Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Сүннет екен кәпірде  болса берме зарар

Көңілі қатты тіл  азардан құдай безер,

Алла атынан ондай  құлға тозақ даяр

Бұл сөзді даналардан естіп айттым міне (Қ.А.Яссауи хикметі)

5. Ер мен әйел теңдігі. Алла алдында ер мен әйел тең құқылы, екуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне ердің өз жаратылысына оның табиғатындағы құаттылығы мен төзімділігіне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген. Әйел дегеніміз ана адамның алғашқы ұстазы, әрі Алладан кейінгі ең жақын қамқаоршысы. Сонымен бірге «Жәннат аналардың табанының астында » - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затыны қаншалық құрмет көрсететінін байқау қиын емес. Ардақты пайғамбар: «Ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп екуінің құқығы исламда тең екендігін көрсеткен. Исламға дейінгі түркі халықтарында әйел қоғада маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оның үстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек мүмкін емес.  Қ.А.Яссауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол  бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдісі болып табылады. Қ.А. Яссауидің бұл әрекетіне заманындағы ғалымдар қарсы шыққан екен. Диуани хикметтегі сол ғалымдардың бірі Баба Машын  жайлы былай делінген:

Есітті Баба Машын  сол заманда

Ахметті атты бір шейх шыққан екен Түркістанда,

Сұхбат құрған қыз – келіншекпен онда

Тиым салғалы Түркістанға  келді достар

Халық арасындағы аңыздарға  қарағанда Ахмет Яссауидің ілімінде ерлермен қатар әйелде бірге отырып сұхбаттасады деген қауесетті естіген  Хорасан мен Мәуренеһардың ғалымдары  Яссауидің бұл  қылығын дұрыс деп таппай Ясы қаласына сапарға шыққан екен. Қ.А. Яссауи де өзінің жоғарғы рухани қабілетімен олардың қабілетімен сезіп,  шәкіртіне  аузы жабылған бір сиясауытты беріп ғұламалардың алдынан шығарады. А. Яссауиді сынамаққа келе жатқан ғалымдар алдынан шыққан адамнан сиясауытты алып аузын ашып қараса сиясауыттың ішінде шоқ және шоқтың үстінде бір мақта тұр екен. Бірақ шоқ сөнбеген не мақта жанбаған екен. Ғұламалар Қ.А.Яссауидің «егер әйел мен ер Хақ жолында бір жерге топтасса, Алла олардың көңілдеріндегі жаман сезімдерді жояды» - деген ғибратын түсініп Ахметтен кешірім сұраған екен, тіпті көпшілігі оған шәкірт болыпты.

6. Адал еңбек ету. Әрбір мұсылман әркімге жүк болмай, Құран Кәрімдегі «Дүниедегі несібеңді де ұмыт па» (Қассас 77- аят) сай табан ақы маңдай терімен еңбек етуге міндетті. Әрине мұсылмандық жол бойынша Алланы ахирет күнін ойлау маңызды орында, дегенмен бұл дүниелік тіршілігін де ұмытпаған жөн. «Сендердің қайырлыларың – дейді Хз. Мұхаммед (с.ғ.с) – тіршілігі үшін ахиретін тастамаған, әрі ахиреті үшін тіршілігін де ұмытпаған, екеуіне қатар құлшынған және басқаларға ауыртпалық салмағандарың». Ал көңіл жолы арқылы Хаққа сапар шеккен құдайдың пенделерін «екі қолы істе, көңілі мен жүрегі Аллада болған адамдар» деген сөз орынды айтылған. Тіпті түркі сопылығының іргесін қалаған ясылық Ахметтің қылуеттік өмірінде ағаштан жонып қасық, ыдыс – аяқ жасағанын халық арасындағы аңыздардан білеміз.

7. Ғылым және білім. Хз. Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) алғаш құдайдан келген бұйрық «оқы» екндігі баршамызға аян. Мүмкін бұл Орта ғасырлық кезеңде ғылым, білім жөнінде алғаш айтылған сөз болса керек. Демек мұсылмандық жол - білім жолы ал сопылық рухани білім жолы. Ислам діні бойынша әрбір мұсылманның білім іздеуі парыз екендігі шариғат үкімдері бойынша анық дәлелмен белгіленген. Оған адамзат баласына алғаш келген аяты «Оқы» деп басталатын Құраннан да, «бесіктен қабірге дейін білім ізде» - деген Хз Мұхамедтің (с.ғ.с) хадистерінен де көптеген мысалдар келтіруге болады. А. Яссауидің пақырнамасындағы шариғат мақамдарының жетіншісі – ғылым үйрену.

Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет істе

Ғалымдардың сөзін естіп  амал істе,

Амал істеп Хақ жолына жаныңды бер

Шынайы мұсылман осы  жеті принципті меңгерсе, онда ақиқатқа жетері сөзсіз. Жоғарыда баяндалғаны сияқты ҚА. Яссауи Аллаға тек ғашық болу арқылы қауышуға болатынын түсіндірсе, мұның жанында ғаріптік арқылы жетуге болатынын да айтады немесе Аллаға ғашық болған пенде ғаріптік арқылы жетуге болатынын да айтады немесе Аллаға ғашық болған пенде ғаріптікті сезіну керек. «Дүниеде ғаріп не жолаушы бол» - деген ардақты пайғамбарымыздың сөзіне орай А. Яссауи ғаріптікті сүннет деп білген

Мәдинеге Расул барып  болды ғаріп

Ғаріптіктен азап тартты күйіп жанып

Жапа тартып Жаратқанға болды жақын

Ғаріп болып ауыр жолдан астым міне (Қ.А. Яссауи хикметі)

Сондықтан Диуани Хикметте орын алған «ғаріптік», «топырақ болу»  Аллаға жақындаудың тура жолы және бұл көңіл тәрбиелеудің бір жолы болса керек, тіпті өзін де ғаріп  топырақ ретінде көреді.

Ғаріппін ешкімім жоқ, бишарамын һәм пақыр

Сенен өзге кімім бар рақым ет сен (Алла) таң сәріде – деп өзінің бейшаралығын сезініп рақымды тек Алладан ғана күтедіӨйткені оны Алладан басқа шын ұғатын қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғаріп қылып жалғыздыққа итермелейтін күш – Алла ғашықтығы, махаббаты. Шынайы мұсылман осы жеті принципті меңгерсе онда ақиқатқа жетері сөзсіз. Сопылықтағы шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат жолдары да Диуани Хикметтің ішінде көп баяндалатын тақырыптардың бірі. Қ.А. Яссауи шариғатсыз адамға қалған үш жол жабық екендігін былай түсіндіреді:

Шариғатсыз қадам қоймас тариқатқа

Тариқатсыз қадам қоймас хақиқатқа,

Бұл жолдардың негізі бар шариғатта

Бәрін оның шариғаттан білмек керек, Ал тариқат жолдарынан толық  өткен сопыны:

Ада қып бар жұмысын  тариқаттың

Тариқат дариясына сүңгір достар

Тариқаттан кейінгі жол мағрифат жайлы:

Махаббаттың дариясына  шомып жүріп,

Мағрифаттың гәуһарын алғым  келер

 

Хақиқат жайлы:

Хақиқат дариясына шомған кісі

Көзі жас өзі мұңдық болған кісі

Дәмді де сары қаймақ сол  дәмдісі,

Бақытқа дидар көрген батар достар

Хақиқатты тану мұраты адамдағы құдайлық жауһардан туындайды. Өйткені құдайлық жауһар адамдағы шексіз ғашықтық сезімінің көзі. Адам бойындағы құдайлық жауһар оны шексіздікке ғашық етеді. Нәтижесінде адам ғашық, шексіздік машұқ және құдайлық ғашықтық яғни Жаратушы адам және махаббатүшеуі бірігіп тұтастық құрайды. Міне осындай адам кемел адам. Бұл дәрежедегі көтерілген адам үшін тәңірден басқа болмыстар фани - өткінші, өйткені ол «фана филлаһ» мақамына жетіп яғни жаратушы болмысында өз болмысын ерітіп «уахдатул вужуд» хәліне жеткен. Бұл халдегі адам өз бойынан құдайлық жауһарды тапқан өзін - өзі таныған адам Кім өзін - өзі таныса, Хақты таниды – деді емес пе Қ.А. Яссауи [64, 243 б.]. Яссауи ілімінде нәпсі жамандықтың ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүрк керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалануында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат ғашық мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады.

 Құдайдың пенделері  өздерін құдай жолына берсе  де үміт пен қорқыныш арасында  өмір сүруге міндетті. Құранда:  «Алланың мейірімінен үміттеріңді  үзбеңдер» (Зүмәр 53 - аят) және пайғамбардың хадисінде: «Хикметтің кілті Алладан қорқу» деген көптеген аят – хадистері бар. Өйткені Алла құлдарының құлшылық жасауына мұқтаж емес, керісінше құлдары құлшылық жасап, Алланың ырзалығын алуға мұқтаж. Қ.А. Яссауи де сопылықтағы хауф пен рижаны  өз хикметінде былай түсіндірген:

Қаһар атты қаһарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмет

Рахман атты Рахымыңнан үміт қылар Қожа Ахмет

Кемшілігім тұманды  кешір Алла күнәмді,

Күллі құлдың ішінде қылығы жоқ ұнамды

Жылауменнен өтті ғұмырым

Есептесе мезгіл жетті қарңғылық кетсін һәм

Сенен өзге сүйенерлік жоқ  панам

Күндіз түні тілегенім  иман болар

Адамдықты туралықтан айырып азғындық жолға түсіретін жаман  жолдың бірі дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету. Адам жүрегіне Аллаға деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса ол адам азғын адам. Себебі дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәһаннам болмақ.

Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа

Кісі малын жеме қыл  көпірден тұтар – деп дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:

Дүние менікі дегендер –  малға иманын сатқандар

Құзғын құстай нәжіске  белшесінен батқандар,

Молда мүфти атанып –  арамнан мал тапқандар

Ақты қара қылғандар  тозақта ертең жанады.

Ал нәпсіге құл болып азғын жолға түскендер залымдардың мойнына шайтан мініп азғындық үстінен азғындай беретіні анық [65, 30 б.]. Тасаууф тарихатындағы атақты сопылардың бірі халлаж Мансұрдың сөздері мен аңыздары мұсылман халықтары мен сопылық шығармаларда өшпес із қалдырған. Сопылық жол осы Халлаж Мансұрдың арқасында жаңа бір кезеңге өткен. Оның бүгінге дейін аты өшпеуі «әнә - л - Хақ» (мен құдаймын) деген атақты сөзіне байланысты. Бұл сөздің тікелей тура мағынасы ислам сенім негіздеріне қайшы келгенімен сопылардың түсіндіруі бойынша түсінуі қиын бірақ түпкі мағынасы дұрыс айтылған сөз. Халлаж Мансұрдың сөзіне түсінбеген замандастары оны өлім жазасына кескен. Х.Мансұрдың осы атақты сөзін Имам Ғазали жақтап оны былай түсіндірген: «Егер бір шыны ыдысқа кез – келген реңді сусын құйсаң, шыныдан шынының бейнесі емес, сусынның реңі көрінеді». Міне осы сияқты жүрегіндегі Алланың көрінісін көрген сопы, өзін емес, Жаратушысын көреді. Сондықтан ол өзін «әнә - л - Хақ» деп жар салуы мүмкін.(Сопылықтағы Уахдет Ужуд). Қ.А. Яссауи де Халлаж Мансұрдың атақты осы сөзінің түпкі мағынасын түсініп, оны қолдаған сопы:

М ахаббат жолында  ғашық болып, Мансұр өтті

Белін байлап Хақтың ісін мекен тұтты

Ғашық Мансұр «Әнә- л-Хақты» бірге айтты

Жәбрейіл келіп  «Әнә- л-Хақты» бірге айтты

 «Әнә- л-Хақты» мағынасын білмес надан,

Дана керек бұл жолдарда таза мардан

Ақылды құлдар Хақ  жолын жадына алған

Жаннан кешіп жаратқанды сүйдім міне,

Шейх Мансұрдың  «Әнә- л-Хақты» бекер емес,

Жолды тапқан біз сияқты тобыр емес

Оңбағандарға бұл сөздер керек емес

Қандар жұтып мен де куә болдым міне

Сопылық философиясы  бойынша кемел адамдар (инсан  камил) болмағанда әлем жаратылмас еді. Әлемнің тіршілігі мен жауапкершілігі осы кемел адамдарға байланысты. Кемел адамдар қоғам руханиятының кепілі. Ал осы сопылық кемелдікке жеткендерге «өлместен бұрын өлгендер» дейді. «Кемел адам» концепциясы Яссауи ілімінің түпкілікті мұраты. Адамның мақсаты мен жаратылыс себебі – Хақиқатты тану, оған қауышу. Бұл мақсатты Яссауи «Хақ болу» деп көрсетеді. Ол хикметінде «Муту қабла ан тамуту» яғни «өлмес бұрын өлуді» - Хақ болу деп түсіндірді. Демек адамның кемелдігі Хақиқатқа ұласу арқылы жүзеге асады. Ал Яссауи үшін Хаққа ұласу - өзіңді тану деген сөз. Хаққа ұласумен өзін тану кемелділікті мұрат еткен адамның құдайлық махаббаты арқылы жүзеге асады. Осылайша Яссауи Хақиқатты танудың критерийлері ретінде «өзіңді тану» және «өлмес бұрын өлу» ұстанымдарын ұсынады. Өзіңді тану ұстанымы өзінің ішкі әлемінің жеті қырын анықтаптереңдеп тану арқылы, адмның Аллаға ашылуын мақсат етсе, өлместен бұрын өлу ұстанымы адамның моральдық – этикалық және сопылық рухани тәжіриебелік талаптар шеңберінде тәрбиеленіп, Алланың сипаттары мен сомдалуына негізделген. Сопылық дүниетанымда өлімнің өзіндік ерекше орны бар. Яссауи түсінігнде өлім ешқандай жоқ болу, жоғалу сияқты қорқынышты нәрсе емес. Оған ғазалидің: «Өлімнің ақиқатын түсіну үшін өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей отырып, өмірді тани алмайсың» - деген атақты сөзін келтіруге болады. Бұл екі ұстаным бірін – бірі толықтырып тұратын теориялық және тәжірбиелік қырлар емес екеуі біртұтас. Яссауи ілімінде осы тұтастықтың мәні «йақин», яғни абсолюттік таным категориясы арқылы ашылған. Яссауи «Миратул кулуб» атты рисаласында Хақ Тағала жепіс мың пердені, жетпіс мақамның ішіне қойды. Жетпіс мақамды да жеті йақин (абсолюттік таным) ішіне орналастырды. Бұлар мыналар: 1. исмул йақин, 2. расмул йақин, 3. илмул йақин, 4. айнул йақин, 5. хаққул йақин, 6. хақиқатул иақин, 7. Аллаһу хаққил йақин. Бұл жеті йақинді «мужаһада» ішіне қойды. Ал мужахаданы Хақ Тағаланың жәрдем – құты «инаяттың» ішіне қойды. Бұл Құрандағы: «Тек саған ғана құлшылық етіп, тек сенен жәрдем тілейміз» - деген (Фатиха 5) аятына негізделген. Яссауи жолының әдістемелік жүйісі «сайр сулук» арқылы анықталады. «Сулук» деп психотехниканы ал «сайр» деп рухани сапарларды айтады. Қазақ мәдениетіндегі бұл әдіс «сал серілік» дәстүрі ретінде ғибрат, насихат және сұхбат негізінде қалыптасқан. Оны таратудың жолы термешілік, жыраулық жалпы халықтық өнер аясында. Жалпы саийр – «Жаратушыға бет алған сапар» және «Жаратушыға жолшылық» болып екіге бөлінеді. Жаратушыға бет алған жолшылықта сопы өз сипаттарынан арылып, Жаратушының болмысында еріп, Жаратушымен бірге «тірі, танушы, көруші, естуші, сөйлеуші» сипаттарға ие болады деген сөз. Сопы өз болмысының Жаратушыға тән, оған тәуелді екенін тану мақамына жеткенде, Жаратушыға беттеген жолшылық аяқталады. Бұдан кейін сопы «Тәңірдегі сапар» жолында болады. Бұл мақамда оған «мүлік, малакут және жабарут» әлемдерінен ешбір құпия қалмайды. Осы сопылық психотехниканың жеті рухани кемелдену сатысы «сайр сулук» Яссауиде жеті йақин категориясы мен анықталады.

1. «Сайр ила аллаһ» - жаратушыға қарай жол тарту сатысы рухтың нәпсі мәртебесінен ең соңғы вужуд – болмыс мәртебесіне қарай бағытталған рухани саяхатын білдіредіМақамы – жүрек, орны көкірек кеудесі, ислам жауһарының объектісі болып табылады. Зікірі – «Лә мағбуду иллалаһ» - Тәңірден басқа табынар, Тәңір жоқ, «Лә илаһа иллалаһ». Бұл сатыдағы адам рухының мәртебесі – «нәпсі амарра», хәлі – қорқу мен үміт, әлемі – шахадат немесе мүлік (физикалық әлем). Сопы «қал» захир – пішін, форма ілімінен өтіп, «хал» ілімін (батин - мазмұн) меңгеру үшін өз еркімен әрекет ету нәтижесінде болмыстың бірлігіне ұласады. Бұл дәрежеде адам «исмал йақин» және «расмул йақин» дәрежесінің сырын яғни Тәңірдің әл – мисақ әлеміндегі жаратылыс ақиқатын, барлық әлемдердің тажжали етуінің (көрініс беруінің) себебі Тәңір екендігі мақсат – Ұлы Жаратушыны тану екендігіне иман келтіріп, қоғамдағы өз орнын іздей бастайды. Бұл оның «дидар талап» екендігін көрсетеді.

2. «Сайр лилаһ» -Тәңір үшін саяхат сатысы, бұл рухтың нәпсіден арылу жолы. Мақамы көкірек, орны қалб (жүрек), бұл иман жауөарының объектісі. Бұл сатыдағ адам рухының мәртебесі – «нәпсі лаууама» әлі толық пердеден, кірлерден арылмаған рух. Зікір – «Лә мақсуда иллалаһ» (Тәңірден басқа мақсат мұрат жоқ), хәлі – қабз және баст (қысылу, еркінсу), әлемі – барзах және әруақтар әлемі, дәрежесі – «илмул йақин».                                                                        

3. «Сайр әлә аллаһ» (Тәңірді өкіл қылу) сатысы – бұл рух әлі толық пердеден, кірлерден арылмаған рух. Зікірі – «Ху лә мағбуда иллалаһ» (Тәңірден басқа барлық нәрселерден бас тарту), хәлі – хайбат және тәркі тәрк (Тәңірден басқа барлық нәрселерден бас тарту), әлемі  малакут (метафизикалық әлем), дәрежесі «айнул йақин», жолы тариқат.

 4. «Сайр маа аллһ» - Тәңірмен бірге саяхатында рух екіліктен арылып, тыныштыққа жетеді. Мақамы – сыр, орны – мушахада анал Хақ, бұл мәртебедегі адам рухы – «нәпсал мутмаинна» (қанағаттанған рух), зікірі – «Хақ ла, маужуда иллалаһ хақ» (Тәңірден басқа болмыс жоқ), хәлі – «сакр және саху» (елту, айығу), әлемі – жабарут, жолы – шариғат, дәрежесі – «илмул йақин». Адам бұл мақамда «кашфул мубин» - анық ақиқат деп аталатын екінші ашылу сатысына көтеріледі. Болмысты хәлі арқылы ұғына бастайды. Тәңірді әлемдегі көріністерінен танып, әлем Тәңірден ғана  тұратын болып көрінеді.

5. «айр фи аллһ» - Тәңірге саяхат немесе «Сайр бәқа биллаһ» Тәңірде мәңгілікке қауышу сатысы – бұл рухтың ғашық, машұқ, ғашықтық тұтастығына ұласып, бірлік хәлінде болады. Адам өзін ұмытып Тәңірге беріледі. Мақамы - сырдың сыры, орны - хафи қалбтың ішкі тереңдігі, мәні қазынасы. Бұл мәртебедегіадам рухы - «нәпсі разия», қанаттанған жан. Зікірі «Лә мақсуда, лә маужуда, лә махбуха иллалаһ» (Тәңірден басқа болмыс, мақсат, сүйікті жоқ), хәлі – адамдық сипаттардан арылып мәңгілікке беттеу, әлемі – лаһут құдайлық әлем, жолы мағрифат, дәрежесі – «илмал ладуни».

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі