Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 20:53, диссертация
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына рухани тәрбиенің маңыздылығы соның ішінде осы тәрбиені беретін Исламның рухани көрінісі сопылықтың халық үшін қаншалықты қажет екнін түсіндіре отырып, тәрбиенің негізгі құндылықтарын жан жақты терең зерттеп, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселе.
Объектом исследования магистерской диссертации являются – течения Исматуллы.
Цель работы заключается в определении сходства и отличия широко распрастраненного на территории Казахстан течении Исматуллы, которое проповедует учения суфизма в сравнении учения суфизма в тарикате К.А. Яссави.
КІРІСПЕ...........................................................................................................4
1 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ТАРАЛУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Сопылық: мәні және ілімі..........................................................................7
1.2 Исматулла ағымы: тарихы және діни ілімі.............................................32
1.3 Исматулла ілімінің таралу аймақтары.....................................................48
2 ИСМАТУЛЛА АҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУ СЕБЕПТЕРІ:
(САЯСИ, ДІНИ, ӘЛЕУМЕТТІК АСТАРЫ)
2.1Исматулла ағымының әлеуметтік топтарға жіктелу ерекшеліктері......60
2.2 Исматуллашылардың ұстанатын қағидалары…………………...…......75
2.3 Исматуллашылардың өз ілімдеріне тарту әдістері мен тактикасы.......87
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................102
Сопылар деп алғашқыда дөрекі жүнен тоқылған киім киген мұсылман-аскеттерді атаған. Бұдан барып тасаууф сөзі шығады, ол мистицизм ұғымын білдіреді. Сопы сөзін кең ауқымды түрде түсіну керек, ол Алла мен қарым-қатынасқа түсу үшін көптеген кедергілерден өтіп, үлкен қызмет етеді. Сопылық мұсылман ілімінде адамды Алла мен қарым-қатынасқа түсіретін бірден-бір жол. Бұл діни тәжірбие аймағы, ол мұсыламандық ілімдегі шариғат заңдарымен жүзеге асырылады. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өмірден өткеннен кейін халқы құдайға құлшылық етуін шариғат заңдары бойынша орындап отырды, ал ақылгөй ғұламалар шариғат заңдарын сақтап, талқылап, түсіндіріп отырды. Кейбір адамдарды эзотерикалық заңдар қанағаттандырмады, бірақ та олар дінді тек ашылу - аян ретінде қабылдамай құпия деп те түсінді. Шииттердің (Али партиясының жақтаушылары) пайымдауынша жер бетіндегі құдайлық даналықтың жетекші ұстазы күнәсіз имам деп есептеді. Сопы - шиит Азиззаддин ан - Насафидің түсіндіруінше имам рухани құндылықтардың бастамасы. Сопылық жолды игерген сопылар үшін Алла мен қарым-қатынас жасау мүмкін. Бұл миссияны әрбір сопы өздігінен орындады, олардың пайымдауынша адамның бойында сенімділікті сақтап қалу үшін, ішкі жан-дүниесіндегі ақиқаттылықты тану керек деді. Бұл таным жолды игеру үшін жетекші ұстаз қажет болды, мұндай ұстаздардың саны артып жатты, бірақта сопылық пен шиизмдегі жетекші ұстаз ұғымының арасында айырмашылықтар кездесті. Сопыларда жеке вилайа (Жаратушыға жақын тұрушы, қасиетті) концепциясы жүзеге асты, бірақта вилайаларды жаратушы белгілегенмен де олар қарапайым адамдар болды [9, 186 б.].
Вилайа (Жаратушыға жақын
тұрушы, қасиетті) ұғымы сопылық
философияға шығыс
Исламның діни-мистикалық ілімі суфизм. Мистика «құдай туралы жасырын сыр, ал мистик құдай туралы жасырын сырды ешкімге айтпайтын адам»деген мағынаны береді. Ежелгі Грек пен Мысыр мистицизмінде құдай туралы ойлап, онымен қауышу үшін мистик өзін қинай отырып, терең рухани өмір сүрген және ол түсініксіз болған. Қатынастың орнығуына және жандарының жоғары өрлеуіне, рухани тұрғыдан жаратушымен мәңгі бірге болатындықтарына сенді. Сондай ақ сопылардың шиитерден өзгешелігі зікірдің екі түрімен мен тариқат жолдары. Сопыларда бастысы - мистикалық танымда белгілі бір жолмен жүру. Ал қарама - қарсылығында шииттер имамның делдалдылығына мұқтаж болды, әлемнің жасырын тылсым тұңғиығына үңілді. Сопылар гностикалық амалды да меңгерді [11, 88 б.]. Сопылар өзге де гностикалық әдебиеттерді қолданады, сондай ақ шиизмнің ашық таралуына тиым салынғаннан кейін олар шииттердің әдебиеттерін де пайдалана бастады. Олар шииттік гностикалық жүйесіндегі кейбір жеке элементтерін өзгертіп алды. Бұл байланыста сонымен қатар неоплатондық және христиандықтың кейбір элементтері де өзгеріске ұшырады. Болашақта олар неоплатондық, христиан-гностикалық және шииттік сипаттарын жойды.
Шииттердің пікірінше
Али Мұхаммедтің орнын басушы,
генеалогиялық сопылық
Демек мистицизм көңіл тәрбиесі. Сондықтан біз сыртқы көзбен мистицизмге адамның ақылымен танып білуі мүмкін емес, бір ұлылыққа немесе құдайға сезімдік ішкі дүниемен тікелей қауышуы, онымен тікелей байланыс жасауы деп анықтама береміз. Енді «суфи» немесе «тасаууф» сөзінің шығу тегіне келсек, ғалымдар арасында түрлі-түрлі пікірлер қалыптасқан. Сопылықты жақсы түсіну үшін, алдымен ол сөздің мағынасы мен терминологиясын жақсы түсіну керек. Араб тіліндегі сөздіктерде суф - жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен, ал Исламда VІІІ - ІΧ ғасырларда пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни мистикалық ілім, деп жазылған. Бұдан басқа әртүрлі мағыналарға ие суфи және тасаууф сөзін зерттеген ғалымдар бірнеше анықтама береді:
1.Мұхаммед пайғамбардың
Сопылық ілімі ахлақ (мінез- құлық) пен әдептілікке ерекше мән бере отырып, сопылық жолындағы әрбір мүрид Алланы тану барысында ең алдымен сол мінез - құлқы мен әдептілігін жақсартуы болып табылады. Әбіл Хусайн ән Нурий: «Сопылықтың бастауы жақсы мінез - құлықтан». Мұхаммед пайғамбарымыздың ақлағы жайында Құран Кәрімде былай делінген: «Шын мәнінде сен әлбетте көркем мінез иесісің» [Қалам,4]. Сонымен қатар Хазіреті Айша анамыздан Мұхамед пайғамбарымыздың ақлағы жайында сұрағанда: «Оның ақлағы Құран еді» деп жауап берген. Демек Құран Кәрімнің мағынасын ойлау және оқу, сонымен қатар үкімдерімен жүру арқылы жоғарғы ақлаққа негіз болады. Ислами ахлақтың яғни ақлақ ілімінің тақырыбы адам рухы болып табылады. Осы ақлақтың жақсаруы, тәрбиеленуі рухтың күшеюіне, жүректің тазаруына қатысты мәселе ретінде қарастырылатын ілім сопылық. Мұхаммед пайғамбарымыздың «Мен бір мақсатпен емес, тек кемел ахлақты толықтыру үшін жіберілдім» сөзінен оның жоғарғы бір ар құлық иесі болғандығын көреміз.Құран Кәрімде Мұхаммед пайғамбарымыздың ақлағы жайында:
«Расында сендер үшін, Алланы да ақірет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алғандар үшін, Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» [Ахзап,21][15, 418 б.]. Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбарымыздың муминдерден имандыларының ең кәмілдісі ақлақтан (мінез- құлықтан) ең- ең жоғары болғандары-деп баяндауымен ақлақтың, иманның жемісі және кәмілділіктің белгі, нышаны болғандығы көрінеді. Алланың сүйікті құлдары, әулиелер де міне осы Мұхаммед пайғамбарымыздың ақлағымен жүргендер рухани жол көрсетушілер болып табылады. Әбу Мұхаммед Жаририй: «Сопылық кемелдікті меңгеру, жаман мінезден арылу» деген. Яғни мұндағы айтылған сөздегі мән мағына сопылықтың бастау қайнары Мұхаммед пайғамбардың мінез құлқы бойынша жүру және де ұстанып отыруы керектігі көрсетіледі. Сопылықтың бастау қайнары Алла адам баласына өз рухынан (құдіретінен бір сыр) үрлеген уақыттан басталады. Аллаға құлшылық еткен алдыңғы өткен адам баласы Хазіреті Адамнан бастап, қазіргі күнімізге дейін сопылық жол жалғасып келеді. Алайда сопылық жолы және ілімі ретінде Һижри II ғасырдан бастап қалыптасқан.
Сопылықтың мақсаты ихсан, яғни адамды кәміл адам дәрежесіне көтеріп, нәпсінің шаңдарынан арылту, болмыстың сырына жету, Алламен қауышу болып табылады. Бұл туралы мынандай хадис шариф бар: «Бір кісі Мұхаммед пайғамбардың мәжілісіне келіп, былайша сұрақ қойыпты : Ей Алланың елшісі иман дегеніміз не?» Оған иманның мәнісін түсіндірді. Ол тағы қайтадан: «Ей Алланың елшісі ықылас дегеніміз не?» Оған тағы да ықыластың не екенін баяндап берді, Адам тағы да сұрақ қойды «Ей Алланың елшісі ихсан дегеніміз не?» сонда Мұхаммед пайғамбар оған былайша жауап берді: «Ихсан Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету». Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Міне сопылықтың мақсаты мән- мағынасы осы, яғни Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету. Ешкім сопылықты оңай іс екен деп ойламауы керек. Керісінше өте қиын да ауыр жол.Бұл жолда кемелдік дәрежеге жеткен пірің болмаса, жалғыз жеке қиынға соғады. Кәміл адам дегеніміз осы жолдың қыр сырын білетін өз рухани арылу жолшылығын бітірген діннің ішкі сыртқы жағын әбден меңгеріп, Аллаға ұласқан адам. Сопылық жолында кәміл ұстазы жоқ адамның аяғы тайып, құздардан құлауы ғажап емес.Сопылық жолындағы қателіктерінің бірі «жолды» мақсат санау болып табылады [16, 158 б.].
Жолды құрғансып, ұрандау теріс
түсініктегі тариқатшылдыққа
Ал сопылар Құран мен сүннетті қатар ұстайды. Тасаууф сөзінің терминдік мағынасы да Құран мен сүннетті ұстанып жүрген жамағатты білдіреді. Зерттеуші сопылықтың көптеген кезеңінен өтетінін байқап, әр кезеңнің өзінің аты болып, кейін «суфизм» атына ие болғанын көреді. Шейх Абдуль Касим аль Кушайри өзінің атқты «Ар Рисалятул кушайрия» рактатында былай деп жазды: «біліңдер мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін артынан ілесушілер өздерін тек қана сахабалар деп атаған, ал одан кейінгілер өдерін табиғиндер деп атаған, одан кейінгілер өздерін әртүрлі атай бастаған». Біреулер өздерін тақуа, ал басқалары Алланың құлымыз деп аады. Ал одан кейін әртүрлі ұйымдар мен ағымдар пайда болды. Құран мен сүннетті шынайы ұстанушылар өздерін сопымыз деп атады. Алғаш тассауфқа еңбек сіңіргендер ислам ғұламалары Хасан Басри, Мұхаммед ибн Араби мен әл - Ғазали болды [17, 150 б.]. Сахабалар мен табиғиндер негізінде сопылар еді. Өйткені суфизм нәпсісін қанағаттандыру үшін емес Алла разылығы үшін құлшылық қылып, тақуалылықтың барлық принциптерін орындайды. Олар тек қана парызды орындап қана қоймай, Мұхаммед пайғамбардың сүннетін толық орындайтын. Олар тек қана харамнан емес, макрух амалынан өздерін тиятын. Сондықтанда олардың көздері Алла жарығымен нұрланып, даналығына ие болып,құпияларын тануға қабілетті еді.
Табиғиндер осылайша өмір сүрді. Бұл дәуір исламның алтын кезеңі еді. Исламның даму тарихында жаңа ілімдер мен ғылымдар пайда болды. Бірақ ілімнің дамуымен Мұхаммед пайғамбар мен сахабалардың рухани әсері әлсірей бастады. Адамдар құдайға шын кқңілмен құлшылық етпейтін болды, сондықтан да осы дәуірде мұсылмандар рухани тәрбиеге мұқтаж еді. Сопы ғұламалар осы мәселелермен айналыса бастады. Имам Мұхаммед Садық әл- Ғамаридің суфизм негізін құрушылар ислам принциптеріне сәйкес құрғандығы жайында «Суфиз негізін құрушыларға келетін болсақ онда біліңдер негізінде хақ ислам діні жатыр». Суфизмнің өзі игілік (ихсан), ал бұл Мұхаммед пайғамбардың хадисінде келтірілген діннің үш негіздерінің бірі. Имам Мұхаммед Садық әл- Ғамаридің айтуынша егер мұсылман діннің үш негізінің бірін орындамаса, яғни ихсан онда оның дінінде кемшілік болады. Ислам мен иманды толық меңгергеннен кейін, тариқат исламды толықтыру үшін керек. Ибн Халдун өз кітабында былай дейді: Бұл білім (тасаууф) Мұхаммед пайғамбардан кейін исламда пайда болған шариғат ілімі. Тариқаттың негізі сахабалар мен табиғиндер жүріп өткен ақиқат жолы. Бұл Аллаға толық берілу жолы, әлемнің қызықшылығына берілмей, жоғары дәрежеде өзін тақуалықпен ұстайды. Бұл Аллаға жан тәнімен құлшылық ету. Сонымен суфизм жаңа бір ағым емес, Мұхаммед пайғамбар мен сахабалардың өмірінен алған. Шынайы сопылықтың түбірі Құран мен сүннеті қамтиды [18, 448 б.].