Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

 

1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі

Исматулла ағымы Қазақстан  мемелекетінде 1990 жылдан бері өз қызметтерін жалғастырып келе жатыр. Бұл ағым өздерін «иассауишілер» немесе «зікіршілер» деп те атайды. Рухани ұстаздары Пәкістандық Исматулла Мақсұм. Ол 1997 жылы Алматының жанындағы Қарасу мешітіне келіп мүридтер (шәкірттер) дайындай бастады. Исматулланы мүридтері «Пір», «Тақсыр» деп атайды. Шәкірттері арнайы қырық күнге созылатын оқудан (шілеханадан) өтеді. Шілеханада оқу тәртібі қатал, мүридтер мейлінше оқшау жағдайда яғни пірдің рұқсатынсыз бөгде адамдармен сөйлесуге, шілеханадан шығуға, күнделікті баспасөз, кітап оқуға тиым салынады.    Пірдің жетекшілігімен алқа топпен зікір салады. Зікіршілердің зікірі жария зікір, бұл жария зікірдің өзі «алқа зікір» және «ара зікір» деп екіге бөлінеді. Екі - үш сағатқа созылатын зікір салу психотехникасы мен әдісі белгілі бір сөздерді айқайлап айтып, бастарын бұлғақтатып, селкілдеп отыруға және белгілі бір ырғақпен билеуге негізделеді. Қазіргі заманғы сопылардың зікір – гипноз. Гипноз адамды транс күйіне түсіреді. Гипноз эндоморфинді шығарады, бірнеше рет трансқа түскен адам зікір салуға мұқтаж халге душар болады. Сол себептен тек пір ғана мүридті бұл халден шығара алады. Тран күйіндегі мүрид пірдің кез – келген бұйрығын орындайды. «Зікір» салудың психотехникасы мен әдісінің қауіпті тұсы осында. Құран – Кәрімде зікір мәні – еске алу, яғни Алланы намаз, ораза, ғибадат, дұға арқылы еске алу. Құран – Кәрімде: «Негізінде бұл Құран әлемде насихаттан басқа емес» (Қалам сүресі 52-аят). «Алла сендерге бір зікір (Құран түсірді» (Талақ сүресі 10 - аят). Зікіршіліер үгіт – насихаттарында халық ауыз әдебиетін, аңыздар мен ұлтымыздың ардақты тұлғалары Абай, Шәкәрім шығармаларының әр жерінен алып, өз мақсаттарына пайдаланады. Исматуллашылар ұлттық идея, ұлттық дүниетаным, руханият туралы көз – қарастаы арқылы өздерінің қатарына білімді, білікті жастарды тартуда.

Исматуллашылар өздерінің  идеологиялық жұмысын қоғамдық бірлестік  негізінде жүргізеді «Сенім. Білім. Өмір» қоғамдық бірлестігі Әділет министрлігінде 2002 жылдың мамыр айында тіркелген. Кезінде исматуллашылардың идеологиялық насихатының ошағы «Қазақстан телерадио корпорациясы және облыстық филиалдары және «Қаза радиосындағы» бірқатар хабарлар болды». Исматуллашылардың діни ұстанымдарын насихаттайтын бірнеше дүниетанымдық және тағылымдық пікірталас клубтары ашылып, жұмыстарын белсенді түрде атқаруда. Алматы қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Политехникалық Университетінде «Әбжат» рухани – дүниетанымдық клубы жұмыс жасайды. Клубта ұйымдастырылатын кездесу кештеріне (онда басты көтерілетін тақырыптар рухани адамгершілік тәрбие, елтану, елімізге танымал зиялы адамдармен кездесу және дінтану т.б ) 700 – ге жуық жастар қатысады. Алматы, Семей, Ақтау қалаларында исматуллашылардың үгіт – насихат арқасында дүниетанымдық және діни көз – қарастарын таратудың жемісі болды. Исматуллашылар тобын зерттеуші, ғалым О. Әлімбеков олар Алматыда, Семей өңірінде, Түркістан маңында жамағат деңгейінен асқан. Ал Маңғыстауда исматуллашылар «шухрат» деңгейінен астық деп санайтындықтарын атап көрсеткен [31, 7-31 б.].

Исматуллашылардың өз қатарына Жоғарғы оқу орындарының студенттерін тартуы – болашақта ұлтымыздың діни бірлгі мен ынтымағына кері әсерін тигізуі мүмкін. Кезінде Бағдатта саяси билікке келген сопылық ордендер сұхбат - жамағат - шухрат - опат тактикасын қолданған Сұхбат адамдарды тарту, шухрат атақты болу, ықпал ету, опат жамағат еместерді өз қатарына қосу. Исматуллашылар ұстаздары Исматулла Мақсұмның «Жария зікірдің дәлелі», «Құран сырларының әліппесі» атты кітаптарын мақтап – жарнамалап  баспасөз маслихатын өткізген. Бұл баспасөз маслихатына кітаптың авторы келмеді, оны шәкірттері «дін адамы мақтауды сүймейді» деп түсіндірді. Бұқаралық ақпараттар құралдарында исматуллашылар төңірегінде бірқатар мақалалар жарық көрді. Зікіршілер ұстанымының ислам негіздеріне қайшы келетіндігі туралы ҚМДБ – ның ресми түрде жарияланған пәтуәсы жарияланды. Бұл пәтуа бойынша жария зікір мұсылман дініне жат деген анықтама берілген. Дінтанушыла Исматулла Мақсұмның «Құран сырларының әліппесі» атты кітабын исламға және қазіргі ғылым жетістіктеріне қарама – қайшы тұстары бар екендігін баспасөз беттерінде жариялады. 1999 жылы құқық қорғау органдары Қарасу мешіті жанындағы медресені жауып, исматуллашылардың ұстазы Исматулла Мақсұмды Қазақстан заңдарын бұзғаны үшін елден аластатты. Қазіргі кезде сопылар Өзбекстан, Тәжікстан, Солтүстік Кавказ елдерінде кездеседі.

Ал Қазақстандағы исматуллашылар Алматы, Семей, Ақтау, Түркістан, Маңғыстау  өңірлерінде кең етек жайып келе жатыр. Осы заманғы Исматулла іліміндегі сопылық ілімді классикалық сопылық ілімнен айыра білу керек. Бұл Исматулла ағымының артында қаржылай және рухани тұрғыдан дем беруші қандай мүдделі топтар тұрғанын дөп басып айту қиын. Бұл жерде саяси және діни мүдде болуы мүмкін. Біздің пайымдауымызша кейбір топтар «Исматуллашыларды» өз мақсаттарына жету үшін құрал ретінде пайдалануы мүмкін. Исматуллашылардың студент жастарды өз қатарына қосу мақсатындағы іс – әрекеттерін үнемі бақылауда ұстау және жастарды ханафи мазхәбында құлшылық жасауға шақыру, ұлт бірлігі мен ынтымағы үшін ұлт болып ұйысуымыздың жолына қызмет етпек [32, 74-76 б.]. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Діни фанатизм нанымның молдығынан емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады», - деп көрсетті [33, 186 б.]. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Исматуллашылар – зікіршілер туралы пәтуасы мынандай:    Қожа Ахмет Яссауи сынды әулиелер мен Шәкәрім Құдайберді ұлы сияқты ұлы кісілердің жолындамыз деген топ шықты. Ал ұлыларымыздың ұстанымы бөлек. Ал ол топ дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін ғұламаларымыздың  есімін жабу ретінде қолданып жүр [34, 195 б]. Сопылық көне замандардан келеді. Сопылық нанымы бойынша адамның сезімдері рухани тірбиеге мұқтаж, сезім мен нәпсіні жаттықтыру қажет дейді.

Сопылықтың тақуалыққа, нәпсі тәрбиесіне шақыратынына ешбір  дау жоқ, өйткені бұл амалдардың барлығы исламда бар. Ислам бұл  істерді ұсынып, амал жасауға шақырады. Дегенмен сопылардың кейбірінің хулул және иттихат – Аллаһтың келуі мен пендемен бірігуі сеніміне бет алып кетуі, тариқат жолы денені қинаудан тұрады деуі сияқты исламға жат амалдары да көп, ал ондай амалдар сопылыққа үнділерден, грек философиясынан, христиандықтан енген [35, 8-9 б]. Исматулла Мақсұм Қазақстандық сопылардың рухани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп атайды, қасиетті әке санайды, жамағаттың әрбір мүшесі оған құлдық ұрып, қолын сүйеді. Исматулланың бұған дейін кім болғанын, не істеп, не қойғанын, қандай кәсіппен айналысқаныны туралы ақпарат жоқтың қасы. Кеңес – ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болды деген сөз бар. Жақында ғана жарық көрген оның «Құран сырларының әліппесі» кітабында келтірілген деректерде әкесі Әбділәли Мақсұм 1930 жылдары Сыр өңірінде ұлт – азаттық көтерілісін бастаған Ақмырза Дамолла ахунның шәкірті болған. Ақмырза ахун оққа ұшқаннан кейін артына ерген қалың елін Ауған жеріне алып өткен қаһарман  Исматулла Мақсұмның арғы атасы заманында Меккеге екі рет жаяу барып қайтқан есімін Қазалы, Қармақшы өңірі осы күнге дейін құрметпен атайтын Маймақ ишан. Ал бабасы – Шалқар әулие.   Қазіргі Ақтөбе өңірінде үлкен елді мекен сол кісінің есімімен аталады, сондай ақ тағыда бұл кітапта ақірет әлемі жайында айтқан ой пікірлерін  келтірейік: «Ақірет дүниесінің үздіксіз айналыстары: жәннат иелерінің пайдаланғаннан соң шыққан өнімдерінің жарамсыз қалдықтары өртеліп, тозаққа құйылады, оның таза булары қайтып жәннатқа келеді» сонымен қатар жәннатта пайдаланған өнімдердің жарамсыз қалдықтарының өртеліп, одан кейін тозаққа құйылатындығын, содан кейін оның тозақтағы таза булары жәннатқа қайта кіреді [36, 50 б.].

Бұл деректерді Исматулла  қайдан алды? Мұндай дәлелдер Құран аяттары мен Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың ешбір хадистерінде жазылмаған. Әуелі бұл дүниенің келте заңдарымен өлшенбейтін, ғажайыптарын көз көріп, құлақ естіп, ақыл ойлап елестете алмаған «жәннат» мекенінде жарамсыз қалдық болмайды. Екіншіден жәннатта Алланың теңдесіз сыйсияпатына бөленген салиқалы құлдардың тозақтың таза буына ешқандай мұқтаждықтары жоқ. Тозақта таза бу болады деген мүлде жаңсық дәлел және де қазіргі таңда Қ.А. Яссауидің жалғыз мұрагерімін деп жүрген Исматулла Мақсұм Қ.А. Яссауидің сопылық іліміндегі жоқ дәлелдермен кімдерді шатастырмақ. Тіпті ғалымдар былай тұрсын Хақ тағаладан үнемі уахи (хабар) алып тұрған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өзі рух жайлы толлық мағлұмат білдірмеген. Өйткені Қранның өзі рух жайлы былай дейді: «Сенен рух туралы сұрап жатыр, Оларға айт: Рух – Аллаһтың әмірінен, Рух туралы сендерге аз мағлұмат берілді» осындай жаратылысы мен болмысы Құранның өзінде сыр болып сақталған. Ал Исатулла былай дейді: «Адам ұрпақтарының рухы – екі дүниенің кілті немесе екі дүниеде мақсатқа жеткізуші «ракета» деп  бағалаған». Адамның ғажайып та сансыз сырға толы рухын темірден жасалынған ракетаға ислам дінінде еш уақытта баланбаған [37, 84 б.].

Рух - ең төменгі дәрежедегісінің жүру жылдамдығының өзі, жарық жылдамдығымен бірдей болатын ерекше ғажап жаратылыс (300 000км\сек) деп адам рухының ең төменгі жылдамдығын 300 000км\сек деп белгілеген. Рухтың болмысы мне жаратылысы жайлы адамға аз ғана білім берілген, бірақ адам рухының көрсеткіш жылдамдығы ешқашан нақтыланып зерттелмеген. Сонымен қатар кітаптың 37- ші бетінде бастан аяқ дене – рухты көтеріп жүруші зат деп рухтың денені емес, дененің рухты көтеріп жүретіндігін айтып тағы қателескен. Алайда исламда дене рухты емес, рух денені көтеріп жүреді. Рухтың денеден шыққаннан кейін дененің жерде еш бір қимылсыз қалатындығы соның дәлелі [38, 6 б.]. Бізге анығы - 1944 жылы туған ауған - пәкістандық азамат. Қазақстан азаматтығын алған - алмағаны белгісіз. Исматулла Мақсұмның Қазақстанға келуіне бірден - бір себеп болған кісі - Ғалым Боқаш. Ғ.Боқаш - қазір Алматы қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары. Бұған дейін ол «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ақпаратты – сараптамалық бағдарламалар дирекциясын басқарды, апталық «Мезгіл» хабарын жүргізді. 1997 жылы ол кезде Ғ.Боқаш ҚазМУ – дің шығыстану факультетінің студенті, тәжірбиеден өту үшін Пәкістанның Пешевар Университетіне барады. Сонда Исматулланы жолықтырып, арбауына түседі. «Ақырзаман боларда пір мүридтерін іздейді» дегендей, Исматулла 1997 жылы Алматы жанындағы Қарасу мешітіне келіп, «медресе» ашып, мүридтер (шәкірттер) дайындай бастайды. Мүридтер арнайы қырық күндік оқудан өтеді. Оны «қырықтық», «шілхана» деп атайды. Бірақ Исматулланың алғашқы іс - әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақстан заңдарына қайшы әрекеттері үшін 1999 жылдың күзінде құқық қорғау органдары медресе – шілхананы жауып, Исматулланы Пәкістанға депортациялап, Қазақстаннан аластатты.

Исматулла ағымының іс - әрекеттері қоғамда жағымсыз дүрбелең тудырды. Сонау Торғайдан «медреседе» оқып жатқан ұлы Алмастан хабар алуға келген Бақытжан Фазылова бірнеше күн бойы баласына жолыға алмай әуре – сарсаңға түседі. Ақырында құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді. Тақсырдың тұтқынындағы Алмасты құтқару үшін Алматы қаласы Жетісу ауданының ішкі істер бөлімі арнайы операция ұйымдастырады. Полиция тобы мешітке басып кіріп, жамағатты таратты, Исматулладан басқа төл құжаты жоқ екі ауғандық азамат ұсталды. Тақсыр дін таратып, имандылық уағыздап жүргенін айтып, біраз қарсылық көрсетті. Ал Алмас көзінше өзін ұрып – соғып, қолын қайырып, тілін тартқанын полиция қызметкерлері мен тілшілерге зар жылап тұрып айтты. Бұл сюжеттер НТК мен 31 телеарнаның мұрағатында сақтаулы. Прокуратура қылмыстық іс қозғап «исматуллашылар» (зікіршілер) бүркеніп жүрген «Төле би» қоғамдық қорын жапты. Осылайша Исматулла Мақсұмның Қазақстандағы миссонерлік қызметіне нүкте қойылған еді. Бірақ тамыр тартып, желі салып үлгерген «исматулла» ағымы біржолата жойылып кеткен жоқ. Исматулланың орнын Нарымбай Разбекқажы басты. Елде қалған шәкірттері студенттік жатақханаларда астыртын жиындар өткізіп, кейбірі оны мақтап мақалалар жаза бастады. Соның бірі – Ғ.Боқаш. Онымен бірге Базарбек атығайдың «қасиетті адамның қадірін білмедік» деген сыңайдағы мақалалары «Қазақ әдебиеті» мен «Жас Алаш» газеттерінде жарияланды. Мүридтері (шәкірттеі) Санжар Керімбай, Елдос Еміл оңтүстік пен батыс өңірлерге аралап, үгіт насихаттар – жүргізді. Олардың Алматыдағы орталығы Школьный – 2 ықшамауданындағы 240 – үй. Қазір бұл орын зікірші – исматуллашылардың штаб – пәтері, әрі қырық күндік курстан өткізетін «шілханасы». Басқосу, маслихат алдағы аптада жасалатын шаруаның жоспарын талқылайтын жиын, оны өздері «кіші құрылтай» деп атайды, сонда өтеді. Исматулла Мақсұм да, одан кейінгі тақсыр Нарымбай Разбекқажы да, өзін олардың баспасөз хатшысымын деп таныстыратын Қазақ радиосының ақпарат тобының жетекшісі Еркін Стамшалов та осында отырады. Бұл үйдің иесі Қарақалпақстаннан келген оралман, ауқатты адам деседі. Әуелде ыңғай бермей жүрсе де, артынан барлығын «жамағатқа» басы бүтін беріп тынған.

Адамның басын айналдырып тастайтындай Исматулланың қандай құдіреті бар? Адамды мұрсатта зомби ғып, діни фанатқа айналдырып жіберетін Аль – кайда мен уаһабшылардың технологтары туралы айтылып та, жазылып та жүр. Исматулла да олардан қалыспайтын сияқты. Оны мүридтері (шәкірттері) әулие санайды. Нарымбай: «Ол бос жолдыбай  адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл», - дейді. Тіпті кейбір зікірші – исматуллашылар «Мәді пайғамбар, біз - сарбаздарымыз» деп жүр. Әрине оның елді аузына қаратып, ұйыта алатындай харизмалық тұлға екенінде дау жоқ. Шау тартқанына қарамай, шапшаң, шалт қимылдайды. Дембелше ызбарлы жүзі дін адамынан гөрі, шайпау, ыссы адам екенін байқатады. Даусы өткір, зәрлі шаңқылдап сөйлейді. Ең алғашқы қырық күннен өткендер ҚазМУ – дің филология, шығыстану, журналистика және тарих факультетінің студенттері мен аспиранттары. Арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан, Атырау, Торғайдан келгендер, кәмелет жасына жетпеген балалар да болды. Шілханаға бір кірсең оңайшылықпен шығу мүмкін емес, тәртіп өте қатал, тақсырдың рұқсатынсыз көшеге шығуға, бөгде адамдармен сөйлесуге болмайды.

Тіпті газет - журнал, әдеби кітап оқуға, теледидар көруге тиым салынған. Қырық күн бойы тақсырдың уағызын тыңдап, алқа - қотан отырып зікір салады. Бұған шыдай алмаған, иә көнгісі келмегендерді ұрып - соғып, тіпті төсекке таңып, байлап тастайды. Мұны олар адам бойындағы «шайтанды қуу» дейді. Таяқ жеп, зәбір көрушіге:  «Біз сені ұрып жатқан жоқпыз, сені азғырып, иектеп жүрген жын – шайтаныңды қағып жатырмыз» - деп түсіндіреді. Мұндай инквизиция (тергеу) бұрын - соңды ислам дінінде болған жоқ. Медресе – шілханаға бөтен – бөгде адамның кіруі мүмкін емес, айнала қызы – жазы қатаң күзетіледі. «Зікірші - исматуллашылар» Қарасу мешітінен қуылғаннан кейін Алматыдағы автодромға қарама – қарсы бір жарым қабатты және қасында қосалқы сарайы бар үлкен үйге орнықты. Бұл Нарымбай Разбекқажының үйі болса керек. Өткен жылдың күзіне қарай бұл үй «зікірші - исматуллашы» қыздардың монастріне айналды. Бұған дейін олардың шілханасы Қаскелеңде болатын. Зікір ұғымы Құранда бар. Зікір «Құдіретті Жаратушы Алланы еске алып, еске тұтып жүру» деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымның мағынасын кейіннен пайда болған  мистикалық (құпия, тылсым) ағымдар өзгертіп, зікірді енді «еске алуға жіберудің техникасы мен әдісіне» айналдырды. Сөйтіп уақыт өте келе сопылықтың ең қатал, тотолитарлық ордендері зікірді «есек алудың медитациясы» деген ұғымға ұластырды. Кейіннен «жүректі тазалау» деген мистикалық ұғым пайда болды. Сопылар үшін зікір – адамның рахатты күйдегі трансқа түсуі болып есептелген. Тіпті кейбір ағымдарда адамның жүйкесіне әсер ететін есірткі шөптер, кофе, наша, алкоголь секілді күшейткіш дүниелерді де пайдалана бастаған [39, 77 б.].

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі