Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Дін жолында менмендікке  салынып, мен білемін деуді, Жаратушымен  жарысуды болдырмаудың жолы Яссауи хикметтерінде  шариғатқа мойынұсыну арқылы жүзеге асырылады. Сопылық жүрек қалбеті (жүрек) танымның және құдайлық ғашықтық пен құдайлық дидардың объектісі ретінде қабылдайды. Құран қалбтің «дұрыс иман» мен «түйсіну» қуатының орталығы екендігін көрсететін «Неліктен Құранды ойлауға тырыспайды» Жоқ әлде қалбтер құлыбтанған ба? , Алла олардың «қалб құлақтарын» мөрмен бекітіп, көздеріне перде тұтты. «Қалбтеріміз перделенді» деді. Қалбтерін тотбасқан және мазмұндас аяттар көп. Көріп отырғанымыздай бұл таным «сезіну – түйсіну» сыртқы бес сезім мүшесі арқылыемес, «ішкі көңіл көзі» арқылы жүзеге асады. Ақыл, сезім, ой, ерік сияқты барлық рухани функциялар осы қалбтен туындайды. Сондықтан қалб ойлау, сезіну, талап ету адамды ғайып әлемімен айланыстыру арқылы оның белсенділігін қалыптастыратынқуаттардың көздері болғандықтан ақылдан, нәпсі мен шайтаннан келетін әсерлерді реттеп, қалыптастырып отырады. Яғни қалб сыртқы орталықтардан келген әсерлер мен мәліметтерді ақыл, сезім, құмарлық сипаттарына қарай қабылдап жүйелейді. Яссауидің өз мәніңді таны дегендегісі осы қалб, көңіл, рух. Егер адам ішіме мән мағына толсын дейтін болса хәл ілімін адам мәселесінің танымдық қырының ашылуын қамтамассыз етеді.

Сопылық дүниетанымда адам «қауіп пен үміт» арасындағы тепе – теңдікті «иман нұрынан» ғана ала алады. Яссауи: «Мен асимын, күнәм батпан, «хамд уа сана» айтқам жоқ, тауық құрлы болмадым, Ол таң сәріде «сана» айтады деу арқылы адамдық сананың Жаратушыны мойындау, тану, иман ету екендігін нақтылай түседі. «Адамдық сана – Жаратушы тарапынан берілген адамның табиғаты, уазипасы , мәні. Тауық та жаратушы алдында өз парызын орындаудан таймайды. Ал біз ада деген ең ардақты атты алған ақыл иесі болмыс болсақ та адасудамыз деген ой айтады. Адамдық сана, адамдық санат оның ахлақи – моральдық рухани кемелдігі арқылы көрінеді. Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар, нәпсің сені ақыр демде кедей қылар, қлеріңде иманыңнан жұрдай қылар деп айқын түсіндірген. Жалпы Яссауи үшін нәпсі адамның надандығының жақсы мен жаманды ажырата алмауының, имансыздығы мен құмарлығының басты себебі. Бұлардың барлығының басты себебі адамның жүрегіндегі «иман» деген нұрдың өшіп қалуы мен бұрыс тәрбие жүйесінен туындайды. Жүректе иман  оты тұтанбайынша қылған құлшылықтың пайдасы жоқ. Яссауи арды «имани нұр» арқылы негіздейді. Иман, имандылық тікелей Жаратушы ұғымымен байланысты. Иман жүректің тереңінде жасалған хәл. Яссауидің «Мират ул Қулуб» атты рисаласында үш түрлі нұр қарастырылған: Біріншісі зат нұры, екіншісі сипат нұры, үшіншісі Хақ нұрыБұл жердегі зат нұры Алла тағаланың нұры, сипат нұры да Хз.Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) пайғамбарымыздың нұры, хақ нұры адам заттың бұл дүниеде көрген нұры. Бұлар толығымен сопылық дүниетанымдық категориялар. Жоғарыдағы сипат және зат нұрлары Жаратушының субстанционалдық және сипаттық ақиқатын көрсететін ұғымдар. Яссауи ілімінде осы мақамды ашудың сатылары бар. Олар шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат.

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ: (САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)

 

2.1 Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері

Исматулла ағымының негізгі  жақтаушылары және ілімін таратушылыр  жастар, сонымен қатар оның ішіне  жоғары лауазымды шенеуніктер де кіреді. Сондықтанда әлеуметтік тобын көбінесе ауқатты адамдар құрайды. Исматулла ағымының артында қандай күштер тұр? Бұл турасында екі жорамал бар. Кезінде Ауғаныстандағы талибтерді қолдаған Пәкістанның бұрынғы премьер министрі Беназир Бхуттоның идеологтары Орталық Азияны да өз өз ықпалында ұстау мақсатымен түрліше жоспарлар жасағаны белгілі. Первез Мушаррафтың әскери төңкерісінен соң олар шашырап кетсе де, кейбірі әлі бой тасалап жүр. Болжам жасаушылыардың кейбірі қазақстандық осы «исматуллашыларды» бхуттошылармен байланыстырады. Айтатын қисыны – Исматулла Пәкістаннан келген. Енді бір болжам жасаушылар: «жоқ бұлардың артында шиитттер», яғни Иран тұр деп қарсы пікірлер айтады. Өйткені қазақстандық «исматуллашылардың» таратып жүрген идеологиясында шииттік ағымның элементтері бар. Осыдан екі жыл бұрын Түркістанда өткен «исматуллашылардың» құрылтайында (Пірге қол беру рәсімі), Исматулла: «Әділеттік орнату үшін жер бетіне Мәді шықты, қазір ол Пәкістанда жүр» - деп мәлімдеме жасапты. Мәді – шииттер үшін жоғалып кеткен он екінші ғайып имам. Сондай ақ  Исматулла өзінің кітабында сунниттер әділ халифа санайтын Омарды анекдотқа қосып, әжуалап қойыпты. Осы және басқада шиизмге қатысты дәлел айтушылар Исматулланы Иранмен байланыстырады. Ал Иранның әлемдік саясатта Ресеймен мүдделестігін ескерсек «исматула жобасы» Мәскеу арқылы жүргізіліп жатыр ма? Деген де дерек қылаң береді. Әрине сырт көзге бұл пікір қисынды болғанымен әрі нақты, әрі дәлелді фактілер жоқ. Жоғарыдағы айтылған екі болжам үлкен зерттеуді талап етеді. Кезінде елден аластатылған Исматулланың артынша Қазақстанға оралуына «исматуллашылардың» еркін жұмыс істеуіне тіпті күшейіп кетуіне байланысты болжам айтушылар: «Исматуллашыларды» мемлекеттің жоғары лауазымды кейбір шенеуніктері қолдап отыр дейді [54, 9 б.]. Бұл жерде мәселенің барлығы «исматуллашылардың» құйтырқы тактикасында жатыр. Үлкен лауазымды немесе қоғамда беделді адамдарды қалқалап, өздерін солармен бірге екендерін көрсетеді. Кейде солардың атынан сөз айтып, былайғы жұртқа доқ көрсетіп қоятын тәсілді де қолданады. «Исматуллашылардың» жедел жедел алып бара жатқанын әзірше олардың осы тактиканы жақсы меңгеріп алғанымен ғана алғанымен түсіндіруге болады. Олардың көздегені дүние мүлік пен саясатта белгілі бір орынға ие болу. Бұл классикалық сопылыққа жат іс - әрекет.

Орталық Азияда Соның  ішінде әсіресе оңтүстік өңірде (Түркістанда) кең тараған Қ.А. Яссауи ілімін зерттеуші ғалымдар: А.Вамбери, И.Кастанье, П.Позднев, Л.Тройцкой, А.Сухарев, Н.Басилов және т.б айтуынша Қ.А.Яссауи өз ілімін тек рухани – мәдени тұрғыда таратқан, еш уақытты саяси мәселелерге араласпаған [55, 224 б.]. Оның ілімі қазақ халқының дүниетанымымен үйлесіп жатты. Ал қазіргі таңдағы «исматулла» ағымының  ұстанып, таратып жүрген қағидалары Қ.АЯссауи ілімінен өзгешеліктері бар. Енді Қ.А. Яссауидің рухани тәрбие жүйесіне тоқталып кетейік. Қоғам тіршілігі де діни ілімдер де сопылық жолдың  ұлылығын толық мойындайды. Елімізде таралған сопылық ілімнің негізін қалаушы Қ.А. Яссауи.

Қ.А Яссауи ілімінің ең басты арнасы Құран мен сүннетке сүйеніп, тақуалық жолды құрайды. Қ.А.Яссаудің дүниеге көз – қарасы ақиқат, әділет, қанағат, нысап сияқты мәселелрге өз дәуірінің перзенті сипатында ислам дінінің қағидаларына сүйеніп, оны қалтықсыз башылыққа алып отырды [56, 5 б.].  Қ.А Яссауи мистикасынан адамның рухани жан – дүниесін нұрландыратындай жарық сәулені көруге болады. Қ.А. Яссауи ілімінің негізгі:

А) Шариғат

Б) Тариқат

В) Мағрифат

С) Ақиқат

Шариғат – ислам дінінің  заңдары мен әдет – ғұрыптарының жинағы. Тариқат – сопылықтың мұрат – мақсатына жеткізетін жол. Мағрифат – дін жолын танып, оқып білу. Ақиқат – Алла Тағаламен  табысып бірлесу, Жаратушы Алла ең үлкен ақиқат. Ондағы барлық нәрсе толығымен жетілген саф таза да әдемі оның әділеттілігіне ешкім де нұқсан келтіре алмайтын өзіне ғана тән әділет көз – қарасы да қарама – қайшылықсыз деген қисынды қамтиды. Яссауидің мистицизмге құрылған данышпандық толқынының тиімді мәйегі де, дәнегі де Ұлы Алланы тану, табысу ілімі мен өзінің шырқау биігіне көтеріледі. Яссауидің махаббат ғашығы - Аллаға қашық болып онымен табысуы. Ол үшін небір қиын бейнет азабын тартып, қайғы қасіреттерді шегіп, ғашықтық жолында жан бергеннің арманы жоқ дейді. Адам рухани жан – дүниесін тазалау үшін қиыншылықтарды басынан өткізіп жәбір жапа шегуді мойнына алмағы шарт деп үгіттейді [57, 14 б.]. Қожа Ахмет Яссауидің ойынша сопылыққа түспес бұрын бұрын шариғатты меңгеріп алу керек. Шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат кезеңдерінде  Қ.А. Яссауи бабамыз Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) мен Хз. Алидің (р.а) сөздеріне сүйене отырып, аса зәру деген 40 сатылы жолды білмеген жанның дәруіш болуы харам екендігін айтады. Сол сатылардың тізімі:

10 – шариғатқа тиесілі:

  1. Иман келтіру
  2. Намаз оқу
  3. Ораза тұту
  4. Зекет беру
  5. Қажылық өтеу
  6. Жақсы сөз
  7. Оқып білім беру
  8. Дінді Ұлы Алланың елшісі сияқты бұлжытпай орындау
  9. Діни қағидаларға мойынсұну
  10. Тиым салынған нәрселерден аулақ болу

10 – тариқатқа тиесілі:

  1. Тәубеге келу
  2. Пірге қол беру
  3. Қорқыныш пен үміт
  4. Ғибадат пен зікір
  5. Нәпсіні тию
  6. Пірдің рұқсатымен пікірлесу
  7. Пірге қызмет қылу
  8. Ақыл насихатқа дағдылану
  9. Елден оңашалану
  10. Оңашада тақуалық ету

10 – мағрифатқа тиесілі:

  1. Аллаға бейім болу
  2. дәруіштікті қабылдау
  3. Сабырлық
  4. Адал ораза
  5. Жаңа білім табу
  6. Тариқат негіздерін орындау
  7. Дүниеден бас тарту
  8. Ақіретті ойлау
  9. Алланы сезіну
  10. Ғайыпқа ортақтасу

10 – Хақиқатқа тиесілі:

  1. Бой ұсыну
  2. Жақсы мен жаманды тану
  3. Қанағат
  4. жақсылық пен құрбандық жасау
  5. Ешбір адамды ренжітпеу
  6. Пақырлықтан бас тартпау
  7. Хақ жолында жүру
  8. Сыр сақтай білу
  9. Шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат мақамдарын біліп, амал ету
  10. Аллаға құрмет білдіру [58, 32-68 б.].

«Иман - шариғат», «мәні - тариқат» - деген ұлы ұстаз. Ақиқатты танудың басты шарты имандылық деп білген. Ал имандылық бастауы – мұсылмандылықтың мінез – құлық қағидаларына негізделген шариғатта бекітілген. Шариғаттың ішкі мәні – ақиқатқа жету жолы тариқат болғанымен, оның маңызы ақиқат жолындағы әрбір адамға берер имандылық білімі, яғни адамгершілік жолын көрсетер жарығы. Ислам діні бойынша шариғаттың бес парызы бар: иман яғни таным, намаз, ораза, зекет, қажылық. Шариғат бұл парыздың орындалуын қатаң талап етеді.

Шариғатсыз тариқатқа  өте алмадым,

Ақиқатсыз мағрифатқа бата алмадым (Қ.А.Яссауи хикметі) – делінген жолдардан осы пікірімізге толық  қолдау табамыз. Ғашықтың тариқат данасына дейін өсу үшін ғашықтар білімі –  шариғатты меңгеру қажет. Шариғат  – тариқат жолындағы майшамың бірақ оның мәнісі жолға түсіп жүргенде ашылады. Сондықтан өз шәкірттеріне ғұлама «намаз оқы, ораза ұста» әр ақшамда солай болып мұратыма жеттім – деп өсиет айтқан. Алла жолында күндіз түні иман тілеу, нәпсі тиып, рухани тазару, тәубе қылу сияқты моральдық этикалық өсиеттерін Құран аяттарымен дәлелдей отырып баяндайды. Демек ғұлама кейіннен сөз қылатын, ой толғамындағы негізгі жүйелік ойлар: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат жолдары маңында қозғалады. Ақиқат жолының мәні – тариқат жолында адамның Хаққа ғашықтығы мен оның алдындағы ғаріптігі күпірлігін сезіну қайғысы екі желілік жүйе болып жырланады. Ақиқат және мағрифат білімінің кейбір қырлары ашылады. Ал ені осы желілік ойлардың тепе – теңдік сақтаушысықызметін шариғат атқарып тұр. Ғұламаның «Бисмилламен» бастаған даналық жайлы кітабының үйлесім түзушісі, өрілім тұтастырушы сопы танымының өзекті бір жемісі – шариғат. Шариғат жемісі күпірлік пен ғашықтық жемісін үйлестіріп ерекше өрілім түзіп, ақиқатқа бастайды. Сондай ақ адам жанында о баста бар қорқыныш бастау көзінің иман шариғаттан медет табуынан ақиқат алдындағы күпірлік дамиды. Шариғат осы бастау көзді екі желіге жеке – жеке жіктеп қоймайды, әр деңгейде шешіп жаңа сапарда ымырластырады. Бұны шығарманы тереңдей бойлап оқығанда байқаймыз, бірақ сыртқа көрінер бір белгісі шумақтардың сқңғы сөйлемін түйінді ой ретінде «жылап дұға қылам саған», «Бір және барым дидарыңды көремін бе?» - деген сияқты ойлармен түйіндеуінен байқаймыз [59, 33-11 б.]. Жалпы Яссауи тариқатының үкімдері бесеу:

  1. Мағрифати Хақ Алланы түсініп білу
  2. Сидиқи Мухаққақ – ақиқат, шынайылық
  3. Иақини мустағрақ – білімге терең бойлау
  4. Тауаккули ризқи муаллақ – ризықты Алладан күтіп, тәуекел ету
  5. Тефекури мудаққақ – терең ойлау

Шейхтардың (ұстаздардың) және үлгі болудың алты бағыты бар:

  1. Илми дини йақин – діни ілімде терең болу
  2. Хилми мубини метин – асқан, берік, шыдамдылық
  3. Сабри Джамил – сабырлылық таныту
  4. Ризаий джалил - өте жақын болу
  5. Ихласи халай – шынайы ықылас
  6. Қурби джазил - өте жақын болу

Тариқаттың уәжіптері  алтау:

  1. Талаби сахиб – кемал мик теккарруби зул джалал – кемеліне жету талабы мен Ұлы Аллағ жақын болу
  2. Шевки уисали лә йазал – Мәңгі Аллаға қауышу тілегі
  3. Һауфимулки бизәуал фил айами уәл ләйәл – күндіз – түні мал – мүлкін жоғалтып алу қорқынышы
  4. Рижа фил кулли  ахул – барлық жағдайда үміт ету, үміт жоғалтпау
  5. Зикр алад дәуам – Үнемі Алланы еске алып отыру
  6. фикри тауассули Хаий Мутеал – Ұллы Аллаға қауышуды ойлау

Тариқаттың сүннеті алтау:

  1. Жамағатпен намаз оқу
  2. Үнемі дәрет алу
  3. Таң сәріде ояу болу
  4. Алла атымен тыныштық
  5. Үлгі болуға мойынсұну

Тариқатта қалуды хош  көретін, іске асуын ұнататын алты нәрсе  бар:

  1. Қуаныш, шаттық және қонақты қошеметпен күту
  2. ҚҚҚолынан келгенше әлі жеткенше қонақ күту
  3. Қонақ қаншалықты кідірсе соншалықты олжа деп білу
  4. Қонақты шығарып салу
  5. Қонақтың қалағанын орындауға тырысу
  6. Шейхқа дұға қылу

Тариқаттың әдебі алтау:

  1. Тізесін бүгіп сыпайы және әдеппен отыру
  2. Өзін жұрттан төмен көру
  3. Басқаларын өзінен жоғары көру
  4. Барлық шейхты біліп, олардың алдында тыныштық сақтай
  5. Шейхтар мәжілісінде орынсыз бос сөз сөйлемеу
  6. Өз шейхымен басқа шейхтардың қасиетті сырлары мен керемет рәміздерін сақтау[60, 140 б.].

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі