Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.
КІРІСПЕ...........................................................................................................4
1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48
2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102
Қ.А. Яссауидің пікірінше жаңадан бастаушылардың тариқат әдебіне өтуі және аяқтауға жақын қалғандардың бой көрсетуі орта буындағылардың бой көрсетуі төрт шартқа байланысты:
Жаңадан қадам аттағандарға ес, ой бөлінбеу үшін тек дұғалар мен ғана айналысуы үшін әуелі мекен жайға қоныстану керек. Талап етушілер арасында және ел ішінде жұмысыздық пен немқұрайылықты қажет ететін еріншектік жалығушылық болмауы үшін уақыттың зияндарынан қорғау керек. Барлық мақаматта және қылует пен қырық күн оңаша бір бөлмеде қалуда шын көңілден қалаумен түзу ниет үшін дәруіш жолын таңдаған шынайы достары болуы керек. Осылардан кейін сұлтанға мойынұсынуын, онымен қарым – қатынаста болу ілім адамдары арасында жоғарлауға дамып өсуден өзгелерден жоғары тұруға септігін тигізеді. Яссауилықтардың көз – қарасы бойынша алғаш қадам аттағандар мен алла жолында күресушілердің баспалдақтарының мақсаты – дәруіштік жол. Қ.А. Яссауидің көз – қарасы бойынша сопының дәруіштік өмір салты мен Алланың жолында күресуге дайын болуы, жеп – ішу қызметінен, оңашаланып мына дүниеден бас тартып, нәпсісін тиып, ішімдіктерден бас тартуы керек. Көз бояушы дүниеден бас тартып, игілікті ізгілікпен өзін - өзі бақылап отыруды өзінің басты өнеріне айналдырып, нағыз сопы бола алуы керек. Сондықтан Яссауи жолында жаңа қадам аттағандар үшін, түрлі күрес пен дәруіштік өмір салты тағайындалған. Олардың көз – қарасы бойынша нәпіл оразасы үшінші күнге жетсе ішкі дүниесіндегі «тозаң», зұлымдық жойылады. Бесінші күнге жетсе көңіл дарияларының қайнар көздері ашылып, аза бастайды.
Ал егер тоғызыншы күнге жетсе жүректер ашылып ұлылыққа қол жетеді. Бірақ бұл барлық дәруіштік өмір салты мен күрестер шейхтың рұқсатымен, бұйыруымен болуы шарт. Олай болмаған жағдайда пайда емес, керісінше зиянға әкеп соғады [61, 50 б.]. Яссауи жолында әр кездескен сайын сәлем берілген кезде сол қолдың сырты жерге тигізіліп (қойылып) оң қолымен өзінің арқасында шеңбер жасау әдеті бар. Дәруіш сол аяғын жерге қойып, сол жақ бетін де жерге тигізіп, құрбандық қой сияқты оң аяғының өкшесін созады. Дұға етіп жалбарынып пірінің алдында мұңайып, үлкен қасірет шегіп кемшілігін айтады. Ақырында тәкбир мен пір жетіп, оның құрбандыққа қой шалғанын түрін өлмес бұрын өлу кейпіне жеткізеді. Тазалық шариғатында үлкеннен кішіге сәлем сүннет.
Егер пір оның кемшілігін айтпаса, жауап ретінде құрбан тәкбрін айттырады.Дәруіштің, пірдің «тәкбир» борыш нығметіне шүкірлік ретінде және де кемшіліктерінің кешірімін өтеген кезде сол қолымен шегініп кетуі керек. Егер қолында бір нәрсе болса,өтіне отырып көрсетеді, ал егер дайын нәрсе жоқ болса,тек өтінуі ғана жеткілікті саналады. Ішкі рухани дүниесінің жолын жаулап алу үшін кемшіліктерінің кешірімін өтінуі және осылайша үлгі тұтатын адамның алдында өтінуі Аллаға жақын болуына себеп болады. Үлгі алатын адамының оның өтінуіне жауап дұғасы қабыл болғандығының белгісі. Сопылыққа жаңа қадам бастаған адам мен кешірім өтіну табалдырығында тұрып, Алла жолында болмайынша қабыл болу және жақын болу дергахы (теккесі) оның жүзіне ашылмайдыжәне мұратына жете алмайды. Қожа Ахмет Яссауи: «Кешірім, өтіну жол ашады» - деген екен. Дәруіш тахажжуд намазын қысқа сүрелермен оқу қажет. Өйткені ұзын сүрелер оқу кез – келген адамның қолынан келмейді. Он алты ракат тахажжуд намазын өзіне тән әдебі мен оқығаннан кейін екі рет калимай тамжид (таңғы намаздан бұрын оқылатын сөздер) және үш рет салауати хамс (бас намаз) оқуы керек. Содан кейін қайғылы, мұңға толы дауыспен дұға етіп, жалбарынып және және ішкі шермен қайғымен жүз бір рет истиғфар (кешірім) бес рет калимаи истиғфар, дауы шығарып және калимаи жалал оқылады. Содан кейін зикр арра (ара зікірі) оқылады.
Бұл зікірді дәруіш терлейтіндей соншалықты күшті қарқында орындау керек. Өйткені сопылардың зерттеулерін қарағанда тариқат тек қана осылайша тазалануы керек. Одан кейін түннің уақыты жететін болса Иасин, Музаммил, Ағла, Алам – нашрах, Инна әнзәлна, Қурайш, сүрелері оқылады. Таң сәріде Аллаға жалбарына отырып, мінажат етеді. Таңғы намаздан кейін жиырма бес «Аллаһу акбар» қайталанады. Таңғы намаздан кейін жиырма бес рет «Субханаллаһ», жиырма бес «Әлхамдуллилах», жиырма бес «Лә илаһа иллалаһ» және жиырма бес «Аллаһу акбар» қайталанады. Жүз бір Жалал есімі айтылады және асқан сүйіспеншілік, ізгі тілек және жан толқумен ара зікірі ұласады. Өйткені зикр арра (ара зікірі) уақытша жоқ болуға және мәңгі бақи дәруіштікке жеткізеді. Содан кейін шын көңілден бар жан – тәнімен өз ішкі дүниесінің тереңіне үңіліп, біраз уақыт мына дүниеден алыстап, байланыс үзеді. Тағзым етіліп Иасин сүресін аяғына дейін оқиды. Алладан кешірім сұрайды. Шейхтардың және ата – бабалардың рухтарына арнап «Фатиха» сүресін оқиды. Мәжілістегілермен қол алысады. Содан соң тасбих және тахлил, құран оқу және оны басынан аяғына дейін оқып шығу және дұға етіп қол алысқаннан кейін, шын жүрекпен және жалбарына отырып екі ракат «Ишрак» намазын оқиды. Түскі намаздың парызынан кейін алладан истиғфар етіліп зікірге ұласады. Кеш түсіп төңірек қараңғыла бастағанда қабір қаранғылығы мен сол кездегі жалғыздық еске түсіріліп дұға оқып жалбарынады [62, 144 б.]. Риясыз намаз ету мен ораза ұстау негізгі ғибадат. Оның ішіндегі ең маңыздысы таң намазы. Қ.А.
Яссауи жолында зікір – Алланы еске алу. «Лә илаһа иллалаһ» «Алла», «Һу», «Хай», «Антал хади», «Антал Хақ» сияқты зікірдің қалыптары бар. Яссауи жолында зікірдің мәнін сезіне білу тиіс. Яғни ғибадат етуші нені еске алып, не айтып жатқанын біліп, санасында «Ол әлем жандануы тиіс, зікірдің сонда ғана пайдасы болады». Сонымен қатар Яссауи жолында сұхбат мәселесі бар. Сұхбатты даналар мен кемел адамдар айтушы, ал қалғандар тыңдаушы. Сұхбаттың өзіндік этикасы бар. Яссауи жолында жаннан кешіп сама (діни әндерді орындау) жасау методы бар. Бұл рухани діни бидің түрлеріне жатады. Бұл жайында өз хикметінде былай дейді:
Шиблиди сама жасап, жаннан кешсек
Періштелер жиналып сұхбат құрды
Бимен сама жасауға бет бұрды
Енді мен де ракс (рәсімдік би) сама жасағым келді
Бірақ сама дүние үшін емес, яғни рия үшін жасалынбауы керек.
Дүниені тепей, ракс, сама жасайтындар надан жахил
Хақ зікірн еш айтпастан жүрер ғафил
Дәруішпін деп айтады көңіл дүниеде
Дүние үшін ракас, сама жасайды олар
Сама (діни әндерді орындау) және би Аллаға ұласу жолында рухани шабыт үшін қолданылған әдістер. Бұған үлкен ықылас қажет. Яссауи жолында зікірдің жеке және алқа түрлері бар. Мәжіліс құрып алқалы топ құрайды:
Хақ жамалын талап етсең ей, зікір етушілер
Жаннан кешіп халық ішінде рәсуа бол
Алқалы мәжілі, зікір мен діни әндерді орындау, би, қобыз бен сырнай да бар. Бұлар сол дәуірдің аспаптары. Сопылықта қобыз, домбыра сырнай бәрі болған [63, 88 б.]. Осы орайда Яссауидің жеті принципіне тоқталып кетсе болады. Яссауи жолындағылар Алланың махаббатын талап етеді, ықыласты іздейді маңдай терімен күнелткен басқа діндегілерге төзімді нағыз ғылым іздеушілер болған. Ақиқатты білім жолынан іздеген. Яссауидің жеті принципі қазіргі таңда өте маңызды, соған қысқаша тоқталсақ:
1. Аллаға ғашық болу – Яссауидің дүниетанымында Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берілген. Себебі Алланы тану – көңіл көзін ашудың негізгі кілті. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттірмейтін басты өзегі – Алланы тану. Сопылық д.ниетаным бойынша әлем мен әлемдегі барлық жаратылыстарды Алла ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Құран Кәрімде: «Шын сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар. Тағыда өз болмыстарыңда белгілер бар. Еш көрмейсіңдер ма?» - деп адамның болмысы дене құрылысы, Құдайдың бар екендігін, осы тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін дәлелдейді. Құдайдың құдіретімен шеберлігі кездеспейтін ешбір дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс құдайдың жаратқан өрнегі, Алланың ауызбен айтып жеткізуі мүмкін емес шеберлігінің белгісі болып табылады. Құдай осы ақиқатты былай деп түсіндіреді: «Қайда қарасаң Алланың жүзі, рақымдылығы, қайырымдылығы құдіретті» (Бақара сүресі 115- аят). Қ.А. Яссауи – осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүткіл жаратылыстар Ұлы жаратушының құдіреті шексіз екендігін көрсетеді. Ұлы бабамыздың көз – қарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Аллаһтың ұлы кеңпейіл мейірімді де рақымды екенін дәлелдейді. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек ол ғана. Ол шексіздік қайнары. Жаратылыстың жаралуына «ғашықтық» себеп болған. Міне осылай әлемнің жаратылысына ой жүгірте отырып, Алланы танығаннан кейін, ғашық болуға жол ашылады. Мұсылмандық сопылық дүниетанымы бойынша тақырып бойынша ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) бір құдси хадисінде ұлы Жаратушымыз былай дейді: «Мен құпия бір қазына едім, білінуді қаладым, ұнаттым, мені білсін деп әлемді жараттым». Құдси хадисте баяндалып отырған ғашықтық (ұнату, қалау) Құдайдан бастау алған және бүкіл әлемнің жаралуына себеп болған.
Хақтан бастау алған ғашықтық сүйіспеншілікті ұғынған кемеңгер бабамыз әлемнің иесіне осы жолмен қайта қауышуды таңдаған. Сонымен қатар мына әлем және бүткіл жаратылыстар мен мақұлықтар өте әсем шеберлікпен жаратылған, әрі бүткіл жаратылыстар мен мақұлықтардың және адамдардың өздеріне тән әсемдігі, сұлулығы бар. Мұхиддин әл – Араби айтқандай: «Біз Алланы сүйеміз, өйткені ол сұлу» - демекші өте көркем асқан сұлу мына әлемді ондағы жаратылыстар мен мақұлықтарды жаратқан Алла да сұлу, көркем. Сондықтан ғашық болуға әрі құл болып табынуға лайық тек Алла. Аллаға ғашық болу нәпсілік қалауларды тәрбиелейді және көңіл кірлерінен арылтады, адамның көңіліне жақсылық, сұлулық, нәзіктік ұрығын себеді, жүрек көзін ашады және көңіл сарайын кеңейтеді. Махаббат адамның менмендігін ішінднгі қатыгездігін кек пен жек көрудің тіпті қалдықтарына дейін күлін көкке ұшырып, нәзіктікке, сүйіспеншілікке, рақымдылыққа, әділдікке бастайды.
Кел достар Алла атын дәйім айтқын
Алла атын көңіл кілтін ашар достар,
Астағфиралла истиғфарды тынбай айтқын
Шайтан малғұн тәннен шығып қашар достар (Қ.А.Яссауи хикметі)
Қ.А. Яссауи бабамыздың көз – қарасы бойынша Аллаға деген ғашықтығы мен сүйіспеншілігін жүректеріне, көңілдеріне және ақылдарына тоқымаған адамдар құрғақ сенім мен құлшылықта жасағанмен рухани жетіле алмаған адамдар. Тіпті аталмыш адамдардың имандары да жоқ деп түсіндіреді:
Абид болма, заһид болма, ғашық болғыл
Ғашықсыздың жаны да жоқ әрі иманы
Қ.А. Яссауидің көз – қарасы бойынша Алла адамның көңілінде, жанында орын тепкен.Адамның көңілін Алла үйі қағбаға теңеген қажы Бекташ Уәли де Қожа Ахметтің осы пікірін қуаттайды. Қажы Бекташ Уәли «Алла үйі қағбаға аяғымен қажылыққа барған адамға Құран жолдас, ал адамның көңіліне тәңір жолдас» дей отырып, Құранның: «Біз оған (адамға) күре тамырынан да жақынбыз» (Қаф сүресі - 16 ) – деген аятын назарымызға ұсынады және аталған түркі дәруішінің жоғарыда баяндалған ойы Қ.А. Яссауидің мына бір өлең жолдарымен сабақтасып жатыр:
Алла, Алла жаным Алла, ділім Алла
Сенен өзге қорғаушым жоқ Олла, Билла,
Жылап келдім дергаһыңа байлығым Алла
Достар қожам мені пендем дегей ме екен.
2. Ықылыс. Құран Кәрімде баяндалған: «Мен жындар мен адамдарды тек маған құлшылық қылсын деп жараттым» аятына сәйкес Алла Тағала адам баласын өзіне құлшылық жасау үшін жаратқан. Сондықтан біздің бұл дүниеге келуіміздің себебі – Алла Тағаланың барлығын, бірлігін мойындай отырып, оған құлшылық жасау, оған құл болуға өзімізді ұсыну. Кез – келген Алла үшін жасалынатын ізгі ниеттегі амалдар ниетке немесе көңілге байланысты яғни ықыласпен орындалатын амал жемісті болмақ. Ықылас – шын пейілмен, шын жүрекпен зейін қою, ниет ету немесе бірнәрсені жүзеге асыру деген сөз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сен Аллаға құлдық және ықыласпен бағын» (Зүмәр - 39) – деп барлық құлшылық пен амалдарды тек Алла ризашылығы үшін, яғни ықылас арқылы жасауды ұсынған. Ал оның қарама – қайшысы «біреу мені көрсін, мақтасын» деген оймен мақтаныш, мансап үшін орындалатын ғибадат «рия» болып табылады. Белгілі бір дүниелік пайдаға немесе мақтанышқа бола орындалатын амалдың ешқандай сауабы жоқ, керісінше орны толмас күнә, қылмыс тіпті «ширкке» жатқыза аламыз. Осы тақырып бойынша ардақты Пайғамбардың хадисінде былай делінген: «Көрсету үшін ораза тұтқан, намаз оқыған, иман еткен адам» - Аллаға серік қосқан адам.
Ықылас керек, ей ізденушім, ғашық болсаң
Жаннан кешіп бейнет тартып садық болсаң,
Онан кейін Хақ алдында лайық болсаң,
Лайық болмай, кқрсе болмас (Қ.А.Яссауи хикметі)
3. Адам сүйіспеншілігі. Адам жер бетіндегі кемелденіп жаратылған жаратылыс. Барлық нәрсе адам үшін адам игілігіне пайдалану үшін жаратылған және адам жер бетіндегі Аллаһтың орынбасары екендігі жайлы Құран аяттарында орын алған. Сондықтан адамдарды адам үшін сүю дініміздің негізінде жатыр. «Бір – біріңді сүймейінше» - дейді Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар – нағыз мұсылман бола алмайсыңдар». Құран Кәрімде «Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар, әке – шешеге жақсылық істеңдер жақсылық істеңдер, жақындарға жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар» (Бақара 117- аят) деген Алланың бұйрығына сай мұсылмандық мораль қағидаларындағы әке – шешемен, балалармен, көршілермен туған – туыстармен жақсы қарым – қатынас жасау, үлкендерді құрметтеп, кішілерді сыйлау, әлсіздер мен мұқтаждарға көмектесу, жетімдерге пана болу сияқты негіздер адам сүйіспеншілішгіне жатады. Ардақты пайғамбардың: «Адамдардың ең қайырлысы, адамдарға пайдасы тигендер» немесе қайырымды болғандарға Алла да қайырымдылық жасайды деген сөздеріне қарай отырып мұсылмандықтағы адам сүйіспеншілігінің орны ерекше екендігін аңғару қиын емес. Иманды адам дүниеге қатыгездікпен емес, сүйіспеншілікпен және мейірімділікпен қарайды. Имандылық жол – бауырмалдық өзара түсіністік бір – бірінің көңілін сұрау мен бір – біріне көмектесу жолы осы жолмен Хақты іздеуге шыққан адам оны табары анық. Осы мәселе бойынша ардақты Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) бір құдст хадисінде былай делінген: О дүниеге барғанда Алла Тағала айтады екен: Ей, адам баласы! Мен ауырып жаттым, сен келіп көңілімді сұрамадың деп, Адам таң қалып: Уа Раббым Хақ, Сен бүткіл әлемнің иесісің мен Сені қалай көремін дейді емес пе? Сонда Алла Тағала: Түгенше ауырып жатқанда сен оған бармадың, барғанда ғой соның алдынан Мені көрер едің. Ей, алдам баласы өзің ауқаттандың, бірақ мені шақырмадың. Адам тағы да дал блып: Уа, Раббым Сен бүткіл әлемнің падишасысың , мен сорлы Сені тамаққа қалай шақырамын – дейді. Сонда Алла Тағала айтады екен: Түгенше деген пендем бір нәрсеге қатты мұқтаж боп, алдыңа барғанда сен оның меселін қайтардың. Егер келген шаруасын бітіргеніңде мені тапқан болар едің депті. Міне бұл – мұсылмандық жол. Демек пенденің адамдарға қарасу, оларға көмектесу арқылы Алланы абары Хақ.
4. Діни төзімділік. Жер бетіндегі адамзат баласы бірдей етіп жаратылған кемел жаратылыс екендігі жоғарыда баяндалған, бірақ құдіретті Алла адамзатқа сенім еркіндігін берген. Сондықтан қазіргі жер бетіндегі адамдар әртүрлі нәрселерге сенеді, олардың бірі – мұсылман, бірі – христиан, бірі – буддист, тіпті бірі құдайға сенбейді. Ал біздің міндетіміз – адамдардың ар – намысына, азаматтық құқығына қол сұқпау, оларды дініне қарй бөлмеу, алалмау және кемсітпеу, керісінше адам баласы кемелденіп жаратылған жаратылыс болғаны үшін сыйлауға құрметтеуге міндеттеміз. Ал ол кәпір ме, мүшірік пе, мұсылман ба, сол құл мен Алла арасындағы өзара мәселесі. Міне бұл діни төзімділікке жатады. Құран Кәрімде: «Дінде зорлық жоқ» - дегені сияқты әрбір сенім иесіне ақыл – кеңес берумен шектелу міндеттелген. Ахмет Яссауи де исламдағы діни төзімділікті жақсы ұққан сопы. Оның пікірі бойынша жақсы мұсылман адам, бүкіл адам баласының кез – келген қырынан ең кемелі болуы тиіс. Оның көз – қарасы бойынша кәміл мұсылман адам Ұлы Алланың барлығына, бірлгіне иман етіп қана қоймай барлық адамды бақытты қылатын турашыл кемел үлгі болатындай адам болуы керек. Діни төзімділік әдісті ұғымды қолданған кемеңгер бабамыз қандай нәсілді қандай дінді қандай ұлтта болса да барлығына Жаратушының пендесі ретінде қараған, тіпті діни төзімділікті Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннеті деп білген.