Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Скачать документ)

Александр Македонскийдің б.з.д. 330-327 жж.Орта Азияны жаулап алуы ежелгі гректердІң Қазақстан территориясы туралы географиялық мэліметтердің көбеюіне үлкен ықпал жасады.

Грек ғалымдарының еңбектерінде осы кездерде бір-бірін қайталаулар, қарама-қайшылықтар кездеседі. Мысалы, гректер Орта Азияны жаулап алған кезде Сырдарияны Донмен шатыстырған, сондықтан олар үнемі Сырдарияны Донмен алмастырып ала берген, сөйтіп кейде оны Яксарт, кейде Танаид деп атаған. «Бактриялықтар бүл өзенді Лаксат (Яксарт - Сыр) деп атаған, скифтер Силис, ал Александр Македонскийдің эскерлері Танаид деп есептеген». Бірақ Селевки мен Антиоха қолбасшысы Деодам осы өзеннен өтіп, бұл Танаид емес екенін дәлелдеді. «Мұнда Персия мен скифтердің шекарасы орналасқан» - деп, кейіннен рим ғүламасы Плиний жазып қалдырған /13/.

Македон жаулашылығы кезінде Қазақстан территориясы туралы географиялық таным кеңейе түсті. Мысалы, Квинт Курций Руф мынадай мәлімет келтіреді; «Скифтер солтүстікке жақын түрады, онда ну ормандар мен кең алқапты шөлдер кездеседі». Егер автор осы мэліметтерді Александр Македонскиймен бірге Сырдария жағалуында жүргенде жазған болса, онда «ну ормандар мен кең алқапты шөлдер», деп, Орталық, Солтүстік Қазақстан жэне Сібір жерлеріне сипатама берген.

Македон жаулаушылығынан кейінгі кезеңде Қазақстанның географиясы жайында маңызды мэліметтерді римдік ғалым-географтар Страбон мен Птоломей қалдырды.

Страбон (б.з.д. 63 ж.-б.з.д. 23 ж.) Сырдария мен Амудария туралы дэл мэліметтер берді. Ол Орта Азия өзендеріне мынадай сипаттама берді: «Яксарт Окстан ерекше болып келген жэне екі өзен де бір теңізге құяды». Мүндағы айтылып отырған теңіз - Арал теңізі. Осылай Арал теңізі туралы дүрыс түсінік қалыптасады. Сырдария мен Амудария өзендерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Страбон олар Каспий теңізінің Скиф шығанағына күяды деп есептеді [16,19-6].

Плимий де өзінің «Жаратылыстану тарихында»: «Яксарт  жэне Окс скиф шөлдері арқылы соғды аумақтарынан ағып өтіп, Скиф шығанағына құяды»,- деп жазды.

 

жеріне шетел  елшіліктерінің келуі азайды. Алайда осы кезде Византия императоры Юстиан II жіберген Земарх елшілігін айтпай кетуге болмайды.

Земарх елшілігі жолы Каспий теңізінің солтустік-шығыс  жағалауы бойынша Волга (Аттиль), Орал (Даих) және Эмба (Их) өзендері арқылы өтті. Қайтар жолда хорезмге соқты жэне Амударияда болды. Земарх: «көлдің шөлді жағалауымен 12 күн жүрдім»,- деп жазды. В.Бартольд, бұл көлді - Арал теңізі деп есептеді [18, 54-6]. Жалпы ерте кездегі қазақ жері туралы осындай мәліметтер қалдырылды.

Антикалық авторлардың  Батыс Қазақстан туралы, осы аудандардағы теңіздер мен өзендер: Каспий жэне Арал теңіздері жэне Сырдария өзені туралы мэліметтер шындыққа сэйкес келді. Бүкіл қазақ жері туралы білімнің жинақталуы ежелгі дэуірде өте баяу жүрді және олар біркелкі болмады.

VII ғасырдың басында алып мемлекет құрған арабтар Қазақстан аумағын зерттеуде VII ғасырдан бері маңызды орын алып келді. Араб ғалымдары өздерінің саяхаттары жайлы жалпы географиялық сипаттамаларын эдеби деректерде жэне басқа да түрлі мэліметтерде қалдырды. Араб саяхатшыларының мэліметтері негізінен отаршылдық саясатпен жүргізілген әкімшілік-санақтық сипатта болды. Негізгі мэліметтер Шығыс өңірін мекендеген халықтар, олардың қалалары мен түрғылықты жері, орналасу аймағы, жолдары т.б. туралы жаулап алушылардың білуіне қажетті салаларда жиналды. Дегенмен, осы мэліметтер арабтардың жэне Европа халықтарының Орта Азия және Қазақстан жайлы географиялық дүниетанымның өсуіне септігін тигізді.

Х-ХІ ғғ. Қазақстанда  феодалдық қатынастар одан әрі дамып, тау шикізаттары мен металлургияны өңдеуге байланысты көптеген тұрғылықты жерлердің пайда болғандығы тарихтан белгілі. Қазақстан қалаларының өсуінде транзиттік сауда маңызды болды. Жібек жолы Иран мен Византиядан Жетісу арқылы Қытайға өтті. Русь, Византия, Иранмен мықты сауда жүрді. Керуен жолдары Қазақстанды Шығыс және Батыс Еуропамен, Алдыңғы және Кіші Азиямен, Қиыр Шығыспен байланыстырды. Орта Азиядағы сияқты Қазақстанда да қалалардың дамуы Х-ХІІ ғғ., яғни феодалдық қатынастардың дамуына сәйкес келді.

Қазақстанның  географиясын тану тарихында Ибн-Хордадбек, Макдиен, Ибн-Хаукал, Ибн-Рушт, Әл-Истахри, ал Масуди, ал-Идриси сынды араб географтарының еңбектері өте маңызды.

Ибн-Хордадбектің еңбегі «Китаб ал-Масалик во-л-мама лик» (саяхаттар мен мемлекеттер кітабы). Қазақстанның географиялық аумағынан Фараб (Отырар) қаласын, қарлұқтар мекені ретінде Талас жазығы туралы, өте жылы, көшпелі өмірге өте қолайлы аймақ деп жазды. Ибн-Хордадбек кітабында Арал теңізі Амудария өзені келіп құятын Курдар теңізі деп сипатталды [16, 25-6].

Қалаларды сипаттауда Максидидің еңбегі нақты жазылған. Мысал ретінде алсақ, Талас өзені маңындағы қалалар туралы «Тараз-өте әдемі, төрт қақпалы мықты қоршалған қала. Қақпаның жанында үлкен өзен ағып жатыр. Қала өзеннің арғы бетіне дейін созылып жатыр» деп сипаттайды.

Максиди Сырдария өзенінінң оң жағында орналасқан Сауран (Сафан), Шагльдхан (Шикан, Түркістаннан 26 км солға қарай), төрт қақпалы (Нуджахет,

 

Ферғана, Шақран, Бурах) үлкен қала Испиджап туралы деректер қалдырды [16, 27-6].

Тағы бір араб саяхатшысы Ибн Хаукаль Арыс өзені маңындағы Шаш облысында орналасқан Бискент қаласы туралы «мүнда ислам дінін қабылдаған түрік-оғыз жэне қарлүқ тайпалары бас қосады»-деп жазды. Қарлүқтар жерінің кеңдігі туралы «қарлүқтар мекенінің батысынан шығысына жету үшін 30 күн уақыт кетеді» деп көрсетті. Сондай-ақ Ибн-Хаукаль Сауран қаласын басып өтетін өзен туралы мэлімет қалдырды [19].

Ибн-Русте  мен Истахри Арал теңізін «ерекше  түзды су қоймасы» деп сипаттады. Истахри еңбегінде Сырдария; Арыс өзендері, Испиджап қаласы туралы қүнды мэліметтер береді.

Ал-Мусиди Орал өзені мен Эмбі өзен аралығындағы аумақты қимақтардың қыстағы, ертіс өзені маңын жайлау ретінде көрсетеді. Сырдария өзенінің суы мол болғандығы, ол арнасынан шығып тасығанда 30 шақырымға дейінгі жерде орналасқан ауыл-аймақтарды алып кететіндігіне орай халық бір-бірінің үйіне қайықпен баруына тура келгендігі туралы жазады.

Қазақ жерінің  географиясы туралы келесі қүнды  дерек ретінде XIX ғ. оқымысты-географы ал-Идрисидің «Нузхат ал-муштак» еңбегін жатқызуға болады. Сырдария өзені мен Арал маңының сағасы ал Идрисиді оғыз жауынгерлерінің жиналыс өткізетін орны деп көрсетті. Ол «Ескі Гузия» деп аталды. Ескі Гузия Тянь-Шаньнің батыс қыраттары мен Шу жэне Сырдариялық Қаратаудың өзендерінің маңы деп шамаланды.

Ол Идрисидің  «Сурат ал-ард» атты картасында Іле  өзенінің жағалауын Гак көлі мен Балқашқа дейін мекендеген қарлүқ және Алакөл маңын мекендеген қимақ мемлекеттері суреттелген.

X ғ. соңындағы маңызды қолжазбалардың бірі қолжазба күйінде сақталған, белгісіз автордың кітабы «Худуд ал-Алам мин алмашрик ил ал-магриб» (Әлем шекарасы кітабы) қолжазбасы 1892 ж. А.Г.Туманский ашты.

«Худуд ал-Алам»  Үнді мүхиты мен Солтүстік Африкаға дейінгі алып кеңістік туралы мәлімет береді. Осы кітаптың «Оғыз мемлекеттері жэне оның шекаралары» деген тарауында Арал және Каспий теңізі аудандары туралы кездестіруге болады [20].

Ал «қимақтар  және олардың қалалары туралы» атты тарауда түріктерге тиесілі әрі  бай аймақ болған Қимақия жері туралы мәліметтер алуға болады. Автордың мәліметтерінше мұнда 25 жуық қалалар мен ауылдар, соның ішінде Құлан, Меркі, Барсхан, Талғар, т.б. туралы кездеседі.

Өз еңбектерін араб жэне парсы тілдерінде жазған оқымыстылар  қатарына Джайхани, Балхи, Бируни, эл-Фараби т.б. жатқызамыз. Бірақ бұл кісілердің көбісінің еңбектері бізге жеткен жоқ [21].

Шығыстың XI ғ. әйгілі ғалымы әл-Бируни өзінің «Климаттың бөлінуі» т.б. еңбектерінде Қазақстан территориясының табиғи ерекшеліктері туралы баяндайды. Мысалы, Каспий теңізінің шекарасы «Табристаннан Дейлема, Ширбану, Баб албвабу (Дербенду) жерлеріне, алан, хазар облыстарына дейін созылып жатыр. Птоломей оны Ирконий теңізі деп атады. Ол басқа теңіздермен

 

шектеспейді»-деп  жазды [22]. Ары қарай Гугар (Өлі теңіз), Хорезм (Арал теңізі), Абаскун (Яссык-Куль) деген өзен аттары кездеседі.

Ал-Бируни сондай-ақ оғыз тайпалық бІрлестігінің құрамныа енген Сырдария, Арал маңын, Солтүстік Каспий маңын мекендеген Кашгаро-печенеж тайпалары туралы қызықты, мэліметтері калдырды [23].

эл-Бируни Қазақстан  картасының 8 нүсқасын жэне бірінші глобусты жасады. Онда Каспий теңізі Дарен Джурджан деп, ал Қазақстан аумағының қалған жерін Жинсхон Туркон - яғни түркі халықтары деп атады.

Араб географиялық әдебиетерінің ішінде М.Қашқаридің (XI ғ.) «Диуани лұғат-ат түрк» еңбегі ерекше орын алады. Бартольд бұл еңбекті «көшірме әдебиеттен емес, арнайы зерттеу негізінде жазылған бірден бір еңбек» деп сипаттайды [18].

М.Қашқари  еңбегінде көптеген мемлекет, өзен-су атаулары кездеседі және оларға тарихи , географиялық сипаттама беріледі. Мысалы ертіс - Ямас жеріндегі өзен делінсе, Еділ Бүлғар теңізіне құятын қыпшақтардың өзені деп сипатталады [24].

К.Миллер, И.И.Умняков, Ш.Д.Алиев т.б. зерттеген М.Қашқаридің «Дөңгелек картасы» үлкен қызығушылық туғызады. Себебі, мұнда басқа араб авторларындағы сияқты картаның кіндігі Мекке емес, Баласағұн қаласы мен Қашқар, Жетісу белгіленеді. Каспий теңізінің солтүстігін оңтүстігімен салыстырғанда ауқымды бейнеленген.

М.Қашқаридің картасы Орта Азия мен оған жақын облыстардың тарихи географиясы, түркі тайпалары мен фольклоры туралы құнды дерек. Себебі, автор берген мэлімет археологиялық материалдармен дэлелденіп отырады.

Қазақ жері туралы араб географиялық эдебиеттерін, деректерін бізге жеткізуде орыс шығыстанушылары И.Ю.Крачковский мен Бартольдтың еңбектері зор. И.Ю.Крачковский өзінің эйгілі «Арабтың географиялық эдебиеті» атты еңбегінде араб географиялық эдебиеттерінде алғаш географиялық көзқарастардың қалыптасыуынан бастап XVIII ғ. дейін сипаттама деректерді салытыра отырып, араб географиялық қоғамының берген мәліметтерінің шынайылық дэрежесін көрсетті. И.Ю. Крачковский көрсеткендей арабтар Испаниядан бастап Түркістанға дейінгі кең аумақты сипаттай келе, олардың тек климаттық жағдайы мен табиғи ерекшеліктерін ғана қарастырып қоймай, халықтардың мәдениетін, діні, тілі туралы да мэлімет береді [22].

Академик  В.П.Бартольд өзінің Қазақстан географиясы  туралы көптеген мәлімет беретін «Жетісу тарихының очерктері», «Түркістан тарихы», «Түркістанның мәдени өмірінің тарихы» атты еңбектерінде араб деректерін көп қолданды.

XII ғ. Моңғолия жерінде ірі ерте феодалдық мемлекет қалыптасты. XIII ғ. Шыңғысхан эскері Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алып, ұлдарына бөліп берді. Үлкен үлы Жошы Ертістен Орал тауларына, оңтүстігінде Арал, Каспий теңізіне дейінгі аумақтарды алды. Шағатайға Жетісу жері, ал Үгедейге -Тарбағатай таулы аймағы бүйырды. Сырдарияның төменгі ағысынан Ертіс пен Волгаға дейінгі аймақта Батыйдың (Шыңғысхан немересі) жері созылып жатты. Моңғолдардың жаулаушылығымен көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың

 

жетекші саласына айналды. Қазақстанның экономикалық және мэдени дамуын, ұлттық меммлекеттігіміздің  қалыптасуын тежеді.

Моңғол шапқыншылығы дэуірінде (ХІ-ХШғғ.) араб кезеңімен салыстырғанда Қазақстан аумағы туралы мэліметтер аз. Бізге Шыңғысхан жасағының қүрамында болған және көбінесе моңғолдар, олардың жаулап алушылығы туралы мәлімет беретін моңғол, араб, қытай авторлары шығармалары жетті. Махмуд Джувани Фазлалах Рашид-ад-Дин, Елюй-Чу-Цай, Чань-Чунь т.б. еңбектерінде Қазақстанның оңтүстігінің табиғаты, қалалар мен жерлердің т.б. орналасуы туралы мэлімет береді.

Түркістанда арнайы болған Джувейнидің (ХІІІғ.) «Әлемді жаулау тарихы» еңбегі, Қазақстанның оңтүстік аумағындағы қалалар отауы туралы көп мэлімет берді.

Рашид-ад-Диннің (XIV ғ.) «Жылнамалар жинағында» қазіргі қазақтың барлық аумағы мен Жетсіудың солтүстік бөлігін Шыңғысханның үлкен үлы Жошы биледі деп баяндайды. Рашид-ад-Дин еңбегінде Қазақстанның оңтүстік Шығыс аумағын макендеген түркі тайпалары, Сайрам, Тараз, Отырар қалалары, Сыр-Дария өзені туралы мэліметтер кездеседі.

Шыңғысханның  атымен, жорықтарымен Елюй-Чу-Цай жэне Чань-Чунь сияқт қытай есімдері белгілі.

Елюй-Чу-Цай (1219) Іле және Талас өзендері арасындағы мемлекеттер туралы географиялық мэлімет жинады. Қүрамына басқа да 8-9 қала кірген. Алмалық қаласы туралы айтады. Іле өзенінен батысқа қарай, Талас өзеніне барар жолда батыс Ляо-Хосун-орданың астанасы болды.

Чань-Чуньді Шыңғысхан Орта Азияға Қытайдан 1221 ж. шақыртты. Ол Қашқар, Қүлжа өлкесі арқылы өтті. Алмалықта болып, Іле өзені арқылы өтті. Щу, Талас, Сырдария алқаптарын басып өтіп, Самарқандқа келді. Саяхат кезінде барлық көргендерін көпшілігін Ли-Чжи-Чан жазып отырды. Бүл жазбалар тек 1866 ж. жарияланды.

Чань-Чунь Жетісу өлкесіндегі жасанды өсіру туралы айтады. Іленің 4 күнде Алмалықтан шығысқа жүріп өткен соң, саяхатшы солтүстігінде кішігірім қала бар, үлкен тауға келді. (Бартольд бойынша, Богут тауы). Бартольд бұл қала қазіргі Шелек ауылы маңында болуы керек. А.Голубев 1859 ж. Шелектен батысқа қарай қаланың қараған орнын көрген.

Сыр-Дарияның негізгі табиғи ерекшелігін сипаттай келе Чань-Чунь «бүл өзен бастауы екі қорлы таудың ортасында, оңтүстік-шығыста өзен суы лай эрі тез ағады. Тереңдігі бірнеше чжан (қытайша үзындық өлшемі - 3 м. жуық. Автор нұсқауы) еш ағаш жоқ жерде 200 ли» деп сипаттайды.

1254-1255 жж. Моңғол  ханының құрамында армяндардың  патшасы Гайтан (хетум) жүрді. Ол өз саяхаты туралы күнды деректер қалдырды [25]. Іле өзенін - Эйлансу дейді. Алмалықтан батыста Іле өзенінен шығыста жатқан басқа деректерде кездеспейтін Иланбалех қаласы туралы мэлімдейді.

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу