16 Марта 2014, курсовая работа
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.
31 Января 2014, лекция
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды.
18 Октября 2013, реферат
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі біреңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
05 Марта 2013, реферат
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудай құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, алты ата Әлімнің 4 ата Кетенің, 12 атасының, 7 ата - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". Содан бұл дүниеден өткенше ел билігінде жүреді.
14 Октября 2013, реферат
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамға» кең көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және «алтын адамның» Астанада өткізілетін тұсаукесеріне мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінетін болды.
25 Февраля 2014, реферат
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев.
14 Февраля 2013, практическая работа
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.
01 Октября 2014, реферат
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты.
16 Сентября 2013, курсовая работа
Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.
30 Мая 2013, лекция
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды.
18 Ноября 2013, реферат
«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия жене мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия енеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды.
23 Декабря 2013, диссертация
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.
23 Ноября 2014, практическая работа
1925 жылы желтоқсанда өткен XIV съезінде Кеңес Одағың индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздіктінгін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, корғаныс және басқа да ірі өнер-қәсіптері бар жүйе күру қажет делінді. Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі қәсіпорындар Үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа кызмет еткізу бағытыңда басталғаның кәрсетеді.
06 Декабря 2012, реферат
1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне «Қоғамтанушылар нені тани алмаған?» деген ғылыми мақала дайындалды. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ мұнын орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында екі республикалық газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырып партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың санын әдейі екі еседей азайтып көрсетті. Былайша айтқанда, бұл орталық партократия зұлымының қазақ халқының алдындағы кешірілмес күнәсін баяғы зымияндық әдетіне салып, екі еседен артық жеңілдетті деген сөз.
Мұндай үлкен ғылыми оғаштықты КОКП тарихшыларының демографиялық зерттеу әдісін білмегендігінен ғана болды деу шындыққа жанаспайды.
05 Мая 2014, реферат
1941 жылдыц 22 маусымында фашистік Германия эскері Кецес Одагына түтқиылдан, согыс жарияламастан басып кірді. Кецес халқыныц ¥лы Отан согысы, ягни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету согысы басталды. Кецестік эскери күш бейбіт уақыт жоспа- рынасайорналасқандықтансогыс қимылдарыбасталганаумаққатар- тылуы барысында, жау согыстыц алгашқы бес айында мемлекеттіц 5% халқы түратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-га қарсы барлық қарулы күшініц 70% — 5,5 млн адамнан түратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мыц үшақ шогырландырды
25 Сентября 2014, реферат
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.
02 Декабря 2013, реферат
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
04 Октября 2015, реферат
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. Қазақстан экономикасының артта
25 Сентября 2013, реферат
Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.
08 Сентября 2014, реферат
Бірінші мынжылдық ортасында ежелгі туркі көшпелі тайпалар көсу басталып және мемлекеттік пайдаланды. Бірте-бірте кағанаттар пайдаланып жүр. Бұл осы кезде ең үлкен текстес тайпалардың бірлестік. Олардың бірі – Түркі кағанат.
Түркі қағанаты - түркілердің тайпалық одағы тарапынан орта ғасырларда (552 - 742 ж.) басқарылған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түркі қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Монғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Кавказ территорияларына иелік еткен.
24 Октября 2013, реферат
Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен
11 Декабря 2013, реферат
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты.
12 Марта 2013, реферат
Біз, қазақ халқы, еліктегіш халықпыз. Абай атамыз айтқан бес ғайбат іске алтыншы қылып еліктеуді қоссаңыз, «қатып» кетейін деп тұр. Махаббатты дәріптеуге келгенде Қозы мен Баян, Қызжібек пен Төлеген емес, аузымызға, алдымен, әулие Валентин түседі. Жастарымыз оның байыбына да барып жатпастан, яғни тарихына, тағылымына үңілместен, әйтеуір ғашықтар күні ғой, сезімімізді білдіріп қалайық, тойлап қалайық деп жанталасып жүргендері.
06 Декабря 2013, реферат
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген
06 Марта 2013, реферат
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.
19 Декабря 2013, реферат
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді.
18 Октября 2013, реферат
Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
21 Февраля 2014, реферат
Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
21 Ноября 2013, реферат
Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт, сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған
Ал бір аңыз-әңгімеде әйгілі Төле би бабамыздың келіні Данагүлді алғаш көргенде, бұрымы тізесіне түскен бойжеткеннің сонадай жерден тоқтап, үлкендерге жол бергені, осы ілтипаттың өзінен ғана дана бидің дана қызын ешкім айтпай-ақ танығаны айтылады.
13 Апреля 2014, лабораторная работа
Тарих пәнінің қосалқы салаларына палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.