Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

       

1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары

Исматулла ағымы Қазақстанның көптеген облыстарында атап айтатын болсақ: Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Маңғыстауда кең етек жаюда. Бұл қалаларда өздерінің «кіші құрылтайларына» жиналып, шешімдер қабылдайды. Олар өз қызметтерін «Білім.Сенім. Өмір» қоғамдастық арқылы жүзеге асырады. Аталған қалаларда өздерінің оңашалануларына арналған «канахалары», «үй, баспаналары» бар, онда өздерінің діни ғибадаттарын орындайды. Қызылорда обылысындағы Сырдария ауданының Терең өзек поселкесінде «Білім.Сенім.Өмір» атты үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) ашылыпты. Үкіметтік емес ұйым жарғысында өз мақсаты етіп Қожа Ахмет Яссауи  мұраларын игеруді қояды. Алайда ұйымның түпкі мақсаттары кейіннен ашылады. 2003 жылдың аяғында Қызылорда облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, облыстық ішкі істер басқармасы мен облыстық прокуратура бірлесіп үкіметтік емес ұйымды тексеруден өткізді. Осы тұста секта мұшелерінің құлшылық ету рәсімі сюжеті бейнекамераға түсірілген. Көріністен адам шошиды: адам толы зал, өлермендікпен қимыл көрсетуші тәлімгер, психикалық ахуалдағы секташылар... Секта мүшелерінің 70% жасөспірімдер екені олардың болашақ ұрпақпен үлкен жұмыс жасап жатқанынынан  дерек беретіндей. Исматуллашылардың әрекеті белгілі болғаны мен сектаны тарату мүмкін болмаған. Өйткені құқық қорғау органдарының айтуынша уағыз айтушы мемелекеттік құрылымды өзгертуге шақырылмаған, зорлық- зомбылыққа насихаттамаған көрінеді.

Алайда Исматуллашылар гипноздың әсері арқылы адамдар  санасына «қандай » бұйрық енгізіуді  мақсат тұтқандарын кім біледі? Адамдардың санасына еркінен тыс ақпарат  енгізудің ақыры қайда апарып, соқтырады? Құлшылық етушілерді өздерінің  түпкі саяси мақсаттарына пайдаланатын болса ше? Ары қарай ойлаудың өзі қиын. Исматулла Мақсұмның кітабының жарыққа шығуына мұрындық болған «Сенім.Білім.Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі. Ал, Қызылорда облысындағы «Яссауи мұраларын зерттеумен айналысатын ұйымының» да  атауы – «Білім.Сенім.Өмір». «Білім» мен «Сенім» - нің орны ауысқаны болмаса басқасы бірдей. Бәлкім сұрастыра келгенде, «Түпті атасы бір» болып шығар? Қалай болғанда да құдды қосылғыштардың орны ауысқан мен, қосындының өзгермейтіні тәрізді тірлік бұл. Екеуі де Қ.А.Яссаудің ілімін жалғастыруды мақсат тұтады. Сырдариялық үкіметтік емес ұйымның жарғысында осылай жазылған. Бұны «Сенім.Білім.Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігінің рухани ұстазы Нарымбай Разбекқажыұлы да растайды: «...Біздің ұстаған жолымыз – Қ.А. Яссауидің жолы». Өзара сабақтастық жағын зерделей отырып, алдыңғысы соңғысының бұйрығын жүзеге асыратын филиалы емес пе деген заңды сауал туындайды. Егер филиалы болатын болса, республикалық ұйым өз алдына қандай мақсат қойып отыр? Қызылордалық Исматуллашылардың жарғысындағы мақсаты мен іс жүзіндегі әрекетінің алшақтығы талай ойларға жетелейді. Бұл жердегі басты мәселе Әл - Фараби мен Абай, Баласағұн мен Мәшһүр Жүсіп, Яссауи мен Шәкәрім есімдерін «бетперде» етіп ұстап, өздерінің түпкі мақсатын жүзеге асыру бәрінен қауіпті [47, 1 б.]. Сопылық Таяу және Орта Шығыс елдерінің қоғамында қарама – қайшылықтар өршіп көптеген қақтығыстарға себеп болған кезеңде олардың мәдени – рухани әлемінде жаңа серпіліс алып келеді. Өйткені сопылық тариқатта бұ дүниенің байлығына әрі оның рахатынан тәуелді болудан бастартып, жандүниенің пәктігіне, адамша өмір сүруге, еңбек етіп тіршілік етуге, өз еркімен пақырлық тәсілге көшуге адамдарды дүниеқорлықтан, тойымсыздықтан сақтануға үгіттейтін еді. Орта Азияда сопылық тариқатының пайда болуына Жүсіп Хамадани (1048-1146) себеп болды.

Ол Марв бен Бұхарада медресе құрып, түркі, парсы тілді  шәкірттер тәрбиеледі. Оның төрт шәкірті: Хасан Андағи, Абдолла Барағи, Қ.А. Яссауи және Абдолла Ғиждуани Хамаданидың сопылық мектебінің табысы болуына үлкен үлес қосты. 1041жылы Сайрамда туған Қ.А. Яссауи – түркі тілінде өз хикметтерін жазған тұңғыш сопы. Әлішер Науаи ол туралы: «Түркістан жерінде ұлы Шейх әл - Машайых» (Шейхтардың шейхы) Әзіреті Қожа ахмет Чссауи шынында көптеген сопы ғұлама ғалымдарды тәрбиелеп жетілдірген. Содан Яссауи тариқатының іргесі қаланды» [48, 134-135 б.]. Сонымен Қ.А.Яссауидің тариқаты Орталық Азияның аумағынан асып, кіші Азияға, қала берді бүкіл мұсылман еліне кең тарады. Бұған өзіне кейінгі шәкірттері де елеулі үлес қосты. Қ.А. Яссауидің жолын қуған шәкірттері көо болған соның арқасында мұсылман елдерінде яссауиші хикмет жазу дәстүрге айналған. Мәселен, кіші Азияда қажы Бекташ, Жүніс Әміре секілді ақында көзге түссе, қазақ жерінде Сүлемен Бақырғани (лақап аты -Хәкім ата) Яссауиге еліктеп, өз хикметтерін тудырған. Әрине бұдан бұл ақындар тек еліктеуші немесе Яссауи хикметтерін жалғастырушы, әйтпесе соның атынан жыр тудырушылар деуге болмайды. Қ.А. Яссауи шәкірттерінің де өзіндік бағыты тың туындылары болды деп жазды. Орталық Азияда Яссауи тариқатынан кейін тағы екі ірі тариқат – Кобрауи және Нақшбанди тариқаттары пайда болды. Ең маңыздысы Қ.А. Яссауидің ойы, дүниетанымы, философиясы, Нәжимиддин Кобра Баһаеддин Нақшбандтың де сопылық ілімтуралы терең еңбектері оларды идеолог деңгейіне көтерді. Оның нақты айғағы – Орталық Азияның саяси – мәдени рухани бағыттарда қалдырған ізі қазіргі уақытқа дейін әлем ғалымдар тарапынан зерттеле келе жатқандығын айта аламыз. Мәселе сопылық әдебиетте өзіндік орны бар әйгілі парсы шайыры Фәрид – ед – дин Аттар Нишабури (1146-1221) Қожа Ахмет Чссауиді айрықша құрметтеп өзінің белгілі «Мантық -әт-Тейр» (Құстардың тілі) атты шығармасында «Түркістан пірі» деп атаған. Онда: Хабар келді Түркістанның пірінен,

          Екі жанды артық көріп сүйінем

          Бірі жүйрік боладыторы ала атым,

          Енді бірі менен туған перзентім

          Өлді деп перзентімнен хабар  келсе

          Беремін торы атымды шүкірлікке

          Бұл екеуі өйткені өмірімде

          Екі пұттай әзиз – дүр жан  көзіме

          Шам сияқты күймесең, шыдамасаң, төзбесең,

         Алдыңда көпшіліктің тақуалықтан  сөз етпе сен

         Ойланып барып, ісіне қарап  сөйлесін

         Нан тауып жеуге ғана емес  тақуалық 

        Сыртынан қам жеу емес, сәт  сайын тура ойлайық [49].,142-б.

Сондай – ақ Фәзлолла ибн Рузбеһан Хәнжи «Меһманнама Бұхара» атты еңбегінде Қ.А.Яссауиды:

Қожа сірә, Қожа Ахмет  Яссауидің

Жолын нағыз ұстаған  пайғамбардың

Оның сөзі сопыларға  көрсеткен,

Жалғыз Бәрәкәлла дүр  болған

Оның сөзі түркілерде жалындаған

Мөлдір судан бастау алған

Жаным менің мөлдірінде қауышып тазаланған,- деп сипаттай келе оның түркі тіліндегі шығармасына үлкен баға береді. Қазіргі кезде Иран ғалымдарынан Қ.А.Яссауи туралы зерттеу жұмыстарымен көзге түсіп жүрген ғалым доктор Мәһди Санай. Сондай – ақ зерттеуші Вәһаб Вәли және Р.Исмаилазаде сынды ғалымдарды атауға болады. Яссауи тариқаты түркілер арасында қаншалықты өріс алғанын Вәһәб Вәли: «Алайда Яссауи тариқатының негізін қалаушының мазарына Орталық Азияның халқы мен көшпелі елдің арасында зиарат ету кәдімгідей үрдіске айналған. Әсіресе белгілі бір мерзімде қыс маусымының орта шенінде жыл сайын мыңдаған адам сонда жиналып, бір апта бойы арнайы рәсімдерді орындап жатады» деп жазды. Мырза Хайдар кітабының «Ханның дәруіш болуы үшін хандық тағынан бастартқысы келгендігі жайында және ол ол шешімін қалай өзжгерткені жөнінде әңгіме» атты тарауында Саид ханның тариқатқа іңкәрлігі арта түсуіне байланысты тағын немере інісі және қарындасының күйеуі шах Сұлтанға тапсырып, өзі Жаркентке кетуге тоқтам жасаған. Сол кезде Самарқаннан Қашғарға Қожа Насреддин Убайдолла келді. Бұл хабарды естіген хан Моғолстаннан Қашғарға келді. Сонда Қожаға хан өз шешімін айтқан кезде ол былай деді:

Тағыңа отыр сқлтан боп,

Мінезде таза дәруіш бол

Патшалық – Құдайға  жақындасудың ең үлкен құралы, әрі ең жақын жолы. Бірақ патшалар оны өздерінің сезімдік ләззатын қанағаттандыруға және сайтандық істеріне жұмсайды. Ал дәруіштер ұзақ ғұмырын сарп етіп, оның ізінде жүрсе де ондай дәрежеге жете алмайды. Сондықтан патшалық тақта отырғанда бұл мақсатқа тезірек қол жеткізуге болады. Ол үшін игі істерді жүзеге асыру шарт. Мұның өзі дәруіштік пен тақуалыққа үшін міндетті нәрсе. Сондай – ақ өзінің рухани ұстазына толық бағыну қажет. Шейх Әбул Жәнәб Нәжмеддин Кобра айтқандай: «Егер мүрид (шәкірт) шыншыл және берілген болса, өзі шығыста болып оның пірі батыста болған жағдайда да Хақ Тағала оны қос пырақпен болса да жеткізер еді». Егер талабына шыншыл болмаса , пірімен бір үйде болған жағдайда да онымен қарым – қатынас жасау бақытына ие бола алмайды [50, 242 б.]. Хан сабасына түсті . Содан әділдік пен игіліктің жолын ұстанды. Ол қолынан келетінін бәрін осы жолға жұмсады. Мырза Хайдардың жазып қалдырғанына қарағанда сопы шейхтардың биліктегі хандарға қаншалықты қадірлі жанда екенін сеземіз. Екінші ден саяси билік пен рухани ғалымдардың арасы жүйелі байланыста екенін ұғыну қиын емес. Саясат пен рухани әлемнің байланыстары қашанда әйгілі тұлғалардың ықпалында болатынын байқауға болады. Осы тұрғыдан алғанда Шейх Нәжмеддин Кобраның өмір сүрген кезінен ғасырлар асып жатса да оның өлмес даналық сөздері келешек ұрпақтарға өсиет болып орындалып жатқанына куәлік береді. Нәжмеддин Кобра (1146-1221) толық есімі – Ахмет ибн Омар ибн Мұхаммед Хивағи әл – Хорезми. Әбдрахман Жәми өзінің «Нәфаһат ул Унс» атты еңбегінде: оның тегі Әбул – Жәннаб, Ахмет ибн Омар Хивәғи, лақап есімі Кобра болған. Оның лақаб есімін Кобра деп қойған себебі, ол жас кезінде әдеби айтыстарда үнемі басқа бәсекелестерін жеңіп шығатын еді.

Нәжмеддин Кобраны Шейх Уәлитәрап (Әулие жасаушы шейх) деп  те атаған. Өйткені ол нағыз шабыттанған сәтте біреуге назары ауа қойса, ол кісі әулиелік мәртебеге жететұғын көрінеді. Бір күні әлде бір саудагер қызық үшін шейхтың баспанасына барады. Сол кезде шейх асқан шабытты күйде болған - ды. Сонда назары саудагерге ауыпты. Лезде саудагер әулие мәртебесіне ие болды. Шейх одан сұрайды: «Қай елденсің?» Ол айтты: «Пәлен елденмін». Шейх оған өз еліңде халықты Хақ жолына насихаттауға рұқсат берді [51, 422- 423 б.]. Әзіреті шейхтың көптеген шәкірттері болған. Олардың бір тобы Мәжеддин Бағдади, шейх Сәдеддин Хәмәви, баба Кемал Жанди, шейх Рәзеиддин Али Лала, шейх Сейфеддин Бахәрзи, шейх Нәжмеддин Рази, шейх Жамаледдин Гили және кейбір деректерге қарағанда атақты Мәулана Жалаледдин Румидің әкесі Маулана Баһаеддин Вәләд оның шәкірті болған. Нәжмеддин балалық шағында Мысырда Рузбеһан Вәззан әл – Мысри деген ғалымнан дәріс алады. Ал Рузбеһан болса кезінде әйгілі сопы Әбу Нәжип Әс – Соһрәвардиден білім алған – ды. Рузбеһан оны өз баласындай жақсы көріп оған ерекше көңіл бөлген. Барлық ілтипатымен оны тәрбиелеп, тіпті өз қызын оған некесін қиып ұзатқан. Бірақ білімге ынтық Нәжмеддин көп уақыт өтпестен Тәбриз қаласына сапар шегеді. Ол жерде Әбу Мансұр Һәфда деген ғылымнан ислами білім алады. Сонымен қатар Тәбризде шейх Баба Фәрәж, Аммар Ясир, Исмаил Кәсри сияқты үлкен сопы ғалымдардан сопылыққа қатысты заһири, батини (дүниеуи және рухани) ғылымдардан сусындайды. Һәм шейх Исмаил Касридің қолынан сопылық Херкәпуш мәртебесіне қол жеткізеді. (Херкәпуш – сопылыққа білімнің биік сатысына көтерілген кезде сондай сопыларға арнайы жабылатын шапанға ие болу).

Содан ұстазының ақ батасын  алып Мысырға барады. Онда ұстазы және қайын атасы Рузбеһанның кеңесі бойынша өзінің туған отаны – Хорезмге қайтып оралады. Хорезмде баспана құрып шәкірттер тәрбиелейді. Бара – бара даңқы асқақтап «Кобрауиа» немесе «Заһабия» тариқатының негізін қалайды. Бұл тариқаттың тағылымдары хадис пен шариғатқа негізделіп өз дәуірінде Хоросан, Мәуренеһар, Үндістан т.б мұсылман елдерінің арасында да кеңінен тарайды. Аталған тариқаттың жолаушылары арасында зікір дыбыс шығармай орындалатын, сондықтан ол құпия – қалыпты деп аталады. Нәжмеддин Кобраның пікірінше: Зікір барысында адамның тыныс алуы оның табиғи қажеттілігінен туындайды. Бірақ зікірші тыныс алу барысында іштей Хақ Субһанның мүбәрәк есімін зікір етеді [52, 28-30 б.]. Яссауи туындағыларындағы адамның ішкі рухани әлемімен тікелей айналысатын жан ғалымы және сыртқы ғылым салаларымен шұғылданатын тән ғалымы туралы тосын танымның түп – төркіні әл – Фараби қалыптастырған ғылымды классификациялаудың негізіне соғатынын анық аңғарамыз. Қ.А. Яссауи шығармаларында ұшырасатын осы жайлы пікір ұшқыны:

Ілім екеудүр: жан мен  тәнге басшы тұрар,

Жан ғалымы хазіретіне жақын  тұрар

Тән ғалымы залымдарға ұқсас  ерміс – деген өлең жолдарында ұшырасатын жан ғалымы, тән ғалымы деп аталатын теологиялық және философиялық мағынадағы терминдікмәні бар сөздердің орын алуы кімді болса да ойландырғандай. Бұл ату сқздердің табиғатына біздер, яғни қазіргі оқырмандарға құрық салдыра бермейтін сыры беймағлұм, бүкпесі мен қалтарыстары мол киелі ұғымдар жатқанын да сезінеміз. Әрі бұл пікірдің айтылған мерзімі бізден тоғыз ғасырдай алыста жатуы да толғандырмай қоймайды. Яссауи жан мен тәнге байланысты ілім екеу деп қадап айтады. Екеуінің зерттеу нысанасы да екі түрлі.

Бірі – жан сыры туралы ілім. Жан туралы ілімді адамзат баласы көне заманнан бермен қарай іздестіру, танып білу талабында келеді. Сан түрлі пікір танымдар да айтылды. Пікір таласының қордасына да айналды. Бірақ нақтылы шешімін таптырмай – ақ қойды. Осы қиындықтың болатыны Құран Кәрімде де ескеріліпті Ісра сүресінің 85- аятында «Олар сендерден жан туралы сұрайды. Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді де» - деп жауап бересің дейді Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке. Түсіне білетін жанға бұл оңай ескерту емес. Шамаң келсе бұл салаға ұрынбай жүру абзал дегендей ескерту сияқты. Міне осы аса күрделі де қиын күрделі мәселемен айналысатын жан ғалымы  болатынын бізге Яссауи бабамыз хабарлап отыр. Екі ілімнің енді бірі – тән туралы ілім саласы. Осы екі күрделі де мейілінше нәзік саланың болмысын зерттеп, танып, біліп, ақиқатын айтатындар – жан ғалымы мен тән ғалымы. Жан ғалымы айтар танымы мен пікірін Құран Кәрімге сүйене отырып, көбінесе теология, психология, философия, физилология ғылымдарындағы ой танымға иек артады. Мұнда жетекші пікірді негізінен жан ғалымдары айтады. Қазақ әдебиеті тарихында жан сыры жөніндегі аса күрделі ой – толғаныстарды заманында Абай, Шәкәрім тереңнен қозғап, зор ізденістер жүргізді. Ой алыптарының шығармаларында көрініс берген жан сырының болмысы хақындағы таным – білімдері олардың да жан ғалымының өкілі екендігін аңғартады. Олар – адам жанының, рухының кеселді, зиянды жағынан оқырманын аулақ ұстап, рухани жағынан іштей түлеп жетілу, кемелдену жолына үндеген ойшылдар. Яссауи заманынан бізге жеткен сопылық танымның уақыт жүрісіне қарай әрқилы реңктерге түсіп, өзгеріп отырған болмысын танып, ажырата білудің өзі кімге де болса оңайға соқпайды. Сопылық әлем болмысына ең болмағанда бүкіл мұсылман елдері жетік білетін қарапайым исламиятқа даярлығы тым мардымсыз қазіргі қазақ оқырмандары үшін одан да ауыр соқпақ. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ Яссауи негізін қалап қалыптастырған әрі исламият пен көшпелі өмір салтын ұстаған түрік халықтарының салт – сана, дүниетанымдық ерекшелігімен санаса отырып, табиғи тұрғыдан үйлесімді жол тапқан сопылық танымның яссауилік жолы негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған ұлы дала түріктеріне бағытталған өзіндік ерекшелігі бар қайталанбас сопылық ілім болатын.

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі