Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.
КІРІСПЕ...........................................................................................................4
1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48
2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102
Бірақ та мұндай шөптерді қолдану сопылық ағымның бәріне тән емес. Ал қазақстандық «зікірші – исматуллашылардың» «зікірі» мүлдем басқа. Оны өздері «алқа зікір» және «ара зікір» деп бөледі. Жалпы қазақ халқының ұғымында бақсылар зікір салады, зікір, зікірлеу сөздері жағымсыз экспрессивті қолданылады. Теология ғылымдарының докторы дінтанушы ғалым Мұхиддин Исаұлының айтуынша «исматуллашылардың» зікір салу формасы дәстүрлі дінге жат. Ол бұлайша соқыр сенімге берілу, діни фанатизмге ұрындыруы мүмкін екенін айтады.(«Айқын», 07.11.2004). Бұл пікірмен толық келісуге болады. Екі – үш сағатқа созылатын «зікір» кезінде адамдар «Алла ху!», «Алла хай!» деп айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ көбік ағып, есінен танып қалады. Исматулланың өзі зікірге тым елітпейді, залды кімнің қандай күйде екенін көзінің астымен жіті қадағалап, барлап отырады. Исматулланың гипнос жасау қасиеті бар және оны зікір салып отырған адам масаң күйге жеткенде қолданады деген сөздің жаны бар. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының оқу – ағарту, дін уағыз бөлімінң меңгерушісі Әбдімүтәліп Дәуренбекұлы: Сопылықтың негізгі канондары: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат, екенін, қазіргі елімізде «исматуллашылардың» шариғатты білмей тұрып, тариқатқа бой ұратынын айтады. Қожа Ахмет Яссауидің 79 – хикметінде :
Тариқатқа шари атсыз кирганларни,
Шайтан келип иманын алур ермиш,
«Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің»,
«Шайтан келіп иманын алады екен», - яғни сопылар ақиқатты тануда алғашында шариғат ілімінен бастау керектігін айтқан. Қазіргі исматуллашылар өздерінің жұмысын « Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізеді. Бірлестік Әділет Министрлігінде 2002 жылы тіркелген, барлық облыстарда және Алматы қаласында бөлімшелері бар. Бірақ негізгі үгіт – насихат жұмыстары «Қазақстан телерадиокорпарациясы» мен оның облыстық филиалдары арқылы жасалады.
Ұлттық телерадиокорпорацияны «исматуллашылардың» ақпараттық – техникалық базасы, негізгі плацдармы деуге болады. Бүкіл қаржы – техникалық, адами – шығармашылық ресурс исматуллашыларға қызмет етеді. «Қазақстан телеарнасы мен Қазақ радиосындағы» «Дін және Біз», «Ой түйін», «Күлтөбе», «Ақиқат сыйы», «Ауызашар», «Мезгіл» хабарлары осы ілімді уағыздайды. Өйткені бұл хабарлардың жүргізушілері Санжар Керімбай, Рахат Мамырбек, Болат Мүрсәлім, Саят Ыбыраев – жамағаттың белсенділері. Ақпараттық – сараптамалық бағдарламалар да Исматулланың шәкірттерін жарнамалап қалуға мүмкіндік туа қалса, қалт жібермейді. «Түнгі қонақ», «Ақжүніс» хабарлары да осы сыңайда. Бұл бағдарламаладың продюсері «Жан» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Болат Атығай «жамағат» басшылығының алғашқы бестігіне кіреді. Соңғы жылдары Исматулланың оң қолы Нарымбай тақсыр Ораза, Құрбан айт мейрамы кезінде ұйымдастырылатын эфирден түспейтін болды. Есесіне Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының өкілдері, мешіт имамдарын телеарнаға тіпті маңайлатпайды. Муфтияттың баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбектің айтуынша, эфир сұрап, телеарна басшылығына, Баспасөз Министрлігіне бірнеше рет өтініш хат та жазған. Бірақ ешбір нәтиже жоқ. Екі жылдан бері «Қазақстан телеарнасы» «исматуллашылардың» «Яссауи» діни – вокалды тобының концертін ұйымдастыруға демеуші болып жүр және оны әрдайым жарнамалап отырады. «Сенім. Білім. Өмір» бірлестігінің бүкіл шаруасы хат – хабар жазу, оны жан – жаққа жіберу, керекті әдістемелік материалдар аудио – видео таспаларды жазып, көбейтіп тарату телеарнаның есебінен жасалады. Өйткені корпорация қызметкерлерінің бірқатары Исматулла жамағатының мүшесі болса, қалғандары да солардың ыңғайында немесе ыңғайынан шыға алмайды.
Әу баста исматуллашылардың ошағы болған ҚазМУ - де қазір исматуллашылардың «Темірқазық» сосын «Шұға» деп аталатын қыздар клубы бар. 2004 жылдың 14- ші қыркүйегінде «кіші құрылтайдың» хаттамасында «Әбжат» клубының жұмысын жүргізу айтылған. 21 - ші қыркүйектегі хаттамада Алматы қалалық әкімшілігі жанынан Мирас жастар клубын ашу көзделген. Мұның бәрі декаденттік клубтар емес, секталық құрылымның ұялары. Исматулла Мақсұммен көзбе - көз кездесіп, ауызба - ауыз сөйлесуге бірнеше рет әрекет еттім. Осы орайда басымнан өткен бірер жайды айта кеткім келіп тұр. Былтыр ол кезде «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істейміз, Б.Қосбармақов екеуміз Қасым Аманжоловқа да қолқа салдық - ақсырмен көрістіруін сұрадық. Өйткені жамағаттың бір адамы ертіп бармаса «тақсыр» кез – келген адамды қабылдай бермейтінін түсініп қалған едік. Әрі әріптес, әрі ағалы – інілі боп іштартып жүретін Қасым алғашқыда ыңғай танытқанымен артынша бізді зікір салу үшін емес, журналистік зерттеуді мақсат тұтқанымызды білсе керек, бас тартты [40, 9-10 б.
Исматулламен тілдесу мен үшін және осы тақырыпты зерттеп жүрген екі – үш журналистке мұң болды. Тіпті біздерді қара тізімге жазып қойыпты деген де сөз бар. Тақсыр осы жылдың жетінші қаңтары күні Қазақстан баспасөз клубында өткен 40-45 жыл бойы ізденіп жазған «Құран сырларының әліппесі» кітабының тұсаукесеріне де келмеді. Мұны Нарымбай Разбекқажы мен Саят Ыбыраев «Көзінше мақтағанда дін адамы қиналады», - деп түсіндірді. Бірақ кітапқа оның авторының білмдарлығына тәнті болып, мақтау – тілек айтқан адам болмады. Қайта көпшілік өткір - өткір сұрақтар қойып, исматуллашылардың бет пердесін ашуға тырысты. Баспасөз маслихаты аяқтаоғаннан соң дәлізгі шыққан бізді исматуллашылар қоршап алды. Осы кітапқа пікір жазған Зікірия Жандарбек Б.Қосбармақовқа: «Енді еліңе Маңғыстауға барсаң, аяғы сынатынын, онда білегін сыбанып жүрген 4-5 жігіт барын» да ескертті. Исматуллашылар өздерін зерттеп жүрген адамдарға тісін қайрап жүргендерін және неден болса тайынбайтынын байқау қиын емес. Бұл сектанттыққа тән. «Секта» - ілім, бағыт, мектеп –орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым, бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген адамдардың тобы. Діни сектанттық фанатизмге, догматизмге, өшпенділікпен бұра тартуға бейім. Исматулла ағымы дәстүрлі ислам дініне қарсы деген ой – пікірлер көптеп айтылып кетті. Исматуллашылар енді шабуылға шықты.
Олар исматулла Мақсұмның сөзіне ұйымай қарсы шыққан мұсылманның барлығына «Уахаббшы, экстремист, ата – бабамыздың дінін сатқан опасыз» деп күйе жағудан тайынбайды. Шымкент қаласында шығатын «Евразия kz» газетінде алғашқы қарсы мақаланың авторы тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Жас Алаш» газетінде жарық көрген Ораз Әлімбековтың «Исматулла қари кім, ол Қазақстанға қашан келді?» мақаласын өзі жазып отырыған мақаласынан хабары жоқ, сауатсыз жазылған деп бағалап, одан артық уәж айта алмады. Ал Исматулла Мақсұмның Қарасу мешітіндегі тірліктері менөзге де елді шошытқан ерсі әрекеттері жайында ештеңе айтпады. Тек байырғы әуеніне салып, Исматулланы жер көкке сыйғызбай, мақтап, шындықты білгің келсе, Исматулланың «Құран сырларының әліппесі» кітабын оөыңдар деп кеңес береді.
Зікірия Жандарбек мырзаның
мақаласынан «Қожа Ахмет
Намаз оқымай оның орнына зікір салу исламда ешуақытта айтылмаған. Осындай идеяларды таратып отырған «Қазақстан телеарнасындағы» Саят Ыбырайдың хабары да қайшылыққа толы. Бір хабарында зікірші – исматулла ағымының рухани ұстазы Исматулланы жеті қат аспан дәрежесіндегі әулиелердің қатарына қосып жіберіпті. Мұндай хабарлардың күмәнділігі турасында Президентке ұсыныс білдірдік. Президент Н.Ә. Назарбаев бұл мәселенің анық – қанығын білу жөнінде тапсырма берді. Исматуллашылар «имам Мәді шықты, ақырзаман келе жатыр» деп те жұрттың үрейін туғызып жүргені өз алдына. Исматуллашыларды ғылыми тұрғыда зерттеп жүрген ОҚО бас имамының бірінші орынбасары Асылбек қажы Төлегеновтың мына бір пікірн келтірейін: «Ислам – таухидтік негіздегі монотеистік дін. Исматуллашылардың мақсаты – сол дінді негізінен тайдыру. Оны қалай жүзеге асырып жүр? Исламның негіздері жергілікті халықтың әдет –ғұрпына, мәдениетіне қайшы келеді – мыс. Бұл – түбірімен қате, жаңсық пікір. Талай – талай жырауларымыз, батырларымыз, керемет әдебиетімізбен мәдениетіміз болғанына ешкімнің дауы жоқ. Әдет – ғұрыптың тозығы емес, озығы болса, Аллаға, шариғатқа қарсы келмесе, ислам оны қабылдайды. Оған ешқандай күмән жоқ. Мәселен иран жерінде ислам 350 жыл бойына зороастризммен қатар қмір сүрді. Парсы мәдениетін талқандауды немесе түркі жазуларын өртеуді бұйрған жоқ. Бірақ іштен іріткі салатындар «арабтар түркі жазуларын өртеген, ол исламның қолымен жасалынған қиянат» деген сөздерді басқаны қойып, бирунидің ауызына салып жіберген. Жалпы Құран - Алладан келген кітап, уахи. Ал сопылық негізінен исламның пастулаттарын құлатқысы келеді. Кезінде пайғамбарымыз Қағбадағы 360 тас құдайды қиратып, халықты пұтқа табынып жатқан жерден тоқтатты. Біздің елімізде де тасқа табыну белең алып бара жатыр. Оны тоқтатпасақ мұсылман болудан қаламыз. Тіліміздегі 360 әулие деген ұғым сол қағбадан қуылған тас құдайлар. Кім әкелді бізге мұны? Жауап дайын – сопылар. Сопылардың мектептері бір – біріне бағынбағанымен, олардың пірлері жасырын мәжілістер өткізіп, ортақ мәселелерін талқылап отырған. Жұрт білмесін деп жасырын зікір салудың да мақсаты белгілі. Бұлар жастардың санасын улап, зомбиге айналдырады.
Исматуллашылар көбінесе
өз сөздеріне дәлел ретінде
Жоғарыда айтып кеткендей
Шымкент қаласында шығатын «
Хз. Пайғамбар (с.ғ.с) оларды көрген кезеде, қастарына барып, алқадан орын алып, отырды да, «Бүкіл мадақ Ұлық Аллаға болсын» - деді. Өйткені ол сондай Ұлық Алла менің үмметімнен ертелі - кеш Өзін еске алып, зікір ететін адамдарды жаратты. Маған да солармен отырып, нәпсіме тоқтау салып, зікір етуге бұйрық берді – деді. Енді Ұлық Алланың досының сырларында, яғни Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің көптеген жерінде «Чар зараб ұрып, сахар тұрғыл», яғни таң сәріде тұрып «Лә илаһа илла Алланы» төрт жағыңа ишара қылып айт дейді. Төрт жаққа басты бұлғап, дене қимылымен ишарадан мақсат – алдымыздан, артымыздан, солымыздан келіп, азғыратын шайтанның уәсуәсасына тойтарыс беру. Төрт жаққа ишара мынандай тәртіппен орындалады. Бірінші «Лә» - ні оң иықтан бастап, екіншіде «иләһә» - ні сол иыққа қарай бітіреді, үшіншіден «ил» - ді оң қастың үстіне тартып, төртіншіде «Алланы» жүректің төменгі жағына ұрады. Тағы да Сәттіғұл әулие атамыз сыр сөзінде:
Сөз қалдырдық хазрет,
Молдалар үшін ажарлап
Шариғат айтқан тыңдатып,
Азаннан тұрған ыңлатып
Тағлым, таспих, салауат,
Зікір айтқан түн қатып
Кеудеден басты бұлғатып – дейді. Басты төрт жаққа бұлғап зікір қылу туралы шындық Қ.А. Яссауи хикметтерінен және басқа да әулие бабаларымыздың сыр сөзінен де белгілі болды. Жүректің қайнар бұлақ көзін ашуға рухани бұрғы, яғни тазартатын құрал керек. Хз. пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен хадис «Сендер момындардың назар салып қарағанынан қорқыңдар. Ақиқатында ол момындар Ұлық Алланың нұрымен қарайды, яғни жүрек көзімен көреді» - деген хадисі бойынша, ол құрал – тек Ұлық Алланың зікірі деп білеміз және сенеміз. Зікірдің парыз болуына аят, хадис, өткен имамдардың ортақ көз – қрастары фикх ғалымдарының пәтуаларында нақты дәлелдер бар.
Фикх ғылымдарының зікірді парыз екеніне дәлелі: «Ендеше жолда кетіп бара жатқан тіке тұрған және жамбастап жатқан адамға немесе жыныстық қатынастан, иә шайтан алдаған жағдайлардан, ғұсыл алып тазармаған адамға, хайыз, нифастан арылмаған әйелдерге, дәретсіздерге немесе сауда саттық қылып тұрған хал жағдайда зікір қылуға бола ма?» Әрине осы айтылған хал жағдайдың бәрінде зікір қылуға тиым салуға лайықты маңызды себеп жоқ. Сонымен зікірдің парыз екендігі және ешқандай жағдайда да зікірді кесуге болмайтын шартсыз ғибадат екендігі дәлелденді. Бұл айтылғана жоғарыдағы хал жағдайлардың бәрі де зікірден басқа әрбір парыз амалдарға тиым салады және кедергі де болады. Бүкіл тәпсіршілердің патшасы Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әкесінің туысқанының ұлы Абдулла зікірді парыз деген. Мағынасы: Ұлық Алла құлдарына ешбір парызды белгілі бір уақыт тағайындамай, шарт қоймай – парыз қылған емес. Мәселен бес уақыт намаз өз шарттарымен: азанда таң намазы, түсте – бесін намазы, күн еңкейе – екінті намазы, іңірде – екінті намазы, түнде – құптан намазы, әрқайсысы өз уақытында оқылады. Зекетті де жылына бір мәрте береді. Дәл осы сияқты қажылық та өз шарттарымен адам баласының өмірінде бір мәрте орындалуы парыз болған. Бірақ бұл парыздарды орындауда үзірлі болған адам ұрпағы кешіріледі.
Мәселен сапарда жүрген жолаушы төрт рәкәғат парыз намазды қысқартып, екі рәкәғат етіп оқиды. Хайыз, нифас көрген әйел тіпті намаз оқып, ораза ұстамайды. Дәл осы сияқты қажылық қылудың шарттары бойынша қажылыққа баратын жол қауіпті болса және қажылыққа барып келуге қаражаты болмай, орындамаса кешіріледі. Зікірдің парыздығына ешқандай шарт жоқ жіне кез – келген жағдайда да үзір беріп кешірілім жасалмайды. Шартсыз ғибадат болғандықтан зікірді қандай жағдайда тәрк қылу, дұрыс емес. Себебі Ұлық Алла Құран Кәрімде қандайда бір шартқа байланысты зікірге шек қоймаған [42, 24-54 б.]. Исматуллашылар мұнда Құран Кәрімде парыз етілген намаз оқу, ораза ұстау, қажылық, зекет беруден барлығынан зікірді бірінші орынға қойып парыз етілген деп санайды. Құран Кәрімде, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың сүннетінде және Қ.А. Яссауи хикметтерінде зікір парыз етілген деген дәлел жоқ. Исматуллашылар зікір парыз етілген деп Құран Кәрімдегі (Ниса сүресінің 103- аятын) мысалға келтіріеді, бірақ аятты толығымен түсіндірмей өздеріне ыңғайлы етіп жазған. Толықтай Ниса сүресінің 103 - аятында былай делінген «Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар онда намазды толық орындаңдар. Өйткені намаз мүміндреге белгілі уақытта парыз қылынды».