Қазақстан тарихын мектепте оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 20:18, курсовая работа

Краткое описание

Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І. Негізгі бөлім
Қазақстан тарихын оқытуға өзгерістердің қажеттілігі.......................4-7
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері....................8-13
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері..................14-16
ІІ. Қазақстан тарихы пәнінің құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер....17
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................19

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавая.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе...................................................................................................................3

І. Негізгі бөлім

    1. Қазақстан тарихын оқытуға өзгерістердің қажеттілігі.......................4-7
    2. Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері....................8-13
    3. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері..................14-16

ІІ. Қазақстан тарихы  пәнінің құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер....17

ІІІ. Қорытынды.............................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан  өткізген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана  өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі  ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған.

Қазақстан Республикасы  тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу  орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар  мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп  шығарылуда.

1998 жылы Мемлекеттік білім  стандартыының  қабылдануына байланысты барлық  мектептік  пәндерден,  солардың  арасында тарихтан да жаңа  бағдарламалардың жобалары жасалды. Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді.

Қазақстан тарихын немесе оның жекелеген материалдарын мектептерде оқыту мәселесі қашан, қалай көтерілді, оған алғаш кімдер бастамашы болды? – деген сұрақтардың жауабы қарастырылады. Өйткені курс, не пән мектепте оқытылмай тұрып, оны оқыту әдістемесі туралы сөз болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Қазақстан тарихын оқытуға өзгерістердің қажеттілігі

Зерттеліп отырған тақырып бойынша 1980 жылдың ортасына дейін жүргізген жұмысшымызда біз маркстік философияны, оның таным теориясын басшылыққа алдық. Таным теориясы бізді қоршаған дүниені таонып, білудің негізгі заңдылықтарын, әдістерін, түрлерін зерттейді. Жылдық дүниенің барлық саласын танып білудің жалпыға ортақ әдісі – диалектикалық материализм. Ал, қоғамдық өмірдің түрлі салаларын зерттегенде материалистік диалектиканың заңдары, категориялары қолданылады. Сөйтіп, диалектикалық және тарихи материализм педагогика ғылымы методологиялық негізі болып саналды, демек тарихты оқыту әдістемесінің де методологиялық негізі деген сөз. Тарихты оқыту әдістемесінің зерттейтін педагогикалық үрдісін қазіргі ғылыми білім салаларының кез келген объектілерімен салыстырсақ оның диалектикалылығының  ешқайсысынан кем емес екенін байқаймыз. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде диалектиканың бірқатар  категорияларын (қарама-қарсылық, мазмұн, форма, құбылыс, абстрактылық, нақтылық) кеңінен  пайдаландық.

Бірақ та Кеңес елінде  80 –жылдардың соңына дейін үстемдік еткен  коммунистік идеология  диалектикалық және тарихи  материализмді, олардың категориялары мен зерттеу әдістерін объективті пайдалануға жол бермеді. Осының салдарынан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты педагогика ғылымы да көп зардап шекті, коммунистік идеологияның әрекеті әсіресе траих ғылымындаа, мектепте тарих пәнін оқытуда ерекше байқалады.

60-70 жылдардағы жалпы білім беретін  орта мектепке тарих бағдарламаларында  «Орта мектепте тарих курсын  оқытудағы міндет – оқушыларға  қоғам дамуының заңдылығын ғылыми  тұрғыда түсіндіру, оларды капитализм  сөзсіз  құнды коммунизм жеңеді  деген сенімді » қалыптастыру деп көрсетілген. Бұған 90 –жылдарғы дейін кеңестік ғылымда шектеусіз үстемдік етіп келген Европацентрлік пен Ресейцентрлікті қоссақ, мектепте тарихты оқытуды қаншалықты қателіктер мен олқылықтар болғанын байқау емес. Осындай саясаттың салдарынан мектепте тарихты оқытудың мақсаты мен міндеттері дұрыс анықталмады. Мұның өзі қазақстандық жастардың  бірнеше ұрпағында «тарихи зерделіліктің» қалыптасуы орнына мәңгүрттіктің етек алуына әкелді. «Тарихи зерделілік» -әрбір жеке адамға, тұтас ұрпаққа байланысты, әрбір адамның, ұрпақтың тарихты сезінуіне, өзінің гыққан тегін өлкесін, халқын, нәсілін, жалпы адамзаттың тегін, оның рухани түп –тамырларымен  өткендегі тарихи  жолын танып білуге  ұмтылып, сана –сезімінің оянуы. Бұл  -өскендіктің, рухани мәдениетінің жоғары сатыға көтерілу белгісі. Ал оған қарама –қарсы ғұым «мәңгүрттік» мәңгүрттік индивидті жалпы қоғамның рухани, тарихи маңызынан қашықтатуға, күнделілік коньюктуралық мақсаттарға объсалюттік мән беруге, өзгермелі күнделікті моданы бетке ұстап, оны алдыңғы қатарға қоюға жетелейді. Мұндай жағдай қазақ  жастарының едәуір бөлігінде әсіресе 70-80 жылдары айқын байқалды. Сондықтан да қазақ халқының қазіргі кездегі өзінің өмір кешкен тарихи жолын танып –білуге дееген құштралығы жай емес. Себебі біздерді көп жылдар бойы «мәңгүрттікте» ұстап келді. Отаршылдық саясат, өктемдік тәртіп, Голощекиндік геноцид қазақ халқының ес жиып, етек  жабуына мүмкіндік бермеді. 1.

Тарих пәнін оқытуда ондаған жылдар бойы орын алып кеоген өрескел методологиялық қателіктер мен кемшіліктер; коммунистік идеологияның партиялық, таптық мүддесіне сай келмейтін факітлерді жасыру,  жасыруға болмайтындарын барынша  бұрмалау, бүкіл кеңес елінде бірнеше ондаған ұлт тілдерінде жұмыс істейтін мектептер үшін тарих пәнінен бір ғана  бағдарлама, оқулық шығару, олардың мазмұнын барынша идеологияландыру, әр ұлттың өз тарихын оқытуға  жол бермеу. Еуро....центрлік пен орыстандыру саясатын барынша дәріптеу т.б.  тарих пәнін оқытуға қойылған міндеттерді орындауға үлкен  кесел келтірді. Осындай  қателіктер бүкіл халық ағарту саласында, орта білім беру жүйесінде мықтап орын алды.

Қоғамдағы бүкіл  ғылым, білім беру жүйесі немесе оның белгілі бір саласы –орта білім беру  дағдарысқа  ұшырағанда, одан шығудың жолын білім философиясы тұрғысынан қарастырған дұрыс. Бұл ғылым – жалпы дүние туралы, ондағы адамның орны мен қызметі, осыған сәйкес оған қажетті білімнің мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын, оның ұйымдастыру ұстанымдарын зерттеумен айналысады. Демек, білім философиясы алдымен сол орта білім беру жүйесінің нақты жағдайын, қызметін зерттеп талдайды, орын алған дағдарыстың себептерін анықтап, одан шығудың жолын көрсетіп береді. Алайда, Кеңес елінде «Білім философиясы» деген ұғымның өзі ғылым саласында көп жылға дейін қарастырылмады, бұл ұғым авторлардың еңбектерінде кездескенмен, олар ұсынған идеяны дамытуға көңіл бөлінбеді, шынын айтқанда жол берілмеді.

Кеңес елінде  80 жылдардың ІІ жартысынан басталған жариялылық халық ағарту саласына енгізілген демократияландыру, ізгілендіру дамытушылық үрдістері және де дүние жүзілік халық ағарту саласында болып жатқан жаңалықтар КСРО мен Қазақстан мектептерінің оқу тәрбие жұмысына көптеген өзгерістер жасауға соқтырды. Ал, 1990 жылдардан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау басталды. Мұның өзі орта білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасауға жол ашты.

Соңғы уақытта жалпы мектепте берілетін білімнің, жеке пәндердің білім мазмұны ұлттық болуы керек деген ұстанымы жиі айтылып жүр. Кеңес елінде де ұлттық мектептер көп болды, бірақ та олар формасы жағынан ғана ұлттық, ал білім мазмұны жағынан ұлттық емес еді. Бұл жөнінде Ресейдің белгілі педагог –ғалымы В.Д. Шадриковтың мына пікірі орынды айтылған. «Мектеп халықтық болғанда ғана оның беретін білімінің әрбір тамшысының өзі оқушыға аса құнды, өмірлік қажет болып сезіледі. Сондықтан да ол оны меңгеруге, содан сусындауға барынша ұмтылады.... Не пайда, бізде халықтық мектеп «өркениет ұстанымы» тұрғысынан қайтақаралып, халықтық мектеп дегеннен  жұрдай болды, оның халық, рух деген аты да өшті. Тіпті біз өнер,  денешынықтыру пәндерінің мазмұнынан да халықтық дейтіндей ештеме қалдырмадық» (3)

90 –жылдардың басынан, яғни  Қазақстан тарихының дербес пән болып оқытылғанынан бері қарай оның білім мазмұнын анықтауға, яғни нені оқыту керек? –деген сұрақты шешуге мүлде басқа тұрғыдан келдік.

Басты ұстаным – алдымен  Қазақстан   тарихын Еуропацентрлік   пен Ресейцентрліктен  құтқару   болды.  Өйткені  Қазақстан  тарихының  көп    мәселелерін  оны  отарлаушылар,  немесе   отаршылдық  пиғылды\ағылар  жазғаны белгілі.  Олардың      көпшілігінің еңбектерінде   тарихтың  бұрмаланғаны сондай,   Шығыстан   Еуропаға  қарай   барғандардың   бәрі   «жаулаушылар», ал   Батыстан  шығысқа   қарай   аяқ  басқандардың  бәрі мәдениет   жақсылық   таратушылар болып    көрсетіледі.  Осы    жерде   дүние   жүзіне   белгілі   екі   қайраткердің  төмендігі   сөздерін    келтіре    кету   орынды.

М. Әуезов  Дж. Нерудің  «Үндістанды  тану»  атты   кітабындағы  «Менің   елімнің   тарихы» ағылшындардың  көзқарасымен   жазылған  еді – деген  жолдардың    тұсын  қарындашпен   үш рет   сызып,  леп   белгісін  қойып:  «Менің  халқымның  да  тарихы    солай  жазылған  еді» - депті

«Қазақ  әдебиеті»   газеті 16 қыркүйек, 1997  ж.  «Тарих, тағдыры, тұлға». Мұндай   пікірлерді,  яғни,  шығыс тарихының  оның   өркениетінің  Батыс   ғылымында  көп  бұрмаланғанмен  бұрын да,  қазір   де   біраз  ғалымдар   айтып келді.

Келесі бір   маңызды  ұстаным – Қазақстан  тарихының   білім  мазмұнының  ұлттың болуы, оқып   үйрене  отырып,    сол    арқылы   басқа   ұлттардың,  сосын бүкіл  адамзатты ң  жинаған  құндылықтарын  оқып   меңгерді.  Демек,  Қазақстан Республикасы  мектептеріндегі   тарих пәні  оқушының  осы үш:  этномәдени,  жалпыұлттық және  жалпыадамзаттық кейбір    ғалымдар   халықтың  ұлттық  мектептің   білім   мазмұнында төмендегі  факторлар  болуы  болуы,   даму  тарихы  және басқа  халықтармен   қарым – қатынасы, ол  халыққа   қоршаған  ортаның  әсері,   мемлекеттілігінің   қалыптасуы,  мәдени    дамуы,  моралі,  адамгершілік  діні,     философиясы,  ұлттық  наным – сенімі, салт – дәстүрі  жазудың  пайда  болуы,   әдебиеті , тілі,  бейнелеу, өнері, биі,  еңбектің  негізгі   түрлері,   дүниежүзілік   мәдениетті  қамтитын   гуманитарлық  ғылымдар, жалпы   тарих пен   жағрария,  спорт пен     денешынықтыру,  күрес,  халықтың    денсаулық  сақтау  тәжірибесі,  үй  тұрмысы, үй шаруашылығы  еңбек қызметінің  негізгі  түрлері  жаратылыстану   ғылымдары  және  олармен  тікелей бабйланысты  ғылыми  -  техникалық  прогресс,  қазіргі  заманғы    өндіріс пен технология /5/.

Ұлттық  меткептің  білім мазмұнында болуға тиіс  жоғарыда   аталған  факторлар түгелге  жуық Қазақстан  тарихының   мазмұнында кездеседі.   Ал  дүние  жүзі тарихы мен  жағрафиясы, жаратылыстану  ғылымдары  нқтры толық қарастырылмайтындары  мектептің оқу жоспарындағы  басқа  пәндердің  құрамында   баяндалады.

Біздің  90-жылдардың  басынан бастап жүргізген  зерттеуімізге,  оның нәтижесі  бойынша  жасалған  Қазақстан  тарихын   мектепті  оқыту    тұжырымдамасына  осы   курстың  мемлекеттік  білім   стандартына   әдістемелік  құралдарына  ол  факторлар  біртіндеп және  бірте-бірте   көбірек   ендіріліп   келеді.

Қазақстан  тарихының    білі  мазмұнын, оның  көлемі мен  құрылымын  анықтайтын осмы  тұжырымдамалар мен  бағардамаларды  жасауды  дүниежүзілік   халық  ағарту   саласында   болып  жатқан   жаңалықтарды   ескеруден  Қазақстан Республикасындағы   қайта  құрулардан, мектеп  реформасынан  туындайтын  және  де  мектептік  реформасынан  туындайтын  және де  мектептік  тарихи  білім   жүйесін  қалыптастыратын  ғылыми – тарихи  және  педагогикалық  ұсынымдар  мен талаптарды да   басшылыққа  алып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері

Тарих  маңызды қоғамдық – гуманитарлық  пәндер  қатарына   жататындықтан, оны  білім беретін оқу орындарында  қазіргі талаптарға сай  оқыту үшін,  алдымен  оқытудағы   әдіснамалық  проблемаларды  дұрыс шешу қажет.  Өйткені  90 – жылдарға  дейін  еліміз  мектептерінде қоғамдық   пәндерді, әсіресе  тарихты  оқыту   әдістемесінде   өрескел  қателіктерге  жол  берілгені   мәлім.

Демек   тәуелсіз   Қазақстан   Республикасы    мектептерінде  тарихты   оқытудың  әдіснамалық  мәселелерін  шешу   кешіктіруге   болмайтын   әрі  күрделі   мәселе.  Ал    қоғамдық   пәндерді  оқытудың    әдіснам алық   проблемаларын  шешу    елде  қалыптасқан  біріңғай   идеологияға   байланысты.  өйткені   идеология дегеніміз – адамдардың   өмірге  қарым – Қатыцнасын   білдіретін  саяси,  құқықтық,   діни,  адамгершілік   эстетикалық, пәлсапалық  көзқарастары мен  идеяларының   жиынтығы. Қазақстан  Республикасына  идеология   керек    пе,   керек  болса,  қандай  идеология  керек, онда  қазақ  халқыц  менталитетінің   үлесі  қандай  болуы   керек  деген   мәселелер   мерзімді  баспас өз  беттерінде  көптеген   әңгіме   болып  келеді.   Білгіңлі    ғалым  Ақселеу   Сейдімбетті ң пікірінше  «жүзден    астам   ұлттық    диаспоралардың   тарих  талғағы  маңдайларына  жазған  Отаны  Қазақстан болса   қазақ  халқы – сол ұлттық диаспорлардың  жарасты   өмірлеріне   ұйытқы   болатын   тірек  ұлт.  Тұрақтылықты  халық   ретінде   Қазақстандық   Қазақстандағы    жарастықты   өміпрге   ұйытқы   болуы және   қазақ  тілі  мен  мәдениетінің   Қазақстандағы    барлық   ұлттың   диаспоралары   үшін  тірек   болуы» Бұл    бірден – бір  тарихи  қажеттілік   және  Қазақстандағы  жарастықты    өмірдің шын   мәніндегі  бірден – бір   кепілі.  Мұны    бүкіл     Қазақстандықтар   өмірлдік  қажеттілік    ретінде  сезінулері   қажет. («Қатерлі   идеялары», «Егемен Қазақстан», 2000 жылы,  6   маусым).

  Мектепте  тарихты  оқытуда   мұғалімдерге   нақты  көмек,  басшылық  болатын  әдіснамалық   ұстанымдар  жеткіліксіз.  Бұл   маңызды  проблеманы   тек  тарихшы  ғалым,  немесе     әдіскер  ғалым     түбегейлі   шеше  алмайды.  Оны   дұрыс   шешіп  беруге,   оқу  орындарында   қоғамдық  - гуманитарлық   пәндеді   оқытудың  неізгі   әдіснам алық  бағыттарын  анықтауы   аталған     мамандармен  қатар,  философтар да,    саясаттанушылар  да,   басқа  ғылым    сбалаларының    өкілдері   де  қатысқаны  дұрыс   деп  есептейміз.

Информация о работе Қазақстан тарихын мектепте оқыту