінші күрылыс кезеңіндегі қабаттардан көп табылған кейінгі дөңгелек нүсқаларға өту дәнекері, бүл ескерткіштің оңтүстік «қалалық» күрылысын оның ең соңғы кезеңінің алдындағы кезеңдерге жатқызуға мүмкіндік береді.

Бекініс қабырғасының оңтүстік бөлігін қазу барысында  каркос қүрылыс үлгілері табылды, бірақ олардың нақты жобасы қалыптастырылмады.

Бәбіш-мола 2. Қалашыққа тікелей жақын жерде  Бәбіш-мола 2 делінетін монументті жерлеу ғимараты орналасқан, жоспарда ол шаршы тектес, ішкі жобасы - симметриялы (9-сурет). Жергілікті тайпалар үшін салынған осы мавзолеймен қатар қатардағы бейіттер бар. Бабыш-мола I қалашығынан 0,5 км жерде орналасқан Бабыш мола II ғимаратының аумағы 21x21 м, биіктігі - 7 м. Оның негізі цоколь (30x30 м, биіктігі - 0,5 м), ол алты діңгек блоктар қатарынан түрады. Ғимарат жобасы симметриялы екі қиылыстан күмбез тәрізді дәліз бүрыштағы жерлеу тақталарын шектеп түр, олар күмбезделген. Дәліздердің шеттерінде салтанат залы тәріздес мекен орындары орналасқан, олар дәлізбен доға тәріздес есіктермен байланысқан және шолу дәлізіне қарай ашылады (іздері-ескерткіштің солтүстік баурайында). Ғимарат қабырғалары алебастрлық сылақпен көмісерілген. Мәйіт жерлеу салты тікелей еденде немесе тақтайша үстелдерде өткізілген және тіпті ертедегі тонаудан кейін де алтын белгілер, сырғалар, моншақтар, ілгектер (алтын және тас) сақталған. Мавзолейде табылған керамикалык кешен қалашықтағы керамикаға үқсас және оның екінші қүрылыс кезеңіне (жекелей алғанда біріншісіне де) сәйкес келеді. Бүл мавзолей қатардағы түрғындарға арналмағандығы көрініп түр.

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу