Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Скачать документ)

 

Қатардағы түрғындарды  жерлеудің өзге типін Бабыш-мола 2 
ғимаратының солтүстігінен 800 м жерден қазылған жерлеу ғимараты 
көрсетеді. Ол сәл жоғары орнатылған (қазіргі кезеңдегі тыкарь деңгейінен 2 
м жоғары) және жоспарды шаршы тектес алаң түрінде белгіленген (5,5x5,5 
м), қырлары жанжағындағы онша терең емес, ені 2,5 м және тереңдігі 
алаңқай деңгейінен 1,3 м болатын шүқырларға қарай төмен түсетін 
баспалдақтардан түрады. Бүрыштары жарық жаққа қарай ыңғайластырылған 
алаңқайдың екі қыры оның солтүстік-шығысынан өтетін каналға катар. 
Алаңның бүрыштары маңындағы жоғарғы баспалдақтарда (ені 70-75 см) 
және қырларының орта түсында отпен күйдірілген алты ірі жабыстырмалы 
ыдыстар сақталған. Алаңның солтүстік-батысында 1,5 м жерде орналасқан 
және су өте катты шайып кеткендіктен, бүзылған бірінші жерлеу орны басы 
оңтүстік-батысқа қаратылған ересек адам мәйітіне тиесілі. ала ересек адам 
мәйітіне тиесілі. Алаңның 70-75 см жерде орналсқан және оның солтүстік- 
шығыс қырына қатар орналасқан өзге екеуі ересек адам мен жасөспірім 
мәйітіне арналған. Екі мәйіттің де арқалары тартылған, біреуінің басы 
солтүтсік-батысқа, екіншісінікі         оңтүстік-шығысқа         қаратылған.

Жасөспірімнің басының жанында қүмыра тәріздес қызыл саздан жасалған ыдыс жатыр.

С.П.Толстовтың мерзімдеуінше алынған деректер бойынша - б.з.д. ІҮ-II ғ.ғ. үш қырлы сақтардьщ жебе үштары, б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ. хорезмдік үлгіге жақын керамикалар, сол уақыттың моншақтары - Бәбіш мола кешені б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ. мерзімделеді [34,168-6].

Бұланды шатқалы. Шірік-Рабаттың оңтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан. Оның орталық кешені үш ескерткішті қамтиды: Баланды I шағын қамал, оған жанасатын елді мекен және екі жерлеу ғимараты -Баланды-2 және Баланды-3 (географиялық координаттары: 44о09'27,3" солтүстік бойлық және 063°22'43,6" шығыс ендік).

Бұланды 1 бекінісінің жоспары төртбүрышты, көлемі 80 х 130 м, өлшемі антикалық саз кесектен түрғызылған қабырғамен қоршалған (10-сурет). Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс дуалдарының бүрыштарында екіден жартылай дөңгелекті мүнаралар бар. Қабырғаларының биіктігі 3 метрдей, олардың ішіндегі оңтүстік-батыс кабырғасы мен оңтүстік мүнарасы бар бүрышы жақсы сақталған. Қабырғалары мен бекіністі мүнараларында садақ атуға арналған тесіктері бар; бекіністің қақпасы - солтүстік-батыс қабырғасында орналасқан. Бекіністі қамалдың ішкі жоспары білінбейді: ішкі алаң айналасындағы жер сияқты қатты тапталған және тегіс тақырға айналған, мүндағы керамика бәбіш молалық үлгідегі керамикаға үқсайды. 1960-61 ж.ж. қазба жүмыстарының нәтижесінде Бүланды 1 - бүл*үлкен бекіністі үй, ішінде салтанатты, түрлі-түсті сылақпен әшекейленген бөлмелері бар түрғын үй кешені екені анықталды. Осы бөлмелердің бірінен табылған заттар еткерткіштің ерте кезеңін б.з.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ. береді.

Бұланды 2 жерлеу қүрылысы бекіністен шығысқа қарай бір шақырым жерде орналасқан. Күмбезді қүрылыс осы уақытқа дейін Орта Азияның антикалық кезеңінің архитектурасында белгісіз болып келеді (11-сурет). Бүл

 

- жоспары шеңберлі қүрылыстың диамерті 16 м, қабырғасының биіктігі қазіргі тақыр деңгейінен алғанда 4,5 м. Ғимарат аузы онтүстік бөлігінде орналасқан және аркалық түрінде әсемделіп салынған. Ғимараттың орталык бөлігінде диаметрі 5,5 м, күмбезінің төбесі күлаған шеңберлі бөлме орналасқан. Ішкі және сыртқы кдбырғаларының арасы 2,3 м, бүл арада жеті бөлме орналасқан. Бөлмелердің ауыздары бір-біріне жалғаса салынған, бірак басты ауызға қарама-кдрсы жағында бітеу қабырға бар. Бүл дуал айнала орналасқан бөлмелерді тең екіге бөліп түр. Барлық ауыздары аркалы үлгісінде салынған. Жеті бөлменің ішкі беті сабан араласқан батпақпен сыланған.

1960 ж. Бүланды  2 жүргізілген қазба барысында  мавзолейдің ежелгі уақытта-ақ түбегейлі үрланғаны анықталған. Табылған деректер бойынша айнала орналасқан бөлмелерде жерлеу орындары болғандығы белгіленді. Бүланды 2 қазбаларынан табылған заттар, сабы бар сүйектен жасалынған қүралдар Бүланды 1 қаласындағы сүйекті өңдеу әдістеріне өте жақын, сонымен бірге теріден жасалынған бүйымдар қалдықтары, алтын әшекейлер, темір пышақтар және жүқа мата бөліктері де үқсас келеді. Маталар қызыл, сары түстермен әшекейленген және қара, көк, қанык қызыл түстермен жолақтар салынған.

Ескерткіштің  мерзімі мен архитектурасына  тоқталсақ (С.П.Толстов), нағыз күмбезді қүрылыстардың пайда болуы және кең таралуы римдік архитектурасында тек мемлекеттің соңында ғана жүрді. Алғашқы сипатталған күмбездер Витрувияға жатады (б.з.д. I ғ.). Рим архитектурасындағы ежелгі күмбезді күрылыстар шамамен осы кезеңге мерзімделеді. Бүның өзі жергілікті қүрылыстың эволюциялык жолмен емес, кенеттен пайда болуы, сол кезеңнен бастап Рим Парфиямен тығыз қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Ал Бүланды 2 ескерткішінің мерзімі б.з.д. II ғ. әрі, яғни б.з.д. ІҮ ғ. салынған деуге негіз бар. Егер ол б.з.д. ІҮ ғ. жататын болса, онда апасиактардың күмбезді қүрылыстары Рим империясының пайда болуына дейін екі жүз-үш жүз жыл бүрын белгілі болған [51, 6-7 б.б.].

Бұланды 3 - Бүланды 1 қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан (географиялық координаттары: 44°09'27,Зм солтүстік бойлык және 063°22'43,6" шығыс ендік). Жерлеу күрылысының жоспары шеңберлі, диаметрі 8,6 м, биіктігі 2,8 м, жерлеу камерасынын диаметрі 6,5 м (12-сурет). Бүланды 3 ескерткішіне ХАЭЭ-сы қазба жүмыстарын жүргізген. 2006 ж. археологиялық барлау экспедициясы барысында Бүланды маңынан Бүланды 3 обосынан басқа жоспары шеңберлі төрт, үш, екі камералы обалар (Бүланды 4, Бүланды 5, Бүланды 6, Бүланды 7) табылды. Бүл обалар қүрылысы жағынан Жаңадария бойындағы Белтам, Қараөткел, Шірік рабат II, Шағырлы II т.б. жерлеу қүрылыстарьша үқсас және мерзіміде (б.з.д. I мыңжылдықтың II жартысы аяғы) сәйкес келеді. Мысалы: Белтам обасының (Шірік рабаттан батыс қарай 34 км) жоспары шеңберлі, төрт бөлмеден түрады. Диамерті 18,5 м, биіктігі 3,5 м, қабырғасының қалыңдығы 1,5 м. Ал Қараөткел обасының да (Шірік рабаттан солтүстік-шығысқа қарай 26 км)

 

жоспары шеңберлі, диаметрі 19,5 м, биіктігі 4,5 м, қүрылыс екі бөлмеден түрады.

Сеңгір-қала бекінісі Баланды шатқалының, Баланды I бекінісінің оңтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан. Бүл - жоспарда шаршы тәріздес (32x31,5 м), бүрыштары жарыққа қарай бағытталған үлкен үй-жай. Үстіңгі жағынан ішкі жобасы анық көрінеді. Орталық ғимарат немесе аула төңірегінде үй қабырғаларының ішкі өлшемдері бойынша ғимараттардың түзу қатарлары орналасқан. Қираған ғимарат орны 4 метрге жетеді. 1972 жылы барлаушылық казба жүмыстарының нәтижесінде бірнеше түрғын және шаруашылық ғимараттары ашылды, олардың материалы үй-жайды шірікрабат мәдениетінің анағүрлым кейінгі, үшінші кезеңіне жатқызуға мүмкіндік береді.

Қабыл қала (Шағырлы). Шірік-Рабат тобының солтүстік беткейінде тағы бір шағын Қабыл-қала немесе Шағырлы I бекінісі орналасқан. Ол Жусалы бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 155 км жерде және Шірік-Рабаттан солтүстікке қарай 45 км жерде орналасқан. Жоспарда бекініс түзу тік бүрыш түрінде берілген (55x50 м). Төменгі жағы-пахсадан, ал соғыс орындары деңгейі кірпіштен күралған оның қабырғалары 4-5 м биіктікте сақталған. Бағыттауыш тәрізді соғыс орындарының екі қатары (жалған бағыттауышты) шахмат тәртібі бойынша орналасқан, олардың арақашықтығы 2 метрге жуық, мүнаралары жоқ. Оңтүстік-шығыс қабырғада айналғыш қорған бар, мүмкін жол да болар. Материалы бойынша ескерткіш шірік-рабат мәдениетіне жатады. Бірақ бүл жерде Жетіасар керамикасы әлдеқашан-ақ кездескен болатын, өйткені Қабыл-қала ескерткіштері Қуаңдария аумағында және Сырдарияның шығыс жақ көне ағыстарында орналасқан жетіасар мәдениеті аймағымен көршілес жерде орналасқан.

Соңғы сипаттамалар бойынша Шірік-Рабат зәулім қалашығының  ғаламаттығын және осы аймақтың, мүмкін, анағүрлым көне ескерткіш болу ықтималдығын көрсетеді. Қалашық-қорғаннан оның түрақты түрғылықты мекенге айналуына орай осы мекенді қорғап түрған ішкі бекініс қабырғаларының да пайда бола бастағандығы тағы бар.

Шірік-рабат  мәдениетіне көбінесе монументті жерлеу ғимараттарымен көршілес орналасқан, аумағы 1000 шаршы м-ден 1 гектарға дейін жететін бекініс түріндегі үй-жайлар (Сеңгір-қала, Шағырлы, 1-Бәбіш-моладағы «Үлкен үй», Бүланды II және мүмкін Шірік-3) тән. 1-Бабыш-молада мүндай бекініс үйі бекініс жүйесіне негізгі және орталық элемент ретінде енеді, бүл жүйе өзінің қүрылымдық тәсілдері бойынша бүл ауданда тамаша дүние болып табылады (күрделі айналғыш бекініс, сап түзеген соғыс орындары, орталық ғимарат жүйесіндегі зал немесе аула алдындағы салтанат алаңы т.б.). Орталық алаң немесе ғимарат қабырғаларынан алшақ салынған өзге бекініс үй-жайлардан айырмашылығы 1-Бәбіш-моладағы «Үлкен үй» жобасының ерекшелігі, көлемді екі мүнарамен жиектелген есіктен басталатын ғимараттың орта түсында анфилада бар. Үйдің шығыс жақ жобасының ашылған бөлігі мүнда келуші конақтарды қабылдауға немесе ерекше салтанатты жағдайларға арналған үлкен салтанат кешені салынып

 

жатқандығы жөнінде тұжырым жасауға негіз болады. Бұл кешен жобасының принципі салтанатты типтегі ахеменид архитектурасына тән және Васаргадыдағы Кирдің қонақ қабылдау сарайына үқсас. Бабыш-мола кешені жобасына анағүрлым жақын болып Персеполь қазына қоймасының «қабылдау сарайы» табылды. Бүл сараймен бүрын Хорезмдегі I Қалалығыр қалашығындағы сарай ғимаратының бір бөлігінің жобасы салыстырылған болатын [48, 7-бет, 145-бет]. Ю.А.Рапопорттын I Қалалығыр Хорезмдегі ахеменид сатрапының салынып бітпеген резиденциясы болып табылады деген көзқарасы негізді. Ахеменид дәуірінің соңғы кезеңімен Армения жерінде Арин бердадағы сатраптың ахеменидтік салтанат залдарына еліктеп жасалған үлкен гипостильді залы бар резиденция күрылысы да байланысты [49,64-78-беттер].

Бәбіш-моладағы «Үлкен үй» қүрылысында кейінгі ахеменидтік сатрап резиденциялары қатарында қарастыруға болады, бүл резиденциялар қүрылысы ахеменид державасының ең бір солтүстік беткейлеріндегі сатрапияларында державаның күйреуіне дейін қолға алынған сияқты. Тек Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақтардың ахеменид державасы қүрамына енуіне орай бүл жерде б.д.д. IV ғ. монументалды қүрылыстар, керамиканың гончар кешені пайда болды. Бүл кешенге Орта Азияның оңтүстік аудандарында (Согд, Парфия, Бактрия), шығыстағы ахеменидтер державасының жер бөлуші облыстарында үқсас кешендер бар. Осылайша, археологиялық материал ахеменидтер мемлекетінің кейінгі сатрапияларының бірін оның қиыр солтүстік-шығыс иелігіне, Сырдарияның ежелгі атырабындағы жартылай отырықшы бақташылар жеріне келуге мүмкіндік бергендей.

2.2.    Түгіскен және ¥йғарақ қорымы.

XIX ғ. скифтік-сібірлік ескерткіштерінің орналасуына қарай әртүрлі аймақтарда археологиялық зерттеулер басталды. Солтүстік Қаратеңіз маңындағы археологиялық қазбалар бірден кең ауқымды сипат алды. Негізгі қызығушылықты скифтердің «патшалық» обаларынан табылған заттар тудырды.   Қара  теңіз  маңының  даласы  -  скиф  әлемінің  мәдени-тарихи

 

орталығы, ал азиялық дала - оның арта қалған бүрынғы  орталығы ретінде қарастырылған. XX ғ. 20-жылдары Евразияның шығыс аймақтарындағы скиф кезеңінің ескерткіштеріне алқапіқы археологиялық қазбалар басталды. Сол уақытта осы жүмыстардың нәтижелері бойынша бірінші ғылыми хабарламалар пайда болды (Бернштам, 1939; Граков, 1928, 1930; Грязнов, 1927,1930; Рыков, 1925,1935; Сальников, 1940; Теплоухов, 1929). Бірақ бұл зерттеулер салыстырмалы жағдайдан өз деңгейінен аспады. Ал 50-жылдардың ортасында Қара теңіз маңының скиф археологиясы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүған дейін 50-жылдардың басында Қара теңіз маңының кейінгі қола және ерте темір дәуірлерінің өтпелі кезеңіндегі ескерткіштерінің айырмашылығы мен материалдық мәдениетінің ерекшелегі турасын сүрақ туындаған (Иессен, 1953, 1954; Тереножкин, 1954; Либеров, 1951, 1954; Граков, Мелюкова, 1954).

40-жылдардың аяғында Азия скифтерінің территорияларында ауқымды археологиялық жүмыстар қайта жүргізіле бастады. Оның алғашқы нәтижелерінің өзі европалық «скифтері» мен азиялық «сақтар» мәдениетінің негізі кейінгі қола ғасырының далалык тайпалар мәдениетінде жатқандығын көрсетті және тек Евразияның далалық бөлігінін тарихында бір қалыпты рөл атқарып қана қоймай, сонымен қатар Иран, Ауғанстан және Индияның ежелгі халықтарына әсерін тигізген.

60-жылдары  Хорезм археологиялық этнографиялык  экспедициясының Арал маңының  Сырдария мен Амударияның ежелгі төменгі ағыстарының бойында орналасқан кейінгі қола мен ерте темір дәуірінің ескерткіштеріне жасаған қазбалары осы кезеңнің археологиясы үшін айтарлықтай орын алады. КСРО-ның археологиялык картасында ақтаңдақ болып келген осы аймақтың ескерткіштері бірден ғылымның назар аударған орталығына айналып, этнотарихи процестерге байланысты жаңаша көзқарастар пайда бола бастады. Әрине алғашқы орында Солтүстік және Оңтүстік Түгіскен, ¥йғарақ обалы қорымдары есептелінеді [52, 285-298 6.6.].

Тугіскен обалы цорымы - Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 200 км, ал Шірік рабат қаласынан шығысқа қарай 63,5 км жерде орналасқан (географиялық координаттары: 44° 15*35,1" солтүстік бойлық және 063°39'32, 3" шығыс ендік) [53, 6-8 б.б.]. Түгіскен - соңғы қола және ерте темір дәуірлерінен сақталған жерлеу ескерткіштері (13-сурет). Іңкәрдарияның қүрғақ арнасының сол жағалауында, ХАЭЭ-ның үшақпен барлау жүмыстары нәтижесінде 1959 ж. ашылған [52]. Түгіскен обаларының жалпы саны 70-тен астам нысан планиграфиялық түрғыдан екі топқа, яғни біршама шағындау солтүстік топқа және ескерткіштердің денін қамтитын оңтүстік топқа ажыратылады. Орналасу тәртібі бойынша ғана емес, хронологиялық түрғыдан да екі бөлек уақытқа қарасты болғандықтан, бүл екі топты Солтүстік Түгіскен және Оңтүстік Тугіскен деп атайды. Солтүстік Түгіскен тобындағы жәдігерлердің арасында соңғы қола дәуіріне жататын нақты айтқанда б. з. д. ІХ-ҮІІІ ғ.ғ. мерзімделетін 7 күрделі күрылымдағы мавзолей ғылыми зерттеулерде айрықша орын алады. Ал Оңтүстік Түгіскен б.з.д. ҮІ-Ү ғ.ғ. сақ обаларынан түрады [53, 112-119 б.б.].  1960-1963 ж.ж.

 

М.А.Итинаның жетекшілігімен екі жерлеу кешенінде  қазбалар жасалынды. Осы қазбалар барысында  Оңтүстік Түгіскен шын мәнінде ерте сақ кезеңінің обалы қорымы екендігі анықталды [54,109-6.].

Солтүстік Түгіскен мавзолейлері ақсүйек-шонжарлардың, ірі  тайпа көсемдерінің жерлеу орны ретінде салынған (14-сурет). Төңірегіндегі тіркестіре салынған шағын күрылыстар ақсүйектердің туыстарын жерлеген орындар болуы мүмкін. Архитектуралық-қүрылымдық жағынан алғанда кесенелердің басты ерекшелігі - шеңбер мен шаршы геометриялык үғымдарын үштастыра отырып салынуы. Қабырғалар шикі балшықтан жасалған, тікбүрышты, өлшемдері 54 х 28 х 10 см, 48 х 32 х 10 см, түсі ашык қызғылт кірпіштерден қаланған да, қүрылыстардың үстін жабуда ағаш қолданылған. Есіктер күншығыстан шығарылған. Арасында 4-ші, 5-а және 7-ші мавзолейлер ең ірілері болып саналады (14-сурет). Мүнда диаметрі 14 м шеңбер қабырғаларының үзындығы 17,5-18 м болатын сыртқы шаршының ішіне келтірілген. Одан ортаға таман биіктігі 2 м 8 немесе 12 балшық колонна дөңгеленте түрғызылған, ал одан ішке қарай тағы да осындай колонналардың 4-і немесе 8-і шаршы формада орналасқан. Дәл ортада сақталған диаметрі 15-20 см бағана шүңқырлары адам жерленген шағын алаңқайды айнала өтеді. Мүрделер тегістелген жерге жатқызылып, салт-жоралар өткізілген соң өртеліп отырған. Зерттеулер, сондай-ақ, оттьщ біраз уақыт жанып түратын болғанын, мүның нәтижесінде бүкіл қүрылыс отқа оранып, ағаш жабындылар жанып кететінін көрсеткен. Бүл кездейсоқ жайт емес. Көне дәуірлерде адам өмірінде айрықша орын алған оттың бір тылсым сыры - оның қаттыны ерітетін, шикіні пісіретін, қараңғыны жарық қылатын деген сияқты арнаулы «өткізгіштік» қасиеті. Бүл жерде оттың өлген адамды басқа дүниеге апаратын, яғни оны басқа жағдайға «өткізетін» осындай астарлы күші ескерілген. Бастапқыда мавзолейлер цилиндр-конус пішіндес биік, салтанатты ғимараттар түрінде болған, олардың үстіне топырақ оба түрғызылмаған. Мавзолейлерден табылған заттай деректердің арасында бүтін сақталғанының өзі 200-ге жуық қыш ыдыстар ерекше орын алады. Дені бай өрнекті, өте сәнді бүл ыдыстар екі топқа бөлінеді. Мүның көбі Ортдлық Қазақстан көне мәдениеттерінен бастау алатын, андронов және беғазы-дәндібай дәстүріндегі қолмен жасалған ыдыстар. Екінші шағындау топты оңтүстік, яғни ортазиялық мәдениеттерге тән, қүмырашы дөңгелегінде жасалған ыдыстар күрайды. Сондай-ақ, алтын сырғалар, қола жебе үштары, тас моншақтар сияқты бүйымдар да бар. Қыш ыдыстағы үқсастықты айтпағанда, мавзолейлер салыну жобасы бойынша да Орталық Қазазақстанның атақты беғазы-дәндібай мәдениетінің, әсіресе Беғазы зиратының жерлеу күрылыстарына жақын [34,181-182 б.б.].

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу