Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Ал XIV ғасырда пайда  болған сопылықтың нақшбандиялық жолы негізінен алғанда, отырықшы халықтарға тән, солардың тұрмыстық, шаруашылық өмір салтына сай туындаған сопылық. Осы себепті олар егіншілік, қолөнерлік кәсіпке орай іштей үнсіз «жүрегін Аллада, қолың істе болсын» деген дәстүрлі қалыпты зікір жолын ұстанатын. Бірақ сопылықтың бұл екі саласы да өз заманындағы қоғамдық ғылымдар мен теологиялық ілімді терең танып меңгеруді, мораль философиясының негізіндеғасырлар бойы қалыптасып, екшелеген әдет – ғұрыптарды бойға сіңіріп ұстануды алдарына шарт етіп қоятын – ды. Сопылық негіздегі практикалық үрдістер әбден қалыптасып, енді сопылық ілімнің теориялық - философиялық ілімдік негіздері салынып, интеллектуалдық білім деңгейі әлдеқайда биіктеп шарықтаған тұсы да Яссауи ғұмыр кешкен заманға орайлас келеді. Аса күрделі ілімдік ой - толғаныстар негізінде жалпы сопылық танымға ортақ мұрат - мақсаттардың өзекті желісі - әрбір пенденің іштей рухани жағынан түлеп - жетілуі арқылы пенделіктің кәмалаттығының биік тұғырына көтерілу мақсаты жататын - ды. Осы таным тұрғысынан келіп, Яссауи жан ғалымының әрекетін нәпсілік құрығынан шыға алмаған «малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» дегендей пенделіктің төменгі сатысындағы тән құмарына, нәпсілікке бейім құбылыс ретінде қарайды.

Тән ғалымы саласын дамытуға басшылық етер тән ғалымдарының зерттеу нысанасына алынар ғылымдар негізінен Абай айтатын заһири ғылымдар мен дүниенің сырын танып білуде сүйер болар дүниенің ғылымы жататын тәрізді. Бұл ғылымдар бүгінде қатты дамып, сала – салаға бөлініп  көбейіп кеткені көпшілікке аян. Міне осының бәрі де тән ғалымдарының нәпсілік мақсатты көздеп, қанағат ұғымынан мақрұм қалған қазіргі күн мақсатын ғана ойлаудан келіп туындап жатқан қасіретті құбылыс болуы себепті де, Яссауи бабамыз «тән ғалымы залымдарға ұқсар ерміс» деген даналық, көрегендік ой қорытындысына келу алысты көздеп айтқан даналық пікірі болатын – ды. Ұлы ойшыл бабамыз Яссауи тән ғалымдары әрекетіне қарама – қарсы не себепті «жан ғалымы хазретіне жақын тұрар» деген аса күрделі гуманистік мағынадағы ой байламына келді. Жан ғалымының айналысар негізгі зерттеу нысанасы бүкіл сопылық ой танымының сопылық гуманистік бағыттағы ілім жолының өзекті арнасы – адамның ішкі рухани әлемінің іштей жетіліп, кемелденуінің жолы болмақ. Бүкіл сопылық танымның жұрт таныған төрт сатысының ең биік тұғыры – хақиқатқа жету жолы [53, 94-97 б.].

Бүгін Яссауи ілімі моральдық - практикалық мағызы тұрғысынан бүгін ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып өзінің ішкі әлемінен хабарсыз қалған имандылық пен арды ойлай алмай, жаппай нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлемдік індетінің емі екендігі даусыз. Міне осы мәселлерде өзімізге жаңаша сын көзбен қарау тұрғысынан Иасауи ілімін зерттеу әрі тану уақыт талабы, ар ожданымыздың үні болып отыр. Ислам өркениеті тарихында адамды осындай жатсынулардан айықтырып имандылықтың сақшысы қызметін атқарған таза сопылық ілім болған. Яссауи ілімінің имандылық пен ұлттық мәдени болмысты сақтау қабілеті кеңестік идеологтардың да назарынан тыс қалған жоқ. Олар сопылық дүниетанымның ойлау категориялары мен жүйесін, ұстанымдары мен мұраттарын, Яссауи іліміндегі фақр (өз еркіңмен кедейлікке берілу) тұжырымдамасын мен зікір теориясын және сал – серілік мәдениетінің ұстанымдарын өз мүдделері тұрғысынан қолдана білді. Кеңестік идеология ғылыми атеизм мен атеизмнің философиялық – онтологиялық негізі ретінде материализмді, ал материализмнің ұстанымы ретінде де пантеизмді көрсетті. Олар ғылыми атеизмді таратуда маркстік әдісті қолданып, Яссауи мәдениетін панкосмизм, пантеизм ретінде түсіндіріп бақты. Бұлар да тезис, антитезис, синтез сияқты гегельдік үштік ұстанымға негізделген болатын Яссауидің зікір теориясын -  тезис, оған қарама – қарсы «ғылыми атеизм» ұстанымдарын антитезис адамзатты трансцендентальдық және діни жаттанудан құтқаруды – синтез, яғни түпкілікті мақсат ретінде анықтады. Яссауи іліміндегі зікір Жаратушыны ешқашан естен шығармау, әр дем сайын, әр уақыт оны өз рухында сезініп, сүю, онымен бір мәнге айналу. Жаратушымен бір болу жолындағы әдіс болса ал ғылыми атеизм зікірге қарсы үгіт насихат ұйымын құрып, адамның санасы мен рух әлеміндегі Жаратушы түсінігін ұмыттыру үшін ойлап табылған ілім болды.

Ғылыми атеизм Жаратушыны әр уақытта естен шығармау ұғымына  яғн зікір тезисіне антитезис  ретінде Жаратушыны ұмыттыруды қойып, қоғамға қажетті атеист адам тәрбиелеп  шығаруды синтезіне, яғни мақсатына айналдырды. Бірақ та бұл мақсаттары іске аспады. Өйткені Яссауи ілімі адамды шынайы адамдықтың мәні мен санасына жеткізген өз ақиқатын танытатын ешқандай идеологиялық әдебиеттерге негізделмеген, ақиқаттың ақ жолы болатын. Оның ілімі бойынша Жаратушы адамның өз рухында, ал өзіңнен қашып құтылудың жолы жоқ. Бір жол бар ол Жаратушыға мойынсұну, иманға келу, өзіңмен қауышу. Еркін сұхбатқа түсу үшін алдымен рухтың тазалығы, сенім, жауапкершілік сезімі қалыптасуы керек. Өйткені адамның бойындағы сезім, қорқыныш, үрей, жауапкершіліктен қашу секілді психологиялық халдерді реттеп отыратын күш иман нұры болып табылады. Яссауи адамды имандылық, тобашылдық, қанағат, махаббат, сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, әділет, қарапайымдылық, өзара сүйіспеншілік жіне құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндеді. Негізінде халықты Жаратушының ақиреттегі азабынан қорқуға, дүниеден қол үзуге, Құранға, имандылыққа алғаш шақырған да осы сопылық жолындағы дегдарлар болатын. Жаратушы мен адам арасындағы рухани байланыс тікелей имандылыққа негізделген Құран үндеуіне қатысты. Құран жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, саяси басқару, этикалық–моральдық, жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды көрсеткен.

Құранда орын алған ең маңызды мәселе Бір Жаратушыға сенім (таухид) мен Жаратушының құдіреті, табиғат пен адам және Жаратушы арасындағы байланыстар жүуеленген. Құранда адамның көңілі (қалбы жүрегі) негізінен алғанда танымның көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған. Құран адамдағы ақылды «қалб көзі» (көңілдің көзі) яғни Жаратушының жеке мәндік аяны, ал Құранды объективтік, универсалдық, аян әлемді Жаратушының екінші кітабы ретінде танытады. Сопылық дүниетаным бірлік (таухид) ұстанымын осы үш құдайлық аянды универсалдық, тұтастық пен үйлесімділік негізінде топтастырған. Яғни бірлік ұстанымы адам, Құран және әлемді өзара тұтастыққа қарайды. Құран бойынша адам таңдау еркіндігі бар, жауапкершілік иесі, сонымен қатар аманат тасушы жан берілген болмыс. Құранда көрсетілген ақыреттегі иман етушілер (жұмақтағы) мен имансыздардың (тамұқтағы) халі адамға жасалған негізгі ескерту болып табылады. Сонымен адам жан мен тән және ақылдан тұратын біртұтас болмыс. Адамның тәні топырақтан, жаны Жаратушы әлемінен берілгендіктен, тән топыраққа, жан рухани әлемге өз негіздеріне оралуға құштар. Осындай жақсы мен жаман, ақ пен қара, тән мен жан, иман мен күпірлік, мойнсұну мен теріске шығару сияқты қарама – қайшы құбылыстардағы жаратудағы жатқан сырды Құран көптеген аяттарында түсіндіреді. Егер адам ерікті болмаса сынақ жүйесі мәнсіз болып шығар еді. Бұл түсіндірмелерден қарама - қайшылықтар мен күрестің объектісі адамның жаратылыс сырында екндігі көрінеді. Адам табиғатындағы қайшылықтар Жаратушының оны сынақтан өткізуі және оның кемелденуі мен рухани биіктеуі ақиқатты табуы үшін қажетті деп тапқан жүйесі. Адамның рухани кемелденуі «топырық» халінен басталып, Жаратушыға қарай жол тартады. Яссауидің хикметтерінде «топырақ бол» деп адамға жиі ескертілуінің сыры осында болса керек. Құран адамның рухани кемелденуін оның халифалық парызы сонымен қатар құдайлық сынақтың ақиқаты деп қарайды. Дегенмен Құранда басты мәселе ретінде адамның имандылық пен асылық, яғни жаратушыны жоққа шығару психологиясы арасындағы моральдық таңдау, сонымен қатар аян және шабыт, дәстүрлі әлеуметтік әдеттердің ықпалы сол топтардың психологиясы, діни үндеуге қарсылық жіне қорғану механизмдері сияқты көптеген мәселелер қарастырылған. Осы үндестікті қамтамассыз ету үшін Жаратушы Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынды. Бұл құндылықтар адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырудың негізі қалыбы тезі.

Адамның жақсылық, парасат, парасатты іспен, сөзбен және оймен  қарулануы оның иманының қуатына  тікелей байланысты. Өйткені Құранда  имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, ар ұят, намыс, сабыр, төзімділік жомарттық, мейірімділік, ата анаға құрмет, отан сүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық махаббат адамды сүю жүректілік деп тізіп, жалпы парасат құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық сипатына жатқызып бұлардан аулақ болуды ескертеді. Құран адамның жаулануы қиын әлем екендігін оны тек қана табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, оны дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Адамдағы көңілдің өзі жауһар ретінде бірнеше рухани қабаттардан тұрады. Сопылық философияда оларды рет ретімен қалб, рух, сыр, сырдың сыры (сирр уссир), құпия, деп атайды. Бұл рухани күмбездер рухтың дәрежелері. Әрбір дәреже жеті немесе он сатыдан тұрады. Олар рухтың кемелденуіне сай тәуба, қылует, пақырлық, сабыр, иман, қанағат сияқты жеті сатыдан өтеді. Зікір рухтың дамуы үшін қажет. Зікір сұхбат, рухани шабыт сияқты техникалар мен құралдардың мақсаты, Құранда айтылған «тасқа айналған бұзылған тұмшаланған ауруға шалдыққан жүректі Жаратушы сүйе алатын дәрежеге жеткізізу. Яғни зікір санадан шаң тозаңдарды сілкіп алғашқы ақиқаттарды санада, рухта қайта жаңғырту.

Жаратушымен бірлігін баянды қылу үшін ұмытшақтық пен ғафлеттен  құтылу болып табылады. Түпкі мақсаты  әл мисақ әлеміндегі алғашқы рух  халімізді еске салу, соған оралуға  кедергі келтіретін күнә жамандық атаулыдан  қашуды, нәпсіден арылуды әрдайым адамға ескертіп отыру. Сонымен қатар зікір ислам дүниетанымында қалбті жаратушыға бағыттаушы ең басты ғибадат болып табылады. Өйткені зікір адамның иман  дәрежесінен ихсан мәртебесіне көтерілуіне ықпал ететін рухан қуаттың көзі.Яссауи ілімінде адамның кемелділікке жетуі теориялық (шариғат) жіне практикалық (тариқат) танымымен қаруланып қоймай, оны басынан өткеріп, өзінің халі арқылы рухында сезініп, жүзеге асыруы шарт. Яссауи ілімінде теория (қал-сөз) мен практика (хәл - іс) өзара тұтастықта болғанда ғана толық мәнге ие болып, адамның кемелденуіне ықпал ете алады. Ол үшін адамның жаратушыға махаббат арқылы ұмтылуы шарт. Яссауде қоғамдағы моральдық – этикалық нормалардың бұзылуы иманның әлсіздігі мен нәпсінің үстемдігінің көрінісі, ал оының қалпына келтірудің негізгі жолы махаббат. Қожа Ахмет Яссауидің ілімі мен ойлау жүйесі шеңберінде танып түсіндірген және мұрат еткен адам типі мен Құранның кемел адамы арасындағы үндестік айқын.

Қ.А. Яссауи Құран аянының ең негізгі мәселесі болып табылатын адам жанын түсінуді мақсат еткен. Ол алдымен өзін содан кейін қауымдастарының жан дүниесін жүйелі арнаға салып, иман нұры арқылы өмірді мағыналандыруды көздеген болатын. Сондай ақ адам өмірінің мәнін ашудағы пенденің рухани әлемін кемелдендірудегі Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген басты хикмет Құран екендігін танытуды мақсат етті. Құранда қолданылған хикмет ұғымы «шынайы иман», «парасатты іс» «парасатты ой» бірлігінен тұратын адамға берілген ерекше қабілет. Сонымен қатар хикмет Құранның мазмұны мен мәні, яғни құдайлық аянның өзегі болып табылады. Иақин (құдайлық таным) мен иманға терең бойлаған сопылар ғана Хақиқатпен дидарласып, Хақпен байланыс құрғанын нақты айта алады. Олар үшін абсолюттік болмыстың Хақиқаты туралы пікір таластың өзі мүмкін емес. Өйткені бұл хикмет (хәл ілімі) адам туралы ілім, Жаратушының нұры мен дидарына жеткізетін жол. Сондықтан бұл жолдың талапкерлерін «дидар талап» дейді. Бұл «Бисмиллах деп баян айлай, хикмет айтып, Талибларга дүрр уа гауһар шаштым мана, Рийазатни қаттығ тартып, канлар йутып, Ман дафтар сани сузин ачтым мана» деп басталатын хикметінде ақ ашылған Сопылық дүниетанымдық терминологияда Жаратушыдан басқа нәрселердің бәрін әлем дейді. Әлем деп басқа нәрселердің білінуіне, танылуына дәлел болатын және ең бастысы Жаратушының Бар және Бір екендігін көрсететін белгілер мн рәміздер жиынтығые айтамыз. Яғни Жаратушыныі бар және бір екендігін көрсететін жаратылған болмыстарды әлем дейміз. Өйткені әлем өнер туындысы ретінде өзінің Жаратушысының бар екендігін дәлелдеп тұр. Әлем Жаратушының шеберлігі мен ұлылығын көрсететін өнер туындысы болғандықтан, оған қарап Жаратушыны тану, иманға келу адамның басты мақсаты. Әлемнен алланың дидарын көргісі келеді. Оны көретін қабілет адамның ішкі көзінде бар.

«Захир көзі ғафлетте, Батин көзі ашылса барлық перде ашылып ешқандай шымылдық қалмайды» дейді. Байқасаңыз әлемнің мәні де маңызы да оның жаратушыны жасырып тұрған перде ретінде көру өте маңызды. Егер Жаратушы пердесіз ашық болса барлық нәрсе мәнсіз, мағынасыз болған болар еді. Онда ғашықтық та, сыр да, иман да, күпірлік те, жақсылық та, жамандық та болмас еді. Сондықтан тіршілікті мәнді де мағыналы қылып тұрған махаббатпен жаратылған әлем. Адам перделерді аралап, оның ар жағындағы мәнді, ақиқатты көргенде ғана перденің перделік сипаты жойылады. Яғни жаратылған әлемнен сыртқы пішін емес, мән ізделу керек. Яссауи ілімінде де адамның адамдық болмысын сақтап оны менмендік пен нәпсіден айықтыратын да ғашықтық. Ишқ тисе ойран қылар қылар менмендікті, Ишқсыз адам хайуан тектес мұны тыңда. Яғни адам өмірінің мәні махаббат. Сондықтан ол «Ишқсыздардың һәм жаны жоқ, һәм иманы – дейді. Яссауидің жаратушының ғашықтығын қалауындағы басты мақсат қоғамның бақыты мен тыныштығы. Яссауи адамдарды махаббат пен бірлікке ынтымаққа шақырып, Жаратушыға деген махаббаттың адам мен қоғамды сүюден бастау алатындығын алғашқы хикметтерінде ақ тілге тиек еткен Сондықтан Яссауи ахлақ пен махаббат және қоғам арасындағы байланыстардың маңыздылығын баса көрсеткен. Қазақ философисы тарихындағы Яссауи мәдениетінің ірі өкілдерінің бірі Абайдағы «үш сүюдің негізі болған осы асыл ғашықтықтың дауа бомайтын, қоғам ісінде жеңілдетпейтін ешқандай мәселесі жоқ, тек адамдар осы шындықты көңілмен қабылдаса болғаны.

Яссауидің ілімі бойынша  адамдар Жаратушының жаратқан болмычтары және  Жаратушы бір және бар болғандықтан барлығы тілі, діні, ұлты, түсі мен тегіне қарамастан рухани бауырластықтың ынтымағы мен бірлігін осы дүниеде орнатуға тырысулары қажет. Әрбір адам басқалардың өзі сияқты Жаратушының жаратқан пендесі ретінде көріп, оларға «менікі» және «менен» қарауы керек. Рухани бауырластық Жаратушыға деген, адамға деген махаббат пен құрметтің өзегі. Өйткені Яссауи ілімі мәні жағынан ұлтына, түсіне, тегіне сеніміне қарамастан барлық адамзатты Мен және Біз деп таниды. Оның мәжілісінде мұсылман да, отқа табынушы да, пұтқа табынушы да, кәпірде бірдей орынға ие. Яссауи ілімінде адам Жаратушыға жақындаған сайын өзінің асыл болмысына, адамдық мәніне табысады. Ал Маркс, Сартр және т.б атеистер адамның жаратушыға деген иманы оны өз - өзінен жатсынуғ бастайтындығы туралы теориялар қалыптастырды. Егер Маркс секілді шынайы кісілік деп адамның дүниеге, материяға қатысын адамды өзіне сананы тұрмысқа тұтуын қылған түсінікті ұғынатын болсақ онда әрине адам Жаратушыға сену арқылы ондай кісілік пен болмысты жатсынады. Бірақ бұл шынайы кісілік емес, шынайы кісілік деп Жаратушыны өз рухында тауып онымен әр демін бірге тыныстап, ғашықтық отына қарылған кісілікті айтады. Адамның дүниелік сипатын жойып, шынайы кісілігіне ие болу, екі ұдайылықтан арылу үшін қажетті нәрсе. Бұл адамның өз ішінде тұтастыққа, кемелдікке жетуі деген сөз.

Құдайлық мән мен  адамдық мәннің арасындағы ақиқатты танытатын хикмет ілімі, ал екеуінің арасын үйлестіретін күш иман. Адамның  шайтанға айналуы қоғаға өте қауіпті  құбылыс. Яссауи шайтанға және хайуанға айналған адамдарды тұтас қарастырады. Хикметтерде сырты адам, іші шайтандардың ең басты ерекшелігі негізгі мұратынан бас тартып, дүниеге құл болу, аят пен хадиске, Құран сөзіне топырақ шашу. Бұл жерде Яссауи Құран аяттарында кездесетін жүрегі тасқа айналған азғындардың хәлін суреттеп отыр. Құранда қалбтер бір рет тасқа айналып, жабылып қалса болды, шайтан оған әрбір ісін әсемдеп, көркемдеп көрсетеді делінген.

Бұл туралы Яссауи: «Дүние малын жиғандардың хәлін көрдім, Өлерінде тәубеге кел», деп хәлін  сұрадым. Шайтан айтты: «Иманына шеңгел ұрдым, жан шығарда жылай – жылай кетер достар», дейді. Иманға шеңгел сағылып, шынжырлануы деген сөз иман тіршілігінің тиісті қалыпқа түспегендігін көрсетеді. Мұндай тіршіліктегі адамның рухында тепе – теңдік болмайды. Ақылының орнын әуейлік алып, ақырет түсінігінің орнын дүниеқорлық басып, өткінші нәрселер өткінші нәрселер құнды деп есептеліпмәңгілік нәрселер құнсызданады. Нәтижеде адам өзін Жаратушы деп санап «ферғауынға» айналады. Яссауи бұлар туралы: «Дүниеқорлар малына қарап хауа қылар, Менмендікпен өзін Құдай санар, дейді. Өзін құдайдың орнына қою адамның шайтанға айналу процесіндегі шайтанның да жете алмайтын мақамы. Адам иман жолында сақтанбай, ойланбай, ұстазсыз қалса шайтан осындай кезді пайдаланып, оны өзінің есегіне айналдырып жібереді. Адамның шайтанның жолында болуына өмірдің әрбір сатысында кейде дін, саясат, сауда себеп болуы ықтимал. Қ.А. Яссауи адамның әсіресе дін жолында шайтанға айналу хәлінен қауіптенеді. Ол дін жолын пайдаланып, ілімі мен лауазымын сатқан, жалған шайхтардың шайтанға айналғанына күйінеді.

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі