Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 20:18, курсовая работа
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.
Кіріспе...................................................................................................................3
І. Негізгі бөлім
Қазақстан тарихын оқытуға өзгерістердің қажеттілігі.......................4-7
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері....................8-13
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері..................14-16
ІІ. Қазақстан тарихы пәнінің құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер....17
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................19
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халықының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де ламайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден –бір оқу орны –жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқылатын басқа пәндердің бірден –біреуі атқара алмайды.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңындағы: « ... ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық - саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға әлемдік және отандық мәдениетінің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет –ғұрып пен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» - деген міндеттерді орындауға күш салады.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты –басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халыққа білім беру саласы алдында тұрған жалпы міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады. Олар:
Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттер бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелденетініне негіз болып отыр.
Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізгі мектептің 5-9 сыныптарында оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жерінде адамзат тарихын ежелгі заманнан бастап, бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар біршама жүйелі, аяқталған білім алады.
Курстың құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі қазақстан тарихы оқытылады. Ол төмендегіше бөлінеді: 5 сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дфейінгі дәуір қамтылады; 6 сыныпта тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғаннан бастап, б.з. V ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7 сыныпта орта ғасырлардағы қазақстан тарихы (б.з.V-XVIII ғғ), 8 сыныпта жаңа змандағы қазақстан тарихы (XVIII-ХХ ғасырдың 1914 жылына дейін), 9 сыныпта қазіргі заманғы қазақстан тарихы (ХХ ғасыр 1914-2000 ж) оқытылады. Соңғы 3сыныптада да бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңында білім беру жүйесіне талаптарды орындау.
Мектепте тарихты оқытудың басты міндеті- жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты –басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, келешекті бағдарлайтын, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу. (12)
ІІ. Қазақстан траихы пәнінің құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы өзінше курс болып, бірақ КСРО тарихы құрамында оқытылғаннан (1958 -1959 жж) бастап, осы уақытқа (2000-2001 жж) дейін оның құрылымы 3 рет үлкен өзгеріске ұшырады.
Оның алғашқы құрылыымы 1958-1959 оқу жылынан бастап 1990 жылдар аралығында пайдаланылды. Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулықтары бар мектептік курс деп атаалғанымен, оның оқу материалы мектептің 4 (5), 7(8) – 10 (11) сыныптарынада оқытылады, бес сыныпта 50-60 сағаттай ғана уақыт бөлінеді. 4(5) сыныптағы «КСРО тарихынан эпизоттық әңгімелер» курсы құрамында «Қазақ КСР тарихының эпизоттық әңгімелері» 8-10 сағат көлемінде оқытылды. Ал, 7(8) -10 (11) яғни төрт сыныпта КСРО тарихының жүйелі курсы құрамында Қазақ КСР тарихы 47-48 сағат, (7 сыныпта 12, 8 сыныпта 9, 9 сыныпта 14 сағат, 10 сыныпта 12 сағат) көлемінде оқытылады.
Қазақстан тарихы құрылымының екінші үлкен өзгерісі 1991 -1992 оқу жылында жасалады. Бұл өзгеріс өте қысқа уақытқа 10 жылға ғана созылған мен дербес оқу пәні деп оқу жоспарына енген Қазақстан тарихының келешегі үшін үлкен маңызы болды. Мемлекеттік білім сатандарты, оқу бағдарламалары, жаңа оқулықтар мен бір қатар шағын әдістемелік құралдар жарыққа шықты. 1990-1999 ылдар аралығында Қазақстан тарихынан жалпы білім беретін мемлекеттердің 5-11 сыныптарына арналған тек қазақ тілінде ғана тоғыз оқулықтық шыққанын және де олардың әрқайсысының 3-5 реттен басылғанын айтсақ та жеткілікті. Аталған құжаттардың, бағдарламаларың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың енді ғана дербес, жеке пәнге айналған Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға көп пайдасы тиді, әсіресе тарихшы мұғалімгерге ғылыми әдістемелік басшылық, әрі нақты көмек болды. Екінші жағынан, осы жылдар жарық көрген тұжырымдамалар, бағдарламалар, оқулықтар әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, ұсыныстар жасау тәжірибесі келшекте Қазақстан тарихының жаңа бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтарын, оқу әдістемелік кешенін жасауға көмек болды. Осыының бәрі келіп «Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің» одан әрі қалыптаса түсуіне, дамуына пайдалы әсер етті.
Қорытынды
Қорытындылай келгенімізде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері жайлы көптеген мағлұматтар алуға болатыны анық. Бұл жұмысты жазу барысында Кеңес елі кезіндегі оқыту жүйесімен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі оқыту жүйесін салыстыруға болмайтындығыын атап көрсетуге болады. Тарих пәнін оқытуды ондаған жылдар бойы орын алып келген өрескел методологиялық қателіктер мен кемшілетер: коммунистік идеологияяның партиялық, таптық мүддесіне сай келмейтін фактілерді жасыру, жасыруға болмайтындарын барынша бұрмалау, бүкіл Кеңес елінде бірнеше мектеп үшін тарих пәнінен бір ғана бағдарлама, оқулық шығару, олардың мазмұнын барынша идиологияландыру, әр ұлттың өз тарихын оқытуға жол бермеу секілді келеңсіз оқиғалар болып жатты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша ден қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқы орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихы жайлы көптеген еңбектер шығарылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыста еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі ғалым –педагогтардың жаңа ғылыми әдістемелік негіздерін кең түрде баяндау және оның сабақта қолдануын айқындау. Қазақстан тарихын немесе оның жекелеген материалдарын мектептерде оқыту мәселесі қашан, қалай көтерілді, оған алғаш кімдер бастамашы болды? – деген сұрақтардың жауабы қарастырылады.
Жұмыстың міндеттері:
Тақырыптың өзектілігі:
Заман талабына орай Қазақстан тарихын оқытудың ғылыми -әдістемелік негіздерін және жаңа әдіс тәсілдері қолдану, оқушыларға жаңа әдістер арқылы тарих тағылымын таныту жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың тарихнамасы:
Бұл курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар мен әдебиеттер және газет журналдарды пайдалану арқылы жазылды. Атап айтқанда Т. Тұрлығұловтың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі», Әбдіғұлова Б.Қ. «Қазақстан тарихын оқытудың өзекті проблемалыр» және т.б.