Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда  көрсетілген қыстақтар мен мекендер алдын ала зерттеуі ғаш өткізілді. Тек қана Асанас қаласы мен Мырзалы қонысы қорытыланды (1968,1972 ж. Н.Н.Вактурской жүргізген қазба).

Бүл қыстақтар мен мекендерді зерттеу оларды бірнеше топтарға бөлугс мүмкіндік берді. Қыстақтың Іңкәрдариялық және жаңадариялық аумақтарынды* батыс бөлігінде орналасқандары (Сарлы-там кала, Заңғар қала, Мартық қала Сайқүдық кала І-ІІІ, Қыз-Молда және т.б.) ІХ-ХІ ғғ. салынған болуы ықтимал олар шексіз көптігінен үш бөлімге жіктеледі. Цитадельді үш жағынан биіі қабырғалары бар қаланың территориясы жалғасып жатыр [34, 277 б.]. Қыстақты* қалған цитадельдерінің алаңдарында жеке ғимараттар және түрғызылмаға* кеңістіктер байқалады.

Қыстақтар мен  мекендердің өзіндік керамикалық  кешендерінде ертс жетіасар кезеңімен байланысты материалдар біраз үшырасады. Бүі қыстақтардың көпшілігі ХІ-ХІІІ ғғ. өмір сүруін тоқтатқан болатын. Бірақ жек« шығыс іңкардариялық кыстақтар ХІ-ХІІ және XVI ғғ. дейін өмір сүре берді Жоғарыда аталып өткен кыстақтар қандай да бір оғыз тайпаларымен байланысть болуы мүмкін.

Іңкардария-Жаңадария  аумақтарының орталық және батыс  бөліктерінде батыс меридианды жазығында сияқты, ондаған қоныстар зерттелді. Бүі мекендерде көп бөлмелі үйлер, бау-бақшалар бар (Мырзалы Майнарқан 1-2 Арсыбай, Іркімбай, Үйғарақ және т.б. қоныстары). Олар ХІІ-ХШ ғғ., кейде XII-XIX ғғ. жаткызылады. Олардың керамикалық заттары Хорезм ыдыс-аяқтарыні

 

ұқсайды. Соңғысы, бұл қоныстардың хорезм отарыңда болды деп болжал* жасауға мүмкіндік береді.

XIV ғ. кейін қыстақтар мен қоныстар саны күрт азайды. Тек Жент, Асанас Жанкент сияқты ірі негізгі қалалар ғана өмір сүруін жалғастырды. XVII ғ. теь Ерембет-кала мен Дайрабат-кала сияқты жекелеген қоныстар тән. Онда ішк қүрылыстар әлсіз және бір ғана қабырға болды. XVIII ғ. бүл аудандардг қарақалпақ бекіністері түрғызылды (Оралбай қала және т.б.) [34. 286 б.], аі кейіннен қазақ мекендері бой көтере бастады. Ішкі алаңда киіз үй орындарь сақталған (мәселен, Қызылорданың оңтүстікке қарай орналасқан Ерембет қала).

Барлық жоғарыда айтылғандар Хорезм экспедициясы зерттеге* аудандардың маңызын көрсетеді. Дәл осы жерде әр түрлі этностардың жү: жылдықтар бойы түрақты өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Осынығ бәрі бүл аймақта болып жатқан этногенетикалық процестердің қиындығы меі ерекшелігін негіздеді. Соның нәтижесінде С.П.Толстов 40-жылдардың өзінде Арал аумағын этникалық тарихтағы аса маңызды территория деп көрсетіп, онь «этногенездің аралдық түйіні» деп атады [47].

II тарау.  Жетісу жеріндегі ежелгі сақтардың қалалар мен қорымдар. 2.1.    Сақтардың қорымдарының орналысуы мен құрлысы.

 

Сырдарияның ежелгі арналарының кең байтақ жазық  даласы мен Арал теңізінің шығысы археологиялық және тарихи ескерткіштермен ерекшеленеді, олардың көпшілігінін мерзімі б.з.д. I мыңжылдық пен б.з. I мыңжылдығына жатады. Жоғарыда аталған Сырдарияның ежелгі оңтүстік арналары - Іңкәрдария мен Жаңадария бойында Шірік рабат мәдениетінің таратушылар - сақ тайпаларының жерлеу қүрылыстары мен мекен еткен орындары орналасқан. ХАЭЭ-сы ғалымдарының зерттеулері нәтижесінде кейінгі қола дәуірінің Түгіскен және б.з.д. ҮІІ-Ү ғ.ғ. Үйғарақ қыраттарындағы екі обалар корымы, «шлакты» обалар деп аталатын бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан жиырма шақты обалар және сақ тайпаларының көптеген елді мекендері мен тұрақтары анықталды. Көп жағдайда орташа арналар бойында орналасқан 70-ке тарта елді мекендер мен түрақтардың орнынан тек қана саз кесек пен сабан аралас жүмбаздан салынған елді мекендердегі үйлердің дуалдарын байқауға болады.

Шірік рабат  мәдениетінің елді мекендері топографиясы мен сыртқы көрінісі жағынан жақсы сақталған (б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ.), Бекіністер немесе бекіністі жеке үй жайлар айналасында, бірнеше белгілі оазисте (Бәбіш мола, Шірік рабат, Бүланды), жасанды жер суландыру жүйелері маңында шамамен екі жүз жиырма ауылдық елді мекендер орналасқан [3, 42-43 б.б.].

Сырдарияның ежелгі арналары - Жаңадария және Қуаңдария бассейіндеріндегі ескерткіштерді зерттеген С.П.Толстов ортазиялық скифтерді (сақтар) территориялық орналасуына қарай төмендегідей үш ірі тайпалық одақтарға бөледі: Жаңадария бассейінінде - апасиактар, Қуаңдария бассейінінде - тохарлар, Қуаңдария мен Сырдария төменгі арналары аралық бассейінінде - аугасилер. Ал 1959 жылғы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Іңкәрдария бойынан төртінші тайпалық одақ - сакаравак мәдениеті ашылған[34,136-6].

Шірік-Рабат  қалашығы . 1946 ж. ашылып (С.П.Толстов), 1948, 1949, 1957-1958 ж.ж. (Ю.А.Рапопорт, С.А.Трудновский) зерттелген. Қазіргі уақытта еліміздің «Мәдени-мүра» бағдарламасы аясында 2004 жылдан бастап Қазақстанның ең атақты көне ескерткіштер тізіміне Шірік рабат қаласының зерттелуі қосылды.

Шірік рабат  қала жүрты Қызылорда қаласынан  оңтүстік батысқа қарай 300 шақырым, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік батысқа қарай 90 шақырым жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан (географиялық координаттары: 44°05'04,6" солтүстік бойлық және 063°54'31,3" шығыс ендік). Жаңадария жағасынан 15 километрлік биіктікте орналасқан. Аталған биіктіктің бүкіл жоғарғы бетін (850x600 м) алып жатыр, мүнда түрлі кезеңдерге жататын бірнеше бекініс қамалдары бар. Жоспарда сопақша бейнелі бүл көне қаланың (б.д.д. ІУ-ІІ ғғ.) көлемі 40 гектардан аса жерді алып жатыр, сонымен қатар екі қатар бекініспен қоршалған. Сол кезеңге жатқызылып жүрген тік бүрышты бекініс қалашыктың орталығында орналасып (көлемі 12,4 га), оңтүстік-батысында ішкі қорған қабырғасын жанасып өтеді. Ескерткіштің оңтүстік бөлігіндегі

 

ататын атқыштардың  орны орналасқан, ені 1,8 м. Қорғаныс қабырғасынан 6 метрге сыртқа қарай тікбұрышты мұнаралар шығып жатыр. Қабырға сияқты мүнараның да бағыттауыш бейнелі соғысатын орындары бар, бүлардын көлденеңнен алғандағы түбі түсынан шығатын және кіретін есіктерінің биіктіктері де біркелкі, әдеттегі ортаазиялық үлгіден ерекшелігі де осында. Бүл орындар бір деңгейде орналастырылды. Қалашықтағы түрғын мекендер ескерткіштің оңтүстік бөлігінде ішкі қорған қабырғасына таяу жерде шағын ғана қазылып зерттелді. Ескерткіштің жалпы мәдени кабаты - 2 метрден асады, жоғарғы кдбаттар ХП-ХІІІ ғасырларға жатады, ал төменгілері б.д.д. ІУ-ІІ ғғ. жатқызылып жүр. Ескерткіштің кейбір мәдени қабаттарының бір бөлігі бекініс астына жалғасып кетеді.

Алғашында Шірік-Рабат  бәрінен де бүрын бекініс қалашық - жергілікті тайпалардың жан сақтайтын панасы болған, бүл аймақта көсемдердің бейіттері қорғандарда, кейінірек мавзолейлерде орналастырылды. Бекіністердің ішкі түрпаты анағүрлым кейінірек, яғни қалашық аймағында түрақты түрғылықты мекендер қалыптасқан кезде тууы мүмкін. Қүрылыс көлемі мен сипаты қандай болғаны бізге белгісіз.

1946-1949 ж.ж.  жоғарыда аталғандай алғашқы  барлау жүмыстары мен шурфтар салынып, 1957-1959 ж.ж. түрақты қазбалар бес нысанға жүргізілген.

Осы казба  жүмыстарының нақты қорытындылары мен басқа да қүрылыстардың жеке-жеке сипаттамаларына және табылған деректерге байланысты мерзімдеріне тоқталсак (С.П.Толстовтың мәліметтері бойынша); жалпы бүл кешеннің ең ежелгі ескерткіштер тобы обалар болып табылады. Қаланың ішінде 6 оба бар, оның 4-і ежелгі цитаделінде орналасқан.

Осындай обалар тобының бірі қалашықтың солтүстік-шығысында орналасқан (5-сурет № 2 қазба). Обаның ортасында диаметрі 30 м шүңқыр бар, бүл обаның тоналғандығын көрсетеді. Қазба барысында жерлеу камерасы мен оған кіретін дромос ашылған. Жерлеу камерасының табаны қатты қүм қабатынан түрады және пішіні тіктөртбүрышты (7,5x7,2 м). Сақталған қабырғасының биіктігі 2,5 м. Жерлеу камерасының солтүстік-батыс бөлігінде терең емес (шамамен 35 см) шүңқыр анықталған, бүл обаның тоналғандығына байланысты болуы мүмкін. Жерлеу камерасында ешқандай адам сүйектерінің іздері табылмаған. Жерлеу камерасынына кіретін жері үлкен алты баспалдақ түрінде жасалып, ол камера еденінің деңгейінен 0,5 м биіктікте горизонтальдық дромос еденімен жалғасады. Дромостың едені мен қабырғасы жүқа сылақпен сыланған. Дромос пен жерлеу камерасы мықты қамыс кабаттарымен көмкеріле жабылған. Қамыс қабаттарының саны алты, ара қашықтықтары сақталған әр қабаттың қалыңдықтары 2-3 см тең келеді.

1958 ж. дромос  ауданында обаның қамыс қабаттарының астынан екі жерлеу орындары табылған. Адам сүйектері шалқасынан жатқызылған және бастары солтүстік-батысқа бағытталған. Олардың маңынан жерлеу ғүрыпына байланысты ешнәрсе табылмаған. Содан кейін дромостың шығысына қарай обаның көмілген бөліктері ашылып, бүл аймақтан тағы сегіз адам сүйектері табылған. Олардың төртеуі күммен көмілген ежелгі тақыр үстінде және төртеуі - ежелгі тақырға салынған тар шүңқырға жерленген.  Сусымалы

 

қүмды топырақ  болғандықтан жерлеу шүңқырының қабырғасы  мен сипаттамасын анықтау мүмкін болмаған. Он жерленген адамдардың жетеуінің жерлеу бағыты солтүстік-батысқа, екеуі солтүстікке, ал біреуі батысқа жақын қойылған. Барлық адамдардың сүйектері шалқасынан жатқызылып қойылған, тек біреуі ғана оң жақ қырымен аяғын бүге жерлеген. Сүйектер маңынан ешқандай заттар табылмаған.

Тоналған  обадан заттар аз табылған. Көзелердің сынықтары, небәрі бірнеше керамикалардың бөлшектері кездезкен. Сабы жалпақ, көбелек бейнесі тәрізді және қалың жүзді темір семсер табылған. С.П.Толстовтың мәліметі бойынша бүл семсерге үксастық Батыс Қазақстанда (Қара оба бейіті), Орал маңы (Орынбор облысы, Нежинский кыстағы), сонымен қатар Европаның КСРО бөлігінде - Псел өзені бойындағы обалардан табылған затардың ішінде кездеседі. Бүл табылған заттар б.з.д. Ү-ІҮ ғ.ғ. мерзімделеді. Сонымен қатар обадан сақ кезеңінің қолдан жасалған үш қырлы жебе үштары және үсақ алтын бүйымдар табылған. Қорытындылай келгенде табылған заттар бойынша обаньщ мерзімін б.з.д. Ү-ІҮ ғ.ғ. жатқызуға болады [34,139-6].

Ертедегі  Шірік рабат қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде диаметрі 38,5 м, сақталған биіктігі 8,5 м жоспары шеңберлі күрылыс орналасқан (қазба № 3). Ішкі қүрылысы солтүстік бағытта екі бөлікке бөлінген және ортасынан қалыңдығы үш метр дуал көлемі 5,9x5,9 м, пішіні төрттүрышты төрт бөлмеге бөліп түр (6-сурет). Солтүстік бөлмелер оңтүстік бөлмелермен байланысқан және оңтүстік бөлмелер бір-бірімен ауыз арқылы жалғаса орналасқан. Үзындығы он мерт кіре-беріс дәліз оңтүстігінен оңтүстік-шығыс бөлмеге апарады. Бөлмелердің ішкі қабырғасында жалпақ және биік суфа орналасқан. Биіктігі 7,25 м ішкі қабырғаларда жерлеу камераларын байланыстырып түратын ені 0,5 м шағын кіре-беріс ауыздар салынған. Қүрылыс ірі шикі кесектен (47-55 х 29-31 х 9,5-11 см) лай арқылы түрғызылған, оның үстіне бірнеше қамыс қабаттары қойылған. Қабырғаның беті бірнеше жүқа сылақпен сыланған, бүрыштарда жіңішке каркас үлгісінде бағаналар түрғызылған. Бөлмелердің едені кірпішпен қаланған, ал дәлізі көлбеу болып келген. Жоғарыда айтылғандай бөлмелердегі жалпақ, биік суфаларда өлген адамдардың денесі мен олардың бай мүліктері қойылған. Солтүстік-батыс бөлмедегі суфада өлген адамдардың денесін өртеген.

Жерлеу қүрылысы ежелгі кезеңде-ақ толықтай тоналған, бірақ алтын сырға, алтын, күміс әшекейлер, жапсырма алтындар, шағын қоңыраулар, ляпис-лазуриден жасалынған моншақтар, б.з.д. Ү-ІҮ ғ.ғ. хальцедоннан жасалынған ахеменидтік мөр, пілдің сүйегінен жасалынған шашқа арналған бүйым, тас кесе, қола жебе үштары, темір сауыт бөлшектері, ерте сармат үлгісіндегі үш қырлы үсақ темір жебе үштары, керамика және т.б. табылған заттар бүл мавзолейде ру-тайпалардың атақты өкілдері жерленген деп айтуға дәлел болады. С.П.Толстов пен С.А.Трудновский бүл ескерткішті б.з.д. ІҮ аяғы немесе ІҮ-ІІІ ғ.ғ. мерзімдейді. Жалпы табылған кешенді заттар және оның ішінде ең бастысы ахеменидтік мөр нақты мерзімін береді ол-б.з.д. ІҮғ. [50,223-6].

 

Келесі жерлеу қүрылысы (қазба № 4) Шірік рабат  қаласының орталык бөлігінде орналасқан (7-сурет). Жоспары басқа обалардың жоспарынан басқаша, пішіні шаршы (19,5 х 19 м), саз кесектен салынған мықты қабырғасы бар (қалыңдығы 5-5,5 м), кесектерінің пішіндері де шаршы (38-40 х 35-38 х 8-10 см) немесе тіктөртбүрышты (40-48 х 35-38 х 8-10 см) болып келеді. Сонымен қатар қамыс аралас лай (сылақ) қабатыда кездеседі. Осы өрілген кесектер арасындағы лай ішінінен қоладан жасалынған бірнеше үш қырлы түтігі бар жебе үштары табылған. Қалыңдығы 3,9-4,0 м қабырға қүрылысты - № 1 (солтүстік-батыс) және № 2 (оңтүстік-шығыс) екі бөлмелерге бөліп түр. Бөлмелерді кіре-беріс есік байланыстырып түр және осы есіктің бағытымен № 2 бөлменің ортасында басты есік орналасқан. Екі бөлменің едені екі қатар кесекпен қаланып, еденнің беткі қабаты сабан сылақпен сыланған. № 1 бөлменің ортасынан шашылған адам сүйектері - үш бас сүйек табылған. Жерлеу орны тоналған, оны табанына дейін қазылған ордан және күрек пен басқа да қүралдардың іздерінен көруге болады. Бүндай көріністі № 2 бөлменің батыс бөлігіндегі шағын ордан байқауға болады. Ал шығыс бөлігінен үрылардың қазғандарына үқсамайтын үлкен ор (4,55 х 2,6 м) анықталған. С.П.Толстовтың айтуынша бүл бөлменің табанына дейін жеткен арнайы жерлеу орны. Жерлеу орнының табанынан солтүстік-шығыс қабырға жанынан әйелдің бас сүйегі мен аздаған қаңқа сүйектері табылған. Басының бағыты солтүстік-шығысқа қаратылып жерленгенге үқсайды. Жерлеу орнының солтүстік бүрышынан ішіне үш тастан және бір сүйектен жасалынған заттар салынған ыдыс табылған. Сонымен қатар дөңгелек пішінді жапсырма алтындар, қола айнаның сынығы, сүйек тарақтың бөліктері, шыны мен египет пастасынан жасалынған жасыл түсті моншақтар, ақықтан жасалынған он моншақ табылған. Екі бөлмеден табылған керамикаларның мерзімі - б.з.д. ІП-П ғ.ғ.

Апасиактардың астанасында жүргізілген зерттеу  жүмыстарын қорытындылай келе С.П.Толстов ескерткіштің мерзімін береді: Шірік рабаттьщ толықтай керамикалары бір тарихи кезеңге жатады және мерзімі б.з.д. ІҮ-ІІ ғ.ғ. қамтиды. Қаланың негізгі тарихи кезеңі б.з.д. Ү ғ., немесе б.з.д- ҮІ ғ. аяғына жатады. Ең ежелгі ескерткіштер обалар болып табылады. Бүл жерлеу қүрылыстары биік төбелерде орналасып, қалада салынған басқа да қүрылыстардың орталығы болған. Алғашында сақ көсемдері мен «патшаларының» оба қүрылыстарын күзету үшін елді мекендер пайда болып, кейіннен сыртынан ор қазылған, бекіністі мүнаралары бар сопақша пішінді қабырғамен қоршалған ірі елді жерге айналған. Ал ежелгі обларды қамтыған төрбүрышты цитадель - орталығы болған [34,154-6].

Шірік-3. Жаңадарияның келесі жағасында бүрыштары дөңгеленген, жоспарда тік бүрышты деп берілген (108x122 м) Шірік 3 бекінісі ашылды. Қорған қабырғасының қалдықтары 1,5 м биіктікте (ені 3 метрден сәл көп) сакталған, олар қабырға түбі деңгейінен 1,2 м жоғары түстан басталады, кіру түсының 45-50 см биіктікте бағыттауыш бейнелі жабуы бар; соғыс орнының түбі қабырғаның сыртқы жағына имек түрінде жалғасады. Бүл орындардың қабырғаның сыртқы бетіндегі биіктігі - 1,3 метр, бір қатарда орналасып,

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу