Қазақстан экономикасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 15:04, лекция

Краткое описание

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

5_10.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан экономикасының тарихы

 

    Экономикасы. Қазақстан  экономикасы көне заманнан бастап  Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде  көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал  жыл бойы өрiсте бағылады. Жер  көшпелi қауымның ортақ меншiгi  болып саналып, қазақ шаруалары  оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

 

    9 ғасырың аяғы мен  20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс  шарпыды. Бұқараның кедей топтары  қайыршылыққа ұшырап, мал басы  кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

 

    Тауар-ақша қатынастары  қазақ ауылына дендеп енiп,  бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық  қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың  дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.

 

    Тауар-ақша қатынастарының  дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.

 

    Столыпиннiң аграрлық реформасы Қазақстанға қоныс аударушылардың шаруашылығында жеке меншiктi қалыптастыруға негiзделдi. Қоныс аударушылар жаңа қоныстарда жердi қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бiрлесiп атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргiздi. Шұрайлы жерлердi кесiп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетiлген еңбек құралдары және егiншiлiк мәдениетiнде жинақтаған едәуiр тәжiрибесi болды.

 

    Халықтан жиналатын түрлi алым-салықтар жылдан-жылға өсе  түсiп, еңбекшiлерге ауыртпалық әкелдi. Сол кезеңдегi елге салынған негiзгi салық түрлерi: мемл. төлемдер (түндiк басы алымы, земство жарнасы), болыстық жарналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды мiндеткерлiктер. Түндiк басы алымы (түтiн салық) мемл. жердi пайдаланғаны үшiн төленетiн салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға тиiс болса, iс жүзiнде билеп-төстеушiлер оны түндiк иелерiнiң бәрiнен бiрдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесiнiң мұқтаждарына жарату үшiн жиналды. Оның көлемiн алдын ала бiлу мүмкiн емес едi, өйткенi оны кез келген сылтаумен, тiптi сылтаусыз да жинай беретiн. Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсiмқорларға жүгiнуге мәжбүр болды, мұның өзi алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрi күшейттi.

 

    Қазақстанда қолөнерi кәсiбi ғасырлар бойы көшпелi ш-пен байланысты дамыды. Өздерi тұтынатын қажеттi өнiмнiң көбiсiн әр отбасы өзi немесе ағайын-туыс, көршi-қолаң көмегiмен өндiрдi. 19 ғ-дың 2-жартысында қолөнердi (киiз үй, ер-тұрман, зергерлiк бұйымдар, т.б. жасау) негiзгi кәсiбi еткен шеберлер мен iсмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-ауылды аралап жүрiп жұмыс iстедi. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өндiрушiлер тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға сату үшiн де өндiретiн майдагерлiк дами бастады.

 

    Қазақ елiне  орыс капиталының енуi өлкеде  өнеркәсiптiң дамуына түрткi болды.  Қарағанды көмiр кенiшi, Успен мыс  өндiрiсi, Спасск мыс қорыту з-ты, Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң  аса бай табиғи қорларын рәсуа  етiп, бей-берекет пайдаланды. А.ш. өнiмдерiн өңдейтiн: терi илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсiп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсiпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 — 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлiк шағын майдагерлiк сипатта болды. Бұл кезеңде а. ш. шикiзатын өңдейтiн қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсiп орындары қалыптасты. 1900 ж. Қазақстанда 2668 өнеркәсiп болса, 1913 ж. олардың саны 6000-ға жеттi. Орыс капиталынан кейiн iле-шала Қазақстанға (әсiресе 19 ғ-дың аяғында), негiзiнен кен өнеркәсiбiне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы акцион. капиталы 71 млн. сомға жеттi. Ол негiзiнен кен және мұнай өнеркәсiптерiн қамтыды. Зауыттарды, кенiштер мен бай кен орындарын иемденiп алған шетелдiктер Қазақтанда өндiрiс салаларын дамытуды мақсат етпедi. Олар мүмкiндiгiнше мол пайдаға кенелудi ғана көздедi. Осы кезеңде Қазақстанның едәуiр жерiнде темiр жол тартылды (қ. Темiр жол көлiгi), Сiбiр және Орынбор – Ташкент темiр жолы салынды. 1917 ж. оның жалпы ұз. 2793 км-ге жеттi. Мұның өзi Қазақстанның түрлi аудандарының арасындағы экон. байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк ашты. Солт. аймақтарда саудалық егiншiлiк аудандары және бүкiл Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал ш. аудандары пайда болып, Қазақстан а. ш-ның тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түстi. Т. ж. ст-лары мен аймақтардан iшкi аудандарға жүк таситын және жүк алып қайтатын жергiлiктi көлiк, пошта байланысы кәсiпкерлiк қызмет аясына айнала бастады. Кәсiпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсiпкерлерi ұстап отырған пошта бекеттерiнде 8 — 10 ат айдаушыға дейiн жұмыс iстедi. Алайда, өнеркәсiп пен көлiктiң дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенiң жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсiп өнiмiнiң өзiндiк үлес салм. 10%-дан аспады. Капитал, маман жұмыс күшi, байланыс және көлiк құралдары жетiспедi. Оның үстiне патша өкiметi қазақ өлкесiн өзiнiң шикiзат көзi, тауар өткiзетiн рыногi, отарлық шылауы ретiнде ұстауына мүдделi болды.

 

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланыстары әуелгi кезде тек орыс бекiнiстерi мен қалаларындағы айырбас орындарында ауыс-түйiс жасау жолымен ғана жүзеге асырылды және мұнда тауарлардың құнын көрсететiн балам ретiнде тек қой ғана пайдаланылды. Тауар-ақша қатынастарының дамуына орай жергiлiктi сауда жедел өркендеп, Қазақстан бүкiлресейлiк, сонан соң дүниежүз. рынокқа қосылды. Көлiктiң нашар дамуына, халықтың басым көпшiлiгiнiң көшпелi тұрмыс кешуiне байланысты сауда-саттық көбiне-көп жәрмеңкелер арқылы жүргiзiлдi. Жәрмеңке көшпелiлер көбiрек шоғырланған аймақтарда, әдетте, жылына екi рет – көктемде және күзде өткiзiлiп отырды. Олардың ең iрiлерi – Қоянды, Троицк, Шар, Қарқара, т.б. жәрмеңкелерi. Қалалардың рөлi күшейiп, тұрақты сауда орталықтарына айнала бастады. Қазақ саудагерлерi бiрнеше санатқа бөлiндi. Алып-сатарлар орыс көпестерiнiң тауарларын сатып алып, ел iшiнде қымбатқа өткiзумен шұғылданды. Сондай-ақ, мал ш. шикiзатын – терi, жүн, т.б., кейде қолөнер бұйымдарын да сатып алу-сатумен шұғылданатын қазақ саудагерлерi де пайда бола бастады. Қазақстанда сауданың өсiмқорлық қарыз түрi етек алды. Мұның өзi несие-банк жүйесiнiң пайда болуына жол ашты. Қазақстанның несие жүйесi Ресей империясының бiр бөлшегi ретiнде Мемл. банк бөлiмшелерiнен, акцион. сауда банкiсiнiң бөлiмшелерiнен, несие беретiн қоғамдар мен қалалық қоғамдық банктерден, сондай-ақ, несие корпорациялары мен басқа да ұсақ несие мекемелерiнен құралды. 1871 ж. Петропавлда қ-лық қоғамдық банк ашылды. Қазақстан аумағында Мемлекеттiк банктiң бөлiмшелерi құрыла бастады. Олар алдымен өлкенiң iрi сауда-өнеркәсiптiк орталықтарында – Орал (1876), Верный (1912) қ-ларында ашылды. Мал және мал ш. шикiзатын сату көлемiнiң елеулi түрде ұлғая түсуiне байланысты 1894 жылдан бастап жыл сайын несие операцияларын қамтамасыз ету үшiн ең iрi жәрмеңкелердiң бiрi – Қоянды қыстағында (Семей обл.) мемл. банктiң уақытша бөлiмшесi жұмыс iстедi. Бұл кезеңдерде жергiлiктi халықтың несиеге тек қарыз кассалары мен ұсақ несие қоғамдары арқылы ғана қолы жеттi.

 

Қазақстанда т. ж-дың салынып, пайдаланылуы, өнеркәсiптiң дамуы жұмысшылар қауымының қалыптасуына ықпал еттi. Олар негiзiнен жұмыс iздеген қазақ кедейлерi есебiнен толықты. Жұмысшылардың, әсiресе, қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Шектен тыс ұзақ жұмыс күнi (12 — 16 сағ), аз жалақы, отаршылдық қанау тәсiлдерi (мардымсыз ақы, айып төлеу, саудагерлерге кiрiптарлық) оларды әбден титықтатты.

 

Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экон.-әлеум. қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемл. меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен соц. мемл. органдар, оның iшiнде халық ш. органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына соц. меншiктi орнату, халық ш-н жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық ш. кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде соц. экон. жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экон., әлеум. өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық ш-ның барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акцион. қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту з-ты, Атбасар мыс кенiнiң з-ттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.

 

Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 20) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз  араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық ш-н Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл ш. өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемл.-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аум. 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 28 ж. қазақ а-дарында 1370 мың га шабындық, 1250 га егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 28 ж. республикада халық ш-н қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл ш-н ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экон. дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты (қ. Ұжымдық шаруашылық). Iрi соц. егiн ш-н құруға ұмтылу “тәрбиелiк маңызға” ие болды. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстанда 3113 адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы Кеңес мемлекетiнiң басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын” мекенiне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық дайындау науқаны жүргiзiлiп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркiлендi. Мұның арты күнкөрiстiк iшiп-жемiнен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы кезiндегi “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға, яки бүкiл қазақ халқының 40%-на жеттi. 1 010 мың қазақ тарихи отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкiметтiң солақай белсендiлiкпен малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негiзгi азық-түлiк қоры болып табылатын дәстүрлi мал ш. қатты күйзелiске ұшырады. Малшы көшпендiлердi сәтсiз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тидi.

 

1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп  iске қосылды, өнеркәсiп өнiмiнiң  жалпы көл. 3,2 есе артты. Оның  жеке салалары: түстi металлургия  өнiмi 6,1 есе, құрылыс материалдары  — 6,9, химия — 5,3, металл өңдеу — 4, отын — 3,1 есе өстi. 2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды. Шымкент қорғасын з-ты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Ақтөбе химия комб-тары, Қарағанды көмiр алабының шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, т.б. барлығы 120 өнеркәсiп пайдалануға берiлдi. Олардың арасында алдымен ұз. 1500 км Түркiстан — Сiбiр темiр жолы (Түрксiб) өлке экономикасының өсуiне зор ықпал еттi. Республикада тамақ өнеркәсiбi де даму жолына түстi. Семейде ет-консервi, Гурьев (қазiргi Атырау) пен Арал қ-ларында балық, Алматыда жемiс-жидек, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комб-тары салынды. Жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп салаларында да ондаған кәсiпорындар бой көтердi. 1938 — 40 ж. 700 кәсiпорын iске қосылды. 1940 ж. Қарағанды көмiр алабының өндiрiсi 1913 жылмен салыстырғанда 77,5 есе көбейiп, 6460 мың т-ға жеттi. Ембi мұнай кәсiпшiлiктерiнiң өндiрiстiк қорлары жаңартылды. 1940 ж. республикада 700 мың т мұнай өндiрiлдi. Қарағанды, Алматы, Балқаш, Шымкент электр ст-лары, Үлбi су электр ст. пайдалануға берiлдi. Өскемен электр ст., бiрнеше жылу-электр ст-лары салына бастады. 1940 ж. 632,4 млн. кВт сағ, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық электр қуаты өндiрiлдi. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсiп өнiмi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсiп бойынша 20 есеге жуық артты. Халық ш-ның жалпы өнiмiнде өнеркәсiптiң үлес салм. 60% болды (1940).

 

2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941—45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттiрмейтiн және бiр-бiрiмен байланысты мiндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшiрiлген өнеркәсiп орындарын қабылдау, оларды тиiстi жерлерге тездетiп орналастыру, өнiм өндiрудi кiдiрiссiз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейiмдеу, өндiрiс қуаттарын үнемi арттыру, майданды барлық керектi заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелердi ойдағыдай шештi. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшiрiлген 250 кәсiпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшiрiлген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды iске қосу нәтижесiнде жұмыс iстеп тұрған негiзгi қорлардың өндiрiстiк қуаты бiршама артты. Жаңа өнеркәсiп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндiру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндiру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иiру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жемiс-консервi, темекi және шай өлшейтiн өндiрiстер жұмыс iстедi. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелi полиметалл комб., Қарағанды көмiр шахталары, Ембi мұнай кәсiпшiлiктерi, Гурьев (қазiргi Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кенiштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi орындары, жүздеген км т. ж. желiлерi iске қосылды. Түстi металлургия өнiмдерiнiң маңызы артты, мыс өнiмдерiн өндiру 1,5 есе өстi. Қазақстан ел қорғанысына аса қажеттi қорғасын беретiн негiзгi базаға айналды. Қысқа мерзiм iшiнде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндiру игерiлдi. Балқаш жұмысшылары мыс өндiрудi 10 есе, молибдендi 20 есе, түстi металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жездi марганец кенiшi ел қара металлургиясының қажеттерiн едәуiр дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат бердi. Республика майдан мен тылды көмiрмен, мұнаймен, түстi және қара металдармен жабдықтау жөнiндегi жетекшi базалардың бiрiне айналды. Елдi көмiрмен жабдықтайтын кен орнының бiрi ретiнде Қарағанды көмiр алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезiнде Қарағанды кеншiлерi 34 млн. т-дан астам көмiр өндiрдi, Оңт. Оралға берiлетiн кокстелетiн көмiр көл. 90% өстi. Қазақстанның мұнай өндiрiсi бүкiл соғыс жылдары майданды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз еттi. Гурьев мұнай айыру з-ты iске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етiле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киiм-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделiктi тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердiң соғысқа кетуiне байланысты кәсiпорындарды жұмыс күшiмен қамтамасыз ету қиындай түстi. Әйелдердi, жас жеткiншектердi, қарт кiсiлердi жұмысқа тартуға тура келдi. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиелендi. 1945 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнде iстейтiндердiң саны 255,4 мың адамға жеттi. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезiндегi қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндiру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмiр — 1,7, электр энергиясын өндiру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942—43 ж. а. ш. дақылдарының егiс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жiгермен еңбек еттi. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның iшiнде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөнiс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етiн, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткiздi.

Информация о работе Қазақстан экономикасының тарихы