Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 20:18, курсовая работа
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.
Кіріспе...................................................................................................................3
І. Негізгі бөлім
Қазақстан тарихын оқытуға өзгерістердің қажеттілігі.......................4-7
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері....................8-13
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері..................14-16
ІІ. Қазақстан тарихы пәнінің құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер....17
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................19
Мектепте тарих пәнін әдіснамалық тұрғыда дұрыс оқыту дәл қазір өткір қойылып отыр ол мына екі жағдайға байланысты.
Біріншіден, 90 – жылдарға дейін мектепте тарихты оқытуды өрескел қателіктер мен кемшіліктер орын алды. Әсіресе, ғылымдағы Еуропацентрлік пен коммунистік идеологияның партиялық, таптық мүддесі Қазақстан тарихында бұрмаланған бірде – бір маңызды проблема қалдармады. Оның үстіне тарихты жаңаша бұрмалаушылар кейінгі жылдары көбеймесе, азайған жоқ. Бұған ресей басылымдарына, Қазақстанда шығатын кейбір «Караван» сияқты орыс тілді газеттерде үнемі шығып жататын мақалалар дәлел.
Олардың арасында қазақ халқының белгілі зиялы азаматтарына орынсыз тіл тигізетін быллай қойғанда, ұлттың намысына тиетін , оның тілін, мәдениетін тамаша ұлттың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын қорлайтын мақалалар жиі кездеседі. Оларға әзірге, «қой» дейтін қожа «әй» дейтін әже жоқ.
Біз соңғы жылдарға дейінгі жалпы білім беретін мектептерге қажет оқушылардың көбін шет елдерден негізінен Ресейден, шет тілі оқулықтарын Англия мен басқа да елдерден алып келдік. Осы мәселеге тікелей қатысы мекеме басшылары негізінде: « Мұндай оқулықтар бізде жоқ, бірақ керек» - деген желеумен біраз шетелдік «оқу құралдары – «»Азаматтану», «Құқық баршаға», «Оқушыларға арналған экономика» сияқтыларды орыс тіліне аударып, ондаған мың тиражбен республика мектептеріне енгізгені, енгізіп жатқаны белгілі.
Дамыған елдердің бізде жоқ оқулықтарын біздің республикамыздың мектептеріне ұсынуға, пайдалануға болады. Егер де шетел авторлары өз еңбектеірн қазақстандық авторлармен бірлесіп жазып, ол оқышыларды осында жасалған мемлекеттік білім стандартымен, бағдарламалармен сәйкестендірсе, Қазақстан менталитеттік үнемі ескеріпотырса.
Қазір Батыс Қазақстанның рухани, экономикалық, қоғамдық өмірінің барлық салалырын жүргізуде. Олардың еш уақытта қазақ этносын, елімізге шоғырландыруға, қазқ тіліне басымдық беруге іш тартпайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Ресейде Қазақстанды ықпалынан шығарып аламау үшін, бұрыннан қалыптасып қойған орыстандыру саясатын қолынан келгенше жалғастыруда. Бұған күнделікеті өмірден, баспас өз беттерімен, телехабарлардан көптеген мысалдар келтіруге болады /7/.
Екіншіден, біз жастармызды, алдымен мектеп оқушыларын шетелдер тарихына үздіксіз болып жатқан рухани экспанциядан қорғауымыз керек. Мектеп оқушыларын тарихты түрліше бұрмалаушылықтардан да сақтандыруымыз керек. Өйткені елімізді, алдымен қазақ халқын шетелдік руханит экспанциядан еуропаландырудан, америкаландырудан, орыстандырудан қорғайтын күш, тірек-қазақ мектебі, онда оқып жатқан жастарымыз. Бұл айтылғандар мектепте қоғамдық гуманитарлық пәндерді, алдымен тарих пәнін әдіснам алық тұрғыда дұрыс оқытуды осы ғылымның мектеп көлеміндегі әдіснамалық проблемаларын тереңіріек ашып, көрсетіп, жан- жақты толық түсіндіруді қажет етеді.
Соңғы уақытта ұлттық тарих туралыв мәліметтерді халыққа жеткізуден біраз жұмыстар атқарылады. Кейінгі жылда «Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника», «Қазақстан этностары» атты сериялы кітаптар, алты томдық Қазақстан ұлттық энциклопедиясының, бес томдық Қазақстан тарихының алғашқы томдары , тоғыз томдық «Қазақстан» атты еңбек жарық көрді. Мұның сыртында Алашорда, Бөкей хандығы, жер аудару саясатының зардаптары, қазақ даласындағы көтерілістер сынды тыйым салынып келген тақырыптарда тарихи деректер жарыққа шықты (8)
Төменде мектеп бағдарламасында кездесетін кейбір әдіснамалық мәселелерді қай тұрғыда баяндаған тиімдерін дегенге тоқтаймыз.
Мыс алы: Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы туралы бағарлама бойынша 5 – сыныпта толығырақ баяндалады. 7 – сыныпта өтілетін қазақ халқының қалыптапсуы жөніндегі демографияның мәс еленге байланысты қайта пыс ықталды. Бұл мәселенің тарихи да, саяси да маңызы бар екенін үнемі ескрген дұрыс.
Қазақ халқының негізін құрған тайпалар туралы баяндағанда қазіргі қазақ халқының құрамындағы үйсін, қаңлы т.б. ірі рулардың мұнан 2-3 мың жыл бұрын-ақ тарихтан белгілі екендігіне, олдардың мемлекеті көп әскері, қалалары болғанына оқушылар назарын аударған дұрыс.
Қазақ халқының қалыптасуы да күрделі мәселе. Бұл үрдіс мың жылдай уақытқа созылды. Оның себептері оқулықтағы материал негізінде түсіндіріледі. Қалыптасып болуы - Х V ғасыр.
Қазақ хандығы - қазақ мемлекеттілігінің негізі. Қазақ мемлекеттігі өзінің бастауын б.з.б. Үйсін, қаңлы мемлекеттерінен б.з. VI-Xік қағанатынан, одан кейінгі жеке хандықтардан алып, ХV ғасырдың ортасынан бастап құрылған Қазақ хандықтары үлгісінде жетіле түсті.
Көптеген европалық ғалымдар көшпелі халықтарды, солардың арасында қазақтарды да, «тарихы жоқ» халық деп келгені белгілі. Бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан зерттеуге 90 – жылдарға дейін мүмкіндік болмады, оны тарихи шындық тұрғысында зерттеуге енді ғана мүмкіндік туды. Белгілі ғалдымдар Л.П. Окладниковтың, Дж Нерудің , Л.Н.Гумилевтің, Ә. Марғұланның, М. Аджидің, М. Қозыбаевтың, Ә. Нысанбаевтың, А.Сейдімбетовтың, С. Сұнғатайдың т.б. пікірлерің бойынша мыңдаған жылдың т арихы бар азиялық көшпелі тұрмыс дүниежүзін өркениетке өзінің үлесін қосса, ол қазақ тарихы – дала өркениетінің құрамдас бөлігі. Орталық Азияның қақ төрінде орналасқан. Ұлы даланың ұлан – байтақ өңірінде қазіргі біздерді ң ата тегіміз – ғұндардың, түріктердің, түрік – монғолдардың мемлекеттерінің бірі өмірге келіп, бірі өмірден өтіп жатты. Бұл жерлерде дала мен отырықшылықтың бірге қайнасқан тұрмыс – тіршілігін бейнелейтін ерекше өркениет олардың ұрпақтары болып саналады.
Он бес ғасырдан астам өмір сүрген Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен үш тармағы да Батыс пеншығыс өркениеттерінің қарым – қатынасын ұлғайтып, олардың дамуына әсер етті.
Қазақ халқының өз заманына лайық дамыған шаруашылығы, кәсіби, қолөнері, мәдениет болды. Ауа райы мен табиғи – географиялық жағдайына байланысты Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Оның біріңғай көпшілік, жартылай көшпелілік, көшпелі – отырықшылық түрлері болды. (9)
Қазақстанның ерте дәуіріндегі шаруашылығы мен мәдениетіне қатысты сабақтарда мұғалім ғылымдағы еуропацентрлік пиғылдың салдарынан жоғарыдағыдай фактілердің бұрмалану себептерін түсін дірумен қатар, оқушыларға Отан тарихының осы өзекті мәселелерін тарихи шындық негізінде толық ашып көрсеткен дұрыс.
Қазақстан территориясының бүтіндігі мен шекара мәселесі де айрықша назар аударуды қажет етеді. XVI ғ,асырдың аяғына қарай Қазақ хандығында бір миллиондай халық болды. Ал тағы бір ғасыр өткенде қазақ хандықтары негізінен осы күнгі Қазақстан территориясын иеленді.
Хандардың қызметіне дұрыс баға беру - әдіснамалық өзекті мәселелерінің бірі Қазақ хандары: Жәнібек пен Керей , Есім, Хақназар, Тәуке хан, Абылайға мектеп бағдарламасында көбірек орыс берілген, өйткені қазақ тарихында олардың әрқайсысының атқарған көрнекті қызметі, соған лайық орын бар.
Сырттан болған шапқыншылыққа қарсы күрес. Тарихқа көз жіберсек, қазақ қазақ болғнаы негізінен бейбітшілік саясатын ұстанған. XV ғасырдың соңынан бастап бір – екі ғасыр бойы негізінен Қазақ хандығына өз еркімен қосылған, қосылуға тілек білдірген қазақ руларын қорғау, хандықты ұлғайту, нығайту мақсатында жүргізілген шайқастар.
Қазақстанның патшалы Ресейдің қоластында болуы. Белгілі ғалымдар бұл үрдіске: қосылу , жаулап алу, отарлау – деп дұрыс баға беріп жүр.
ХХ ғасыр басында Қазақстан Ресейдің көп отарының бірі еді. Әскер отарлау аяқталып «қара шекпенділер» экспанциясы дәуірлеп жүріп жатты. Патша өкіметінің қазақтардан тартып алған жері 40 млн. Десятинадан асада , ол бүкіл жерінің алтыдан бір бөлігі болатын. Патша өкіметі тұсында қазақ жерінің талауға түскені туралы Т. Шопанов та ашыла жазды.
Отарлау саястына қарсы болған көтерілістер мен ұлт – азаттық қозғалыстар. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы 300-ден астам көтерілістер, қозғалыстар болған. Оқушыларды шатыстырмау үшін мұғалімнің осы мәселеге қатыстыв негізгі ұғымдардың анықтамасын білгені дұрыс.
1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы туралы көп жазғанына қарамастан, оның нақтылайтын тұстары әлі де баршылық.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қызметіне лайықты баға берілуі керек. Кейіннен Алаш партиясын құрып, оның бағдарламасын жасаған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты қайраткерлердің ұстанған бағытының дұрыстығын қазіргі өмір көрсетіп отыр. Олар сонау аумалы – төкпелі заманда дұрыс жолды таңдай білді, олардың жасаған бағдарламасының көптеген баптары тәуелсіз Қазақстан Конституциясының бірқатар баптарына сәйкес келеді.
Кеңес елі халыққа не берді? – деген сұрақтың жауабына келсек, В.И.Ленин құрған Коммунистік партия Ресейде кооперативтік соцолизмнің мүмкіндігін ашты, қауіпті қатерлі жағдайда мемлекетті басқарудың жетілдірілген түрін тапты, экономикаы белгілі мақсатқа жұмылдыру жолдарын ашты, дүние жүзіне қауіп төндірген фашизмді талқандауды ұйымдастырды, аса маңызды құрылыстарды салуға жұмыс күші мен материалдық - техникалық күшті шоғырландырудың стратегиясы мен тактикасын жасады.
Демек, мұнан шығатын қортынды, Кеңес мемлекетінің тарихын, оның тұтастығы Қазақстан тарихын оқытқанда ақты ақ, қараны қара деп болған істердің бәріне объективті, тарихи шындық тұрғысынан баға беру керек.
Мектептік тарих тұсындағы бірі – Кеңес елінің, соның ішінде Қазақстанның 1970 – 1980 жылдардағы экономикалық даму тарихы. Егер де нақты тарихи фактілер мен статистикалық мәліметтерге жүгінсек осы кезеңде негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе машина жасауда 4 есе дерлік отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жағынан Қазақстан КСРО-да үшінші орын алды. Экономика саласындағы жетістіктер халықтық тұрмысын әлеуметтік жағдайын жақсартты. Мәселен, 1971-1989 жылдары өнеркәсіп жұмысшыларының жалақысы екі есеге жуық ал совхоздар қызметкерлерінің жалақысы екі еседен артық көбейді. Жиырма жыл ішінде 13 миллиондай адам пәтер алды, үй салды немесе тұрғын үй жағдайын жақсартты. Экономикадағы мұндай жетістіктердің себебі – жаңарған әлемдік технологияны игергендіктен де емес, ішкі мүмкіндіктерді пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырудан да емес, Кеңес мемлекетінің әккі отаршылдық саясатының нәтижесі еді (10).
Кеңес Одағының соңғы жиырма жылында ұлт мәселесі бұрынғыдан да шиеленісе түсті. өйткені елді милитаризациялау, табиғи байлықты тағылық әдіспен пайдалану, ұлт аймақтарының байлығын метрополия мүддесіне бағындыру ашық жүргізілді. Ұлт өміріне келеңсіз құбылыстар кірді.
Қазақ өз елінде ұлттық азшылыққа айналды, ана тілі отан тарихы тығырыққа тірелді, ұлы державалық шовинизм қозғалды, орыстану белең алды. Жеріміз экологиялық апатқа ұшырады. Экономикадағы қолдан жасалған шарықтау мен саяси –рухани өмірдегі тоқырау қайшылықтары, Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының құлауына негізгі себеп болды (11)
1990 жылдардың басынан бергі Қазақстан тарихы мұғалімдерге жақсы таныс. Жаңалықтарда, өзгерістер де, қиындықтар да жеткілікті. Оларға әдіснамалық тұрғыда баға беріп, қорытынды жасауға ертерек болар, бұл мәселені қалай шешуді мұғалімнің өз еркіне қалдырайық.
ХХ ғасыр тарихын кезеңдерге бөлу. Әдіснамалық проблемалардың арасында бұл тақырып ерекше орын алды. Өйткені, мектеп оқушыысы тарихтың кейінгі кезеңдерін, өзі өмір сүріп отырған дәуір тарихын тереңдетіп білгені дұрыс деген ұстанымдыбылай қойғанда, бұл ғасырда Қазақстан үш ғасырға жуық отарлық қамтыпкеліп отырған елден Тәуелсіздік туын желбіреткен егеменді мемлекетке айналды. Осы жүз жылда елдің қоғамдық –саяси, әлеуметтік –экономикалық саналарында үлкен өзгерістер болды. Тарихты кезеңдерге бөлуде саяси биліктегі, меншік саласындағы өзгерістер негізге алынатыны белгілі. Осыларды назарға ала отырып, академик М. Қозыбаев ХХ ғасырдың тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі.
І кезең. Қазақ сахарасында капитализмнің дамуы, отарлау саясатының адам әрі өрістеуі, реформаторлық қозғалыстың туындау кезеңі (1990-1916жж)
ІІ кезең. 1916 жылы ұлт –азаттық майданы
ІІІ кезең. Революциялық бетбұрыс, әлеуметтік –азаматтық қарама –қарсылық кезеңі (1917 ж ақпан 1920ж)
IV кезең. Кооперативтік социализм кезеңі (1921-28ж)
V кезең. Тоталитарлық – казармалық социализм кезеңі (1928 ж қазан -1985 ж)
VI кезең. Желтоқсан көтерілісі. Халық рухының жаңғыруы
VII кезең. Тәуелсіздік заманы (1991 жыладн бастап)
ХХ ғасырдың Қазақтан тарихы тұңғыш рет кезеңдерге бөлініп отыр. Автор сөзімен айтфсақ, «бұл кезеңдерді абсолбттендіруге болмайды». Дегенмен Қазақстан тарихы сабақтарында бұл қорытындылы басшылыққа алуға сболады. Оның үстіне М. Қозыбаевтың 9-сыныпқа арналған «Қазақсстан тарихы» жаңа буын оқулығы (1914 -2000 жж) авторларының бірі –екені де есте болғаны дұрыс.
Қазақстан тарихының әдіснамалық мәселелері осы бөлімде тоқтатылып өткен 15-тей мәселемен бітпейді және де біразына қысқаша шолу ретінде тоқталған біздің пікіріміздің ол проблемаларды түбегейлі шеше алмасы да анық. Біздің мақсатымыз –пәнді оқытуда жиі кездесетін бірқатар проблемаларға ұстаздардың назарын аудару, оларды ашып көрсетуге шығармашылықпен қарауға бағыттау.