Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 12:06, диссертация

Краткое описание

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерін археологиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- Сақ ескерткіштерін зерттеудегі археологиялық деректердің тарихта алатын орны.
- Ерте темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеген Кеңес ғалымдары мен Қазақстандық ғалымдар арасындағы сабақтастықты анықтау.
- Оңтүстік және Шығыс Қазақстан өңіріндегі ескерткіштердің орналасу аймағын, хронологиясын, кезендерін, және айырмашылықтарын анықтау.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................. 2
I-Тарау. Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштері
1.1 Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі..................................5
1.2 Бесшатыр және Есік типтес қорымдар ..................................................9
II-тарау. Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштері
2.1 Оңтүстік Қазақстандағы сақ ескерткіштерінің зерттелуі.....................16
2.2 Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары ......................................................19
III-тарау. Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері
3.1 Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі...............26
3.2 Майәмір және Берел, Шілікті типтес ескерткіштер...............................29
Қорытынды....................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі...........................................38

Прикрепленные файлы: 9 файлов

Сактар диссер.doc

— 5.43 Мб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Макс диссертац.doc

— 975.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ж.Дархан.doc

— 858.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

сактардын этник.doc

— 488.00 Кб (Скачать документ)

XIV ғ. Хорезмге сапарында Каспий маңында Үстіртте Шығыстың әйгілі саяхатшысы Абу-Аллах ибн-Батут болды. Оның күнделігінде. «Біз Сарайдан шығып 10 күнде Сарайшыққа (ол өте тез ағатын Улусу деп аталатын) келіп, одан

 

30 күн тез  жүріспен жүрдік, себебі мұнда  шөпттің аздығы еді, эрі сулары тек жаңбыр суы ғана болды» деген сөздер кездеседі [26].

ХІІІғ. Бастап Орта Азия мен Қазақстанда Европалық  саяхатшылар мен елшілер келе бастады. Моңғол дэуірінде Қазақстанда болған көптеген Европалық елшілер Батыс Европадан Моңғолияға баратын болды.

Бірінші елшілікті 1246 ж. папа Иннекентий IV ұйымдастырды. Елшілікті монах Иоанн де Планои (не Палацио) Карпини басқарды. Карпини өз жазбаларында Сырдария өзенін, Ала-көл көлін, Жоңғар және Тарбағатай тауларының солтүстік жоталарын сипаттайды. Оның Жоңғар қақпаларында соғатын «Эбэ» (Желі) туралы хабарлары өте қызық болып табылады [27].

Вильгельм де Рубрук 1253 ж. Моңғолияға барды. Ол Қазақстан территориясы ақылы өтті. Ол: «Этилден (Волгадан) 12 күн жүрген соң, үлкен өзен Ягок (Орал) көрдік, ол Пескохир (Бешқұрт) арқылы ағып өтіп, Каспийге қү-яды» деп жазды. Орал өзенін өткеннен кейін Рубрук оңтүстік-шығысқа бүрылды. Мұғалжар жэне шығыс Арал маңы арқылы Шу өзеніне, одан әрі Жетісу жеріне өтті.

В.Рубруктың  Қазақстан аумағы туралы берген мәліметтері еуропалықтар үшін үлкен күлдылық болып табылады.

Осыдан кейінгі  уақыттарда Қазақстан аумағына көптеген батыс европалық миссионерлер, саудагерлер Қытайға барар жолда соғып отырды және қазақ жерінің ауа райы, табиғаты туралы мәлімет қалдырды. Мысалы, 1265 ж. Марко Полоның әкесі мен ағасы Николо мен Матео Поло Пекинге барар жолда қазақ жері арқылы, Сарайшық-Бұхара-Алмалық-Пекин жолымен жүрді. Олардың саяхатын Марко Поло жазды [28].

XIV ғ. бастап Батыс Европада, Қазақстан аумағы Птоломей картасына 
қарағанда элдеқайда анық түсірілген жаңа географиялық карталар жасалды. 
Мұндайдың бірі белгісіз автордың «Каталон картасы» (1375), онда Азияның 
біраз бөлігі, соның ішінде солтүстік-батыс Қазақстан, сондай-ақ Каспий, Арал 
теңіздері т.б. бейнеленген.

1459 ж. Фра Мауроның картасы жарық көрді. Бүл картаға Орал, Сыр-Дария өзендері, Алтай тауы, Есік-көлі мен Отрар қаласы түсірілген.

XV ғ. ортасындағы географиялық ерекшеліктер жергілікті авторлардың 
тарихи еңбектерінде хабарланады. Солардың ішінде XVI ғ. тарихшысы, «Тарихи 
Рашиди» еңбегінің авторы М.Х.Дулатиді атап өтуге болады. Оның еңбегінде 
Оңтүстік-Шығыс   Қазақстанның   ауа  райы,   табиғи   ерекшеліктері   кездеседі. 
Балқаш көлі туралы нақты мэліметтер қалдырды.

Орта ғасыр  авторлары антикалық авторлардың  еңбектерін аударып, эрі сараптап қана қоймай, Қазақстан аумағы туралы құнды деректер қалдырды. Осы кезеңнің аумақтық ашылулары Каспий, Арал теңізі, Есік, Балқаш көлі, Жетісу, Талас жазығы, Отрар, Тараз, Испиджап, Баласағүл, Барсхан, Бишкек т.б. қалалар туралы нақты мәлімет береді.

Орта Азияны арабтардың жаулап алулары Оңтүстік Қазақстанда ғылымның дамуын тежей алмады. Оған дэлел осы кезеңде Түркістаннан шыққан-ғалымдардың еңбектері.

 

Орта ғасырлық географиялық ғылым екі бағытта  дамыды: біріншіден өз аумағын ғылыми зерттеу жүреді, екіншіден, басқа мемлекеттер туралы мэліметтер жинады. Қазақ жерінің орта ғасырдағы аумағын зерттеуде ортаазиялық оқымыстылардың жазбалары өте маңызды.

Қазақстан аумағын  тану Каспий теңізі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстаннан басталды. Қазақстан жерлерін тану өте баяу жүрді. Ежелгі дэуір жэне орта ғасыр адамдарына тек керуен жолдары маңындағы Қазақ жерлері жэне араб, моңғол саяхатшыларының жазбалары белгілі болды.

Ортағасырдағы эдебиеттер сондай-ақ, ғылыми жүйеленбеген. Қытай, араб, моңғол саяхатшыларының жазбалары: топографиялық сипатта болды. Оларда тек қала, түрғылықты жер, өзен, көл, тау аттары жазылды. Бұл тек жаулап алушылардың қызығушылығында болды.

Қазақстанның  ежелгі дүниеден бастап, XVI ғ. дейінгі қоғамы туралы шет ел деректері қанша жұпыны болғанымен, болашақ зерттеушілерге өзіндік жол салып берді. Ал кейінгі Қазақстан аумағы туралы географиялық зерттеушілерді жинаумен орыс ғалымдары мен саяхатшылары айналысты.

Арал өңірінің ескерткіштерінің (қалаларының) зерттелу тарихы үш кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кейінгі (кеңестік) және Қазақстан Республикасының егемендігі кезеңдері болып.

Төңкеріске  дейінгі кезеңде бастапқы жэне В.В.Бартольдтың  Түркістан археология әуесқойлар үйірмесі мүшелері П.И.Лерх, В.А.Каллаур, Е.Смирнов, В.В.Бартольд, И.А. Кастанье т.б. ізденістерінен қаланып, ескерткіштерді сипаттап, есепке алу ісінде жұмыстар атқарды [29,11-6].

В.В.Бартольдтың  еңбектерінде Сыр өңірінің тарихына байланысты Геродоттың, Страбонның қалдырған деректері жайлы айтылады. Сонымен катар В.В.Бартольд Орта Азия жэне біздің тарихымызға байланысты негізгі дерек көзі б.з.д. II ғ - б.з. VI ғ. қытай эдебиеті деп көрсетеді [30,103-6].

Түркістан археология эуесқойлар үйірмесінің мүшелерінің  келесі тобы И.А.Кастанье, В.А.Каллаур, Е.Смирновтардың Сырдария облысының, оның ішінде Жаңадария өзенінің бойындағы ежелгі және ортағасырлық археологиялық, архитектуралық ескерткіштерін сипаттап, тарихи жэне халық ішінде сақталған ауызша деректерді қалдырған. Айталық, Беляевтың хабарламасында былай делінген: «Шірік-рабат қүдығының қасында күнды археологиялық ескерткіш, үлкен бекініс бар. Оның көлемі төртбұрышты, кесектен тұрғызылған дуалының биіктігі екі сажындай, ал ені бір сажын шамасында, көлемі 10-12 десятин...». Осы зерттеулер нэтижесінде Орынбай қала, Сырлытам кесенесі, Жетіасар ескерткіштері, Жанкент, Жент қалалары мен Қорқыт ата кесенесі жайлы біршама деректер жиналған [31, 200-227 б.б.]. XIX ғ. Қазақстан тарихы, этнографиясы, жэне географиясы Ш.Уалихановтың «Қазақ халқының Геродоты» атын берген А.И.Левшиннің есімімен байланысты. А.И.Левшиннің Сыр бойындағы Жанкент, Жетіқала (Жетіасар), Құмқала, Көбенқала, Қүлшұқтам, Сырлытам, Күйіктам ескерткіштеріне сипаттама бере отырып, Сырдария жағасында ешқашан тіршілік тоқтамаған деп жазады [32, 110-111 6.6.].

 

Қазан төңкерісінен кейін Ташкент қаласында Орта Азия және Қазақстан ескерткіштен корғау бөлімі ашылып С.Стасовтың мынадай мақаласы жарық көрді. «Если мы хотим изучить всю историю Туркестанскокго края у себя, а не по экспонатам, вывезенных в Лондон, Мадрид, Париж, то нам придется самим собирать и изучать их» [33,13-6].

30-жылдары  Кеңес үкіметі КСРО тарихын  жазуда туындаған мәселелерге  байланысты Орта Азия және  Қазақстанда кешенді археологиялық  экспедициялар жасалынды. Олар: Өзбекстанның отандық және өнер ескерткіштері комитетінің 1936-1938 ж.ж. М.Е.Массонның ұйымдастыруымен құрылған Термез археологиялық экспедициясы; А.Н.Бернштамның жетекшілІгімен 1936 жылдан ¥лы Отан соғысына дейінгі жүмыс жасаған КСРО ҒА Тарих институты жэне Қазақстан мен Қырғызстан археологиялық орталығының жетісу экспедициясы; зерттеу жұмыстарын 1937 жылы бастаған Хорезм археологиялық этнографиялық экспедициясы; Өзбек Ғылым Академиясы М.Е.Массонның жетекшілігімен Ферғана экспедициясы жэне т.б. [34,6-6].

1946 жылы Харезм  археологиялық-этнографиялық экспедициясы Хорезм территориясымен қатар Шығыс Аралжағалауындағы ежелгі Сырдарияның кең байтақ тарамданған атырабын зерттеумен байланысты болды..

Осы уақытта  бірлескен экспедиция неолит кезеңінің (мысалы: Қосмола, Талас, Жалпақ түрақтары және т.б.) жэне қола (Қосмола-7, Егізкөк, Тас 1-3, Көк-Сенгір тұрақтары жэне т.б.) ғасырынан 17-18 ғ.ғ. (Оралбай қала, Хатын қала қоныстары, Шатпай мазары ) қарақалпақ және қазақ қоныстарымен мазарларына дейінгі дәуірді қамтыған 660-тан астам ескерткіштерді ашып зерттеді.

Жоғарыда  айтқанымыздай 1946 жылдан бастап С.П.Толстовтың басшылығымен Хорезмдік археологиялық-этнографиялық экспедициясы Шығыс Аралжағалауына археологиялық зерттеу жүмыстарын бастады. Сырдарияның ежелгі төрт бастауын ғана емес, сонымен бірге арналардың түйісер жерін де зерттеді. Бүл зерттеу 1992 жылға дейін жалғасты [35, 44-6].

Археологтар геоморфологтар, почвоведтер, топографтар,

эуебарлаушылармен бірігіп жоспарлы маршруты Аралжағалауы жазығының үлкен территориясын қамтыды. Бүл барлау жүмыстары нәтижесінде, барлау қазба жұмыстары 1946, 1948, 1951, 1957-1962, 1966, 1968, 1971-1973, 1976, 1986 жылдары жүргізілді. 1948 жылдан бастап қоныстар мен обаларға кең ауқымды қазба жұмыстары басталды: 1948, 1951, 1973, 1976, 1978-1981, 1983-1984, 1986-1991 жылдары ежелгі Сырдарияның солтүстік тармақтарындағы бассейіндерінің ескерткіштеріне; ал 1957-1965 жылдары ежелгі Сырдарияның оңтүстік тармақтарындағы бассейіндерінІң ескерткіштеріне қазба жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда айтқанымыздай қарастырылып отырған аймақтағы ашылған, зерттелген 668 ескерткіштің арасында неолит дэуірінен ХҮІІ-ХУШ ғасырға дейінгі тұрақтар, қоныстар, жерлеу қүрлыстары бар.

Қазіргі кезде  тек неолит дэуіріне жататын қоныстар мен түрақтар 40-қа жуық ескерткіштер бар. Олардың ішінде мынандай түрақтарды атап өтуге болады: Қосмола 1-6, Талас 1, Жалпақ 1, 2, 4, 6, Айнүра жэне т.б. [36]. Бұл зерттелген  тұрақтардың  басым  бөлігі  Сырдарияның  кейінгі  сағасында жэне

 

ежелгі Сырдарияның  солтүстік тармағындағы бассейніне жақын маңда орналасқан.

Зерттелген  түрақтар мен қоныстардың (52) көпшілігін қола дэуіріне жатқызуға болады (эсіресе - кейінгі қола дэуіріне), бірақ олар ежелгі Сырдарияның оңтүстік арнасының аңғарында орналасқан қола дэуірінің қоныстары мен түрақтары (мысалы: Бұрлы, 1-3, Жалпақ 4-5, Егізкөк 1, 2, Қосмола 7, 8, Баян 2, 3, Ерімбет Б, Көк Сенгір, Маржан 1, 2, Зекет 2, 4, Суық бет 2, Тек-Тұрмас 2, Түгіскен 1, Тас 1-3 ) қүм мен арнаны бойлай араласып орналасқан. Соңғы қола дэуіріне жататын Солтүстік Түгіскен кешенін атап айтқан жөн, бүл жерден жерлеу қүрылысынан ( 4, 5, 6, 7 кесенелер ) қазылып алъгаган материалдар б.з.д. Х-УІІІ ғасырға жататынын дэлелдейді, сонымен қатар б.з.д. I м.ж. екінші жартысына жататын шикі кірпіштен қаланған екі кесене [34, 79-88 б.б.; 37, 31-37 б.б.]. Жерлеу қүрылыстары соңғы қола дэуірінің қызықты мэдени кешендерінен көрініс тапты, мұндай далалық қола дэуірінің дәстүрі Орталық Қазақстандағы андронов және беғазы-дэндібай мэдениеттерімен үқсастықтары бар, сонымен қатар жоғары дэрежеде оңтүстік өркениетпен байланысты [34, 86-6.], және М.И.Итина ежелгі бактриялықтардың мәденитімен үқсастығын айтады [37, 36-6.].

Жоғарыда  аталған материалдар қола дәуірінің  өзінде Шығыс Аралжағалауының өңірі Евразия халықтарының мәдени жэне этникалық қарым-қатнаста түсетін орны болғандығын түжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл қарым-қатынас ерте темір, антикалық жэне ортағасырларда бірнеше есе артып, жалғасьш тапты.

Б.з.д. VII-V ғасырда Ежелгі Сырдария тармағының оңтүстік атырабында бізге 60-тан аса қоныстармен түрақтар бірнеше обалар (соның ішінде танымал Үйғарақ жэне Оңтүстік Түгіскен) жэне өзгеше шлакты қорған қалдырған сақтар мекендеген [38,114-115 6.6.; 34,136-204 б.б.; 39, 22-45 б.б.; 40,151-175 б.б.; 41, 197-208 б.б.; 42, 178-190 б.б.; 37, 36 6.]. 66 зерттелген түрақтар мен қоныстардың ішінде, тең жартысына жуығы кішігірім тармақтарды бойлай орналасқан, ауқымы 300-800 метрге жететін үлкен қоныстар бар. Соның ішінде қабырғасын өңделмген кірпіштен жэне пақсалы блоктардан жасалған қонысты айналдыра қоршаған қабырғасының қалдығын зерттеуге мүмкіндігі болған. Стартиграфиялық қазба жұмысы жүргізілген Шірік - Рабат қалашығындағы 1,5 метр мэдени қабаты бар қүрылысқа қарағанда бүл сақтардың астанасы болғандығы туралы түжырым жасалған.

Б.з.д. VII-VI ғасырға жататын (У-ғ. жататыны сирек) Үйғарақ обасының 80 қорғанның 70-і қазылған [43]; ал б.з.д. VII-VI ғасыры деп мерзімделетін Оңтүстік Түгіскенде 50 қорғанның 38 зерттелген [37, 36-47 б.б.], оның ішінде «шлакты» (б.з.д. VII-VI ғ.ғ.) қорғандардың 23 қазылды [42]. Соңғылары арна жағасында бір-бірден, қоныстан 0,5 қашықтықта орналасқан.

Жоғарыда  аталғандай VII-VI ғасыр деп мерзімделетін ескерткіштердегі аң стилінде жасалған ат эбзелдер, қару жарақтар сақ мәдениеті (бірінші кезде Қазақстан мен Жетісу) мен төменгі Еділ бойы және оңтүстік Орал өңіріндегі савраматтардың байланысын көрсетеді. Бүл ежелгі Сырдария атырабының оңтүстік аймағындағы мәдениеттің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

 

Кейінірек бұл  жерде жоғарыда аталған жергілікті сақтар мэдениеті негізінде және кейбір оңтүстік орта азия алқабының мәдениетінің ықпалымен шірік-мэдениеті пайда болды (б.з.д.У-ІУ-П ғғ.). Бүл мэдениеттің өкілдері бізге суландыру жүйесін, екі жүзден астам ірі ауылдық аймақтар, жоғары дамыған архитектура, сондай-ақ монументальды ескерткіштердің құрылыстарын жэне алты қамал қалдырды.

Шірік-Рабат  тұрақтарының топографиясы мен сырт көрІнісі б.з.д.УП-У ғғ. сақтардікінен ерекше. Шірік-Рабат тұрақтары көбінесе жасанды суландыру жүйесінің шеңберінде жасалған жэне бірнеше алқаптарға енеді, кейде қорғандар мен берік қамалдар айналасында болады. Қоныс аймақтарының аудандары да эр қилы, бірақ эрқайсысының үйлері көп бөлмеден жэне есік алдындағы бау-бақшадан тұрады. Бүл мәденетті тасушылардың астанасы Шірік-Рабат қалашығы болуы мүмкін, Жаңадария өзенінің жағасында орналасқан.

Шірік-Рабат мэдениетінің жерлеу қүрылысының көрінісі қорған тәріздес етіп көмілген (ең алдымен катакомбы тэріздес кіретін дэлізі бар), сондай-ақ жер бетіндегі арнайы мавзолейлер болуы мүмкін. Осындай мавзолейлердің қырққа жуығы қазылған, ал екеуі ғана жоспары төртбұрышты, қалғандары дөңгелене келген.

Шірік-Рабат  қалашықтары мен елді мекендерінің, бекіністерінің салыну қүрылыстары, жер  суландыру жүйесі, ескерткіштер жасаудағы  сәулет өнерінің жоғары деңгейі. Шірік-Рабат қыш кешеніндегі көптеген ыдыстардың қалыбы мен дайындау эдістерінің негізінде жергілікті сақ мәдениеті оңтүстік диқаншылар дәстүрімен байланысын аңғаруға болады.

Б.з.д. III ғасырдың соңы П-ғасырдың басында Шірік-Рабат қалашығының жэне қоныстарының түрғындары экологиялық жағдайлардың кесірінен (ежелгі Сырдарияның оңтүстік арналарындағы судың тоқтап қалуы) өз баспаналарын тастап кетуіне мэжбүр болды. Археологиялық мэліметтер бойынша, оңтүстік Парфия аймағы мен біртіндеп шығысқа, қазіргі Алматы қаласының маңына қоныстанған. Осы кезеңде ( б.з.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ.) Шығыс Арал жазығында Шірік-Рабат мәдениеті өз өмір сүруін тоқтатады. Дегенмен Шығыс Аралжағалауында археологиялық зерттеулер 1946 жылы С.П.Толстовтың жетекшілігімен жүргізілген сақ обалары мен қалашықтарьша Шірік-Рабат мэдениетіндегі жерлеу ескерткіштеріне 1957 жылдан бастап 1964 жылға дейін Харезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының үжымы жедел қазба жүмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 1962 жылдан бастап сақ обалары Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскендегі зерттеу жүмыстары жалғаса берді.

Курсовая Нуркенже.doc

— 271.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бауыржаннан.doc

— 104.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Ш▌л▌кт▌ патша обалары ж__не са__ проблемасыны__ кейб▌р т__й▌нд▌ м__селелер▌.doc

— 72.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Кожахметов Б.doc

— 46.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Бакабаев.doc

— 736.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелу