Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация

Краткое описание

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................4

1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48

2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102

Прикрепленные файлы: 1 файл

әл5.doc

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Суфизм Аллаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы, ол айналадағы ешбір нәрсеге алаңдамауға, дүние – мүлікке қарайламауға, ертең не болады, күнім қалай өтеді демеуге, тіпті бала – шаға, қатын – қалашты да естен шығаруды мәжбүр етеді. Сопылар тек ақиқатқа жетуге, шындықты ғана тануға, бүкіл жан – дүниесімен бар болмысымен жалбарынып, қызмет жасайды. Өйткені олар үшін бес күндік жарық дүние баянды емес, көзді ашып – жұмғанша өтеді де кетеді. Өзгермейтін аумайтын, айнымайтын мәңгі жасайтын  жалғыз құдірет ол – шындық, ақиқат дегеніміз – Аллаһ. Осылай болғандықтан Шәкәрім:

Өмірден мақсат хақиқат,

Соны ізденіп алмақ

Нәпсіге еріп болма шат,

Ол сені отқа салмақ [84, 218 б.].

Сопылық халқымыздың  дүниетанымына айтарлықтай ықпал  еткен философиялық жүйе. Аллаһтың ризалығын алу және мәңгілік бақытқа жету үшін нәпсіні тазалау, ішкі дүниені нұрландыру мейлінше тазалыққа ұмтылу, соның нәтижесінде Аллаға жеткізетін тек ғылым болып табылады. Сопылық ешкімге ренжімеу, ешкімді ренжітпеу, таза жүрек, пәк көңіл иесі, көңілі Аллаһта, қолы істе болу. Аллаһқа іңкәрлік, Аллаһтың ризашылығы үшін құлшылық ету (Ықылас), екіжүзділіктен қашу, ақтқатқа жету. «Ақиқат» дегеніміз Аллаһтың сопыдағы пенделік бар сипаттарын қоюы (бірақ ол Аллаһтың өзіне айналу емес). Ақиқат бар екндігі ешқандай дәлелсіз анық білінген дүниенің Жаратушысы Алла. Бұл сопылық сатының соңында болатын нәрсе [85, 7 б.]. Сопылық ілім негізіндегі дүниетаным Түркістан өлкесінде ІX-XIII ғасырлар аралығында жанданып, кең өріс ала бастағаны байқалады. Ал Насафидің Қ.А. Яссауи еңбегінде «Сопылық ағым дәруіштер пайғамбар заманында ақ өмірге келген» деген пікірді айтады [86, 12 б.]. Осы оң пікірдің сиымы тіпті қазақ ақыны Әбубәкір Кердарының қалың қауым арасындағы ке таралған өлеңдерінің бірінде:

Сопылық деген ауыр жол,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Хазіреті Расул Шағында

Талай сопы болыпты –  деп айтуына қарағанда Яссауи хикметінде айтылатын «Пайғамбардың мұра боп келе жатыр дәруіштер» - дейтін пікірімен сабақтасып жатқан бүкіл түрік халықтары арасында танымалы шындық болғаны аңғарылады [87, 82 б.]. Сопылық ағымның ең басты өзекті мәселесі – ақиқатқа жету. Міне осы ақиқатқа жетудің жолында адам рухы  жағынан тазарып, іштей түлеп пәктегенде ғана адам кәмили инсан яғн жетілген адамқалпына қол жеткізе алмақ. Осы себепті де бүгінгі күнде осы мәселе тұрғысынан қарағанда қалыптасқан ортақ танымтарих оқулығында: Сопылық ілімінде «кәмил инсан» руханиқалыпқа түсіру кәмалатқа жеткізу жолындағы дүниетанымең басты мәселе ретінде қаралады деп ой байламына келудің айрықша мән – мағынасы бар ортақ танымға айналған. Ислам әлеміндегі әл – инсан, әл – кәмил міселесі мораль философиясы негізінде қалыптастырған әрі осы ғылым саласын ғасырлар бойы насихаттап, дамытушылар да сопылық әдебиет өкілдері болатұғын. Дәл осы мәселеге Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» және 17,18 қара сөздерінде тікелей пікір айтылып, өз қарым – қатынасын анық аңғартатыны бар. Өйткені осы шығармаларында Абай таратып отырған ой – пікірдің басты сарыны ұлы ақынның діни сенімді адамгершілік моральдың жоғары түрі деп ұғатыны деп белгі беріп отырады [88, 82 б.]. Осы сарынды өлең жолдары Шәкәрім қажы шығармаларында көп кездеседі. «Иманым» атты еңбегінде адам болмысы мен моральдық құндылықтары сыр сөдерінде шебер берілген. Шәкәрім қажының сыры: «Адам ақиқатты бас көзімен кқрмейді, ақыл көзімен көреді...Өлімнен соң біртүрлі тіршілік бар. Екі өмірге керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап әділет, мейірім [89, 253 б.]. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды – деп тебірене терең ой тоғауы бүгінде қайта құру заманында халқымыздың алға қойып, отырған рухани жағынан жаңару талабынада, үндес келіп жатыр емес пе? Шәкәрім ойы бойынша: «Меніңше ұждан – жанның тірегі». Неге десеңіз жан жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Соның қатты бір керегі – ұждан. Ұжданды иманмен сәйкестендіруге болады. Ал иман ардың қазынасы. Адам болмысындағы жақсылық пен жамандықты таразылаушы – ақыл.

Терең оймен тексеретін,

Табады ақыл керемет,- дейді Шәкәрім. Ақыл – үйренудің және үйретудің әсерінен өте жоғары күш – қуатты білімнің иесі болады. Көзге көрінетін заттарының сырларын ашықтайды. Егер адам ұрпағының рухани күш – қуатышеберлікке қарай бет бұрса,ал уақыт ақыл уәзір түрінде көзге көрінетінжәне көзге көрінбейтін заттарды танып – біліп іс алу үшін өте таза адал жәрдемші болады. Сол себептен ақыл жаратылысында рухқа жолдас болып, оған көңілі ауып тұрады. Тіптен бақытсыз адам ұрпақтары нәпсісінің қуаты үстем болып бар әрекетіне шайтан уасуасы араласып заман жұмысты істеп тұрғанда уақытында да ақыл алдын ала жоспарлап, одан құтылатын жолды көрсетеді.

Шәкәрім қажының сыры:

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр

Тағдырдың қиын сырлы  сиқырымен

Жан тәнге ақыл жанға матаулы тұр

 

Ал енді ақылдың қамқоршысы не?

Абай өлеңіндегі:

Жүрек ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңірі үшін – деген өлең жолында үлкен  танымдық салмақ көтеріп, тұрған «ақыл  суаты» деген сөзді  Абай  ырқынан  тыс «ақыл суаты» деген сөзге  ауыстырсақ: Қараңыз: «Жүректің сауыты – ақыл» екен. Яғни ақылдың азығы, қамқоршысы – жүрек. Оны Шәкәрім қажы былай бейнелейді:

Ақыл деген жүрекке  егулі – дән

Суғарылса оған да кіреді жан,

Ақылдың өсіп - өніп зораймағы

Көрген, білген нәрседен ғибрат алған [90, 70 б.].

Жүрек – Ұлық Алланың назар салып қарайтын орны. Осы сөздің шындығына Хз.Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  - дың мына хадисі дәлел болады. «Ақиқатында Алла Тағала сіздердің түрлеріңізге және байлықтарыңызға назар салмайды, бірақ та жүректеріңізге жасаған көркем амалдарыңызға қарайды». Иә жүректің атқарар қызметі мол. Ол таза болса ақылдың да биік дәрежелерге жетіп бүкіл жаратылысқа пайдасы тиеді. Оны Мұхаммед Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) хадисінен анық көруге болады: «Назар аударыңыз, денеде бір бөлшек ет бар. Ол таза, сау болса, бүкіл дене таза сау болады». «Ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ол ет бөлшегі жүрек» [91, 50 б.].

Осыған сәйкес шейх Румиден  қалған мынандай бір әңгіме бар: «Мен христиан кресіне қарадым, онда ол жоқ, индустардың да храмында болдым, онда ізі де жоқ, Герат пен Кандагарға да бардым, мен көп іздедім, ол жоғарыда да төменде де болмады, Кад тауына да бардым, онда Анка атты құсты ғана көрдім, қағбаға бардым, онда жоқ, Ибн Синадан сұрадым, бірақ ол Авиценаның философиясынан да биік болды, мен өз жүрегімнің ішіне қарадым, сонда көрдім Құдайды, басқа ол ешбір жерде жоқ». Ия шынында да Раббы айтады екен: Мен өзім жаратқан он сегіз мың ғаламда дәнемеге сыймаймын, жалғыз ақ иманы кәміл пенделердің жүрегіне сиямын. Қарайған жүрегімізді ағартып тазартсақ қана бәлкім жете алармыз. Сонда ғана көре алармыз. Сонда ғана көре аламыз жүрегіміздің ішіндегіні. Кім өзі жетпейінше білмейді [92, 99 б.]. Шынында да технология дамыған мына заманда компьютер ақыры адам жүрегіндегі қан тамырларында Аллаһ жазуын көрген. Алла Тағаланың бақылау діңгегі адамның жүрегі – дейді Юсуф Хамадани [93, 125 б.]. Жүрек тазалану арқылы көкірек көзі ашылады. Көкірек көзі ашылғаннан кейін адамға ақиқат сырлары ашылады. Адам данышпан болады. Мұны Шәкәрім қажы өз өлеңнде жақсы келтіре білген:

Іштегі кірді қашырса,

Хақтың түсер сәулесі.

Жүректің көзі ашылса,

Адамның хикмет кеудесі

Жүрек көзге көрінбейтін  дүниені көретін дененің телескопы. Бұл мәселені Қлық Аллаһ Ұүрани Кәрімде: «Олардың басындағы көздері соқыр  емес, бірақ жүрек көздері соқыр»(Хаж сүресі 46-аят). Адам ақиқатқа ттек экстаз немесе адамның ақиқатты ақыл – ой қабілеті арқылы емес, - интуиция – рухтың нұрлануы арқылы тани алады [94, 305 б.]. Рухтың қасиеттері, сипаттары, тәңірдің сипаттарына ұқсас екендіктерін Шәкәрім атамыз «Жүрегіңде сипатың бар» деген сөзбен білдіреді. Тәңірді тану үшін жүректі дүниелі перделерден арылтып, тазалау керек. «Жүрек көзі» дүниелік перделермен жабылған. Жүрек барлық адамдық қазыналардың көзі. Сондықтанда «Жүрегіңі сүңгі де, түбін көзде, сонан тапқан шын асыл, тастай көрме», дейді Абай атамыз [95, 310 б.]. Міне осы жүректің тереңіндегі мәнге жауһарға терең оймен зікір арқылы бойлуға болады. Абай: «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде Алланы тілмен емес, ділмен яғни ынталы жүрек, шын көңілмен еске алу керектігін айтып, жүректің суаты ақыл, махаббат қылса тәңірі үшін деп түйіндейді. Яғни Аллаға жүрекпен, көңілмен жетуге болады. Ал ақыл Тәңір махаббатына барар жолдағы жүрекке қуат беретін суат:

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойыңа жұқпас, сырғанар

Ақыл, тілден шыққан сөз

Шымылдық боп көрсетпес,

Шынның жүзін

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар,

Жүрек – теңіз

Қызықтың бірі – асыл тас [96, 41 б.].

Қ.А.Яссауи өз хикметінде «Кім өзін таныса, ақиқатты да танығаны» - дейді. Ал Шәкәрім бабамыз:

Хақты білмек ойласаң

Алдыменен жанды біл – дейді.

Адам – дене мен  рухтан құралған тіршілік иесі. Сондықтан  жеке басымыз алдындағы міндеттеріміз  екіге бөлінеді:

Тәніміз алдындағы міндеттеріміз

Рухымыз алдындағы міндеттеріміз.

Рух Ұлық Алланың пенделеріне  өзіне жетуі үшін мүмкіндік беретін бүкіл нығметтерінің ішіндегі ең негізгісі және ұлысы. Ұлы Алланың сөзі бұған дәлел: «Мен сол адамның денесіне өзімнен рух дегеннығметімді үрледім» (Хижр 29-аят). Рух – көзге көрінбейтін тылсымдүниенің сырларын ашықтауғ талпынады. Рух жауһар болғандықтан тек сипаттары арқылы ғана тануға және анықтауға болады. Адамның рухани кемелдену халдері ислам философиясының негізгі мәселелері болып табылады. Рух тек ақиқат пен қозғалысқа ғана қатысты емес, сонымен бірге игілікпен де байланысты. Сондықтан да амалына қарай сый немесе жаза алуы керек. Өйткені Рух Ұлы Тәңірдің есеп береді. Рухтың жеке ауруы – ахлақи – моральдық азғындық. Бұл адамзат баласы үшін өте қауіті, неше түрлі жаманшылықтарға душар болады. Сол үшін мұның алдын алу үшін рухымызды мынадай жаман мінез –құлықтардан тартуымыз керек: дұшпандық, ашу, басқаларын қызғану, өтірікшілік, сөзінде тұрмау, екіжүзділік, ұятсыздық құрметсіздік, тәрбиесіздік, мейірімсіздік, жалқаулық, қорқақтық, әділетсіздік, аманатқа қиянат көрсету, дөрекілік, мақтаншақтық, санасушылық, жүрегі қатты болу. Және рухымызды мынадай тамаша мінез – құлықтармен безендіруіміз керек: достық, мейірімділік, шыншылдық, батылдық, еңбекқорлық, ұят, сабырлылық, кешірімшіл, үлкендерді құрметтеу, жұмсақ мінезді болу және басқа тіршілік иелеріне жаны ашу. Қ.А. Яссауи бабамыз: «Егер адамтәнін, нәпсісін тастап, ілім сафтың иесі болып ішкі сыртын пәк етіп, көңіл айнасы тазартса,  рух қайтадан жауһар хәліне келеді» - дейді. Ал Құдайдың адамды жаратқандаға мақсатына келетін болсақ, Аллаһ тағала жаратылысқа дейін өзінің ұлылығын тамашалап, өзімен - өзі әңгіме құрған. Осылай махаббат пайда болған. Дара құдіретте махаббаттың тұңғыш пайда болуы оның сипаттары мен есімдерінің көптігіне кепіл болды. Ол өзінің назарын әзәлиге  аударады да одан өзінің барлық сипаттарымен есімдеріне ие суретін қалап алады. Бұл сурет адам Һуә - Һуә(ол соның сөзі) формуласының өзі ең тұжырымды түрінде осы концепцияны білдіреді [97, 34-35 б.]. Ал Яссауидің: «Адам өзін - өзітаныса, Хақты да таниды» деген пікірі осыдан шықса керек. Алла Тағаланың адамды жаратқандағы мақсаты өзіне ғашық қылдыру.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін  алған жылдардан бастап, елімізде (ислам, христиан, протестантизм, иудаизм, индуизм) бастау алатын  діни ағымдар кеңінен өз жұмыстарын атқара бастады. Қазіргі таңда оларыдың саны 5000- жуықтап қалды. Бүгінгі кезде де  көптеген діни ағымдар елімізде белсенді түрде ілімдері мен ұстанатын қағидаларын насихаттауда. Олардың таратып жатқан рухани ілімдері халқымыздың  дүниетанымдық – құндылығына, өнегелік бағыт – бағдарына, мінез – құлық ерекшелігі мен жан дүниесіне өз ықпалдарын тигізуде. Сондай діни ағымдардың бірі исматуллашылар. Олар өздерін ғұлама ойшылымыз Қожа Ахмет Яссауидің діни ілімін жалғастырушылармыз деп санайды. Ал Құл Қоджа Ахмет Яссауи өз дәуірінде тұтас түркі даласына әсіресе қазақ жеріндегі ислам дінінің және де адамгершілік құндылықтардың халқымыздың салт – дәстүрімен, менталитетімен (ділімен), ұстанатын өмірлік қағидаларымен үйлесіп, сіңісіп кетуіне бірден – бір себепші болған ғұлама. Сонымен қатар ғұлама ойшылымыздың діни ілімінің негізінде құрылған Исматуллашыллардың ағымының ілімі ислам іліміне мүлдем жат. Исматулла ағымы елімізде 1990 жылы пайда болды, негізін салушы пәкістандық азамат Исматулла Мақсұм, ағым қызметінің шарықтау кезңі 2000-2005жж аралығы.

Бұл ағымның басты  қағидасы – зікір. Олар дініміз парыз еткен намаз оқыды басты назарға алмайды. Олар намаз оқымай, зікір салсақ жеткілікті деп есептейді. Зікірді олар арнайы бір жерге жиналып, бастарын тоқтамай екі – үш сағат бұлғақтатып белгілі бір «Алла» һу, «Алла» хай сөздерін дауыстап айтып салады. Кейбірінің бастары айналып, жүректері айнып, ауыздарынан көбік  ағып құлайды. Қырық күнге шілханаға жатып шығады. Шілханаға бір кірсең шығуың оңай емес, тәртіп өте қатал, қысқасы қырық күн бойы тақсырдың айтуы бойынша тіршілік кешіп, алқа – қотан зікір саласың. Бұған шыдай алмаған және  иә көнгісі келмегендерді ұрып – соғып,  тіпті төсекке таңып тастайды, мұны олар адамның бойынан шайтанды қуу деп түсіндіреді. Исматуллашылардың шілханасына бөгде адамдардың кіруі мүмкін емес, айнала қысы – жазы қатаң күзетіледі. Бұлар зікір ұғымын тар аяда түсінеді. Өйткені зікір Құранда – еске алу деген мағынаны береді. Құранның 200 – ден астам жерінде зікірге анықтама берілген. Мысалы зікір – Алланы еске алу, ғибадат, намаз, шікір, тәубе, насихат, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с) еске алу, құрбандық шалу, Құран оқу. Құран Кәрімде былай делінген: «Алла сендерге бір зікір (Құранды) түсірді» (Талақ сүресі – 10 аят). «Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат» (Сад – 87 аят). «Негізінде бұл Құран әлемдерге зікір насихаттан басқа нәрсе емес» (Қалам сүресі – 52).

Имам раббани зікірді  үш түрге бөлді: 1) Тек тілмен зікір айту (Мұның пайдасы жоқ),  2) Тек жүрекпен яғни құпия зікір біздің жолымызға тән, 3) тіл мен жүректің зікірі бұл зікір Алланың сүйікті құлдары мен әулиелерге тән. Көптеген сопылық тариқаттарда құпия зікір салынып отырған. Ханафи мазхабындағы  Рифаъи, Гиләни сопылардың ілімдерінде түпкілікті хафи (құпия зікірді) салған. Ал исматуллашылар ауыздарынан көбіктері ағып, жылап зікір салады. Мұндай жолмен Алланы еске алу сопылық ілімде тиым салынған. Хужжатул Ислам әбу Хамид әл-Ғазали «Мизәнул амал» кітабында шынайы сопы шариғат аясынан шықпау керек және жүрегінде ұдайы Алланың зікірі болуы керек дейді. Бұны растайтын Қожа Ахмет Яссауи өзінің диуани хикметінде Триқатқа шариғатсыз кіргендердің, шайтан келіп имандарын алар екен.

Ал исматуллашылар шариғатсыз тариқатқа кіргілері келеді. Кейбір кезде зікірді намаздан жоғары қойяды, бұл барып тұрған сопылық ілімге қарама-қайшылық іс - әрекет емеспе. Жоғарыда айтқанымыздай олар зікірді намаздан жоғары қойып, намаз орындағанға құлшыныстарын арттыра бермейді.  Бүкіл адамзатқа Жаратушының әмірімен пәрмен етілген нәрселерді орындауға әрбір адам баласы міндетті. Алла Тағала мұсылмандарға бір күнде бес уақыт намаз оқуды парыз етті. Құранда былай делінген: «Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. Көктер мен жерде , кешке және түскі уақытқа кіргенде барлық мақтау Аллаға лайық»(Рум сүресі 17, 18- аят). Екі имамның Жалалуддин  әс Суюти мен Жалалуддин әл Маһали Құран Кәрімге жазған тәпсірлерінде аяттағы: «Пәктеңдер» сөзіне «намаз» деп, «түнеген мезгілде» дегенге ақшам мен құптан намаздарының « әрі таң атқан уақытта» деген сөзге таңғы намаздың оқылатын уақыттары деп түсінік берген, «Көктер мен жерде мақтау Аллаға лайық» деген сөзге аспандықтар мен жерліктердің мақтауы тән, «Кешкі және түскі уақытқа кіргенде» деген сөзге екінті және бесін намазының уақыты делінген. Жоғарыдағы аят бес уақыт намазды қамтыған және онда басқа ғибадаттар емес намаз ерекше аталып өткен. Өйткені намаз діннің тірегі. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Намаз діннің тірегі, кім намаз оқыса дінін тіктегені, кім оны оқымаса дінін бұзғаны». Елімізде сондай ақ үлкен дүрбелең тудырған мәселе исматуллашылардың ұлы ұстазы Исматулла Мақсұмның жарыққа шыққан  «Құран сырларының әліппесі» атты кітабындағы адам ақылына қонбайтын мынандай мәселелерді қарастырған: «Ақірет әлемі жайлы исламда жоқ мынандай тосын жаңалығына тап болдық: Ақірет дүниесінің үздіксіз айналыстары: Жәннат иелерінің пайдаланғаннан соң шыққан өнімдерінің жарамсыз қалдықтары өртеліп, тозаққа құйылады, оның таза булары қайтып  жаннатқа келеді», «Адамның рухы жайлы ешбір ғалым толық түсінік бере алмаған,тіпті ғалымдар былай тұрсын Хақ тағаладан үнемі уахи алып тұрған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі рух жайлы толық мағлұмат білдірмеген. Өйткені Құранның өзі рух жайлы былай дейді: «Рух – Аллаһтың әмірінен, рух туралы сендерге аз мағлұмат берілді, Осындай жаратылысы мен болмысы Құранның өзінде сыр болып сақталған адамның ғажайып рухын Исматулла Мақсұм кітаптың 84-ші бетінде «Адам ұрпақтарының рухы екі дүниенің кілті немесе екі дүниеде мақсатқа жеткізуші «ракета» деп ракетаға теңеген».Сондай ақ рух ең төменгі дәрежедегісінің жүру жылдамдығының өзі жарық жылдамдығымен бірдей болатын ерекше ғажайып жаратылыс 300 000км/сек деп адам рухының ең төменгі жылдамдығын 300 000км\сек деп белгілеген.

Міне осындай көптеген дәлелі жоқ пікірлер берген. Исматуллашылар өздерін Қ.А.Яссаудің ілімін таратушылармыз дейді, ал Қ.А.Яссауи өзінің тақуалық жолында саясатқа еш араласпай, қоғамнан жырақ тіршілік кешіп, адамдарға рухани ілімін таратқан. Ал өздеріңіз білетіндей біздің мемлекетімізде биліктің төртінші көзі  Бұқаралық ақпараттар құралдары болып табылады. Исматулла ағымы 2000 -2005жыл аралықтарында қызметтерін өте белсенді түрде жүргізді, оған себеп халқымыздың һәм тілі, көзі, құлағы болып отырған «Қазақстан Ұлттық телеарнасы оларға талмай қызмет көрсетті. Телеарнаның халыққа көрсететін ұлттық танымдық бағдарламаларының барлығында олардың діни ілімдері мен көз – қарастары насихатталынды. Және тағы бір айта кететін жайт қазіргі таңда исматулла ілімін жақтаушылар мен ұстанушылардың көпшілігі, еліміздің болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар қауымы болып отыр, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқаратын ел қалаулылары мен жоғарғы лауазым  иелері болып отыр.

Информация о работе Қазақстандағы дәстүрлі емес исламдық ағымдар жүйесіндегі құранидтердің алатын орны және рөлі