Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

6. «Сайру сайри аниаллаһ» - Тәңірден оралу, жіберілу саяхаты – сатысы, бұл рухтың кемелдікке жетіп, Хақ тарапынан халықты жолға салу, тәрбиелеу үшін қайта оралуын білдіретін нузул мақамы. Бұл мақамдағы адам әуестің орнына адамдық ерекшеліктерден арылып, Тәңірдің ақлақымен үйлескен муршид, шейх – рухани ұстаз дәрежесіне көтерілген. Оның рухы үшін барлық перделер, ашылған. Осындай пірлер ғана адамды дұрыс жолға салады. Яссауи бұл туралы: «Егер Хақтың дидарын көргің келсе, шариғат «ариф биллаһ» дана, тариқатта «уахфи асрар» (сырларға қанық), хақиқатта «камил мукаммал» (ең кемел адам), мағрифатта «дария умман» (ақиқатқа жетік) шейхқа қол берсең ісің сағадат бақыт болады», мақамы – ахфа (ішкі тереңдік), орны – курси, бұл мәртебедегі адам рухы  «нәпсі марзия», зікірі – «Йа қайум аллаһ», әлемі шахадат – ең жоғарғы әлем, дәрежесі – «Хаққал йақин», халдері – «уажд фақд » (табу, жоғалту), және Хақиқатул – Мухаммадия. (Хз.Мұхаммедтің ақиқаты).

7. «Сайр биллаһ» - Тәңірмен саяхат сатысы. Бұл рухтың толық арылуы. Мақамы – Хақайқ и мутлақ (абсолюттік ақиқат), орны – кемелдік, бұл міртебедегі адам рухы – «нәпсі камила» немесе «нәпсі сафия» (кемел жан), зікірі – «Йа қаһһар (Тәңірдің қаһһар эпитеті)», халі – еркіндік, әлемі – Касрат ішінде уахдат – уахдат ішінде касрат, дәрежесі – ахадийат, хақиқатул – йақин, жолы – хақиқат, бұл мақамда сопы құдайлық ғашықтық мағынауи сел арқылы жоқ болып, «наму нишан» із түзі қалмай, Яссауи тілімен айтқанда «ла, ла» болады. Әлемді нурул Хақ (Хақиқаттың нұры) арқылы көреді, есту, сөйлеуі хақиқат арқылы болып, кемелдікке ұласады. Бұл мақамдағылыр «Хаққал йақин» дәрежесінде болады. Халықты рухани жетілдіру үшін Хақтан фәрман алып, «сайр фи ашиайди» заттың мәнін таниды [66, 245 б].

 

2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары

Елімізде қазақ халқының көрнекті ойшыл ақындары мен тақуа  діндарларын бетке ұстап, дініміздегі зікір ғибадатын бұрмалайтын «исматуллашылар» ағымы «Сенім. Білім. Өмір» қоғамдық бірлестігі атынан іс - әрекет етуде басшысы сондағы сопылардың пірі Пәкстаннан келген ИСматулла Мақсұм деген азамат. Оны шәкірттері әулие дәрежесіне дейін көтерген, тіпті «Мәдінің қолбасшысы» деп те атайды. Оның діни көз – қарастары мен ұстанымдарын нақты жүзеге асыруға Нарымбай тақсыр Разбекұлы бастап, Қазақстан ұлттық телеарнасының бір топ серкелері қоштап, белсене атсалысуда. Олардың ұстанымдары мен көз – қарастары Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы тікелей басшылыққа алатын әһлус – сунна ақидасы мен Ханафи мәзһабына үйлеспейді. Жалпы исматуллашылардың қатесі мен адасушылығы неде? Оған діни басқарманың жан – жақты сараптаған талдауынан айқын көз жеткізуімізге болады. Бұл топтың сөзі мен іс - әрекетіне қарағанда «зікір» терминін тар аяда түсінетіні байқалады. Олар зікір дегенде «Лә илаһа иллалаһты» айтып бас шайқап, «Һу, Хай» деуден әріге аспайды. Алайда зікір  бұл аса ұлық әрі аясы кең ғибадат. Мұсылманның имандылығы мен тақуалығы оның әрбір іс қимылынан да айқын сезілсе нұр үстіне нұр. Өйткені зікірге ғибадат, намаз, құрбандық шалу, дұға Құран оқу, шүкір, тәубе, насихат және т.б. жатады. Мұның мағыналарын Алла Тағаланың: «Мені еске алу үшін намазды толық орында» (Таһа сүресі 14- аят), «Алла сендерге бір зікір түсірді », «Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат» деп айтылған аяттарынан кездестіруге болады. Тақуа сопылардың бірі Бәһәуддин Нақшбандидың (р.а): «Жүрегің Алланың зікірінде, қолың жұмыста (тіршілікте болсын)» деген қағидасы зікірдің ұғымын кеңірек аша түседі. Бұл топ зікірді мұсылманшылықтың негізі шарты деп біледі. Кім – кімге де белгілі исламда бес парыз (шарт) бар. Ибн Омардың (р.а) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылман үметіне: «Ислам бес парызға негізделген, Алла Тағаладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның елшісі деп куәлік беру: намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару, Рамазан айында ораза ұстау, » - деп бұйырған (Бухари мен Муслим). Мұнда «зікір» исламның негізгі шарты деген сөз де жоқ, ұғымда жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с) мен оның сахабаларынан және қасиетті Құран мен хадистерден, ислам ғұламаларының кітаптарынан оқып естімеген «шариғатты» Исматулла тақсырдан тарауына қандай баға беруді көзі ашық, көкрегі сара мұсылмандар еншісіне қалдырарлық. Жиналып тек зікір салып, намазды елемеудің діңгегі ауыр күнә. Зікір ғибадаты мустахаб (істесе дұрыс, істемесе күнә саналмайтын амал). Намаз исламның бес діңгегінің екіншісі саналады. Алла Тағаланың: «Әрине намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді» (Ниса сүресі 103- аят) және «намазды орында күдіксіз, намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды» (Әнкәбут сүресі 45- аят) деген аяттары намаздың парыздығына дәлел. Анастан риуаят етілген хадисте: «Исра (Меккеден Бәйт әл Мақдиске сапар шекен) т.ні пайғамбарға (с.ғ.с)  әуелі елу мезгіл намаз парыз етілді». Одан соң қысқартылып бес уақыт болды. Кейін: «Ей, Мұхаммед! Менің үкімім өзгертілмейді. Расында саған осы бесеуінде елудің сауабы бар», - деген дауыс келді (Бухари және Муслим). «Кісіні ширк пен күпірліктен бөлетін нәрсе намаз». Омар ибн Хаттаб риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): « Парыз екенін біле тұра намаз оқымаған пенденің істеген барлық жақсылығын Алла жоққа шығарады, Тәубесіне келмейінше ондай пендеге Алланың қамқорлығы нәсіп болмайды» (Бухари жеткізген). Бұл хадистерден намазды елемеушілік қандай ауыр қасіреттерге алып баратыны көрініп тұрған жоқ па? Зікір кезінде айқайлап трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді, ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ – көбік жыны ағып, есінен танып, талып қалады. Мұндай іс - әрекетті тасаууф (сопылық) «шатахат деп атайды». Дін ғұламалары тұрмақ кейбір сопылардың өздері (Гиләни, Рифаъи) шатахатты өткір сынға алған. Мұның бәрі әдепсіздікке әрі шектен шығушылыққа жатады. Ислам мұндай іс әрекетті құптамайды. Дұға ету, зікір салу немесе басқа да ғибадатты атқаруда Алла Тағала пенделеріне былай деп кеңес береді: «Аса төменшілік пен бойұсынып, Тәңірге іштеріңнен дұға оқыдар. Шектен тыс кеткендерді Құдай жөн көрмейді» (Ағраф сүресі 55- аят). Абдулла ибн Аббас риуаят етті: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) : «Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне шектен шығушылық жеткен болатын» - деп айтқанын естіген (Тирмизи жеткізген). Қазақтың кемеңгер ақындары Абай мен Шәкәрімді бетке ұстап, өз мүдделеріне пайдаланғысы келеді. Олардың өлеңдерін дәлел – құжаттай көреді. Ислам дінінің негізі Құран Кәрім мен хадис шәріп. Ал дана Абай болса: «Әуел аят, хадис, сөздің басы» және пенделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып, «һу» деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді....Екінші бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кетуде....деуі арқылы исматулашшылар сияқты сопылардың көзқарастарын мүлде мансұқ етеді. Ұлы мужтаһид факиһтердің шариғат білімін оқып үйрену орнына, оны аттап өтіп бірден әулиелердің тариқат жолын қуып кетушілердің тақуа ақын Қ.А. Яссауи заманында да болғанына оның мына хикметі куә:

Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан келіп имандарын алар екен [ Диуани хикмет, 79]

Исматуллашылар шариғатты  білуге ықылас танытпай аттап өтіп, тариқаттың ең төрінен көрінгісі келеді (сопылықтың ең негізгі баспалдақтары: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат). Шын сопылар уахи мен шариғатқа амал етеді. Өйткені Алла тағала баршаны (әулиелерді де) пайғамбарларға бойұсынуға әмір етті. Алла Тағала: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бойұсынылуы үшін ғана жібердік» (Ниса сүресі 64 - аят) дейді. Тағы бір аятта: «Ей, Мұхаммед! Оларға: Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді де» (Әли Имран сүресі 31- аят) делінген. Хужжатул Ислам Әбу Хамид әл – Ғазали (р.а) «Мизәнул амал» кітабында: «Біл Алла Тағаланың жолында жүретін шынайы сопылар аз. Бірақ сопылықты дағуа ететіндер көп. Сопылықтың екі белгісі бар: Біріншісі шариғат аясынан шықпау, екіншісі жүрегі ұдайы Алланың зікірінде болу» деп нақты анықтама берген. «Дәйрәтүл маъариф» кітабында шайхСаһл әт – Тистириден (р.а): «біз алты нәрсеге сүйенеміз: Алланың кітабын берік ұстану, Рассулаһтың сүннетіне амал ету, халалдан ішіп жеу, біреуге зиян келтірмеу, күнәлардан аулақ болу, және мойнындағы ақыларын өтеу» - деп риуаят еткен. Әбу Язид әл – Бистами (р.а): «Керемет қасиет беріліп, аспанға көтерілген адам Алланың әмір наһииін ұстамайынша, шариғатты орындамайынша оған алданып қалмаңдар» - деді. Жүнәйд әл - Бағдади (р.а): «Рассулаһтың ізімен жүрмеген адам, үшін барша жлдар жабық. Кім Құранды жаттамаса, хадисті оқымаса, ондай адамға сенуге болмайды. Өйткені  біздің бұл ісіміз кітап (Құран) және суннамен байланысты» деген екен. Исматуллашылар дінді қазақиландыруға тырысады. Бұл өзін пайғамбармын деп жариялап, жаңа дін шығарумен тең. Бұл ауыр күнә. Мұхаммедтен (с.ғ.с) кейін пайғамбар да, жаңа дін де келмейді. Бұған Алла Тағаланың: «Бірақ Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың елшісі жіне пайғамбарлардың соңы» (Ахзаб сүресі 40- аят) және бүгін мен сендердің діндеріңді жетілдірдім, әрі игілігімді де аяқтадым. Сендердің тұтынуларыңа ислам дінін таңдадым. (Мәйдә сүресі 3- аят) - деген аяттары дәлел. Шәкірттері пірі Исматулла Тақсырды «қасиетті әке» санап құлдық ұрып қолын сүйеді - міс. Бұл да үлкен күнә саналар ширк (Аллаға серік қосу). Қасиеттілік ұлықтық бүкіл әлемді жаратқан Аллаға ғана тән. Алла Тағала өзіне серік қосқанды кешірмейтінін, одан басқа күнәларды қаласа кешіретіні жөнінде: «Алланың кешірмейтін күнәсі өзіне басқа бірдеңені теңдестіріп, Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер рахымы түссе кешіреді. Демек кімде кім Аллаға әлденені теңестіреді екен ол зор күнәһар» (Ниса сүресі 48- аят) – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с) да: «мен де сендер сияқты бір адаммын» - деп қайта – қайта айтуды ұмытпаған.

Исматулла тақсырды мүридтері (шәкірттері) әулие көреді – міс. Нарымбай: Ол бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл ,- дейді. Халық білетін әулиелер Алланың шариғатын бұлжытпай орындап, әрқандай күнәлардан сақтанатын халықшыл, ойшыл адамдар еді. Сонда Нарымбай пірін әулиелікке көтеріп халықтың діни сауатсыздығын пайдаланбақ па? Әл – Бурһан әл – Муайяд кітабында шайх Рифъаи Сендер: «харис риуаят етті Әбу Язид деді, халлаж айтты, дегенді қашан қоясыңдар?». Сендер: Шафи айтты, Малик айтты, Ахмад деді, Нұғман деді – деп айтыңдар. Алдымен анық діни қары – қатынастарды түзеңдер, содан соң қалған артықша сөздермен ләззаттанасыңдар. Әуелі шариғат негізін білім және амалмен қалап алыңдар. Одан соң анық болмаған білім үкімдері мен оның амалымен айналасасыңдар. Бір сағат білім үйрену жетпіс жылдық ғибадаттанартық. Алла тағала сауатсыз адамды уәли етпейді. Кімді уәли етсе, Алла оған біілім береді. Уәли ешуақыт фиқх білімінде ақсамайды. Ол намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет беруді  және қажылық ғибадатын өтеуді жақсы біледі – деп түсіндіреді. Қазақ тіліндегі әулие «уәли» сөзінң көпшесі болып «достар» мағынасын береді. Алла тағала өзінің әулие достары туралы: «Анығында менің ием маған кітап берген Алла. Ол жақсыларды (ізгі пенделерін) дос тұтады». (Әғраф сүресі 196-аят) және Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп – қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар. Оларға дүние тіршілігінде де ақиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы (Жүніс сүресі 62,64-аят) деп хабар береді. Ибн Хажар әулие туралы мынындай анықтама берген: Уәли Алла Тағаланы таниды, ұдайы Оған бойұсынып шын ықыласпен ғибадат етеді. Исматуллашылар жеке жұмыс істейді, өз білгенінше, қалағанынша уағыз айтады, жеке медресесі де бар. Онда қандай бағдарлама бойынша оқытылады? Белгісіз. 54 - шәкірті Алматы қалалық ішкі істер басқармасының тергеу изоляторына түсіп, ұстаздарынан көрген қорлықтары туралы мұңдарын шағуда. Олардың бір қатарын апталап емес, айлар бойы шынжырлап, қараңғы жертөледе ұстаған, ұрып соққан. Мұндай қорлыққа шыдамағандары өздеріне қол жұмсаған. Бұл жайлы «31» - ші телеарнаның (6-7қараша) бұрын соңды құлақ естімеген хабарын сан миллиондаған көрермен көріп жағасын ұстады. Ел мұсылмандары бір ғана мәзһабты ұстанғандықтан діни басқарма пәтуасын басшылыққа алды. Ал бұлар оған бойұсынар емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  мемлекетте діни істерді басқаруға мұрындық болар бірден – бір құзырлы мекеме.Өйткені діни басқарманың әрбір діни істері шариғат пен білімге негізделген. Әркім өзінше діни бірлестік ашып, өз білгенінше жұмыс жүргізе берсе, соңы не болары белгілі. Мемлекетте бір үкімет болғаны сияқты мұсылмандар үшін де бір діни басқарма болуы шарт. Оған мойұсынбау сауатсыздық әрі адасушылық.

Алла Тағала Ниса сүресінің 59 – аятында «Ей, Иман келтіргендер!Аллаға Пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойұсыныңдар» - деген. Имам Муслимнен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әрине Алла сендерден үш нәрсені ұнатады олар: Аллаға ғана ғибадат ету, оған басқаны серік қоспау, түп түгел Алланың жібіне жабысып, бөлінбеу. Седерге басшы болғандарға мойынсұну » деген. Мәһдидің шығатыны рас. Умму Сәләмәдан риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір халифа қайтыс болғанда тартыс басталады. Бір кісі Мәдинадан Меккеге қашып шығады. Сонда оның қасына Мекке тұрғындары келіп, тілегіне қарсы, оны шығарып, рукн мен мақам ортасында оған байат (серт) етеді. Оған қарсы Шамнан (Қазіргі Сирия) әскер жіберіледі. Мекке мен Мәдина ортасындағы далада оларды жер жұтады. Соны көріп шамның әулиелері мен Ирақтың құрметтілері келіп, рукн мен мақам ортасында оған серт етеді. Содан соң нағашылыры Бани Калбтан болған құрайыштық бір кісі шығады. Ол (Мәһди) оларға қарсы әскер жібереді. Әскер олардың тас - талқанын шығарады. Міне сол Калбтың әскері, Калбтың олжасынан түскен мал – мүлікті ол (Мәһди) бөледі. Адамдар Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетіне амал етеді. Жер бетінде ислам орнығады. Ол жеті жылға созылады. Кейін ол қайтыс болады да мұсылмандар оның жаназасын оқиды» - деді (Әбу Дәуіттен жетті). Әбу Сайдтен риуаят етілді: Пайғамбарымыздан сұрадық: Ол: «Меннің үмметімде Мәһди бар. Ол шығып бес, алты, немесе жеті жасайды», - деді. Біз: Ол не? Дедік. Ол: жылдар. Оған бір адам келіп: -Ей Мәһди! Маған бер – дейді. Ол оның күші жеткенінше (көтергенінше) киіміне (қалтасына) салып береді, - деді (Тирмизи жеткізген). Абдулла ибн Мәсъудтың риуаятында Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әлемнің бір күндік өмірі қалса да, Алла ол күнді ұзартып, әһли бәйтімнен бір адамды жібереді. Бұл кісінің есімі менің есіміме ұқсас, ол адам жер бетіндегі зұлымдықты жойып, орнына әділеттілікті орнатады» (Тирмизи Әбу Дәуд). Аллаға шүкір біз иман мен исламға емін – еркін амал етілетін әділетті де, құқықты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Исматулла тақсыр айтқандай  «Мәһди шықты» ол Пәкістанда – деуіне келейік. Жоғарыда айтылған хадисте  Мәһди Мекке – Мәдинадан шығады деп тұр. Сонда Мәһди туралы көріпкелдік Исматулла тақсырдың жеке өз пікір ме? Ендеше оның бұлай деу арқылы көздегенімақсаты не? Алла баршамызды тура жолға бастасын деп, имам Мәліктің (р.а): «Кім сопы болып, факих (дін құқығының білгірі) болмаса күпірлік жасағаны, Кім факих болып сопы болмаса пасық болғаны». Кім екеуін біріктірсе, Хаққа жетеді – деген сөзін еске алып, түсінуді әрі амал етуді, Алла Тағала мұсылмандарға нәсіп етсін. Ахмад Мұхаммад ибн Әжиба әл – Хасанидың (р.а) «Иқазул һимәм фи шархил хикәм» атты кітабында «Фиқсыз тасаууф болмайды. Өйткені Алла Тағаланың заһири (сыртқы) үкімдері тек фиқһ арқылы білінеді». Сондай – ақ тасаууфсыз фиқһ та болмайды. Өйткені ниетсіз әрі ықылассыз амал болмайды. Имансыз екеуі де дұрыс емес – делінген. Хусаин Уаиз Кәшифидің (р.а) «Футувватномаи Султани» атты кітабында, «Тасаууф атын алғандар, үшке бөлінеді: біріншісі мустасуф, яғни қолдан – қолға өтетін, мансап пен дүние үшін өзін дәруішке ұқсатып жүретіндер, екіншісі – мутассуф, яғни тариқаттың алғашқы баспалдағына жеткендер, үшінші суфилер – яғни өзін Аллаға бағыштаған шынайы сопылар.... Суфилер үшеу: муаширлер, мутарасмдер және мухаққитер.

Муаширлер (сұхбат құрушылар, жолдастар) сауап алу ниетінде ниетінде жүрген тасауувшылардың достары әрі әуесқойлары. Мутарасмдер дәруіштердің іс - қимылына әдетіне, келбетіне және сөздеріне еліктеушілер. Олардың ұраны жақсы болсақ, бізді дәруіштер қатарына қоссын, жаман болсақ солардың шарапатымен Алла бізді мағфират етсін. Мухаққиқтер ұдайы нәпсі тазалығына ұмтылатын, дүниені тәрк етіп, ізгі амалдарды істейтіндер делінген. Исматулла тақсыр мен оның сарбаздарын тариқаттың қайсы түріне жатқызған дұрыс? Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни ғибадат, діни іс – шараларды атқаруда Қасиетті Құран, Хз.Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың хадис шәриптері, ата – бабаларымыз ежелден ұстанып келе жатқан діни – құқықтық мектеп – имам Ағзам мәзһабына және шариғатқа қайшы келмейтін халқымыздың озық дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын басшылыққа алады. Исматуллашылардың адамның ақыл – ойын шектеп, психологиялық тәсілмен бір тақсырдың роботы етіп қоятын алқа зікір құлшылығы ислам қағидаларына жат және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына да керағар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жоғарыда айтылған жәйттерді ескерте отырып, ел тыныштығы мен халық татулығын сақтау мақсатында «Сенім. Біілім. Өмір» қоғамдық бірлестігіне яғни исматулла ағымына сауатсыздар мен адасушылардың тобыры деп баға береді. Сондай – ақ Қазақстандағы барша мұсылмандарды осы топтың арбауына түсіп, адасушылықтан сақтануға, әрі дініміздің бірлігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі жолындағы  игі шаралардың ұйытқысы болып отырған, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төңірегінде топтасуға шақырады [67, 5 б.].

 Исматулла ағымы  өз ілімдеріне белсенді жастарды  тарту үшін ақындарымыз Абай  Құнанбаев және Шәкәрім Құдайбердиевті де сопы болған өздері сияқты алқа – қотан отырып зікр салған деп айтады. Осының ақ – қарасын анықтайтын болсақ, екі ақынымызда өз шығармаларында Жаратушы жайында ой толғап, дүниетанымдық көз – қарастарын білдірген. Бірақ та ақындарымыздың өлеңдерінде сопылық сарынның ұшқындары толығымен жоқ деп те айта алмаймыз. М. Әуезов Абайдың жас кезінде шығыс ақындарына еліктеп жазған өлеңдері сопылық сарында жазылғанын айтып, «Шығыс ақындарының шығармаларында үлкен орын алған үлгі - сопылық» деген сөзін М.Мырзахметұлы өз кітабында келтірді [68, 20 б.]. Сонымен қатар ислам дінін қоғамымыздан аластату саясатында данышпан М.Әуезов Абайдың фәлсафалық толғауларының туу себебін, ахуалын көрсете келе, оның дінін «сыншыл ақылдың шартты діні», «адамгершілік мақсатына ғана арналған дін» деп анықтады [69, 392 б.].

Бұл анықтамада сопылықтың өз атауы аталмаса да бір аспектілері  қамтылғанын байқау қиын емес. 1895жылы Әбдірахманның өлімімен юайланысты қайғы мұңға бату үстінде Абай дін мәселесі  мен адамның жаратылыс сыры турасындағы тақырыптарға екі өлеңмен соғып өтеді. Бұның біреуі – ақынның нанымын аңғартқандай «Лай суға май бітпес» деген өлең. Екіншісі – адамның жаратылыс сырын сөз қылған – «Өлсе өлер». М.Әуезовтың бұл пікірн проф. М.Мырзахметұлы «Балаң ақын қаламына іліккен сопылық сарын белгілері, тіпті кемелденген ақын дүниетанымында да орын тепкенін Абайдың өмірінің соңында жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» (1902ж) деп аталатын атақты өлеңінде көрінісі берген үш сүю немесе иманигүл мәселесі Абай шығармаларында желілі түрде таратылатыны кездейсоқ құбылыс болмаса керек – ті» деп жалғастырады. Абай шығармашылығын сопылықпен байланыстыруды ғалым А.Жақсылықовта қолдайды: «Суфиские мотивы в поэзии и прозе Абая вполне закономерны, он был воспитан на сихах великих суфийских мастеров, Саади и Хафиза чью поэзию боготворил» [70, 196 б.].

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі