Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Бұл дәуірде сопылық  дегдарлық пен тақуалық сияқты тәжірбиелік қозғалыс болумен қатар қалам, құқық және философия сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі бағыттарға параллель доктриналық деңгейге көтерілді. Хасан алб Басриден басталған сопылық философия бірте- бірте қалыптасып екі негізгі салаға: 1. маламийа 2. исбатийа мектебі болып айырылды. Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами (874ж)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды. Маламийа адам психологиясының терең сырларын танып, меңгеруге сүйенетін, сопылық дүниетанымның ұлы мұраты парасаттылық (ахлақ) философиясы болып табылады. Маламийада Хаққа қызмет халыққа қызмет ету болғандықтан, оның ең негізгі принципі адамды сүйюге негізделген. Маламийада сопылық психология, халдердің бастысы маһу - адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жою, сакр-адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқылы фана-еркіндік мақамына жету, мағынауи елту, ләззат алу, сатр-адамның өзінің ғибадаты мен амалдарын жасыруы, уажд-адамның «өзін»жоғалтып, Хақты тауып қауышуы. Екіншісі исбатийа мектебі құрушысы Жунайд аль Бағдади (909ж) болып табылады. Исбат - адамның ғибадаты мен тағатында адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде болу [2, 393 б.]. Сопылық философия сипат ала бастағанда, фақихтар мен сопылар арасында қайшылықтар бас көтерді. Бұл қайшылықтардың негізінде жатқан басты себептер: 1.сопылар жүрекке , сана -сезімге шабыт (илһам) арқылы келетін мағрифат пен батин (ішкі феномен) іліміне маңыз берсе, факихтар Құран мен Сүннеттің захир (сыртқы феномен) мағынасына ғана маңыз бөлді. Ислам құқықшылары үшін Құран мен Сүннеттің сыртқы мағынасынан басқа ішкі, шынайы мағынасы жоқ, 2. сопылар рух пен нәпсіге, ал факихтар сыртқы амалдық жағына маңыз беретін. Яғни сопы рухани мәселеге, факих тәжірбиеге көңіл аударады. Міне осындай қайшылықтар негізінде факихтар сопылар жайында күпірлік, дінсіздік, ширк сияқты пәтуалар шығарып, сопыларды қоғамнан аластады. Ғазали сопылыққа философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі сопылық философиялық ағым пайда болды. Олар: 1.Уахдат ул Вужуд (болмыстың бірлігі), 2.Уахдат ул Шухуд (әр нәрседе тек Алланың болмысын көру), 3.Уахдат ул Қусуд (Алланың ерік пен мақсат бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге айналдырған Мухиуд Дин Ибн ул Араби деп танылады. Ибн ул Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады. Түрлену, көбею, құбылыстары сыртқы сезімдердің қабылдануына қатысты көрініс беретін нәрсе.

Алла ғана абсолютті  ақиқат. Оның болмысының барлығының себебі жоқ. Алла әуелден бар, ал одан басқа  ешнәрсе жоқ болатын. Алла бізді  осы формаларда жарататынын әуелден  білетін [3, 304 б.]. Оның бұл әлемдерді жаратудағы мақсатыда Өзінің есімдерін, істерін, сипаттарын көрсету, яғни Өзін таныту еді. Жаратылғандар да Оны осы есім, сипат істер арқылы тану (Мағрифаттулаһ), үшін жаратылғанды. Міне осындай түсінікке қарсы ислам әлемінде  XVI ғасырда ислам  философиясы тарихында «уахдат уш шухуд» деп аталатын Имам Раббани (1563-1624жж) тарапынан қалыптасқан сопылық философия пайда болды. Алланың жақындығы субстанция тұрғысынан емес, ілімі арқылы ғана мүмкін болды. Алланың ешқандай сандық (камииат) және сапалық (кайфийат) сипаты жоқ, ал әлем болса толығымен сан және сападан тұрады. Барлық жаратылған әлем Жаратушының есім және сипаттарының көріну, шағылысу құралдары. Сондықтан уажд (экстаз) және сакр (мағынауи елту) халдері кезіндегі жаратылғандар мен Алланың «Бір болып көрінуін уахдат ул вужуд емес, уахдат уш шухуд деген дұрыс». Өйткені бұл хал ілімі тұрақты емес, өткінші. Ислам сопылық философия тарихында ерекше маңызы бар уахдат ул қусуд, яғни ерік пен мақсат бірлігіне негізделген моральдық-этикалық түсінік кең тараған. Адамның өз еркін тек Құран мен аяндағы құдайлық бұйрықтармен ғана үйлестіру емес, сонымен қатар адамның адамның еркін Алланың еркімен үйлестіру арқылы оны кемелдендіруге бағытталған философия. Діни терминологияда шариғат-дін, тариқат-хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз. Сопының тәжірбиесі ол жеке хәл, оның басқаларға түсіндірілуі, жеткізілуі мүмкін емес. Бұл хәл транцендентті табиғатта болғандықтан, сөзбен айшықтау, бұл хәлді басынан өткізбеген адамға түсіндіру тағы мүмкін емес.

Сопылардың «ләм йазуқ, уа ләм йагриф», яғни «татпаған білмейді»сөзі осы хәлді анықтау үшін айтылған.Сондықтан сопылар хәлдерін түсіндіру үшін символдарға, антроморфты ұғымдарға, метафораға, теңеу сияқты символдық –образды терминдер қолданады. Сопының өзін физиологиялық, әрі психологиялық бақылау процестері - аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты риязат-жаттығулар, адамдармен белгілі уақыт аралығында байланысын үзу (қылуетке түсу), бүкіл сезім мүшелерін сыртқы байланыстардан үзіп, ішкі әлеміндегі құбылыстардан, қиялдардан арылту арқылы бүкіл қиялдау - ойлау қабілетін бақылауға алып, назарын тек «Жаратушының үйі - қалбке» аудару. Сопылықтағы  зікір осы  муракабаның өзіне сыни көзбен қараудың жүзеге асуына көмекші құрал. Сол арқылы дүниелік құмарлықтардан алыстап, илаһи ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын бір айна немесе таза рух хәліне келеді. «Мен - сен хәл» хәліне жеткен сопы, өзін «Ан ал Хақ» деп есептеу арқылы бүкіл болмыстарды  «Бір» деп таниды. Өзін де сол бүтіннің сынығы ретінде көреді. Соңында сопы рухани тыныштық, кемелдік ішінде ғаламмен үйлесімділікті сезінеді, Жаратушының құлы екендігінің сырына, мәніне жетеді. Бұл-адамның рухани кемелдік хәлі. Сопылық - ислам дінінің ішкі мәні, мазмұны, оның негізгі мақсаты - адамдық ар, рухани кемелдік [4, 5-7 б.].

Сопылық ілімінде жүрек - иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Өйткені адамның өзегі, дәні, дененің патшасы болып табылатын жүрек немесе көкірек көзі иманмен оянып, мағрифатпен қанағаттанып, махаббатпен шабыттанып, шекара танымай, заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпқа құлаш ұрады. Мухасиби, Келебази, Кушейри, Араби, Яссауи, Руми, Раббани, Жами сынды мутасаууфтар исламның қайнар бастауларына сүйене отырып сопылық жолдың әдебі мен тәртібін қалыптастырып, орнықтырған еңбектер жазды. Жалпы Абай және Шәкәрім және қазақтың жыраулық поэзиясында сопылық сарынның басым екені белгілі. Мысалы: жыраулық поэзияның көрнекті өкілі Дулат ақынның: «Күнәм- жойқын, тәубам - аз, Тіршіліктен не таптым? Дүние - жемтік, мен -төбет, соны бақпай не бақтым?» дейтін өлең жолдары бар. Расында Жаратушы алдында тізе бүгіп, қатесін ұғып тәубаға келіп, Абайша айтқанда «ынталы жүрек, шын көңілмен» егіліп, Жаратқанға жалбарынып, құлшылық ету. Міне сол үшін сопылық жолды ұстану жеңіл емес. Сондықтан болса керек, Кердері Әбубәкір: «Сопылық деген ауыр жол, ұстап жүрсе тәуір жол, сопылықты іздесең, оқыған көп ғалым бол» - дейді. Мұнда ақын сопылық жолға түсу үшін захир ілімін, Құран хадисті және шариғат негіздерін жетік меңгерген ғалым болу керек екенін ерекше ескертеді. Кемел адам Абайша айтқанда «Толық адам»-өзінің қасиетіне қалыбы мен негізіне негізінше мейлінше жақындаған асыл адам. Ол-кісілікке жат қылықтардан әден арылып, тазарған, ішкі жан дүниесі ағарып, рухани қасиетке ие ие болған адам. Дана Абай кемел адамның сипттары ретінде сыддық, кәрам, ғақылды көрсетеді. Мұнда сыддық - әділетпен, кәрам - шапағатпен, ғақыл - ғылыммен астасып кетеді. Сопылық ілімнің негізгі қағидаларының бірі зікір салу болып табылады. Сопылық ілімінде зікір Алла тағаланы еске алу.

Зікірдің жария және құпия  және ара зікір түрлері бар. Қазақ даласына ислам дінінің енуінде сопылықтың үлкен әсері бар екені белгілі. Осылайша бар ғұмырын дінге арнаған тақуа жандардың себеп болуымен ислам діні қазақ халқының күнделікті өмір салтында берік орнады. Оның дәлелі ретінде Қ.А. Яссауи жырларынан бастау алатын абыздар мен жыраулар поэзиясы және Қорқыттан бергі ән күйімізде сопылықтың сарыны бар екенін айтуға болады. Ислам дінінің қазақ даласына орнығуына үлкен ықпалы болған сопылық жол – тасаууф ілімі қазақтың дәстүрлі қоғамының рухани құндылықтарын қалыптастыруда және де мәдениеті мен өркениетінің дамуына да зор ықпалын тигізді. Суфизм терминінің шығуы жайында көптеген тұжырымдар бар. Бастапқыда мұсылмандар «Сопы» деп жүн шекпен киіп жүретін тқуа жанадарды айтқан. Мәселен алғашқы сопылардың бірі Хасан аль Басри үстіне түйе жүнінен  тоқылған шекпен киіп жүрген. Уақыт өте келе сопылық дүниеқұмарлыққа, құлқының қалауына ерік бермей, нәпсіні тежеу, фәни дүниенің рахатын тәрк ету, харам мен күдікті нәрселерге тіпті дінде рұқсат етілген мубах (тиым салынбаған әрі әмір етілмеген амалдар және халал (адал) нәрселерге де аса сақтықпен қарап, тақуа өмір кешу деген сияқты ұғымға айналып кетті). Ал «Тасаууф» дегеніміз сопылықты уағыздайтын тәлім. Кейбір дерек көздерінде «суфи», «асхаб суффа» яғни «суффа сахабалары» деген сөзінен шыққаны жайлы да айтылады. Бұл жерде қолданылып отырған «суффа» сөзі араб тілінде «көлеңкелік» деген мағына береді. Бұл сөздің шығу төркініне тоқталсақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Мадина шаһарында салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан көлеңкелі баспана жасатқан еді. Міне сол жерде тұрғандар кейінірек «асхабы суффа» деп аталып кетті. Суффа сахабалары отбасылары мен дүние – мүліктері жоқ баспанасыз һәм кедей сахабалар болатын. Суффалар күнделікті пенделік әрекеттерден бойларын аулақ ұстап, күйбең тірлікке көңіл аудармай, бар өмірлерін ғибадат жасауға және құран үйреніп, Пайғамбарымыздан Мұхаммед (с.ғ.с) тәлім алуға арнаған. Олар дін негіздерінің кейінгі ұрпақтарға дұрыс жеткізілуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосты. Сондай ақ Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) заманында үйі-күйі жоқ адамдар мешіттерді паналаған. Оларға мұсылман бауырлары көмек көрсетіп отырған және олар әрқашанда мешіттен табылғандықтан, намазда алдыңғы қатарды құраған, сол себепті кейбір ғалымдар сопылықтың «саф әл аууал» - «бірінші саптағылар» яғни мешіттердегі бірінші қатарды құрайтындар немесе саффа - таза, пәк дінге шынайы берілу, яғни діннен өзгесінен шаруасы жоқ деген мағынаны білдіреді. Ал көптеген ғалымдар суфизм сөзінің мағынасын әртүрлі түсіндірген. Атап айтатын болсақ:

Абу Сайд әл - Хараз: «Сопы деп тәңіріміз жүрегін нұрмен тазартқан және Алланың зікірінен ләззат алатын адамды айтамыз» деген.

Әбу Мұхаммед әл - Жаририй: «Тасаууф сунниттік мінез-құлықпен үйлесетін оған қарама-қарсы нәрседен аулақ болуды үйрететін жол» деді.

Жағфар әл - Хулдий: «Сопылық құлшылыққа құлшыну, Алла тағалаға толығымен берілу» деген.

Бишр бин әл - Харис: «Алла үшін жүрегін таза ұстаушы» деген [5, 189-190 б.].

Сопылық - ұлы білім мен ілім және нақты негізі қалыптасқан, мәңгілік игілікке апаратын жол, көптеген ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек. Бұл жол адамзаттың жанын тазартушы, ақиқатты ислам өмірінің айнасы. Оның мақсаты-адамның қарама-қарсы жағымсыз нәрселерден тазаруы және оның жанының жағымды нәрселермен әрленуі. Бұл жол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) жүрген жолы мен қағидаларын ұстануға шақырып, алдына келесі мақсаттарды қояды:

  1. Жанның тазалануы және оның бақылануы
  2. Алла мейіріміне ұмтылу
  3. Кедейшілік пен қиыншылыққа төтеп беру
  4. Сенушінің жүрегін махаббат пен ізгілікке тәрбиелеу
  5. Адамзаттың тұлғасын Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем мінез-құлқымен безендіру [6, 497 б.].

Енді осы берілген бес мақсатқа жеке - жеке тоқталсақ:1) Жанның тазалануы және оның бақылануы. Бұл ереженің мәні Аллаға тағалаға жақындау үшін жаныңды дұға оқу арқылы тазалап, бақылауда ұстау қажет. Ақиқатты сенуші өзінің жасаған іс-әрекеттеріне қадағалап, оған есеп беруі керек. Осы жайында Омардың мынандай бір айтқан сөзі бар: «Өздеріңіздің істеген іс - әрекеттеріңізді таразыға өлшемес бұрын алдымен өздеріңіз таразылаңыздар»деген. Алла мейіріміне ұмтылу. Бұл ереженің мәні мынада нақты сопы өзінің барлық іс -әрекетімен, тілімен Алла тағаланың мейіріміне ұмтылу, ол өзінің жүрегін Алла тағала үшін таза мөлдір сумен тазалау қажет. Бұл мәселеге байланысты Құран Кәрімде былай делінген: «Мұхаммед с.ғ.с таңертең, кешке, Раббыларын, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап, көзіңді басқаға аударма.Сондай ақ Біз жүрегін, Бізді еске алудан кәперсіздендірген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба» (18:28). Кедейшілік пен қиыншылыққа төтеп беру. Бұл ереженің мәні сенуші әлемнің сұлулығы мен әсемділігімен қарым-қатынаста тақуа болуы керек. Тақуа өмірдегі жоқшылық пен қиыншылыққа қармастан, Алла тағала шын ниетімен құлшылық етуін тоқтатпай жалғастыру. Құлшылық ету адам жанын тазалап, жоғарлатады. Мұқтаждық адам баласын өмірлік құмарлықтардан тазартады және адамды ақиқатты құдайдан қорқуға алып барады. Алла тағалаға мұқтаж адамдар шын ниетімен дұға оқып, одан жәрдем сұрайды. Мұқтаждық – Алла тағалаға құлшылық етуді растау  және тасаууфтық ілімнің негізінде де осы ұғым қолданылады. Кедейшілік-сопылықтың негізі, сопылық деңгейлері және адамгершілік құндылықтар кедейшілік пен тақуалықтың шарттары бойынша жүзеге асады. Әлем және оның сұлулығы адамның жүрегінде емес, қолында болуы керек. Адам Алла Тағаланың жолында құлшылық етуі, ең бақытты шағы [7, 20-21 б.].

Сопының Құран Кәрімде  жазылып, айтылғандай маңыздылығын көрсетер болсақ, Алла тағала құлдарының өзіне құлшылық етуде іс-әрекеттерінің шынайы болғанын қалады. Сондықтан да Құран Кәрімде былай делінген: «Олар ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген», сондай ақ Алла тағала оларға ұятсыздық пен азғындыққа да тиым салды: «Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды, оның көрнеу, көмесін, күнәні, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды» (7:33). Сопылардың көз-қарасы бойынша адамдарға кері әсер ететін жағымсыз қылықтар деп, күншілдікті, екіжүзділікті және қызғаншылықты айтқан. Суннадағы сопының маңыздылығын айтар болсақ, көптеген хадистерде күншілдікке, көреалмаушылыққа және тәкаппарлыққа тиым салынған. Сондай бір хадистен мысал келтіретін болсақ: «Бір-бірлеріңізге деген көреалмаушылық пен қызғаныш болмасын, қастандық жасап, алдамаңыздар», керісінше бір-бірлеріңізге бауыр болыңыздар, өйткені сіздер Алла алдында теңсіздер. Шын Алладан қорыққан адам ешқашан біреуге жаманшылық жасамайды. Көптеген ғалымдар сопының маңыздылығы жайында өз ой - пікірлерін айтып кеткен.

Кейбір ғалымдар бір  ауыздан мынандай бірегейлікке келген, негізінен жүрек ауруы көптеген үлкен күнәлардың кесірінен болады, сондықтан да ол күнәларды құлшылық етіп, ізгі амалдар жасап жою керек, өйтпесе ол үлкен ізгі амалдар мен жақсылықтың орнын жойып жіберуі мүмкін. Атақты ғалым факих Ибн Абидин өз сөзінде былай деген: «Әрбір мұсылман адамның бойында көреалмаушылық, дұшпандық, қатыгездік, алдау, ашу - ыза, кек, сатқындық, немқұрайымдылық қасиеттер кездеседі, егер адам өзінің өне бойында осы қасиеттерді байқаса тез арада олардан арылуды жүзеге асырсын» деген. Мұндай қасиеттерден арылу міндетті, егер адам оның себеп-салдарын, шегін зерттеп зерделесе ғана оның күшін жояды, себебі жамандықты жеңу, тек қана оны біле отырып жүзеге асады. Тағы бір атақты ғалым аш - Шурунбулал былай деп өз ойын тұжырымдаған: «Сыртқы тазалық адамға ішкі тазалықпен үйлесі тапқан кезде пайда алып келеді», сол үшін адам өне бойындағы жаман қылықтарынан ада болуы тиіс және жүрегін тазалау керек. Бір нәрсеге мұқтаж болса кқмекті бір Алладан сұрап, шын ниетімен құлшылық жасап, адал құлы болуы керек деген. Сопылықта жүректің тазаруына үлкен мән береді, ол Алла тағалаға құлшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Сопылық мұсылман адамға сенімінде және бойындағы адамгершілік ұстанымдарының орнығуында теориялық және тәжірбиелік жағынан болсын тура жолды көрсетуші ілім. Сопы - тек қана белгілі бір уақытта бір жерге жиналып зікір оқу емес, ол жетілген жолды теориялық және тәжірбиелік жағынан меңгерген жан. Сопылық ілімнің де жетістікке жеткен себебі, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) үлгі - өнегесін негізге алғанында [8, 27 б.].

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі