Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

                  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ

 

                  Ғылым философиясы және дінтану кафедрасы

                                   

                                      Магистрлік диссертация

 

 

 

 

Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі  құранидтердің алатын орны және рөлі

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:                        __________                        Қарақұлов Е.

 

Ғылыми жетекші:

Филос.ғ.д., профессор       ___________                      Байтенова Н.Ж

 

 

 

Қорғауға жіберілді:

___   _____ 2010ж

Ғылым философиясы және

дінтану кафедрасының

меңгерушісі, философия 

ғылымдарының докторы,

профессор                               ___________                     Байтенова Н.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Алматы  2010

 

 

РЕФЕФЕРАТ

 

  Магистерская диссертация состоит из введения, двух разделов, заключения и списка использованных источников, котороя включает в себя  97 наименований. Общий объем работы 102 страниц.

В первом разделе магистерской диссертации, рассматриваются сущность и учение суфизма, а также история происхождения течении Исматуллы и территории их распрастранения.

Во второй части диссертации, рассматриваются распределение по социальным группам течений Исматуллы, предерживающихся основных принципов, методов и тактики привлечения к своим учениям.

Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.

Цель работы заключается  в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

В работе использованы следующие  методы:

  • Теологический
  • Диалектический
  • Логтческий
  • Исторический
  • Сравнительный

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Магистрант:                                                                Ж.А. Жургенбаева

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................4      

 

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7

1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32

1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

 

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ  ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:

(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК  АСТАРЫ)

2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60

2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75

2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі:

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін  қазақ халқының рухани даму тарихын  қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке  қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі  құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.

Егер тарихқа көз  салып қарайтын болсақ cопылық таным белгілері адамзат қоғамының алғашқы дәуірінен бастап байқалып, бірқатар өркениеттер тарихында өзіндік із қалдырған. Бұл құбылыстың ішкі-сыртқы ерекшеліктері айқындалып, бірегей жүйелі үлгісі қалыптасқан кезеңі VIII-IX ғасырларына сәйкес келеді. Сопылық ілім теориялық тұрғыдан толық қалыптасқанға дейін ақ оның мән мазмұны ауызша және жазбаша әдеби шығармаларда көрініс тауып отырды. Бертінде бұл үрдіс барынша жетілдіріліп, сопылық әдебиеттің өзіне тән заңдылықтары қалыптасты. Болмысты қабылдау мен түсінудің иррационалдық жолын ұстанған сопылар тудырған әдебиеттің өзіндік идеялық бағыты, дара көркемдік әлемі, қалыптасқан бейнелілік жүйесі, талғаулы эстетикалық құндылықтары болды. Аталмыш әдебиет тарихындағы бірегей ақындық мектептер араб-парсы және түркі сопылығына тән. Ал түркі сопылық поэзиясының көшбасшысы «Түркістан пірі», «Әулиелердің Сұлтаны» деген аттармен мәшһүр болған Қожа Ахмет Яссауи болатын.

 Ислам және оның  қасиетті кітабы Құранды мистикалық  тұрғыдан түсіндірілуін және  адамның сол бойынша қоғамда өмір сүруін қадағалап, тәртіпке келтірген сопылар тәблиғ әрекетіне үлкен мән берген. Сопылар негізінен Ислам дінін таратушылар. Ислам дінінің көптеген өлкелерге таралуы мен орнығуына септігін тигізгендер. Бір себебі де сопылық жолы жеке адамның рухани тәрбиесіне және қоғамға да тигізер пайдасы мол. Сопылық Аллаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы, ол айналадағы ешбір нәрсеге алаңдамауға, дүние-мүлікке қарайламауға, ертең не болады, күнім қалай өтеді, тіпті бала-шаға, қатын –қалашты да естен шығаруды мәжбүр етеді. Сопылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға, бүкіл жан дүниесімен бар болмысымен жалбарынып қызмет жасайды. Өйткені олар үшін бес күндік жарық дүние баянды емес, көзді ашып- жұмғанша өтеді де кетеді. Өзгермейтін аумайтын, айнымайтын, мәңгі жасайтын жалғыз құдірет ол-шындық, ақиқат дегеніміз – Аллаһ. Сопылық жолы осы негізді ұстанумен қатар олардың мақсаты дидар талап болған. Сопылар адамның негізгі отаны рух әлемі, адам дүниеге уақытша қонақ ретінде келіп, өте жоғары дәрежедегі рухани хәлдегі арифтер болып саналған. Сопылық дүниетанымында шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат жайында Мұхаммед Пайғамбарымыздың: «Шариғат айтқан сөзім, тариқат істеген амалдарым, ал хақиқат менің хәлім деген өсиеті бар».Демек бұл жолдарды сопылықтағы ақиқатқа жету жолы десек қателеспеспіз. Мұхаммед Пайғамбарымыздан бастау алып, сол кезеңнен бастап осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан сопылық жолының өзіндік тарихы бар. Сопылық ілім алғаш Араб түбегінде пайда болғаны мен көп ұзамай Иран, Хорасан, Үнді түбегі, Орта Азия т.б өлкелерге кең етек жайды. Сопылық іліміне зор үлес қосқан Қ.А. Яссауиден Яссауилік, Бахауаддин Нақшбандиден Нақшбандилік т.с.с. сопылық тариқаттар бізге мұра, үлгі, өнеге болып қалды. 

 Бұрын  қазақ жеріне дін стихиялы түрде тараған. Яғни бір орталыққа бағынған дін болған жоқ, бүгінгідей мүфтият болған жоқ. Біреу Ираннан, Бағдаттан Мысырдан, біреу Мекке-Мәдинеден, Түркиядан, Уфа, Қазаннан оқып келіп өз беттерімен дін таратқан. Бұл дін үйретуде бірізділіктің болмағанын көрсетеді. Бұл әсіресе жерлеу рәсімдерінен анық көрінеді. Әлі күнге дейін осы ала - құламықты жою оңай болып отырған жоқ. Жалпы суфизм ғалымдардың зерттеуі бойынша  330 шақты тармаққа бөлінеді екен.Солардың көпшілігі бірін- бірі мойындай бермейді. Қазіргі таңда елімізде көптеген діни ағымдар кең етек жая бастады. Солардың бірі Қожа Ахмет Яссауи тариқатының негізінде құрылған «Исматуллашылар», бірақ өздерін (Сенім.Білім.Өмір қоғамдқ бірлестік ретінде тіркеуден өткізген). Бұл діни ағым кең байтақ тәуелсіз елімізде өздерінің діни ілімдерін барынша еркін таратып жүр. Ал көптеген ғалымдардың тұжырымдауынша дін әрбір мемелекеттің тұрақтылығы мен бейбітшілігінің негізі. Сондықтан да  тәуелсіз елімізде орын тепкен «Исматуллашылар» діни ағымының қызметін ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеп, қорытынды шығару керек деп ойлаймын, өйткені бұл бүгінгі күн талабы.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі:

Сопылық  шығармаларға әрбір тарихи кезеңдерде көптеген тарихшы, филолог философ ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Атап айтатын болсақ Идрис Шах,  Ульям Джонс, Дж.С.Тримингэм, А.Д. Кныш, сондай ақ отандық ғалымдарымыз: Б.И. Абирова, Х. Көктәнді, А.Әбдірәсілқызы, Қ.Қаратышқанова, Д.Кенжетай, Б.М.Бабаджанов, М. Мырзахметұлы, А.Ахметбекова, А.Сарықұлова, А.Абдуллаева еңбектеріне  жете назар аударасыз.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міндеті:

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында  кең таралып келе жатқан «Исматулла»  ағымының ұстанып, уағыздайтын сопылық ілімін, Қ.А. Яссауи тариқатындағы сопылық іліммен салыстыра отырып, ұқсастықтарымен айырмашылықтарын анықтау. Бұл мақсатқа жету жолында, төмендегідей негізгі міндеттер айқындалады:

Қазақстан Республикасындағы кең таралған «Исматулла» ағымындағы сопылықтың мәнін ашу мақсатында, классикалық сопылық ілімінің  теориялық-методологиялық негіздерін зерттеп, анықтау.

«Исматулла» ағымының шығу тарихы, діни ілімі және таралу аймақтарын берілген дереккөздерге байланысты ғылыми тұрғыдан қарастыру.

«Исматуллашылардың ұстанатын  қағидаларын және өз ілімдеріне тарту  әдістері мен тактикаларын зерттеушілердің  ұсынып отырған видео таспасымен дерек-дәлелдері арқылы ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу жұмысының  нысаны:

 Қазақстан Республикасындағы «Исматулла» ағымының  кең таралуы.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы:

Қазіргі таңдағы «Исматулла»  ағымының ұстанып, салатын зікірінің  классикалық сопылықтағы соның ішінде Қ.А. Яссауи тариқатының зікіріндегі айырмашылықтарды «Қ.А. Яссауидің өз хикметтері» арқылы және зерттеуші ғалымдардың зерттеген дерек - көздері мен түсірілген видео таспалары арқылы анықтап көрсету.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасы өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, 1992жылы қабылданған Конститутциямыздың 19- бабындағы «Діни сенім бостандығы» жайында былай делінген: ҚР әрбір азаматы өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге хақылы. Бірақ та ҚР Әділет Министрлігінде заңды тұрғыда діни бірлестіктер немесе қоғамдық бірлестіктер болып тіркелгендіктен, олардың қызметтерінің мақсаты мен қағидаларын және ұстанымдарын тиесілі мемлекеттік органдар зерттеп, анықтауға құқылы.

Статистика мағлұматтарының есебіне жүгінетін болсақ елімізде соңғы кезде 4000-нан астам діни бірлестіктер қызмет атқарады. Олардың (Исматулла ілімі) шығу тарихын, ұстанатын қағидаларын зерттеп – сараптап, бақылауда ұстау қажет. Егерде қызметтері, насихатталатын қағидалары Конститутция заңдарына қарама-қайшы келетін болса және еліміздің өркендеп өсуімен, қауіпсіздігіне кедергі болатын болса, міндетті түрде мұндай діни ағымның қызметін тоқтату керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында XXI ғасырда елімізді алаңдатып отырған өңірлердегі діни тұрақсыздық пен экстремизм екенін нақтылай көрсете отырып, олармен күресу жолында белсенді іс - қимылдар жүргізіліп жатқанын  айтты. Осы айтылған  мәселені  зерделейтін болсақ, еліміздің өркедеп өсуіне, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін фактор дін болып табылғандықтан, Қазақстанда   кең таралған діни ағымдардың (соның ішінде Исматулла ағымы) қызметін, шығу тарихын және ұстанатын діни ұстанымдарымен, мақсаттарын зерттеп, айқындап, тіркеуге алып қадағалау қажет. Егерде «Исматулла» ағымы Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне қауіп қатер төндіретін болса, қызметтерін толықтай тоқтату қажет.

Диссертациялық  жұмыстың құрылымы:

Диссертациялық жұмыс 2  тараудан, әр тарау 3  бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, 102 - беттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. ИСМАТУЛЛА  АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

1.1 Сопылық: мәні және ілімі

Сопылық - (араб.тасауф-тазалық) исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін - өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім. Сопылықтың анықтамасын атақты сопылар Сарий ас- Сақати (865ж) «Сопылық көркем ахлақ (мораль)», Абу Хафс ан- Найсабури (883ж) «Сопылық толығымен әдеп (этика)», Абу аль- Хусайн ан- Нури (907ж) «Сопылық нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету» ретінде көрсеткен. Сопылар сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) сүннеті деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер сопылықтың исламға яхуди, христиан және буддизмнен әсіресе индуизм мен зороастризм дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады. Сопылықтың тарих сахынасына шығуы, жалпы ислам философиясыедағы ең алғашқы диалектикалық пікір қозғалысының басталуымен сәйкес келеді. Бқл қозғалыстың басында, Хз. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) Абу ад Дарда, Абу зар ал Ғифари, т.б сахабалары болатын. Ислам философиясы тарихында Абу зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан аль Басирге (728ж) дейінгі аралықты сопылықтың алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірде сопылық қозғалыс философиялық, метафизикалық мәселелерді зерделеуден гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды мақсат еткен тәжірбиелік міндегі қозғалыс болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан аль Басирден Имам Ғазалиге (1055-1111жж) аралықты қамтиды [1, 30 б.].

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі