Қазақстанда «тоқырау» құбылысының өрістеуі және тоталитарлық жүйенің дағдарысы мен күйреуі (1971-1991)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия жене мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия енеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Тоқырау жылдарындағы Республиканың өнеркәсібі.
2. Тың игеру:жетістігі мен салдары.
III. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ Тоқырау жылдары.docx

— 40.45 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда «тоқырау» құбылысының өрістеуі  және тоталитарлық жүйенің дағдарысы мен күйреуі (1971-1991)

 

             Жоспар:

    1. Кіріспе.
    2. Негізгі бөлім.
  1. Тоқырау жылдарындағы Республиканың өнеркәсібі.
  1. Тың игеру:жетістігі мен салдары.
    1. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             

«Тоқырау» кезеңі  дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан  экономикасы бұрынғысынша техникалық  прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия жене мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия енеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық  кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко каласында шап шаң нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ipi атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық  орташа қарқыны 12 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы жене он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің карамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар ез қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып  отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млрд. Сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті 1983 жылы жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, техналогиялық еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика  өндіріс орындары мемлекетке 1981 жылы 760млн. сом, 1982 жылы- 1 млрд., 1983 жылы – 1,3млрд, 1984 жылы – 1,65 млрд. Сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми – техникалық  дамуда қазіргі заманғы техника мен техналогияны игеруде еліміздің капиталисттік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.

           Бұл  жылдарда жалпы өнім корсеткішін  қуалай осіру ауыр өнеркәсіпте  мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста  да солай болды, мұнда жұмысты  атқарудың ұзақ мерзімге созылу  салдарынан ұлттық байлықтың  едәуір болігі істен шығып  калып жатты. Қымбатқа түсетін,  жоғары ғылыми – техникалық  көрсеткіштерге жетпейтуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың зауыттардың қатарға қосылған туралы  зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті материалмен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланады. Республика ілгерілеу қарқыннан айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс көбейіп қыйыншылықтар үсті – үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді.

             IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да өнеркәсіп көлемі  12,6 пайызға орындалмады. Оныншы  бесжылдық – 25 паызға, он бірінші – 3,6 пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжылдықтардың ішінде ұлттық өсу қарқыны баяулап, 80 - ші жылдардың бас кезінде экономикалық  тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол іс жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық кызметкерлері ұлттық  байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің «жалпы саны» болды, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге карағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресрустарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем пайдаланды. Қазақстанның бай табиғи және еңбек ресурстары басшы кадрларды дандайсытып жіберді. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны кебінесе дәл осы себептен еді. Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы бұл қарқынды тоқ- татуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете  тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және  онымен қосылып шығатын газдың тек кана 8-10 пайызы пайдаланылды.Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өндеу, кайталап өндеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Курделі құрылыста «сақалды» объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның  негізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуді теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек  дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды. Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың  саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнер- кәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.

Өткен  ғасырдың  50-60  жылдары Қазақстан халқының  этникалық құрамында орасан  зор   өзгерістерге  әкелген уақыт болды.  Әрине, елімізде  мұндай  жағдайдың қалыптасуы  1954  жылғы КОКП  Орталық комитетінің ақпан-наурыз  пленумының  қысқа  уақыттың  ішінде  тың  және тыңайған  жерлерді  игеру  туралы  шешіміне тікелей  байланысты  болды. Атап  айтқанда, КОКП Орталық Комитеті  1954  жылы 2 наурызда «Елімізде  астық  өндіруді  одан  әрі  арттыру туралы, тың және  тыңайған жерлерді  игеру туралы» қаулы қабылдаған  болатын. Пленум Қазақстанның  және  Сібір  колхоздары  мен  совхоздарында  әр  гектардан 14-15  центнерден  астық  алуға  және екі жүз миллион  пұт  астық  өндіруге толық  мүмкіндік  бар  деп  санады. Жалпы  алғанда,  тың  және  тыңайған жерлерді  игеру  Қазақстанда:  Қостанай, Целиноград, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар,  Көкшетау  облыстарында  және  Сібірде, соның ішінде  Алтай, Красноярск  өлкелерінде, Оралда, Поволжье және Солтүстік Кавказдың, Қиыр Шығыстың  бірқатар аудандарында жүргізілді. Шынымен де  қысқа мерзім  ішінде жалпы Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе,  соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын. Тың игерудің  арқасында Қазақстан өз тұрғындарын ғана нанмен, нан өнімдерімен қамтамасыз етіп  қоймай, сонымен бірге орта есеппен жылына 10, 12 миллион тоннадай астықты басқа республикаларға беріп отырды.  Бұл аз  астық емес.  Қазақстан тауарлары астық өндіруде  елеулі жетістіктерге жетті. Және де Қазақстанда өндірістік  бидай өзінің құрамындағы белоктық  және клейковинаның жоғарылылығы жағынан басқа аймақтармен салыстырғанда өте сапалы болып келді .                                                                                   

        Республиканың егістік жерінің көлемі 1953 жылы 9,7 млн. гектардан 1973 жылы 34,2 млн. гектарға өсті, соның ішінде дәнді дақылдар, жылдарға сәйкес, 7,02 млн. гектардан 24,7 млн. гектарға өсті. Егер де тың игерудегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылық тұрғысынан қарасақ, онда оның республика үшін маңызды болғанын айтуымыз керек. Тың игеру нәтижесінде Қазақстанда адам басына шаққанда 2 мың килограмнан аса астық өндірілді. Ал, бүкіл әлемдік тәжірибеде азық-түлік проблемасын шешу үшін адам басына 1 мың килограмм астық өндірсе жеткілікті екендігі дәлелденген. Ал мұндай көрсеткіштер бірқатар елдерде ғана (Канада, Австралия, АҚШ, Дания, Франция, Венгрия, Румыния) бар еді. Бұдан, Қазақстанның өзінің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортер ел ретінде әлемдік рынокқа шығуға алғышарттары болғандығын аңғарамыз. Сонымен бірге, Қазақстан тыңында құрамында жоғары мөлшердегі белогы бар бидайдың күшті сорттары өсетін. Сапасы жоғары бидайды сатып алушы елдер аз еместін. Қазақстан бұл уақытта республикада өндірілетін бидайдың аса бағалы қатты және күшті сорттарының 60 %-ын беретін аймаққа айналған болатын. Дегенменен қазақ халқы тарихы үшін тың және тың жерлерді игеру кезеңінің көлеңкелі тұстары да аз болған  жоқ. Өйткені тың игеру жалпы алғанда ғылыми тұрғыдан толық негізделмеген және тиісінше нақты бағдарлама болып құрылмаған іс-шара болғандығын тарих өзі дәлелдеп көрсетті. Десек те бұл шараны ұйымдастыру алдында бүкіл елден мыңдаған ғалымдар, агроном, топырақтану және агротехника мамандары барынша құнарлы жерлерді анықтап, пайдалану үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы орайда Қазақ КСР Академиясы 69 кешенді экспедициясын  құрып, тың аудандарына жіберген болатын. Олар бір жыл ішінде 16 миллион гектар жерді зерттеген болатын. Өкінішке қарай, бұған қарамастан тың және тыңайған жерлерді игеру іс-шаралары да Коммунистік партияның ұрандату мен асыра сілтеушілікке негізделіп жүзеге асырылды. Ең басты кемшілік- топырақтың құрамы, сапасы, оны өңдеудің жүйесіне қатысты шаралар дер кезінде ұйымдастырылмады. Осының салдарынан тың жылдарының алғашқы кезінде-ақ бірқатар облыстарда топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын ұшырып әкеткені мәлім. Әсіресе тың игеру кезеңі Қазақстанның этнодемографиялық құрылымына түбірімен өзгеруіне  себеп болды. Тың жерлерді игеру жылының алғашқы жылдарында, яғни 1954 жылдың наурыз айының бірінші жартысында елімізге РК ФСР , Украина және тағы да басқа одақтас республикалардан 14240 адам, сонымен қатар, республиканың комсомол жолдамаларымен 900 жас ауыл еңбеккерлері келген еді. Барлығы Қазақстанға жаңа кеңшарларға 1954 жылы 49 мың адам келсе, оның 14,5 мыңы механизаторлар болды. Ал 1954-1956 жж. елімізге 640 мыңға жуық адам келген болатын және де елуінші жылдары Қазақстан халқының жалпы саны 24 %-ға өссе, ал тың өлкелерінде 40-50 %-ға дейін артты. Бұл кезде республикада орыстардың саны күрт өсті. Мәселен, олардың үлесі 42,6 %-ға артса, ал қазақтар үлесі керісінше 57,1 %-дан 30 %-ға мүлдем кеміп кетті. Егер жекеленген аймақтар бойынша алатын болсақ, республиканың солтүстік өлкесінде орыстардың үлесі 81 %-ға жетсе, сонымен қатар, бұл аймақта украиндар саны да айтарлықтай өскен- 30,3 %, ал белорустар 8,1% көбейді. Жалпы алғанда, нақ осы уақытта қазақтар Солтүстік Қазақстан тұрғындарының 20,4%-ын ғана құраған, ал орыстардың үлес салмағы 45,2 %-ға жеткен. Сондай-ақ, украиндар-14,4%-ды, немістер - 12,1 %-ды құраған. Ал егер тың игеру өлкелері тұрғындарының этникалық құрамына тоқталатын болсақ, 1959 жылғы санақ көрсеткіштері бойынша бұл аймақтардағы жалпы тұрғындарының ішінде қазақ, орыс, неміс, украин, татарлардың үлес салмағы келесідей болды: Көкшетау облысында қазақтар 18,4 %-ды, орыстар- 41,7 %-ды, немістер- 13,8 %-ды, украиндар 12,2 %-ды, белорустар 3,2 %-ды, татарлар 1,6 %-ды, Қостанай облысында қазақтар 15,5 %-ды, орыстар- 42,2 %-ды, немістер- 12 %-ды, украиндар 22,2 %-ды, белорустар 2,7 %-ды, татарлар 1,8 %-ды, Павлодар облысында қазақтар- 25,6 %-ды, орыстар- 39,3 %-ды, немістер- 12,1 %-ды, украиндар 14,5 %-ды, белорустар 1,5%-ды, татарлар 1,6 %-ды, Солтүстік Қазақстан облысында қазақтар- 12,5 %-ды, орыстар 64,3 %-ды, немістер- 7,6 %-ды, украиндар 9,5 %-ды, белорустар 1,1%-ды, татарлар 2,5%-ды, Целиноград облысында қазақтар 18,2 %-ды, орыстар 42,9 %-ды, украиндар 17,5 %-ды, белорустар 10,7 %-ды, татарлар 3,4 %-ды құрады. Тың өлкесі қалаларына келгендер саны ерекше көп болды. 1954 жылы тың қалаларына 16, 6 мың, 1955 жылы - 47, 8 мың, 1956 жылы- 38,5 мың, 1957 жылы- 48, 4 мың, 1958 жылы- 92,4 мың және 1959 жылы- 41,8 мың, барлығы 285, 5 мың адам келді. 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы қорытындысы бойынша көшіп-қонушы тың игерушілердің республикадағы еңбек жасындағылар ішіндегі үлесі 33, 9 % болса, тың облыстарында тіпті 88, 9 %-ға жетті. Кейінгі жылдары да тыңға келушілер тиылған жоқ. 1961-1965 жылдары кеңшарларға 160 мыңнан аса адам келді. Бір мезгілде жоспарлы көші-қон да жүріп  жатты. Жалпы алғанда, елуінші жылдардың соңында елімізде 9309847 адам болса, оның 4067224 немесе 43,7 %-ы қалада, ал 5242623-і немесе 56,3 %-ы ауылдық жерлерде тұрған. Соның  ішінде қала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлес салмағы 24, 3 % болса, ал орыстар 59%- ды құраған, яғни олардың үлесі қазақтарға қарағанда 14,7 %-ға артық болған. Ал енді ауыл тұрғындарының этникалық құрамындағы қазақтар мен орыстардың үлес салмағына келетін болсақ, қазақтардың үлесі 75,7 % болса, ал орыстар 41 %-ды құраған. Сондықтан қазақтардың үлесі ауылда орыстармен салыстырғанда 34,7 %-ға көп болған.

       Осы орайда тоқтала кететін жәйт, бұл тың игерудің нәтижесінде халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарының санының аса қарқынды өсуіне ықпал еткен болатын. Мәселен, тың игеру науқанына дейін елімізде 4 миллион ауыл халқы болса, осы іс-шара басталған соң бұл сандық көрсеткіш- 6,5 миллион болған-тын. Алайда 1960- жылдардың басынан тың игерушілердің бір бөлігі ауылдық жерлерден қалаларға көше бастады. Бұл кездегі көші-қондағы негізгі үрдіс- ауыл халқының қалаға ағылуы. Көші-қон бір жағынан ауылдың экономикалық және әлеуметтік  жағдайының индикаторы іспеттес, сонымен бірге оның ерекшеліктерін зерттеу аграрлық секторда  қалыптасқан жағдай туралы түсініктің тереңдеуіне әкеледі. Екінші жағынан, ауыл халқының  қалаға көші-қонын ауылдың жағдайының төмендеуі себептерінің бір факторы ретінде қараймыз. Көші-қон ағымының нәтижесінде көшіп-қонушылар шыққан жерлер жұмыс қолы жетіспейтін аудандарға айналды. Жалы алғанда, 1959 жылдың басынан 1960 жылдың 1 маусымына дейінгі уақыт аралығында Солтүстік Қазақстан облысына 1136 отбасы келген. Осы арада тоқтала кететін бір мәселе, ол тың жылдарында Қазақстанға сырттан келгендердің тарапынан оларды әлеуметтік-тұрмыстық  қамтамасыз етуге қатысты наразылықтар да туындап отырған. Тіпті кейде мұндай оқиғалар арты бұқаралық тәртіпсіздіктерге ұласқан кездер де болған.Тың облыстарындағы жалпы өсім республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда 5 есеге өскен болатын. Мәселен, аталған аймақтағы өсімнің 61 %-ы сырттан, атап көрсеткенде, негізінен РК ФСР , Украина, Белоруссия, Молдовадан келгендердің есебінен болды. Тың жерлерді игеру нәтижесінде Солтүстік Қазақстандағы 1 шаршы шақырым жердегі халықтың орналасу тығыздығы 3,3-ден 6,8 адамға артқан. 1954 жылы тың өлкелерінде жалпы өсім 195070 адамға, соның ішінде, 54633 адам табиғи жолмен, 140137 адам көші-қон нәтижесінде және әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты 300 адамды құрады. Ал 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы қорытындысы бойынша көшіп-қонушы тың игерушілердің республикадағы еңбек жасындағылар ішіндегі үлесі 33,9 % болса, тың облыстарында тіпті 88,9 %-ға жетті. Кейінгі жылдары да тыңға келушілер легі тиылған жоқ. 1961-1965 жылдары кеңшарларға 160 мыңнан аса адам келді. Осындай миграциялық тасқынның салдарынан бұл жылдары Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің саны едәуір өсті. Мәселен, аталған кезеңде Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар санының 18,6 %-ын қазақтар, 45,1%-ын орыстар, 14,4 %-ын украиндар, 2,3%-ын белорустар, 6,1%-ын немістер және 13,4%-ын тағы басқалары құрады. 1959 жылғы санақ бойынша нақ осы кезде елімізде 114 этнос өкілдері тұрды. Алпысыншы жылдары да Солтүстік Қазақстан өңіріне сырттан келушілер саны көп болды. Әсіресе, Көкшетау мен Қостанай облыстарына келушілер басқа аймақтармен салыстырғанда басым еді. Атап көрсетсек, бұл кезде Көкшетау облысына сырттан келушілер 49 % -ға артқан, ал Қостанай облысына келушілер саны 26 %-ға өскен. Мұндай жағдай аталған аймақтарда өнеркәсіп дамуымен, сондай-ақ тың және тәң жерлерді игеруге де байланысты болды. Осылайша тың игеру Қазақстан жерінде үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республикамыздың өміріне жан- жақты әсерін тигізді. Әрине, ең алдымен миллиондаған гектар жаңа жерлердің жыртылып, егістік жердің көлемінің еселеп артқанын көреміз. Тың игеруден бұрын 1953-жылы барлық дақылдардың егістік көлемі 9,7 миллион гектар болды. Сонымен бірге 5 миллионға жуық таза парға қалдырылған жер болды. Сонда айналымдағы жыртылған жер көлемі 41 миллионға жетті. Ал 1956 жылы республика тарихында алғаш рет еңбекшілер 1 млрд. пұт астық жинаған болатын. Тек қана Қостанай облысы совхоздары мен колхоздары осы жылы мемлекетке 277, 5 миллион пұт нан тапсырды, бұл 1953 жылғы нан тапсырысынан 11 есеге көп болды. Дәнді-дақылдардың егіс көлемі 7 миллион гектардан 25,4 миллионға дейін, сүрлемге егілетін жүгері бұрын жоқтың қасы болса, кейіннен 2,3 миллион гектарға дейін, көпжылдық шөптер-1,6 миллион гектардан 4,6 миллионға дейін, бір жылдық шөптер-0,4 миллион гектардан 2,7 миллионға дейін өсті. Егер 1949-1953 жылдары бір жылға шаққанда 3, 9 миллион тонна астық өндірілсе, 1979-1980 жылдары 27,5 миллион тоннаға дейін, немесе тиісінше 7,1 және 6,6 есе өсті. Жан басына шаққанда 1986-1990-жылдары Қазақстанда 1556 кг. астық өндірілді .   Республикалық астық өндіру ғана емес, өсімдік шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіруде еселеп артты. Мал басының өсуі де айтарлықтай болды. Елімізде алты жүзден астам астық өндіретін маманданған жаңа тұрғын мекендері пайда болды, көптеген әлеуметтік объектілер,  мыңдаған шақырым жол салынды. Кеңшарларда машина-трактор жөндейтін шеберханалар, қоймалар, мал қоралары мен кешендері, электр станциялары, тағы басқа өндірістік объектілер салынды. Сонымен қатар осы кезде республикада 24 миллион тонна астықты кептіріп, тазалап, өңдеп сататын элеваторлар іске қосылды. Тың игеру іс-шарасы әсері халық шаруашылығының басқа салаларының дамуына да өз ықпалын тигізді.

        Ақмолада ауыл шаруашылығына қажет топырақ өңдейтін және құралдарды өндіретін екі зауыт салынды. Павлодарда трактор зауыты, минералды тыңайтқыш өндіретін ірі кәсіпорындар пайда болды. Шортандыда бүкілодақтық дәндідақылдар шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты жұмысын бастаған болатын. Бұл институтты белгілі ғалым А. И. Бараев басқарды. Сондай-ақ, кезінде мемлекет тарапынан тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына қатысқан алғашқы тыңигерушілердің еңбегі жоғары бағаланған болатын. Мысал үшін, 1956 жылы тұңғыш 1 миллиард алынған кезде 40530 адам Кеңес Одағының орден және медальдарымен марапатталған еді. Ал 139 республиканың тыңигерушілеріне Социалистік Еңбек Ері атақтары берілсе, 150 мың жастар БЛКЖО Орталық комитетінің «Тың игергені үшін» деген төс белгілерімен марапатталды. Сонымен бірге тың игеру жылдарында республика ірі мал шаруашылығы базасына айналды. Егіншіліктің дамуы, тіпті жайылым алқаптарының қысқаруына қарамастан, жем-шөп базасын нығайтуға мүмкіндік берді. Тың игеру Қазақстан жерінде үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республика өміріне жан-жақты әсерін тигізді. Елді астықпен қамтамасыз ету тың игеру арқылы негізінен шешілгені, тың игеудің ауыл шаруашылығының басқа салаларының және машина жасау, тыңайтқыш өндіру, күрделі құрылыс тағы басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуына ықпалын тигізгенін атап өткен жөн. Бұл тарихи шындық. Дегенменен тың игерілмеген, жері жыртуға, егістікке жарамайтын шөлейт, жартылай шөлейт аймақтардағы мал өсіретін шалғай аудандардағы тұрғындары мен еңбеккерлері тегіс қазақ болып келетін шаруашылықтарда құрылыс та жөнді салынбады, жол да тартылмады, ондағы халық әлеуметтік жағынан көш кейін, өмір деңгейі тым төмен күйде қалды. Осындай әділетсіздік жағдай орын алды. Шындығында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі орын алған кеңес үкіметі саясатының бұл науқаны кейіннен республика ауылшаруашылығын тығырыққа тіреп, ақыр соңында оны экономикалық дағдарысқа әкелген болатын. Әсіресе қазақ халқының өз елінде өзі билеп-төстей алмайтын кер заманға соқтырған қасіретті жылдар болғаны анық. Бұған ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін келесі статистикалық мәліметтер дәлел: 1959 жылғы санақ нәтижесі бойынша бұл кезде еліміздің жалпы тұрғындарының саны- 9294741 адам болса, соның ішінде: қазақтар- 2787 мың: 29,8 %-ды ғана, ал орыстар- 3942 мың: 42,7 %-ды, украиндар- 761 мың: 8,2 %-ды, немістер- 660 мың: 7,1%-ды, татарлар- 192 мың: 2,1 %-ды, өзбектер- 136 мың: 1,5%- ды, белорустар- 107 мың: 1,2 %-ды, ұйғырлар- 60 мың: 0, 6 %-ды, кәрістер- 74 мың: 0,8 %-ды, әзірбайжандар- 38 мың: 0,4 %-ды және тағы басқалары- 508 мың: 5,5 % адамды құрады. Қорыта айтқанда, тың игерудің қазақ ұлтына өз жерінде, өз елінде алатын үлес салмағын күрт төмендетіп, ұлт азшылдығына айналдырылғаны, осының салдарынан бұл уақытта қазақ мектептерінің жүздеп жабылып, қазақтардың елеулі бөлігінің өз ана тілін ұмытып, орыстана бастауына да зор ықпал еткені анық. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесіне, болашағына, мәдениетінің, тілінің, жалпы ұлттық ділінің дамуына үлкен кедергі жасады.

Информация о работе Қазақстанда «тоқырау» құбылысының өрістеуі және тоталитарлық жүйенің дағдарысы мен күйреуі (1971-1991)