Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Бұл мәселе жайында  Қазақстан  Мұсылмандар Діни Басқармасының  исматулла ағымына берген пәтуасында былай делінген. Қазіргі дәуірде  көп топтар бой көрсете бастады. Білімсіз пәтуа беріп, өздерімен  қоса өзге адамдарды да адастыруда. Ал пәтуаны беретін өз маманы бар. Алла Тағала мансапқорларға былай дейді: «Ей, Мұхаммед Оларға айтып қой: Дүниенің пайдасы аз. Алладан қорқатындар (тақуалар) үшін ақырет қайырлы. Сендерге онда титтей нақақтық істелінбейді» (Құран Кәрім, Ниса сүресі 77- аят). Сондай - ақ олар Алла Тағала Құран Кәрімде бес уақыт намазады парыз етпеген. Сондықтан намазды оқымай - ақ орнына зікір салуға болады деген сияқты сөздермен адамдарды мешітке келіп намаз оқудан қайтарып жүр. Бұнысы қалай? Бұған жауап беретін болсақ: Алла Тағала мұсылмандарға бес уақыт намаз оқуды парыз етті. Қасиетті Құран Кәрімді былай делінген: «Ендеше түнеген мезгілде әрі таң аттырған уақытта Алланы пәктеңдер. Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық» (Рум сүресі, 17-18 аят). Екі имамның – Жалалуддин әс - Сүюти мен Жалалуддиен әл - Маһали Құран тәпсірлерінде аяттағы «Пәктеңдер» сөзіне «намаз» деп, «түнеген мезгілде» дегенге ақшам мен құптан намаздарын «әрі таң атқан уақыттыа» деген сөзге таңғы намаздың оқылатын уақыттары деп түсінік берген.

«Көктер мен жерде мақтау, Аллаға лайық», дген сөзге аспандықтар мен жерліктердің мақтауы Аллаға тән, «Кешкі және түскі уақытқа кіргенде» деген сөзге екінті және бесінті  намазының уақыты делінген. Жоғарыдағы аят бес уақыт намазды қамтыған  және онда басқа ғибадаттар емес, намаз ерекше аталып өткен. Өйткені намаз діннің тірегі. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) быай дейді: «Намаз – діннің тірегі. Кім намазды оқыса, дінін тіктегені. Кім оны оқымаса, дінін бұзғаны»Осы намаз уақыттары Құран Кәрімнің Ниса сүресі – 103 аятында Алла тағаланың айтқанындай: «Намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз қылынды», яғни белгілі уақытта Құран Кәрімнің бекітілуімен тағайындалады. Шынында Алла тағалы Құран Кәрімнің бірнеше жерінде намаз уақыттарын айтып кеткен. Алла тағала Былай дейді: «Күндіздің екі жағында, түннің күндізге таяу кезінде, намаз оқы шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат».(Һуд сүресі, 114- аят). Имам Хасан күндіздің екі жағында деген жерін таң және екінті намазы, ал түннің күндізге таяу кезінде дегенді ақшам, құптан намаздары деп тәпсірлеген. Және Исра сүресі 78 – аятта «түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. Күдіксіз намазына періштелер де қатысады» делінген. «Түс қиғаннан» яғни түс ауғанда, ол кезде бесін намазы оқылады. «Түннің қараңғылығына дейін» яғни қараңғы болғанғ дейін. Бұл уақытты екінті мен ақшам және құптан нмаздары уақыттары кіреді.

Аят соңында «Әрі таң  намазын» оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады, яғни күндіз періштелері мен түнгі періштелер. Таһа сүресі 13 – аятта былай дейді: «Күн шығудан бұрын да, батудан бұрында Раббыңды мақта, пәкте. Кеш мезгілдері және күндіздің айналасында да пәкте, мүмкін ризалыққа бөленерсің». «Күн шығудан бұрын» яғни таң намазы. «Батудан бұрын» яғни екінті намазы. Бұнымен қатар Бұхари және Мүслим (р.а) сахихтерінде Жабир бин Абдуллаһ былай дейді: «Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жанында отыр едік. Ол толған ойға қарап: «Сендер Раббыларыңды мына айды көріп тұрғандай көресіңдер. Оны көргенде ренжімейсіңждер. Шамаларың келсе күн шығудан бұрын да, батудан бұрын да намазды қаза етпеңдер». Оқыңдар. Артынан: күн шығудан бұрын да Раббыңды-мақта, пәкте деген аятты оқыды. Бұл да Құран Кәрімдегі намаз уақыттарын нұсқап отыр.

Жабир бин Абдулла (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымызға Жәбрейіл (а.с) келіп: «рныңнан тұрда намаз оқы!» деді. Сол кезде күн түстен ауғанда бесінді оқыды. Кейін екінті уақыты кіргенде ол келіп: Тұр да намаз оқы!» деді. Пайғамабарымыз әр заттың көлеңкесінің бойы өзіндей болғанда екінті намазын оқыды. Кейін ақшам  да келді. Періште: «Тұр намазыңды оқы» деді. Аспанда күн шапағы кеткенде «Тұр намазыңды оқы дегненде» , Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құптан намазын оқыды. Кейін таң атқан сәтте келіп: «Таң намазын оқы» деді. Сосын ертесі күнгі бесінде «Тұрып намазыңды оқы» деді періште. Ол (а.с) бесін намазын әр дененің көлеңкесі өз бойындай бола бастағанда оқыды. Кейін екінтіге келіп: «Тұр да намазыңды оқы» дегенде пайғамбарымыз екінтінің әр заттың бойының көлеңкесі өзінің бойынан екі есеге ұзарғанда оқыды. Кейін ақшамға бұрынғы күнгі уақытта келді. Кейін түннің жарымындане үштен бірінде құптан намазы кірді. Құптанды оқыды. Күн жақсылп қылаң бергенде Періште «Тұр намаз оқы» деді. Пайғамбарымыз бамдат намазын оқыды. Кейін періште: Осы екі уақыт арасында уақыт жоқ  - деді. (Ахмед, Нисаи және Тирмизи риуаят еткен). Имам Бухари: Ол намаз уақытысының ең турасы Жәбірейіл періштенің имамдығын айтып отыр. Екінші мәселе: Жоғарыда айтып кеткен топтардың адамдарды мешітке барудан тиып жүргендеріне тоқталар болсақ, алла Тағала былай дейді: «Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тиым салғаннан әрі мешітті бұзуды тырысқанынан кім залымырақ? Оларды мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар» (Бақара сүресі 114 - аят).

Бұл аят Татус бин Иасанус әр – Руми және оның жолдастары жайында түскен. Олар Бәни Исраил әулетімен соғысып, олардың жауынгерлерін өлтіреді. Әйел бала – шағаларын құлдыққа алып кетеді. Тәурат кітабын өртеп, Байт әл – Мақтисті жермен жексендейді. Үңгір қазып өліктерді соған тастайды. Оның ішіне доңыздарды кеседі. Сөйтіп ол жер Омар бин Хаттабтың заманында мұсылмандар барып қайта тұрғызғанға дейін қараусыз қалады. Ата бин Аббастың риуят етуіне қарағанда бұл аят: Араб мүшріктері жөнінде түскен. Олар Харам мешітінен барудан, ол жерде болудан тосатын еді. Аяттың мағынасы барлық мешіттен барлық тосушыларды қамтиды. Ол мұсылман бола ма, кәпір болама бәрібір. Олар үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар. «Рухул мағани фи тафсирил Құранил Азым Уа әс сабағи алмасани» Аяттың мағынасы: Намаз оқу және басқа да құлшылықтарды орындау үшін мешіттерге баруға тиым салған адамнан артық залым әрі күнәһар жоқ. Бұл үкім осы сипаттармен сипатталған барлығы үшін. Олар піл иелері сияқты және Пайғамбарымызды Меккеге кіруден тосқан құрайыш іспеттес, Байт әл Мақтисті қиратқан христиандар секіілді т.б., залымдар іспетті. Адамдарды мешітке барудан тыйғандар – Алла және Пайғамбарымызбен соғысушылар. Бұл дүниеде де ақіретте де азапқа душар болулары тиіс егеритәубе етпесе. Әй, мұсылман жұртшылық, осы Алланың үкімі. Адамдарды мешітке барудан тыймаңдар. Алланың ашуынан қорқыңдар. Көк пен жерде Оған ештеңе жасырын емес. Аятта айтылғандай ақыреттің ең ауыр азабымен азаптанудан алдын және дүниеде қорлық жеппей тұрып, Аллаға тәубе етіңдер. Құрметті мұсылман бауырлар! Біліп қойыңдар, қандай тариқат болмасын ұлық шариғатымызға қарсы болса, онда ол күпірлік. Ақиқат сырларына тек қана Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көрсетуімен құрылған амалдарды бекем етумен ғана жету мүмкін болады. Себебі не Құран Кәрімде не  хадис шәріпте көрсетілмеген әрқандай іс - әрекет, ол – күпірлік.

Ал өткен әулиелердің  жолында жүрмін деген адамға, сахих  жолды ұстануы, бидғат істер жасамауы уәжіп болады. Ал адамдық әлсіздігін мойындамай, ұлық шариғатымызға теріс  істермен тариқат сырларына жеткендігін  жеткендігін дауласа қателесіпті. Ол кісі енді қайта иман келтірмейінше, тәубелерді қабыл етуші, Рақымды Алла тағала оның тәубесін қабыл етпейінше, бақи дүниеге кеткенше, яғни дүниеден көз жұмғанша жер бетінде адасушылық батпағына батып, пендешіліккке салынып, шайтандардың арбауында болады. Кәміл мұсылманға пайғамбарымыздыі жолымен  және сахаба табиғин жолымен жүру керек. Ол жол дүниеқорлықтан ұзақ. Әдептілікті толықтыру, жүректің тазалығы, емі, жарақаттардың емі терістіктерді жою. т.б. Ариф заттардың жолдары . Осы жол Аллаға және ахиретке бастайды. Осы жол Алланы танушылардың және оған жөнелушілердің жолы. Мұсылманғ түскен міндет осыларға маңыз аудару. Алланың қасында жаратылыстың ең ұлығы – ең тақуалары. Алла Тағала былай дейді: «Шынында Алланың қасында ең ардақтвларың - ең тақуаларың» (Құран Кәрім Хужурат - 12 аят) [43, 195-203 б.].

Қожа Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге  келген. Бұқара қаласында Қожа Ахмет  шейх  Жүсіп Хамаданиден (1049-1140жж) ілім үйренеді. 1160 жылы  шейх Жүсіп Хамаданидің ұсынысымен Яссы (Түркістан) қаласына аттанады. Түркістан қаласында өз тариқатын құрып, қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар арасында өз ілімін таратты. Қожа Ахмет Яссауи шілехана салып, өзінің мүридтерін (шәкірттерін) дайындайды. Яссауи тариқатының ұстанымдары  төмендегідей:

Мүридтің Шейхқа толық  бағыныштылығы

Мүрид – парасатты  адам

Мүрид – Шейхтың әмірлерін  орындау үшін бар күш – жігерін  жұмсайды.

Мүрид – шыншыл

Мүрид – адал

Мүрид – құпияны сақтай біледі

Мүрид – Шейх үшін мал  – мүлкін аямайды

Мүрид – Шейхтың досымен  дос, қасымен қас

Мүрид – ақиқатқа жету үшін өзін құрбан етуге даяр

Қожа Ахмет Яссауи тариқында қылуеттің (оңашалану) маңызы зор. Қ.А. Яссауи ілімі бойынша оңашаланудың екі түрі болады: Шариғат бойынша оңашалану және тариқат бойынша оңашалану. Рухани ұстаздың рұқсатын алған мүрид (шәкірт) оңашалану алдында ауыз бекітеді. Таң намазынан соң тасбих және шахадат кәлимасын айтады. Кейін қатарға тұрып сегіз рет тәкбір айтылады. Екінті намазынан кейін қылуеттің есік терезелері жабылып,мүрид күн батқанша зікір айтып, Жаратушыдан күнәларының кешірілуін сұрайды. Бұл қырық күнге созылады. Қ.А. Яссауи тариқатында зікір халі екі қол тізе үстіне қойылып, тыныс алу сәтінде «Һуа», «хай» деп дыбыс шығарылады. Түркістандағы Қ.А. Яссауи кесенесі сопылардың зиярат ететін орны.

Сопылықтың негізгі  ұғымдары – таухид, тәуекел, тәуба, шүкіршілік, сабырлылқ, амал - әрекет, пақыр, махаббат, ғашықтық, мағрифат (таным), талап және т.б. Сопылар жаратушыны тану және жаратушыға деген махаббатқа жету жолында руханилық және ішкі тазалыққа ерекше мән берді. Қ.А.Яссауи тариқатының түркі халықтарының арасында ислам дінінің таралуында өзіндік орны бар. Сопылық – нәпсіні тежеп тәрбиелеу жолымен кемелдікке жету. Сопылық ілімде жүрек – адам болмысындағы  маңызды орган. Сопылық – бұл – тақуалық пен көркем мінездікке тәрбиелейтін білім жолы. Қ.А. Яссауи өз хикметтерінде сопылық жолының шарттары туралы былай дейді:

Мағрифат мекеніне мінбегенше,

Шариғат істерін білсе  болмас,

Тарихаттың істерін  ада қылмай,

Тариқат майданына кірме  болмас

Шариғатсыз қадам қоймас Тарихатқа,

Тарихатсыз қадам қойма  Хақиқатқа

Бұл жолдардың негізі бар Шариғатта,

Бәрін оның Шариғаттан білмек керек,

XІ ғасырда өмір сүрген сопы  шейхы, ақын және философ Қ.А.Яссауидің  түркі тілінде жазылған «Диуани  хикмет» өлеңдер жинақтары, рисалдары, жергілікті халықтардың рухани мәдениеті мен дүниетанымына зор ықпал етті. «Диуани хикмет» түркі тілдес халықтарды ислам құндылықтары мен мұраттарына адал болуға шақырған  рухан мұра. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев Қ.А. Яссауи туралы өз ойын былай білдірді: XІІ ғасырда Иассы (Түркістан) қаласында өмір сүрген Қ.А. Яссауи аса көрнекті ойшыл болды. Өзінің «Диуани хикмет» (Данышпандық туралы) өлеңдер жинағы түркі тілінде жазылды. Онда құдіреті күшті құдайды сүюді, оған құлдық етіп бағынуды, тақуа – сопылықты дәріптеді. «Құранды» түркілердің түсінігіне ыңғайлап насихаттайтын өзіндік негізі бар сопылық ағымды дамытты – деп баға берді [44, 109 б.].

«Зікір» - сөзі сопылықта, Алланы еске алу, еске түсіру, оны ұмытпау, қапы қалу халінде болмау. Алла сөзін немесе «Лә илаһа илла алаһ» тіркесін айту және қайталау. Зікірде кейде музықалық аспаптар қолданылған. Тариқатта сопылардың жиналып шейх немесе пірлерінің  бақылауында Алла – ху – Алла – хай тіркестерін жүйелі түрде қайталайды. Зікірде кейде музыкалық аспаптар қолданылатын болған. Зікірде зікір салушы (закир), зікір етілгеннен (Аллаһ) басқа барлық нәрсені ұмытып, тек Алланы еске түсіріп, өзін - өзі жоғалтқаны сонша, зікір салып жатқанын да білмей қалады. Сондықтан зікір, өзін жоғалту және Хақпен табысу хәлі болып табылады. Зікірдің түрлері екеу. Олар: жаһри зікірі мен һафи зікірі. Жаһри зікірі – дауыстап, айналасындағылар ести алатын дәрежеде салынатын зікір. Жаһри зікірін алений зікірі деп те айтылады. Дауысты зікір салатын тариқаттарды «жаһри тариқаты» дейді. Қ.А. Яссауи тариқаты – жаһри болып табылады. Кейбір зерттеушілер жаһри тариқатының негізін салған Қ.А. Яссауи  болатын деген пікірде. Сонымен қатар Қ.А. Яссауи тариқатында салынатын «ара зікірі» (зикри арра) бар. Бұлай аталуының себебі зікір салынып жатқан кезде, отын араланып жатқан сияқты дауыс шыққаны үшін «ара зікірі» деп аталған. Және де ара зікірінің шығу тарихы Хз. Зікірия (а.с) пайғамбар кезеңінде болғаны туралы аңыз - әңгіме бар. Екінші – һафи зікірі, яғни өзі ғана еститін, үнсіз салынатын зікір. Маламет және нақышбанди тариқатының зікірі - һафи (үнсіз) болған. Сондықтан оларға «Һафи тариқат» дейді [45, 322 б.].

Зікір тілмен және жүрекпен салынады: а) тілмен салынатын зікір – белгілі  сөз бен сөйлемдердің айтылуы  түрінде болған зікір. б) жүрекпен салынатын зікір – салынатын зікір жүрекпен ойлау арқылы болады. Тариқаттағы салик әрдайым көңіл әлемін тазарту жолында «Аллаһ, Аллаһ» деп жүреді. Кейін жүрегінің «Аллаһ» деп зікір салғанын еститіндей дәрежеге жетеді. Яғни жүректің Аллаһ деп зікір салуы рухтың тазаруына бастау болып табылады [46, 75 б.]. Қ.А. Яссауи іліміндегі зікір ұғымы. Зікір сөздікте «еске сақтау», «еске ұстау» деген мағынаны берсе, сопылық тариқаттарды Аллаһтың атын еске ұстауды және оны қайталауды, Аллаһты атымен мадақтауды «Зікір» дейді. Құран Кәрімдегі: «Ең сұлу есімдер Аллаһтікі», «Аллаһқа сол есімдермен дұға жасаңдар», «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске алайын» деген Аллаһтың әмірі мен пайғамбардың бір құдси хадисінде: «Құлым Мені зікір (еске ұстау, еске алу) етіп, Мені қалай бағаласа, Мен де оны солай бағалаймын». Құлым Мені өз жанымен зікір ететін болса, Мен де оны шын көңіліммен зікір етемін. Құлым Мені бір қауыммен зікір ететін болса, Мен де оны одан да жақсы бір қауымның ішінде зікір етемін. Құлым Маған бір қарыс жақындайтын болса, Мен де оған екі қарыс жақындаймын. Құлым маған екі қарыс жақындайтын болса, Менде де оған бір құлаш жақындаймын. Құлым Маған жүріп келетін болса, Мен  де оған жүгіремін», делінген сияқты сопылық тариқаттар зікір салуды бір қағида ретінде қалыптастырған. Зікір салудың түрлі жолдары бар. Солардың ішінде ең жақсы зікір – намаз. Яғни адам намазда тұрғанда Аллаһты ойлайды. Өзінің Аллаһтың хұзырында әлсіз, бишара екенін сезінеді. Сонымен қатар сопылық тариқаттарда Аллаһтың есімдерімен және кейбір Құранның аяттарынан құралған зікірлер бар. Зікір салушы дәруіш осы Аллаһтың есімдерін қайта – қайта айту арқылы оны көңіліне тоқиды. Мұсылмандық тариқаттарда зікір «һафи» (іштей) зікір, «жаһри» (дауыстау) зікір болып екіге бөлінеді. Хафи Хазіреті Әбу Бәкірден қалған зікір болса жаһри Хазіреті Алиден қалған. Ал Яссауи тариқатындағы зікір жаһри, яғни дауыстау зікіріне жатады. Осы тариқат бойынша дәруіш екі тізесімен шөкеле отырып, «һу», «хай» және «Аллаһ» деген сөздерді дауыстап, оны қайта – қайта айтумен жалғастырады. Яссауи тариқаты бойынша зікір салушыны тамағынан ағаш аралаған араның даусы сияқты дыбыс шығатын болғандықтан, мұны «зікір арра» (ара зікірі) деп аталған.

Аңыз бойынша осылай зікір салуды Қ.А. Яссауиге Қызыр (Қыдыр) ата үйреткен екен. Тіпті бұл зікірді Хазіреті Зікірия пайғамбардан қалған дейтіндер де бар. Яссауиліктегі зікірдің тәртібі: «Иә аюхәлләзина әману зикрулаһа зикран касиран» (Ей, иман келтіргендер! Аллаһты өте көп зікір етіңдер!). «Иә сабиху һу букратау уәссила» (Оны ертелі кеш пәктеңдер). «Әузу биллаһи  минаш шайтанир ражим», «Лә иллаһа Мә Мәужуда Иллаһу» (Алладан басқа құдай жоқ, Алладан басқа мәңгі ешнәрсе жоқ). «Лә илаһа илалааһ Лә Мәтлуба Иллаһу» (алладан басқа құдай жоқ, Алладан басқа талабым жоқ). «Лә иллаһа иллалла, илалла, илалла» (Алладан басқа құдай жоқ. Бір Алла. Бір Алла).

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі